Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты: білімділік - өтілген материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту, жаңа сабақты меңгерту, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету. Тапсырмалар орындау арқылы сан есім туралы алған білімдерін еске түсіруге жағдай жасау; дамытушылық - проблемалық жағдай туғыза келіп, оқушының ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту; тәрбиелік - патриоттық сезімдерін оятып, тілге деген құрметке тәрбиелеу

Сабақтың міндеттері: Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін талдай отырып, оқушылардың білім деңгейін өсіру; сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу арқылы оқушының ой қорытып және оны қорғай білуіне қол жеткізу. Өз-өзіне баға бере білуіне тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап, сөз тіркестер мен сөйлемдер құру, түсіндіру, сұхбаттасу, деңгейлеп оқыту.

Түрі: дәстүрлі аралас сабақ

Типі: жаңа білімді меңгерту

Көрнекілігі: компьютер, ҚР мемлекеттік рәміздері, кроссворд, үлестірмелі карточкалар, перфокарта.

Пәнаралық байланыс: география, Қазақстан тарихы,

Қолданылған технологиялар: саралап деңгейлеп оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Кезеңнің мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
    а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Кезекшемін сұхбат

б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

25 жылдық Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілетін сабағымыздың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан. Біздің мақсатымыз: өткен сабақтарда оқыған тақырыптарың бойынша алған білімдеріңді пысықтап, қорытынды жасаймыз.

в) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Ойшақыру:

  • Біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Тәуелсіз деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Өзіміздің рәміздеріміз, астанамыз, Президентіміз, теңгеміз, мемлекеттік тіліміз бар.

Фонетикалық жаттығу:

Мақсатты: оқушылардың тілдерін жаттықтыру

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

  1. Оқушылар жасырылған дыбыстарды анықтайды, тілдерін жаттықтырып, мәнерлеп оқиды.

  2. Осы дыбыстарға сипаттама береді

II. Үй жұмыс тексеру кезеңі. Кезеңнің мақсаты: үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауын тексеру.
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы әңгімелеу.

III. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі: Кезеңнің мақсаты:

1.Оқушылардың қызығушылығын мотивациялау.

  • Осы үзіндіден қандай ой түйіндедіңдер?

Оқушылар «Қазақстан» тақырыбына байланысты бейнесюжет қарайды.

-Тәуелсіз Қазақстанымыздың 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері қандай?

2. Жаңа сөздермен жұмыс: Кезеңнің мақсаты: жаңа сөздермен танысып, дұрыс айтылуы мен жазылуын қадағалау және оқушылардың сөздік қорын байыту.

Шаңырақ - купол юрты

Тұлпар - скакун

Қыран құс - орел

Қалықпайтын - парящий

Сан сырлы - различный

Тік бұрышты - остроконечный

Алтын шар- золотой шар

IV. Жаңа тақырып.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың ұраны: «Бәйтерек ағашындай мықты, көрікті болып, тәуелсіз Қазақстанның болашағына үлкен үлес қосамыз.»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін кеңейту, өз ойын жеткізу қасиеттерін дамыту.

Әр оқушы сандықшаның ішінен қалаған түсті таңдайды.

Әр топ төмендегі тақырыптар бойынша мәтін құрастырады.

1 топ- «Желтоқсан оқиғасы»

2 топ - «Қазақстан жері»

3 топ- «Тәуелсіз Қазақстан»

V. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:

Кезеңнің мақсаты: алған жаңа мәліметті бекіту.

1- топқа сұрақ: Сендер басқа елде жүріп Қазақстан Республикасын қалай сипаттап берер едіңдер?

2- топқа сұрақ: Сендер Қазақстан Республикасының азаматысыңдар, басқа елде жүріп Қазақстан Республикасының тәуелсіз екенін қалай дәлелдеп берер едіңдер?

3-топқа сұрақ: Сендер тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы қалай елестетесіңдер?

2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

- Қазақстан қайда орналасқан?

- Қазақстанның табиғаты қандай?

- Қазақстан немен бай?

- Қазақстанның жері қандай?

VI. Ізденушілік жұмыс.

  • Еліміздің тұңғыш Президенті қай жылы сайланды?/1991ж 1желтоқсанда/

  • ҚР тұңғыш ғарышкері қай жылы ғарышқа ұшты? /1991ж/

  • ҚР мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?/1992ж 4маусымда/

  • ҚР ұлттық валютасы қай жылы айналымға енді?/1993ж 15қарашада/

  • Астана қаласы қай жылы Қазақстанның елордасы болды?/1997ж/

  • Қазақстанда қай жылы қысқы Азиада ойындары өткізілді?/2011ж/

  • Қазақстан қандай елдермен шектеседі?

VII. Грамматиканы қайталау.

Кезеңнің мақсаты: сан есімді қайталау арқылы оқушының білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

  • Сан есім деген не?

  • Сан есім құрамына қарай қандай болады?

  • Сан есімнің сұрақтары қандай?

Жазылым. Сан есімдерді сөзбен жазып, көшіріңіздер.

Бәйтеректің биіктігі 97 метр болатын тік тұратын ағаш сияқты монумент. Шардың ішінде 300 тонна су бар. Хантәңірі - Қазақстандағы ең әдемі тау шыңы. Бұл шыңның биіктігі - 6995 метр.

Перфокарта. Қосу таңбасы арқылы сан есімдерді ажыратып, белгілеу.

Сан есімдер

Дара

Күрделі

1991



1



10



1992



4



15



2011



VIII. Пәнаралық байланыс.

Кроссворд шешу. Кроссворд шешу арқылы оқушылардың жылдамдылығын, тапқырлығын дамыту.

Қ

а

з

а

қ

ш

а

ң

ы

р

а

қ

Н

а

з

а

р

б

а

е

в

е

л

т

а

ң

б

а

Т

о

қ

т

а

р

А

с

т

а

н

а

т

ә

у

е

л

с

і

з

а

қ

ы

н

о

т

а

н



  1. Қазақстанда мемлекеттік тіл ... тілі болып табылады

  2. Киіз үйдің төбесі

  3. Еліміздің тұңғыш Президенті

  4. Шаңырақ, қанатты пырақтар бейнеленген рәміздің атауы

  5. ҚР тұңғыш ғарышкерінің аты

  6. Қазақстанның бас қаласы қандай қала?

  7. 16 желтоқсан...күні

  8. «Поэт» сөзі қазақша қалай болады?

  9. "Атамекен, туған жер" сөздерінің синонимі

IX. Қорытынды. Айтылым. Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақтың нәтижесін өздерің шығарасыңдар. Қойған мақсаттымызға жеттік пе?

  • Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл?

  • Қазақстан қандай мемлекет кластер арқылы көрсету.

Мына таблицаны толтырамыз.

INSERT таблицасы

Білемін

Білдім

Білгім келеді



Біз тәуелсіздікті аңсап зарыға жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Еліміздің сыналатын тұсы осы.
Н.Назарбаев

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасырлар бойы аңсаған, күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым,

Отаным менің, тәуелсіз Қазақстаным.

- Енді, Тәуелсіз Қазақстанымызға тілек тілейік, балалар!

-Ал, енді, балалар, осы тәуелсіз Елімізге ант берейік.

- Біз ант береміз, өз Отанымызды құрметтейміз, сүйеміз, қорғаймыз!

X. Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау, сөздерді жаттау.

XI. Бағалау парағы.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Сұрақ - жауап

Мәтінмен жұмыс

Сан есім

Белсенділігі

Кроссворд шешу

Жалпы баға





© 2010-2022