Сабақтың тақырыбы: Дәмді тамақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дәмді тамақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтінді түсіне оқи отырып, мазмұнын өз сөздерімен байланыстыра айтуға жаттықтыру, сөз тіркестері құру жолымен өз ойларын жеткізе білу, берілген тапсырмаларды орындау.

Дамытушылық: Ой-өрістерін арттыру, сөйлеу тілдерін дамыту, мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын дамыту, сөздік қорларын молайту, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Мәтінді әңгімелей білуге үйрету.

Тәрбиелік: Тамақтану ережелерін есте сақтауды тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойландыру, сөйлестіру, миға шабуыл жасау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә)Оқушыларды сабаққа бейімдеу

б)Ауызекі сөйлеу

-Бүгін қарашаның нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Күздің қандай айларын білесіңдер?

-Қазір қай сабақ?

-Қазақ тілі сабағы бүгін нешінші сабақ?

II. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1.Мақал-мәтелдерді жатқа айтқызып, жалпылама сұрау.

2.2. "Нан бар жерде ән бар" тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа сабақ.

4.1.Слайд арқылы миға шабуыл жасау.

4.2.Сөздікпен жұмыс:

а)өтетін сөздерді мәнерлеп оқимын;

ә)оқушылар менімен бірігіп дауыстап қайталайды;

б)сөз тіркестерін құру;

в)сөйлемдер құру;

4.3.Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.

1-тапсырма. Мәтінді оқу. Рөлге бөліп оқу.

Мәтінді оқытып болған соң, рөлдік ойын жүргізу.

Қатысушылар: автор - мұғалім, шеше - оқушы, бала - оқушы.

Тапсырма. Оқушыларға рөлге ене отырып оқу.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру. Сын есімді тауып, сөйлемдер құрау.

«Мәуелі ағаш» ойыны. Шарты: жапырақсыз ағаштың макетін іліп, оқушыға жапырақ тәріздес сұрақ жазылған қағазбен, таза жапырақ қағаз таратылады (таратылған сұрақ-жауап қағаздарының түстері бірдей болуы шарт, себебі жауап бергенде оқушылар қателесіп кетпеуі тиіс). Оқушы сұрақты оқып, жауабын таза қағазға жазады. Содан соң жапырақсыз ағаштың макетіне барып жабыстырады. Оқулықта берілген 4 сұрақты 4 оқушы осылай ретпен жауап берген соң, қалған оқушылар мәуелі ағаштан сұрақты және жауапты тауып оқиды.

4.4.Жазылым.3-тапсырма. Сөйлемдердегі сөздердің тиісті жалғауларын қойып жазу.

Жауап үлгісі:

1. Бала сорпаны татып қарады.

2. Баласы әкесіне көмектесті.

3. Бала кешке шаршап, үйіне келді.

4. Бұл түстегі сорпаның қалғаны еді.

4-тапсырма. Тамақтанудағы қателіктерді табу.

Жауап үлгісі:

Оқушыларға алдын ала төмендегідей семантикалық карта таратылады.


Сөйлемдер

Дұрыс

Қате

Дұрыс сөйлемдер

Тамақты көп жеңдер.

+

Тамақты көп немесе тойып жемеу керек.

Газдалған сусындарды көп ішіңдер.

+

Газдалған сусынды көп ішуге болмайды.

Өз уақытында тамақтаныңдар.

Тәттіні көп жеңдер.

+

Тәттіні көп жемеңдер.

Жатарда бір стакан жылы сүт ішіңдер.

+

Тамақты асықпай жеңдер.

+


V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы.

а)Жаңа сөздерді жаттап келу.

ә)Төмендегі сұрақтарды бірін таңдап, себебін жазу.

1. Тамақты неге көп жеуге болмайды?

2. Газдалған сусынды неге көп ішуге болмайды?

3. Тәттіні көп жеу неге дұрыс емес?













© 2010-2022