3 сыныпта Көктем тақырыбын өту

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Хасенова Әлия Қайырбекқызы

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

М.Айтхожин атындағы №1 орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

3 сыныпта «Көктем» тақырыбын өту

Сабақтың тақырыбы: Көктем.

Грамматикалық тақырыбы: Сын есім тақырыбын жалғастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Осы тақырып төңірігінде жан - жақты білім беру.

Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілетін дамыту мақсатында әр түрлі жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру, өз ойларын қазақ тілінде айта білуге жетелеу;

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге, айналаны таза ұстауға шақыру, еңбексүйгіштікке баулу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Кезекшімен сұхбат:

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін қай күн?

  • Бүгін апта күні қандай?

  • Бүгінгі ауа райы қандай?

  • Ауа райы неше градус?

  • Қазір жыл мезгілі қандай?

ІІ. Үй жұмысын тексеру: Сын есімнің ережесі және сын есімге 4 мысал.

  1. Сабақтың мақсатын айту. (Орысша - қазақша.) Біз бүгінгі сабақта «Көктем тақырыбын өтеміз». Бүгінгі сабақтың барысында біз жаңа сөздермен танысамыз, топпен жұмыс істейміз, ойын ойнаймыз, кеспе карточкалармен жұмыс істейміз.

ІІІ. Жаңа сөздермен танысу: (тізбектеп оқу, сұрақ - жауап ретінде оқу, оқушының қалауынша жекелеп оқу)

Ұзарады - становятся длиннее, қар ериді - тает снег, ұшып келеді - прилетают птицы, жылға - ручеек, жиі жауады - часто идет, басталады - начинается, егін - посев, егеді - сеют.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

  1. тапсырма.

  1. Слайд және аудирование. (Слайдқа сәйкес суреті де бар)

1 слайд. Қазір жыл мезгілі - көктем. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн ұзарады.

2 слайд. Көктемде қар ериді.

3 слайд. Жылғалардан су ағады.

4 слайд: Көктемде құстар ұшып келеді.

5 слайд: Көктемде жаңбыр жиі жауады.

6 слайд: Көктемде егін, жемістер егеді.

2. тапсырма: Жаңа сөздердің көмегімен слайдтардағы сөйлемдерді аудару.

3. Сергіту сәті:

«Дұрыс па? Бұрыс па?» ойыны. Ойынның шарты: Оқушыларға сұрақтар қойылады. Егер дұрыс болса, оқушылар қолдарын шапалақтайды, егер бұрыс болса, аяқтарымен жер тебеді. Егер бұрыс болса, артынша дұрыс жауабы сұралынады. Мысалы:

  1. Қыста жаңбыр жауады.

  2. Көктемде құстар ұшып келеді.

  3. Кітап - адамның басы.

  4. А - дауыссыз дыбыс.

  5. Алма, алмұрт - жемістер.

  6. Апельсин, лимон - көкөністер.

  7. «Жаңбыр» сөзі - дождь деп аударылады.

  8. Қазір жыл мезгілі - қыс.

  9. Наурыз , сәуір, мамыр - күз айлары.

  10. Ө - жіңішке дыбыс.

  1. Грамматикалық тақырып: Сын есім. Сабақтың бұл кезеңін орындау үшін «Сиқырлы конверт» атты дидактикалық ойыны қолданды. Себебі, өткен сабақтарда оқушылар сын есім тақырыбын өткен болатын.

Көктем ертегісі. (Ертегі орысша оқылады)

В ауле «Көктем» жила красавица. Однажды ее похитил великан. Он любил писать письма. И одно письмо отправил вам. Но это не простые письма, а с заданиями. Если выполните эти задания, то спасете красавицу.

(Үлкен сынып оқушысы «пошташы» бейнесінде келіп, хаттарын үлестіреді).

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топқа 2 хаттан. Деңгейлік тапсырмалар орындалады.

1 топ (І деңгей). Тапсырма: «Көктем» тақырыбына ж/с қолдана отыра, мәтін

құрастыр.

2 топ (ІІ деңгей) Тапсырма: «Көктем» сөзіне толық сатылай кешенді талдау жаса.

3 топ. (ІІІ деңгей) 1 хат: «Көктем» тақырыбы бойынша сын есімді тіркестер

құрастыр.

(Тапсырманы орындалып болғаннан кейін қорытындысы шығарылады)

4. Оқулықпен жұмыс:

146 беттегі «Көктем» төрт шумақты өлеңін мәнерлеп оқу. 5 оқушы орындайды.

ІV. Сабақты бекіту:

3.тапсырма: Интерактивті тақтада жұмыс. «Көктемгі гүлді» толтыру. Тапсырманың шарты: Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, жауабын интерактивті тақтадағы «Көктемгі гүлді» толтыру.

  • Көктемде не болады?

  • Көктемде нелер ұшып келеді?

  • Көктемде не ағады?

  • Көктемде не басталады?

  • Көктемде не егеді?

3 сыныпта Көктем тақырыбын өту

3 сыныпта Көктем тақырыбын өту

3 сыныпта Көктем тақырыбын өту3 сыныпта Көктем тақырыбын өту

3 сыныпта Көктем тақырыбын өту

3 сыныпта Көктем тақырыбын өту

3 сыныпта Көктем тақырыбын өту

3 сыныпта Көктем тақырыбын өту




VІ. Сабақты қорытындылау:

- Сонымен, балалар, бүгін біз қандай тақырып өттік?

- Көктем айлары қандай?

- Сын есімнің сұрақтарын кім айтады?

- Сын есімге кім мысал келтіреді?

Үй жұмысы: жаңа сөздерді жаттау, сын есімді тіркестер құрау (3-4)

Сабақты әзірлеген: Хасенова Әлия Қайырбекқызы.


© 2010-2022