Урок: Виды тестов (9 класс)

                                                                                                                         Нағима Асқарова                     Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Арықты орта мектебі          Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Әр сабақ барысында тест түрлерін өзгертіп отыру, оның әр түрін қолдану оқушыны жалықтырмайды, қайта қызығушылығы мен белсенділігін көтереді.   Сәйкестік тесті       Бір бағандағы тапсырма сөйлеммен...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нағима Асқарова

Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Арықты орта мектебі


Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Әр сабақ барысында тест түрлерін өзгертіп отыру, оның әр түрін қолдану оқушыны жалықтырмайды, қайта қызығушылығы мен белсенділігін көтереді.

Сәйкестік тесті

Бір бағандағы тапсырма сөйлеммен, не төмендегідей сөздермен беріледі. Екінші бағандағы жауабы шартты белгімен немесе ықшамсызбамен ( схемамен) беріледі. Оқушы жауап пен сұрақтың ретіне сәйкес белгілеп береді. Оқушының жетік меңгермеген жұмысы анық көрініп тұрады. Ал бұл тапсырманы түсінген оқушының жауабынан оның іс жүзінде орындағаны байқалады.

Мысалы:

Тапсырма Жауаптары:

  1. Бір сыңары мағыналы, 1) ұжымшар

екіншісі мағынасыз қос сөз

2. Біріккен сөз 2) құлын

3. Кіріккен сөз 3) білім

4. Туынды түбір 4) көйлек-көншек

5. Түбір сөз 5) биыл

6. Қысқарған сөз 6) тасбақа

Шешуі: 1(4), 2(6), 3(5), 4(3), 5(2), 6(1).

Сөз таптарын қайталауға арналған тексеруде қолданылатын тапсырмада сөйлем беріледі де, оқушы осы сөйлемге қатысқан сөз таптарын сөйлемдегі сөздердің орналасу реті арқылы белгілейді.

Тапсырманы орындау кезінде оқушы жауап пен сөз таптарын сәйкестендіреді. Мысалы:

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Ол кеше сыңқ еткен үш сары балапанды да көрді

Жауаптары:

  1. еліктеу

  2. есімдік

  3. үстеу

  4. сын есім

  5. есімше

  6. сан есім

  7. шылау

  8. етістік

  9. зат есім. Шешуі: 1 (2), 2(3), 3(1), 4(5), 5(6), 6(4), 7(9), 8(7), 9(8).

Үшінші түрі - ықшамсызба арқылы беру. Тапсырма ретінде сөйлем беріледі. Сөздің құрамын ажыратуда осы жұмыс тиімді

Мысалы. 1 2 3

Аю туа балқұмар

4 5 6

Тәттіні іздеп қаңғырар

Жауаптары: 1- 4V

2O 5Q

3X 6V көсемше

Шешуі: 1(2), 2(4), 3(3), 4(1), 5(6), 6(4).

Ескерту. O - түбір, Q - туынды түбір, Х - біріккен сөз, V - жұрнақ

Тестінің оқушыны логикалық ойға жетелейтін түрі - бірізділікке келтіруге арналған тапсырмалар. Бұл жұмыста сөйлеммен не сөзбен берілген тапсырманың жауабын оқушы цифрмен көрсетеді. Цифрмен көрсетуді ранг ден атайды. Егер олар дұрыс қойылса, бір ұпай деп есептелінеді.

Мысалы: Қанағаттанарлықта сөзінің құрамын анықта. Түбір, жұрнақ, жалғау, жұрнақ.

Жауабы: 1,2,4,3.

Морфологиялық талдауға үйретуде мынадай тест қолдандым.

« Оқытушылық жұмыс» тіркесін талда.

  1. Зат есім, 2) етістік, 3) зат есім 4) сын есім, 5) етістік, 6) тұйық етістік.

Жауабы: оқы-т-у-шы-лық жұмыс. ( 2,5,6,1,4,3).

Сәйкестендіру тесті

1Урок: Виды тестов (9 класс)Урок: Виды тестов (9 класс). Сабақты етістіктер а. жалт-жұлт, қисаң-қисаң

2Урок: Виды тестов (9 класс)Урок: Виды тестов (9 класс). Мекен үстеулер ә. ақсақ, толық, гүлді

3Урок: Виды тестов (9 класс). Бейнелеуіш сөздер б. сияқты, жуық, бірге

4. Септеулік шылаулар в. оқыды, береді, орды

5.Туынды сын есімдер г. үсті, ілгері, жоғары

Тестінің тағы бір түрі ашық тапсырма деп аталады. Бұл тестіде дайын жауап берілмейді.Тірек сөз де жазылмайды, тірек сөзді оқушы өзі табады. Тестінің осындай түрінде оқушы ережені өзі жазып шығады.

  1. Сан есім сөйлемнің соңында тұрса, ... қызмет атқарады.

  2. Қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі ... деп аталады.

  3. ... ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады.

  4. Сын есім сөйлемде негізінен... болады?

  5. Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару... стильге тән.

Жауабы:1) баяндауыш. 2) кейінді ықпал. 3) сөз тіркесі. 4) анықтауыш.

5) публицистикалық

Баламалы ( альтернативті) тест

( Мұнда «Иә» не « Жоқ» деген жауаптардың бірін белгілейді)

1.Атаулы сөйлемде іс-әрекет болмайды.

а) «Иә» ә) «Жоқ»

2.Жақсыз сөйлемде бастауыш болады.

а) «Иә» ә) « Жоқ»

3. Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркеседі.

а) «Иә» ә) «Жоқ»

4. Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауысты дыбыстарға жатқызуға бола ма?

а) «Иә» ә) «Жоқ»

5. Арифметикалық төрт амал (қосу, азайту, көбейту, бөлу) негізгі түбір ме?

а) «Иә» ә) «Жоқ»


Толықтыру тесті

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін әрі қарай жалғастырыңыз.

Шартты бағыныңқы, ...

  1. Төмендегі ережені толықтырыңыз.

Айқындауыш мүше дегеніміз - сөйлемде...

  1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды әрі қарай толықтырыңыз: -мен, -бен, -нікі, - тей...

  2. Тұрақты сөз тіркесін аяқтап, құрамындағы ашық буынды сөздердің астын сызыңыз

Қой үстіне...

  1. Мына сөзге жасалған фонетикалық талдауды аяқтаңыз.

Имандылық - 4 буынды сөз.

И - дауысты, тілдің қатысына қарай жіңішке, жақтың қатысына қарай қысаң,

ерін мен езудің қатысына қарай езулік.

М - дауысыз, үнді

А -

Н -

Д -

Ы -

Л -

Ы -

Қ -

Ендігі бір түрі - жабық тапсырма.

Тестінің бұл түрі қазір көп қолданылып жүр. Бірнеше сұрақ беріліп, Бірнеше нұсқадағы жауап жазылады. Оқушы дұрыс жауапқа белгі (+) қояды немесе дұрыс жауаптың асты сызылады. Күнделікті сабаққа тиімді түрі перфокартамен жұмыс тәсілі.

Перфокарта екі беттен тұрады. Бірінші бетіне сұрағы мен бірнеше жауабы жазылады. Екінші бетіне дөңгелек, не болмаса төртбұрышты ойықтарға белгі (+) қойылады.

Бірінші бетте 3,4,5 сұрақтан тұрады. Кемінде үш түрлі жауап жазылады.

Мысалы, бірінші беті.

  1. Сөз тіркесін белгілеңіз.

а) Қарлы тау ә) сөзінде тұрды б) құлақ асты

2. Кіріккен сөзді тап.

а) Қосаяқ ә) білезік б) талапшыл

Екінші беті

1. а ә б

+



2. а ә б

+




Тексеруді жеңілдету үшін әр перфокарта бойынша шаблон дайындалады. Онда дұрыс жауаптың орны ойылып қойылады. Екеуін беттестіргенде, дұрыс орындалған жағдайда екі ойық қатар келеді. Оқушы өз жұмысын дұрыс орындағанының нәтижесін көзбе-көз көреді. Қатені талдаудың оңай мүмкіндігі туады.


Тіке жауап тест.

  1. Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөздерді не дейміз?

  2. Күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ол етістік қалай аталады?

  3. Туынды үстеулер қандай жолдармен жасалады?

  4. Бір тілде сөйлесетін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді не дейміз?

  5. Сөздердің шығу тегін зерттейтін сала қалай аталады?

Анықтау тестіде жеке-жеке компьютерден тексереміз.

Анықтау тест.

Рет

саны

Тапсырмалар

Жауаптар

1.

Өзі жалғанған сөзге меншік мағына беретін жалғаудың түрін анықта.

2.

Сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуын анықта.

3.

Заттың не құбылыстың атын тура айтуға тыйым салынған сөздерді не дейміз?

4.

Қолдану аясы шектеулі сөздер тілдің қандай саласына жатады?

5.

Қосарлы дыбыстардың баламасы?


Толықтыру тест

Берілген көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөз құрамына талда.

  1. Ыстық күн Алатау ... иығ ... күл ... қара ... . ( -дың, -ы, -нан, -е, -й, -ды)

  2. Адам де ... осыншама қиындық ... төз ... ... де ... кім ойла ... . ( -ген, -қа, -е, -ді, -п, -ған)

  3. Бұл Көксерек ... жаз бойы ырылдас ... өс ... ала төбет ... бол ... . ( -тің, -ып, -кен, -і, -атын)

  4. Алып тау ... төсі ... шық ... үлкенді-кішілі өзен ... бәрі неше алуан жыр шырқа ... со .. кел ... қос ... (-дың, -нен, -қан, -дер, -дің,-п, -ған, -іп, -ыл, -а, -ды)

  5. Байжекең суыр ... ін ... ... тереңдет ... қаз ... көр ... , ар жағ ... сірес ... жатқ ... тас көмір е ... . (-дың, -і, -н, -іп, -ып, -се, -ы, -іп, -қан, -кен)

Тест-интервью


Сұрақ

Жауабы

Әбділда Тәжібаевтың «Толағай» шығармасынан қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?

а)

ә)

б)

в)

г)

ғ)

Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?

а)

ә)

б)

в)

г)

ғ)

Әбділда Тәжібаевтың шығармасының маңыздылығы неде?

а)

ә)

б)

в)

г)

ғ)

Бұл туындыны қандай шығармалармен салыстырар едің?

а)

ә)

б)

в)

г)

ғ)



© 2010-2022