Қазақ әдебиетінен І жартыжылдық бойынша қорытындылау тест сұрақтары (6-сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиетіне арналған тест 6-сынып
І жартыжылдық


1. «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Едіге», «Қамбар» жырлары қандай эпос түрлеріне жатады?

А) көне эпос

Ә) қаһармандық эпос
Б) тарихи деректілігі басым эпос

2. Гипербола дегеніміз не?

А) затты, құбылысты тым кішірейтіп айту

Ә) затты, құбылысты тым асырып айту

Б) затты, құбылысты бір - біріне қарама- қарсы қою

3.Алпамыс батырдың жарының есімі кім?

А) Қаракөз

Ә) Құртқа
Б) Гүлбаршын

4.Дулат Бабатайұлының Ақтаны кім?
А) бай баласы

Ә) жетім бала
Б) хан баласы
5.Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не?
А) ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен - өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту

Ә) алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу

Б) көркем шығармадағы жинақталған адам образы

6. М.Әуезов кімге «Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген?

А) Д.Бабатайұлына

Ә) С.Аронұлына
Б) А.Құнанбаевқа

7.Абайдың аттың сынына байланысты шығарған өлеңін тап.

А) «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

Ә) «Әсемпаз болма әрнеге»
Б) «Ғылым таппай мақтанба»

8. Абайша ой кеселдері не?

А) салғырттық

Ә) жалқаулық
Б) білімсіздік

9.« Адамдық борышың» кімнің өлеңі?
А) Ш.Құдайбердіұлы

Ә) А. Байтұрсынов

Б) М.Жұмабаев

10. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзін кімнің шәкіртімін деп санаған?

А) Л.Толстойдың

Ә) А.Пушкиннің
Б) И.Крыловтың
11.Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылдары өмір сүрді?
А) 1873-1938

Ә) 1893-1920
Б) 1893-1938

12. «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған» Үзінді С.Торайғыровтың қай өлең жолдарынан алынған ?

А) «Шығармын тірі болсам адам болып»

Ә) «Шәкірт ойы»
Б) «Мен - қазақ»

13. Лирикалық өлеңдердегі лирикалық қаһарман деген не?
А) өлеңдегі ақын тұлғасы

Ә) өлеңдегі табиғат суреті

Б) өлеңдегі ақын ойы
14. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгіле.
A) Ш.Құдайбердіұлы.

Ә) А.Байтұрсынұлы.

Б) С.Дөнентаев

15. А.Байтұрсыновтың «Қара бұлт» өлеңінің кейіпкерін тап.

A) жер

Ә) тау

Б) тас

16.«Адам- шын адам болам десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» деген кім?

A) М.Жұмабаев

Ә) А.Байтұрсынұлы.

Б) С.Дөнентаев

17. М. Жұмабаевтың тіл тағдырына арналған өлеңін тап.

A) «Мен -қазақ»

Ә) «Қазақ тілі»

Б) «Мен кім?»

18. С. Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңінде бозторғай кімнен жапа шекті?
А) тұрымтайдан

Ә) қырғидан

Б) бүркіттен

19. С.Сейфуллиннің шын аты кім?
А) Сәкен

Ә) Ибраһим

Б) Сәдуақас

20. Асау тұлпардың шабысын суреттеген шығарманы тап.

A) Абай «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ».

Ә). М.Жұмабаев «Мен кім?»

Б) С. Сейфуллин. «Далада»

21. « Келмеймін. Шоқынып кетсем де, енді молданың алдын көре алман!» Кімнің сөзі?
А) Түйебайдың сөзі

Ә) әжесінің сөзі

Б) автор баланың сөзі

22.Сылдыр-сылдыр
Сар қамыстан
Төгілді жыр,
Өрді алыстан.

Үзінді қай шығармадан алынған?
А) «Анам тілі». І.Жансүгіров

Ә) «Мен-қазақ». С.Торайғыров.

Б) «Домбыра». І. Жансүгіров.
23. Градация деген не?
А) дамыту

Ә) баяулату

Б) жылдамдату

24. Абай ауылында «Жанбота» әнін орындаған кім?

А) Балуан Шолақ

Ә) Біржан сал

Б) Жаяу Мұса

25. Типтік образ деген не?

А) жинақталған адам образы

Ә) шығарма кейіпкері

Б) автордың өзі



© 2010-2022