Урок по самопознании Адам мінезімен танылады

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп Мерзімі №

Тақырып: Адам мінезімен танылады

Құндылық: Білім, ұжым, ынтымақ, сабырлық, жақсылық

  • Қасиеттер: «Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу».

Мұғалім Даулетбақова С.Т. 5 - Сынып

Мақсаты : адамның мінезі , мінездегі жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру .

Міндеттері :

- жақсы / жаман мінез - құлықты ажырата білуге үйрету ;

- оқушылардың бойында жақсы мінез - құлық дамытуға ықпал ету ;

- өзін - өзі құрметтеу , өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу .

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Интерактивті тақта, бейнеролик, оқулық, үнтаспа, суреттер, плакат, маркер, стикер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Құстар торға қалай түсті ?» мәтінін оқып , төмендегі сұрақтарға жауап беру .

  • Аңыздан қандай ой түйдіңіз?

  • Адамдар неліктен бір-бірімен ренжіседі?

Сабақ барысын талдау: Жағымды күйге келтіру

3. Дәйексөз: « Жақсы мінез - бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы »

Х . Досмұхамедұлы

Ой-пікірлерін ортаға салу

4.Әңгімелеу: «Ойланайық , әңгімелесейік » айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізу .

Ой түйіндеу, достардың адам өмірінде алатын орнын анықтау

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

1) «Ойланайық, пікірлесейік » айдарымен берілген сұрақтар арқылы әңгімелесу жүргізіледі .

  • Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?

  • Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз?

  • Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз?

  • Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?

  • Кез-келген мәселені сабырмен шеше аласыз ба?

  • «Татулық - достық кілті» дегенді қалай түсінесіз?

2) Мәтінге назар аудару

Пікіралысу

6.Топпен ән айту: Ә.Ысқақтың сөзіне жазылған А. Махамбетованың «Бақытты болыңдар, адамдар!» атты әні

7.Үй тапсырмасы: Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып , талдау .

8. Қорытындылау: Оқушылар шеңберге жиналып , бір - бірінің жақсы қасиеттерін тізбектеп айтып шығу .

Бәрі шеңберге тұрып, жақсы тілектер айтады


© 2010-2022