Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»



Есекеева Айгерім Төкешқызы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Сыбайлас жемқорлық!Сыбайлас деген атының өзі тілге жағымсыз келеді. Бұл үрдіс ертеден қалыптасып қалған заманның ағымымен тамыр жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдердің бірі. Бұл жемқорлық тек қана Қазақстанда ғана емес, басқа да дамыған елдерде де жүріп жатқан кесел. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы,Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы деп айтқан болатын. Сонда білдей бір елбасымыздың осы айтылған сөзін құлаққа ілмейтін жандардың болғаны ма?Неге? «Өтіріктің арты бір-ақ тұтам» демекші, осындай зиянды, адамгершілік қасиетін жоғалтқаны ма, әлде өз елінің өсіп-өркендеуіне балта шапқаны ма, түсініксіз тылсым жайттар. Қоғамда көп кездесетін жемқорлықтың түрі - парақорлық. Әрбір адамзат пара беру де, пара алу да пайдалы іс еместігін, оның түбі қылмыстық жауапкершілікке апаратынын білуі тиіс деп ойлаймын. Сондай-ақ, осындай ой-пікір, қоғамдық сана қалыптасуы керек. Осындай оқылық істерден кейін біздің мемлекетіміз қайдан гүлденеді, өсіп-өркендейді,-деп өзімнің жүрек тебіренісімді ортаға салғым келіп отыр. Ең бастысы осылардың басында мемлекеттік қызметкерлер тұр, яғни мұндай адамдарда құқықтық білімінің аз болуы, кейбір қызметкерлер мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын ойлауынан болатын тәрізді.

Сыбайлас жемқорлық -тамырын тереңге жайған, қауіп төндіретін жаман кесел. Ол үшін қоғам болып қарсы тұруымыз керек, қолдан келгенше тосқауыл қойылып, билік басындағы азаматтарымызға арқа сүйеп, тығырықтан шыға аламыз. Қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті және оны біліп, әркез қолдана білген абзал.

Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 елдің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып- парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

© 2010-2022