Сабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 6- сынып күні_______

Сабақтың тақырыбы: «Есімдік»

Сабақтың мақсаты

Білімдік: Есімдік туралы түсінік, жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілік, парасат тәрбиесін беру

Мағыналық: Тұлғалық жағын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар т.б

Сабақтың барысы: Түсіндіру әдісі қолданылады.

І. Жаңа сабақ тақырыбы «Есімдік» интерактивті тақтада көрсетіледі.

Жаңа сабақты түсіндіруде сұрақ-жауап әдісі қолданылады.

Қойылатын сұрақтар:

  • Сөз таптары дегеніміз не ?

  • Оның неше түрі бар ?

  • Осы уақытқа дейін біз неше сөз табын өттік ?

  • Сөз табының ерекшеліктері неде ?

ІІ. Зат есім, сын есім, сан есім тақырыптарында оқығандығын қорытамыз. Осы үш сөз табын алмастырып айтады, солардың орнына жүретін сөздерді келтіріп сөйлем құрайды. «Есімдік» тақырыбын дәптерлеріне жазады.

Есімдіктер - есім сөздердің (зат есім және сын есім, сан есімнің ) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.

ІІІ. Есімдік туралы, оның мағыналық түрлерін көрсететін таблица интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып)Сабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып) Жіктеу

Сабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып) Сілтеу

ЕсімдіккСабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып) Сұрау

Сабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып) Өздік

Сабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып) Жалпылау

Сабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып) Белгісіздік

Сабақтың тақырыбы: Есімдік (6 сынып) Болымсыздық

Оқушыларға есімдік туралыт үсінік беремін. Есімдіктерлің көне заманда пайда болған сөздердің қатарына жататынын айтамын. Тілімізде ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер бар. Олар: мен, сен, ол, біз, қай ?, кім ?, не ?, бұл, сол, осы т.б. Бұлар: ме-н, с-ен, қ-ай, кі-м деп бөлшектеп айтылатынын түсіндіремін. Қазір бөлшектеп, талдап жатуды қажет етпейтіні айтылады. Тіліміздің жетіліп, баюына байланысты кейінгі заманда (соңғы кезде) туралы қалыптасқан есімдіктер де көп. Олар: бір, бар, біреу, бүкіл, күллі, түгел, мынау, анау, сонау, бірдеңе, бірнеше, әлдеқайда т.б. Мағыналары өзгере келе есімдік болғаны ескертіледі. Интерактивті тақтада мыналар көрсетіледі:

  1. Жамбыл - ХХ ғасырдың Гомері. Ол жүз жасаған

  2. Сәкен, Ілияс, Бейімбет - қазақ халқының мақтаныштары. Олар қуғын-сүргін құрбандары болды.

  3. Бірнеше оқушы олимпадаға қатысты. (Бірнеше - сан есім)

Жіктеу есімдігі- белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі.

Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз,(біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

І жақ- айтушы, сөйлеуші жақ.

ІІ жақ-тыңдаушы жақ.

Бұлар адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұрақтарға жауап береді.

ІІІ жақ- бөгде жақ. Ол адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді.

Сондықтан кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.

Сыныпта:193-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін табыңдар (ауызша).

194-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін теріп жазыңдар , қай» септікте тұрғанын көрсетіңдер.

Оқушылар мыналарды талдайды. Есімдіктерді табады. Есімдіктің мағыналарына қарай түрленуі тақтадан көрсетіледі. Оқушылар тақтамен жұмыс жасайды. Мысалдар жазып, есімдіктердің орнына тұрған сөздерді тұлғасына қарай айыру тапсыралады.

  1. Мұқағалидың мұрасы - өлмес мұра. (оның)

  2. Қызықты кітапты сен оқы (осы)

  3. Он шақты оқушы концертке қатысты (бірнеше)

Оқушылар кеспе қағаздармен жұмыс жасады.

Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізіледі. Сюжетті суреттер көрсетіледі (оқушылар шағын шығармаларды оқып, талдады).

Сабақты пысықтап, бекіту үшін оқушыларға бірнеше мысалдар беріледі, өздері есімдердің орнына есімдктерді қойып айтып береді.

Оқушылармен жұмыс: Кітапта берілген жаттығуларды оқып, есімдігін табады.

Үйге тапсырма: 195-жаттығу. Көшіріп жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызыңдар.Олардың қай жақта, қай септікте тұрғанын айтыңдар.

Сабақты бекіту.

Сабақ қорытылады. Оқушылар білімі бағаланады.

© 2010-2022