Сөйлемнің бірыңғай мүшелері сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№4 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Байтугелова Динара Жаксыбековна

8- сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сілтеме

Оқулық

МАН

Интернет материалдары

Сабақтың мақсаты

Сөйлемнің бірыңағай мүшелері туралы түсінік беру, олардың жасалу жолын түсіндіру, тыныс белгілерінің қойылувн үйрету

Оқыту нәтижесі

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік қалыптасады, олардың жасалу жолын біледі, тыныс белгілерінің қойылуын үйренеді

Қамтылатын модульдер

Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, критериалд бағалау

Тапсырмалар

«Ыстық орындық» әдісі

Психологиялық ахуал «Ынтымақтастық» шеңбері

Ой қозғау

«Біл, түсін, талқыла»

Жаттығу жұмысы

Деңгейлік тапсырмалар

Семантикалық карта

Мұғалімнің іс-әрекеті

Уақыты

Оқушының әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

топтастыру

2 мин

Кезекші мұғалімге жауап береді

Психологиялық ахуал туғызу

«Ынтымақтастық» шеңберін құру

Оқушылар шеңбер құрады, мұғалім сөзін қайталайды

Тұсаукесер.

Ой қозғау.

-Бірыңғай сөзін қалай түсінесіңдер?

-Балалар, партаның үстінде нелер жатыр?

Ендеше балалар, бүгінгі біздің сабағымыз сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. Өздерің анықтағандай сөйлем ішінде біркелкі сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын мүшені бірыңғай мүше деп айтамыз.

Оқушылар өз ойын айтады

Оқушылар жауап береді.

ІҮ. Жаңа сабақ

«Біл, жұпта түсіндір, топта талқыла».

І топ. Сөйлемнің бірыңғай бастауышы пен баянауыштары

ІІ топ. Бірыңғай толықтауыш

ІІІ топ. Бірыңғай анықтауыш

ІҮ топ. Бірыңғай пысықтауыш

Жаттығумен жұмыс

63-жаттығу. Дәптерлеріне өлеңнің тыныс белгілерін қояды.

Деңгейлік тапсырмалар беріледі.

1-деңгейлік тапсырма:

Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып,тыныс белгісін қой.

1. Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.

2. Мынау тастар Жезқазған Алтай Алатау (жұпқа)

Қаратау кендерінен табылған.(жеке)

3. Бұғыбай көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт.

4. Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр.(жұпқа)

5. Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәтүрі болуы шарт. (жеке)

2-деңгейлік тапсырма:

1) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бастауыш болып келген бірнеше сөйлем жазып,олардың қай сөзбен байланысқанын,қай сөз табынан екенін айт. (орта деңгейдегі оқушыға)

2) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері пысықтауыш болып келген бірнеше сөйлем тауып жаз. (жеке)

3-деңгейлік тапсырма:

Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айтып,бірыңғай мүшелерді табыңдар,қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар. (жоғары деңгей оқушысына)

1) Сурет бойынша әңгіме құрау. Ішінде бірыңғай мүшелері болуы шарт. (жұптық)

23 мин

Оқушылар оқулықтағы мәліметпен танысады, біледі. Білгенін жұп болып түсіндіреді, түсінгенін топ болып талқылайды.

Жаттығумен жұмыс жасалады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Ү. Сабақты бекіту

Семантикалық карта

Р/с

Мысалдар

дұрысы

Сөйлемдегі қызметі

1

Қайрат, Ербол, Ләззат халқының жүрегінде мәңгілік сақталады.

Бірыңғай мүше

2

Олардың, жауынгерлердің, батылдықтарын, ел аңыз етіп ұрпағына жеткізеді.

Бірыңғай баяндауыш

3

Өр мінезді, асқақ сезімді, жоғары талғамды ақынның жыр жолдары ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.

Бірыңғай пысықтауыш

4

Әсет әнші әнімен тыңдарманын баурап алды.

Қосарлы айқындауыш

5

Шоқан араб өлеңдерін ерекше ұнататын, тамсанып отыратын.

Бірыңғай баяндауыш

6 мин

Оқушылар жұмысты жеке орындайды. Интербелсенді тақтадағы дұрыс нұсқаға қарап, өз-өздерін бағалайды.

ҮІ. Үйге тапсырма

1 мин

65-жаттығу. Ереже жаттау

ҮІІ.Бағалау.

1 мин

Критериалды бағалау. Топтық бағалау. Өзін өзі бағалау





© 2010-2022