Тақырыбы: «Алтын күз - 2015!»

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Алтын күз - 2015!»

Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Арайлы «Алтын күз - 2015» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші:Уа, халайық халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық

  1. «Күзгі жапырақ» жұбы

  2. «Алтын күз» жұбы

  3. «Күзгі қайың» жұбы

  4. «Алтын жапырақ» жұбы

( Сайыскерлер ортаға шығады)

Енді әділ қазылар алқасымен, сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.

Әділ қазылар алқасы:

  1. Оқу ісінің меңгерушісі Төлебаева Балкенже Ізбағамбетқызы

  2. Тәрбие ісі жөнінінің орынбасары Жанаманова Ләззат Меңджіғалиқызы

  3. Бастауыш сынып мұғалімі Дүйісова Света Жолдыбайқызы

Жоспар

1.Таныстыру

2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)

3 Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша қолөнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау)

4. Сән үлгісі.

5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау)

6 Сән үлгісі.

7.Ханшайым мен ханзада Қорытынды

1-бөлім

Жүргізуші: Табылсыншы ақыл, білім ұл мен қыздан

Өнерімен, білімімен аты озған

Әдеп-ғұрпын жоғалтпай аулымыздың

«Ұл мен қызы» деген атқа ие болған- деп сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.

(Әр сынып өздерін таныстырып өтеді)

- 1-

2-бөлім

Жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашан да нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Келесі кезекті өз өнерін көрсетуге береміз. (Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді)

3-бөлім

Жүргізуші:Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар.

Шақырған сайыстарға бірі- бірін

Өнерпаздар-дарындар.

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін.

Бұл бөлім Көрме. «Үй тапсырмасы» деп аталады. (Сайыскерлер өз шығармашылықтары бойынша жасаған қолөнерімен таныстырады)

4-бөлім

Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз.

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)

5-бөлім

Жүргізуші:Көрсетер өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

Келесі бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады.Келесі кезекті салат жасауға береміз. (Әр жұп дайындаған салаттарымен таныстырады.

6-бөлім

Ойын.(әр сыныптан бір ойыннан дайындап алып келу)

-2-

7- бөлім

Жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бұл айын.

Ханшайым тапқыр қыз болды

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал ханымыз ақылды

Барша жұртты шақырды.

Би де билеп, ән айтты

Қуаныштан шалқыды.

(Ортаға Ханшайым мен ханзаданы шақырамыз)

Жүргізуші: Ендігі кезекте «Күзгі бал» кешінің жүлдегерін анықтайық . Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Әділқазылар алқасына сөз береміз.

(Жеңімпаз марапатталады!)

Жүргізуші:Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгігі

«Алтын күз - 2015 » кешін аяқтаймыз.




-3-







© 2010-2022