Сызбаға өлшемдер түсіру, бұрыштық және сызықтық өлшемдер

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сызу

Сыныбы 9 - сыныптар

Сабақтың тақырыбы : Сызбаға өлшемдер түсіру

Сабақтың мақсаты : сызбаға өлшемдер қойып үйрету

Тәрбиелік : еңбекқорлыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал - жабдық, көрнекіліктер : сызғыш,қарындаш және 31 - суреттің сызбасы

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру және сызбалар орындау

І. Сабатың барысы: Ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

ә) Сыныптың сабаққа қатысын тексеру

б) Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Жаңа тақырып. Сызбадағы өлшемдерді өлшем сандары мен өлшем сызықтары арқылы көрсетеді. Өлшемдерді түсіргенде барлық сызбаларда масштабқа байланысты нәрсенің нақты өлшемдерін түсіреді.Сызбада өлшемдердің жалпы саны мейлінше аз, бірақ бұйымды жасау және дайын бұйымның өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы қажет. Әртүрлі кескіндерде бірғана элементтің өлшемдерін қайталауға болмайды.

Өлшемдер бұрыштық және сызықтық болып бөлінеді. Бұрыштық өлшем бұрыштың шамасын сипаттайды.Бұрыштық өлшемдерді өлшем бірлігінің белгіленуімен бірге градус, минут және секундпен көрсетеді.

Шеңбер доғасының өлшемін түсіру барысында өлшем сызығын доғаға концентрлі етіп, ал шығару сызықтарын бұрыштың биссектриясына параллель етіп жүргізіді.

Нәрсенің сызықтық өлшемдері өлшенетін бөлігінің ұзындығын, енін,қалыңдығын,биіктігін,диаметрін және радиусын сипаттайды. Сызбада сызықтың өлшемдері өлшем бірлігінің белгілеуінсіз миллиметрмен көрсетеді.Өлшем сызықтарын екі жағынан нұсқамамен (стрелкамен) шектейді. Сызбада сызықтың өлшемдері өлшем сызықтары нұсқамалары элементтерінің шамасын көрсететін контур сызығының қалыңдығына байланысты таңдап алынады.

Өлшем сызықтары мен шығару сызықтарын тұтас жіңішке сызықтармен жүргізу керек.Бір сызбада көлемінде өлшем сызықтарын бір өлшемдегі цифрлармен әдетте,3,5 мм немесе 5 мм өлшемдегі қаріптермен орындайды.Өлшем сандарын өлшем сызықтарының үстіне ,оған параллель және тимейтіндей етіп, ортасына жазу керек.Өлшем сызықтарын шектейтін нұсқамалар ұшын контурдың сәкес сызықтарына немесе шығару сызықтарына тимейтіндей етіп жүргізілуі тиіс.

ІІІ. Тақырыпты бекіту.1. Өлшемдер нешеге бөлінеді?

2.Бұрыштық өлшемдер қалай белгіленеді?

Бағалау . Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма.Тақырыпты оқып, - суретті сызып келу



© 2010-2022