Қазақ әдебиеті сабағының жоспары 10 сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті сабағының жоспары. 11 сынып.

Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларды қазақтың үш бәйтерегінің бірі І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Осы кезеңге дейін алған білімдерін толықтыру,жинақтау.

2.Дамытушылық: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығын таныту арқылы қазақ халқымен таныту,жазбаша тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,ақын-жырауларды таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: І.Жансүгіров суреті, өмірбаян деректері, Ақан сері Қорамсаұлы суреті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.(сәлемдесу,түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге тапсырма: Б.Майлин «Шұғаның белгісі»,82 бет сұрақтары бойынша сұхбат.

Тірек конспектілерін пайдалану.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

І.Жансүгіров ақын,драмашы,прозашы.Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатқызылады. Әкесі әңгімеші,домбырашы,ұста Ілиясты жетімсіретпей өсіреді.Өз үйінде әкесінен хат таныған,одан соң Қарағаш деген жерде татар үлгісіндегі мектептен оқып,әр түрлі пәндерден сабақ алады.

1920 ж.Алматыда 3 айлық мұғалімдер курсында оқиды.Ташкентте Қазақ ағарту институтының курсында оқиды.

1928 ж.журналистика институтын бітіреді.

1927-1937 жж. арасында әдебиеттің барлық жанрында жазып, аса бай мұра қалдырады.

ІҮ. Бекіту.

Оқулықпен жұмыс.

Тірек конспектілерін құрастыру.

«Құлагер» поэмасынан үзіндімен танысу.

Ассоциациялық карта құрастыру. Ақан сері Қорамсаұлы - І.Жансүгіров

Жұмыстарын тексеру,бағалау.

Ү.Қорытынды.

І.Жансүгіров - қазақ поэзиясының Құлагері.

Бағалау.

ҮІ.Үйге: тірек конспектілері бойынша мазмұндау.

Қазақ әдебиеті сабағының жоспары. 11 сынып.

Сабақтың тақырыбы:М.Дулатов. «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян,қазақ» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларды Алаш мүшелерінің бірі М.Дулатов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Осы кезеңге дейін алған білімдерін толықтыру,жинақтау.

2.Дамытушылық: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығын таныту арқылы қазақ халқымен таныту,жазбаша тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,ақын-жырауларды таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатов суреті, өмірбаян деректері,

І.Ұйымдастыру.(сәлемдесу,түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге тапсырма:А. Байтұрсынов. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары. Оқулық сұрақтары бойынша сұхбат.

Тірек конспектілерін пайдалану.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

М.Дулатов -ХХ ғ. бас кезінде қазақ даласындағы күрделі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды айқын көрсете білген сөз шебері.

«Оян,қазақ» өлеңі 1909 ж. Уфа қаласында жарық көрген.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян,қазақ» өлеңдері үзінділерімен танысу.

Ассоциациялық карта құрастыру.

Жұмыстарын тексеру,бағалау.

Ү.Қорытынды.

М.Дулатов - қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.

Бағалау.

ҮІ.Үйге: тірек конспектілері бойынша мазмұндау.



Қазақ әдебиеті сабағының жоспары. 11 сынып.

Сабақтың тақырыбы:C.Сейфуллин. «Ақсақ киік» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларды C.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Осы кезеңге дейін алған білімдерін толықтыру,жинақтау.

2.Дамытушылық: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығын таныту арқылы қазақ халқымен таныту,жазбаша тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,ақын-жырауларды таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: C.Сейфуллин суреті, өмірбаян деректері,

І.Ұйымдастыру.(сәлемдесу,түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

С.Торайғыров. «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері жатқа.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Ақсақ киік» өлеңі үзінділерімен танысу.

Ассоциациялық карта құрастыру.

Жұмыстарын тексеру,бағалау.

Ү.Қорытынды.

C.Сейфуллин - қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.

Бағалау.

ҮІ.Үйге: тірек конспектілері бойынша мазмұндау.





Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин Ақсақ киік
Мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын меңгерту, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру; әдебиет теориясынан мағлұмат алу

Міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді; бір-бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Пәнаралық байланыс: география, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның портреті, Қазақстан картасы, жануарлар суреті.
Барысы: Сыныпты үш топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау.
Үй тапсырмасын сұрау
1. С.Торайғыров «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері жатқа.

Сонымен, бүгінгі сабағымыз Сәкен Сейфуллиннің өлеңі «Ақсақ киік» Ендеше, Сәкен туралы не білеміз? Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізейік.
І деңгей
1. Оқулықтан ақын өміріне топтастыру жұмысын жүргізу(1-слайд Сәкеннің суреті,топтастыру сызбасы) 2. Сурет арқылы киікті тауып, ақынның шығармасы киікке арналғанын анықтау (2-слайд аңдардың суреттер топтамасы)
Мұғалімнің қосымша дерек беруі. ( Ақбөкен, киік - жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.)
3. «Ақсақ киік» өлеңін түсіне, мәнерлеп тізбектей оқу (Оқулықпен жұмыс)
ІІ деңгей
1.Өлеңде қандай жерді суреттеген? (3-слайд Қазақстан картасынан Бетпақдаланы көрсету) (Бетпақдала - Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұтақтардың өзінде де «қу баялыш» жапырақ болмайды.)
2. Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, баялыш, жусан шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер)
3. Киікті неге теңейді? (Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. )

ІІІ деңгей
1. Киіктің портреті қандай?
(Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Қап - қара екі көзі мөлдіреген
Әдемі екі танау желбіреген)
2. Өлең қалай аяқталған? (Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады. Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады.)
3. Өлеңге талдау жаса Дәптермен жұмыс. (1.Тақырыбы:киіктің аянышты тағдырына арналған; 2. Шумақ саны -17; буын саны - 11; идеясы - экологиялық жағдайды ашына айтуы)

ІҮ деңгей
1. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,
«Мүйізін пайда қылып, шетке сатқан» деген жолдарда нені түсіндік? (Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем , ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр).
2. Өлең саған несімен әсерлі болды? (Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені - адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке түскені адам баласын ашындырмай қоймайды. Себебі қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)

3. Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың? (Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін, ит - құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, ол адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.)
Бекіту:
1. Бетпақта келе жатты, сандалып,
Қаңғырақтап басын иіп,
Анда-санда әлін жиып,
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз - ақ мөлдіреген екі көзі
Әлі кетіп сорлы киік жығылғанда
Ботагөз сахарада қына терген - өлең жолдарынан әдебиет теориясының қай түрі бар? (кейіптеу)
Үйге тапсырма 1) Өлеңнен үзінді жаттау 2 ) Қазақстанның «Қызыл кітапқа» енген жануарлар және құстар туралы мәлімет жинап келу.

Сабақтың тақырыбы:Ж.Аймауытов. «Ақбілек» романы.

Мақсаты:1. Ж.Аймауытов шығармашылығымен таныстыру, шығарманың фабуласын меңгерту, Ақбілек бейнесіне сипаттама жасуға үйрету;әдебиет теориясынан мағлұмат алу

2.Дамытушылық: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығын таныту арқылы қазақ халқымен таныту,жазбаша тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,ақын-жырауларды таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, БИС тех.картасымен жұмыс

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,орыс әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: Ж.Аймауытов. «Ақбілек» романы, матрица БИС

Барысы:

І.Ұйымдастыру.(сәлемдесу,түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

М.Жұмабаев .Өлеңінен үзінді жаттау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Ж.Аймауытов шығармашылығына тоқталу, «Ақбілек» романының фабуласын ұғындыру.

ІҮ.Бекіту.Қабылдауды ұйымдасыру.7 сөзді тақтаға жазу,мағыналарын түсіндіру.

Тірек сөздер:

  1. Тірек сөздерді оқу. (Қаламды қоямыз.Қолдағы қалам - қателік.)

  2. Мәтінді түсініп оқу. (3 мин.)

  3. Қиылыс сұрақтары.

  4. Бекіту.Сыни сұрақтар.

  5. Анализ.ТЗС.5 мин.Норматив - 63 сөз.5+ 30 сек.

  6. Рефлексия.1 оқушы оқиды.

  7. Бағалау.

ІҮ.Үй тапсырмасы: 54 бет.Сұрақтарға жауап



Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев. Өмірі мен шығармашылығы.

Мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын меңгерту, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру; әдебиет теориясынан мағлұмат алу

Міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді; бір-бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, БИС тех.картасымен жұмыс

Пәнаралық байланыс: география, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның портреті, Қазақстан картасы

Барысы:

І.Үй тапсырмасын сұрау .

Қиылыс сұрақтары.

ІІ. ІІІ.Жаңа сабақ.Қабылдауды ұйымдасыру.7 сөзді тақтаға жазу,мағыналарын түсіндіру.

Тірек сөздер:

  1. Тірек сөздерді оқу. (Қаламды қоямыз.Қолдағы қалам - қателік.)

  2. Мәтінді түсініп оқу. (3 мин.)

  3. Қиылыс сұрақтары.

  4. Бекіту.Сыни сұрақтар.

  5. Анализ.ТЗС.5 мин.Норматив - 63 сөз.5+ 30 сек.

  6. Рефлексия.1 оқушы оқиды.

  7. Бағалау.

ІҮ.Үй тапсырмасы: 4 тапс., 55 бет.





Сабақтың тақырыбы:Шығармашылық жұмыс.

Мақсаты:1.ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығын таныту,білімдерін жинақтау,қорыту.

2.Сол арқылы қазақ халқымен таныту,жазбаша тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,ақын-жырауларды таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Қорытынды сабақ.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,орыс әдебиеті.

Барысы:

І.Ұйымдастыру.(сәлемдесу,түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

54 бет.Сұрақтарға жауап.

ІІІ.Қорытынды сұрақтар. (матрицаны пайдалану)

  1. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің есімін ата.

  2. А.Байтұрсынов кім?

  3. Оның шығармалары.

  4. М.Дулатов кім?

  5. Оның шығармалары.

  6. С.Торайғыров кім?

  7. Оның шығармалары.

  8. М.Жұмабаев кім?

  9. Оның шығармалары.

  10. Ж.Аймауытов кім?

  11. Оның шығармалары.

ІҮ.Қорытынды.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығының маңызы.

Ү.Бағалау.

Баллдарын есептеу.

ҮІ.Үйге:Тарау бойынша өткенді қайталау.



Сабақтың тақырыбы:С.Торайғыров. «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері

Мақсаты:1. С.Торайғыров шығармашылығымен таныстыру, «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдерімен таныстыру, өзіндік талдау жасауға үйрету;әдебиет теориясынан мағлұмат алу

2.Дамытушылық: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығын таныту арқылы қазақ халқымен таныту,жазбаша тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,ақын-жырауларды таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, БИС тех.картасымен жұмыс

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,орыс әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: С.Торайғыров. «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері

, матрица БИС

Барысы:

І.Ұйымдастыру.(сәлемдесу,түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян,қазақ» өлеңінен үзінді жаттау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. С.Торайғыров шығармашылығына тоқталу, шығармашылығымен таныстыру, «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдерімен таныстыру, өзіндік талдау жасауға үйрету.

ІҮ.Бекіту.Қабылдауды ұйымдасыру.7 сөзді тақтаға жазу,мағыналарын түсіндіру.

Тірек сөздер:

  1. Тірек сөздерді оқу. (Қаламды қоямыз.Қолдағы қалам - қателік.)

  2. Мәтінді түсініп оқу. (3 мин.)

  3. Қиылыс сұрақтары.

  4. Бекіту.Сыни сұрақтар.

  5. Анализ.ТЗС.5 мин.Норматив - 63 сөз.5+ 30 сек.

  6. Рефлексия.1 оқушы оқиды.

  7. Бағалау.

ІҮ.Үй тапсырмасы: 31 бет.Сұрақтарға жауап, 1 өлеңі жатқа




Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты.

Мақсаты:1. Б.Майлин шығармашылығымен таныстыру, «Шұғаның белгісі» хикаятымен таныстыру, өзіндік талдау жасауға үйрету;әдебиет теориясынан мағлұматалу

2.Дамытушылық: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығын таныту арқылы қазақ халқымен таныту,жазбаша тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,ақын-жырауларды таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, БИС тех.картасымен жұмыс

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,орыс әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

, матрица БИС

Барысы:

І.Ұйымдастыру.(сәлемдесу,түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру)

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Б.Майлин шығармашылығына тоқталу, шығармашылығымен таныстыру, «Шұғаның белгісі» хикаятымен таныстыру, өзіндік талдау жасауға үйрету.

ІҮ.Бекіту.Қабылдауды ұйымдасыру.7 сөзді тақтаға жазу,мағыналарын түсіндіру.

Тірек сөздер: «Шұғаның белгісі» хикаяты

Ауыл шындығы

Мырқымбай

Раушан-коммунист

Ашаршылық

Ыбырай

  1. Тірек сөздерді оқу. (Қаламды қоямыз.Қолдағы қалам - қателік.)

  2. Мәтінді түсініп оқу. (3 мин.)

  3. Қиылыс сұрақтары.

Бейімбеттің шын аты

Қайда дүниеге келген?

Қай қалаларда оқыды?

«Шұғаның белгісі» қашан жарық көрді?

Өлең,прозадан басқа не жазды?

Мырқымбай кім?

Раушан кім?

Бекіту.Сыни сұрақтар.

  1. Анализ.ТЗС.5 мин.Норматив - 63 сөз.5+ 30 сек.

  2. Рефлексия.1 оқушы оқиды.

  3. Бағалау.

ІҮ.Үй тапсырмасы: 81 бет.Сұрақтарға жауап, 1 өлеңі жатқа


Сабақтың тақырыбы:Ғ.Мүсірепов . «Қазақ солдаты» романы.

Мақсаты:1. Ғ.Мүсірепов шығармашылығымен таныстыру, «Қазақ солдаты» романының фабуласымен таныстыру, өзіндік талдау жасауға үйрету;әдебиет теориясынан мағлұмат алу

2.Дамытушылық: Ғ.Мүсіреповтың 20-ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орны; Ғабиттің орыс жазушысы М.Горкийдің шығармаларының желісімен жазылған ана тақырыбындағы әңгімелеріне қысқаша тоқталу.

,жазбаша тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Отансүйгіштікке,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,жазушының шығармашылығын таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Дамытушылық: мазмұндау, әңгімелеу дағдыларын дамыту.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, талдау, репродуктивті оқыту, мазмұндау.

Сабақтың жабдығы: Отан туралы қанатты сөздер

Сабақтың барсы:

А) ұйымдастыру жұмыс;

Ә) жаңа сабақты түсіндіру;

Б) сөздікпен жұмыс;

В) талдау мақсатына орай сұрақтар беру;

Г) Жаңа сабақты бекіту;

Д) үйге тапсырма

Жаңа сабақты Ғ.Мүсірепов туралы оқулықтан оқу аудару. Жазушы туралы баяндау. Қайроштың кім екендігін, оның бейнесін сипаттау мақсатында мәтіннен үзінді келтіріп оқиды. Одан соң сөздікпен жұмыс жасалады.

Бекіту.

Отан туралы мақал-мәтел айту.

Дәптермен жұмыс.

Үйге тапсырма: Ғ.Мүсірепов шығармашылығы.ҰОС кезіндегі қазақ әдебиеті.




Сабақтың тақырыбы:Ғ.Мұстафин . «Шығанақ» повесі.

Мақсаты:1. Ғ.Мұстафин шығармашылығымен таныстыру, «Шығанақ» повесі нің қысқаша мазмұнымен таныстыру, өзіндік талдау жасауға үйрету;әдебиет теориясынан мағлұмат алу

2.Дамытушылық: Ғ.Мұстафиннің 20-ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орны; Ғ.Мұстафиннің шығармашылығына қысқаша тоқталу.

,ауызекі сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың біртұтас көркем-эстетикалық ұғымын тудыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:Отансүйгіштікке,адамгершілікке,еңбексүйгіштікке,еңбек адамын қадірлеуге тәрбиелеу,жазушының шығармашылығын таныту арқылы ізгілікті,адалдықты,адамгершілікті таныту.

Дамытушылық: мазмұндау, әңгімелеу дағдыларын дамыту.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, талдау, репродуктивті оқыту, мазмұндау.

Сабақтың жабдығы: Еңбек туралы қанатты сөздер

Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру жұмысы;

Ә) жаңа сабақты түсіндіру;

Б) сөздікпен жұмыс;

В) талдау мақсатына орай сұрақтар беру;

Г) Жаңа сабақты бекіту;

Д) үйге тапсырма

Жаңа сабақта Ғ.Мұстафиннің 20-ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орны; Ғ.Мұстафиннің шығармашылығына қысқаша тоқталу.

Бекіту.

Оқулықпен жұмыс.

Повестің басты кейіпкері Шығанақ Берсиевтің бейнесін сипаттау мақсатында мәтіннен үзінді келтіріп оқу.

Сөздік жұмысы.

Еңбек туралы мақал-мәтел айту.

Дәптермен жұмыс.

Үйге тапсырма: Ғ.Мұстафин шығармашылығы.ҰОС кейінгі қазақ әдебиеті.Реферат жазу.




© 2010-2022