Поурочный план по казахскому языку

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып Қазақ әдебиеті ІІ тоқсан

№ 1 Сабақтың тақырыбы: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу.

Жиреншенің хан сынағына түсуі.

Мақсаты:

1.Білімділік: Аңыз әңгіме арқылы Жиренше мен Қарашаш бейнесіне талдау жасау, әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.

2.Дамытушылық:Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.

3.Тәрбиелік: Жиренше мен Қарашаш бейнесі арқылы шешендікке, тапқырлыққа, досқа қайырымды, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білім меңгерту

Сабақ әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау және жазу, пікір айту,кубизм, ой

белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып екі топқа бөлініп отырады.

II.Үй тапсырмасын сұрау

Аңыз әңгімелер туралы сұрау

III.Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты айтылады.

Әңгіме үйге оқып келуге тапсырылған, сондықтан оқушыларға мынандай сұрақтар қойылады:

1.Жиреншенің жігітке қойған жұмбағын айтып,түсіндіріп беріңіз.

2.Жиреншенің жолдасынан бөлек үйге түсуіне не себеп болды?

1.Қыздың Жиреншеге айтқан жұмбағын айтып,түсіндіріп беріңіз.

2. Жиренше қыздың ақылды екенін алғаш қалай сынады?

Мұғалімнің толықтыруы

Жиренше шешен мен Қарашаш өмірде болған адамдар. Оларды әз Жәнібек ханның тұсында, соның арғы-бергі уақыттарында,XV-XVI ғасырларда өмір сүрген деп білеміз. Өйткені Жиренше мен Қарашаш туралы аңыздарда көбінесе Жәнібек хан бірге айтылады. Олар туралы ел арасында көптеген аңыздар бар. Жиренше бойынан мынандай қасиеттерді байқаймыз: біріншіден әрқашан әділдікті, шындықты айтады, екіншіден кісімен ақылдасуды ұмытпайды, үшіншіден сөзді тауып айтады, төртіншіден хандарға жағымпазданбайды, өзін тең дәрежеде ұстайды, олардың теріс әрекеттерін ашық айтады.Қарашаш сұлу қашанда ақылдылығымен Жиреншеге тірек болады, ақылына ақыл қосып отырады.Яғни бұл кісілер аңыз әңгімелер кейіпкерлері.

«Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс

Шығарма екі топқа бөлініп беріледі.

Баяндаңыз: әңгімені желісін баяндау.

Суреттеңіз:оқиға болған кезеңді суреттеңіз немесе суретпен бейнелеңіз.

Салыстырыңыз: екі шығарманы салыстырыңыз.(ұқсастығы, айырмашылығы, кейіпкерлер әрекеті)

Зерттеңіз: Әңгіменің тақырыбын,идеясын, тәрбиелік мәнін зерттеу.

Қолданыңыз: мәтін желісі бойынша қолданылған мақал, нақыл, шешендік сөздерді теріп жазу және сөйлем құрауға қолданыңыз.

Елестетіңіз: Күлкілі жерлерін елестете отырып жазыңыз.

Екі топ бір-біріне сұрақтар дайындайды.

IV.Сабақты бекіту

«Дыбыстар сөйлейді»

Ж- Қ -

И- А-

Р- Р-

Е- А-

Н- Ш-

Ш- А-

Е- Ш-

V.Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

Бүгін сіздер қандай шығармалармен таныстыңыздар?

Әңгіме сіздерге несімен ұнады?

Жиренше мен Қарашаш туралы не білдіңіздер?

Ханның әрекеті дұрыс па?

Жиренше бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыздар?

Ойларыңызда сақталған қандай дана сөздер бар?

VI. Үйге тапсырма

Әңгімелерді оқу. Ойтолғау «Тапқырлық»

VII.Бағалау «Өзін-өзі »бағалау парағы бойынша бағаланады.






© 2010-2022