Статья о происхождении названия города Темиртау

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Теміртау қаласының № 10 орта мектебіндегі қызықты іс-шара

« Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 - сынып оқушылары арасында қаламыздың өткен атауларын білу мақсатында «Теміртау атауының шығу тарихы» атты ауызша журнал түрінде іс-шара өтті. Іс-шараға мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Канафина К.М, кітапханашысы Байбатшаева Нұрбану, орыс тілі мұғалімі Валькер Е.С, информатика мұғалімі Жиеналиева Э., өзін-өзі тану мұғалімі Шабдыкеева З.Е. қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бапишева Қ.Қ., Бишаева С.З.

Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы, оның жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Біздің де туған өлкеміз Теміртаудың да өз өткен тарихы бар. Осы тұрғыда жетінші сынып оқушылары ізденіп өз қаламыздың атауының шығуын, басқа көшелердің атауларын неге олай қойғанын зерттеп білді. Іс-шара барысында балалар «ономастика», «топонимика» деген жаңа ұғымдарды біліп түсінді.

ТОПОНИМИКА - географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі.

Топонимика - грек тілінен «topos» «opuma» сөздерінен шыққан. Аудармасы -

«орын», «есім, ат» деген сөздерінен алынған. Ал ОНОМАСТИКА - грек тілінен - ат, атау беру өнері. Сонда, «Ономастика» - тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі , жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су атаулары, аспан денелері жатады.

Оқушылар өз зерттеулерінің нәтижесінде біздің шағын қаламызда жүз елу көше, даңғыл бар екенін атап көрсетті. Оны бәрі біле бермейді. Ескі қаладағы бұрынғы Металлург көшесі Қазақстан жазушыларының сұрауы бойынша бұл көше Ғабиден Мұстафин көшесі деп аталған екен. Ол 1980 жылы төрт көшенің атауы осы қаланы нақты салушылар атымен аталған екен.

Мәселен, 1983 жылы Үкен Тұрмағанбетов атымен аталған көше ескі қаладағы, бұл кісі өз қолымен осы қаланы салысқан , тас қалаушылардың бригадиры болған, бірнеше рет Қазақстан ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болған кісі екен.

Келесі - Ғани Мүсәлімов атындағы көше. Бұл кісі - Теміртау қаласының қалалық кеңес исполкомының алғашқы төрағасы болған екен. Петр Лисовенко атындағы көше, бұл кісі туралы мынандай мәлімет бар - социалистік Еңбек Ері болған, электромонтажниктердің бригадирі. И.Азербаев атындағы көшеге келетін болсақ, олхимимя саласының ірі ғалымы. Ирдан Азербаев Теміртау қаласында бірінші химиялық лабораторияны салысып, оны өзі басқарған, кейін Қазақстан ғылым Академиясының академигі болған кісі екен.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Ленин даңғылы Республика даңғылы, ал бұрынғы Свердлов көшесі Тәуелсіздік бульвары болып өзгертілді.

Әріқарай балалар өздерінің істеген Теміртау қаласының «Кешегісі» мен «Бүгінгісі» туралы тұсаукесерлері мен слайдтарын көрсетті. Қаланың тарихы бойынша викторина өткізілді. Соңында ән шырқап, би билеп, Теміртау туралы өлеңдер оқылды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті деп риза болған мұғалімдері де қуанып кетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бапишева Қ.Қ. , Бишаева С.З.

© 2010-2022