1 сынып Жұма

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыннып: 1 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жұма

Сабақтың мақсаты:

Апта күндері туралы ертегі мазмұнымен таныстыру. Оқыған ертегісінің мазмұнын үлгі бойынша баяндай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: Апта күндері туралы ертегіні әңгімелей алу, оқыған ертегісінің мазмұнын үлгі бойынша айтып бере алу, сюжетті суреттер арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрену.

Тұлғалық: ауыз әдебиеті үлгілерін оқу, құрметтеу, білімге деген құштарлығын арттыру.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

III. Жаңа сабақ

1-тапсырмада оқушылар «Жұма» ертегісін аудиотаспадан тыңдайды, оқиды. Ертегіден кейін берілген сөздермен жұмыс жүргізіледі. Сөздің лексикалық мағынасы түсіндірілгеннен кейін оның айтылуын меңгерту үшін мұғалім сөзді жеке-жеке айтқызып, қайталатады.

Жұма, сен Жексенбіге қонаққа барасың ба?

Иә, барамын.

Қай күн жоқ?

Жұма жоқ.

Ол қайда?

А-а-ай!

Мен жолда құлап қалдым. Менің әріптерім шашылып қалды.

Апта күндері, Жұмаға көмектесейік!

Бірінші әріп-Ж

Екінші әріп-Ұ

Үшінші әріп-М

Төртінші әріп-А

Оқушылар 2-тапсырмадағы сөздерді толықтырып оқу арқылы сөздерді қайталайды, дұрыс жазылуына көңіл бөледі.

жол-дорога қонаққа барады-идут в гости

құлап қалдым-упал шашылып қалды-рассыпались

Жеті Әріп Сенбі

3-тапсырмада суреттер бойынша сөйлемдерді оқып, мағынасын түсініп үйренеді. Бұл сөйлемдерді жеке-жеке, топпен, хормен айтқызып жаттықтыру керек.

Жұма жолда құлап қалды.

Оның әріптері шашылып қалды.

Апта күндері әріптерді жинады.

4-тапсырмада оқылым әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушы берілген сөйлемдердің соңын дұрыс тауып, сәйкестендіріп оқуы тиіс. Осы арқылы оқушылардың сөйлемдерді түсін-генін, түсінбегенін байқауға болады. Тапсырманы сынып-тағы оқушыларға бірнеше рет қайталатып оқытуға болады, оқушылар сөйлемді дұрыс құрап жаттығады.

Апта күндері қонаққа барды. Жұма жолда құлап қалды.

Жұманың әріптрі шашылып қалды. Апта күндері Жұмаға көмектесті.

Апта күндері әріптерді жинады.

5-тапсырмада оқушылар «Жұма» деген ертегі туралы әңгімелеуге құрылған мәтін үлгісін оқиды. Сол үлгі бойынша осы ертегі туралы айта алуға үйренеді.

Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ертегі қалай аталады? Бұл ертегі «Апта күндері» деп аталады.

Ертегі не туралы? Бұл ертегі апта күндері туралы. Апта күндері Дүйсенбіге

қонаққа барады. Жұма жолда құлап қалады. Оның

әріптері шашылып қалады. Апта күндері Жұмаға

көмектеседі. Олар әріптерді жинайды.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

V. Үйге: 5-тапсырма. сөздік жаттау. бет-112-113


© 2010-2022