Коучинг жоспары «Оқушының ойлау қабілетін дамытудағы Блум таксономиясың рөлі»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг жоспары


Сабақ тақырыбы:

«Оқушының ойлау қабілетін дамытудағы Блум таксономиясың рөлі»

Жалпы мақсат:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, Блум таксономиясын сабақтарға мақсат қоюға, білімді игертуге деңгейлік тапсырмаларды дұрыс әзірлей алуға бағыттау

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 104-109 бет

2. К.З.Жаксылыкова «Тренинг ойындар мен жаттығулар»

3. youtube.com/watch?v=D98r3fVtZF4

4. Гончарук Ольга Юрьевна, аға оқытушы

Слайд" Танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері"
(Блум таксономиясы бойынша)

Оқу нәтижесі

Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге 6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.

Түйінді идеялар:

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

стикер, интербелсенді тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

Коучинг

АКТ

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

2 минут

Әр елдің амандасу салты арқылы бір- бірімен амандасу.

Жұптарын тауып, бір -біріне қарама -қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.

Қазақтар -қол алысады.

Италияндықтар - құшақтасады.

Бразилиялықтар - бір бірінің

иығын қағады.

Зимбабалықтар -арқасымен амандасады.

Македониялықтар - шынтақпен

Никарагулықтар - иықпен

Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді.

4 минут

Ән жолдары арқылы топқа бөлемін.

1-топ - "Қызыл өрік"

2-топ - "Магдалена"

3-топ - "Аспанға қараймын"

Ән жолдары арқылы топқа бөлініп, бір шумақтан орындайды.

5 мин

youtube.com/watch?v=D98r3fVtZF4

Блум таксономиясы туралы бейнеролик көрсетіледі.

Бейнероликтен көргендерін ой талқылайды.

3 мин

Гончарук Ольга Юрьевна, аға оқытушы

Слайд" Танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері"
(Блум таксономиясы бойынша)

Көреді, түсінеді.

ІІ.Негізгі

10 мин

Тапсырма «Бауырсақ» ертегісін Блум таксономиясына салу.

1- топ

Ертегінің негізгі кейіпкерін постерге бейнелеу.

2-топ

Кейіпкерлерді жақсысынан жаманына қарай жікте, жіктеу әрекетіңізді түсіндіру.

3-топ

Ертегіні бүгінгі жаңа күн талабына сай үлгіде суреттеу.

Тапсырманы постерге түсіреді, қорғайды.

2 мин

Сергіту сәті

"Көңілді күн" жаттығуы

Музыка ырғағымен билеп, денелерін сергітеді.

ІІІ.Бекіту тапсырмасы

10 мин

1-топ.

Бауырсақ ертегісін көрініс түрінде бейнеле.

2-топ. Ертегіні жарнамала.

3-топ. Түлкінің бауырсақтың кездескендегі әрекетін бейнеле.

ІV. Рефлексия

(5 мин )

"Ыстық алақан" алақандар таратылады, соған өздерінің бүгінгі сабақтан үйренгендерін, тілектерін, ұсыныстарын жазады.





© 2010-2022