План внеклассного мероприятия Смотр вариативных курсов

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Таңдау курстарының байқауы».

Мақсаты: Мектеп және оқушы компоненті ретінде алынған таңдау курстарының тиімділігін айқындау. І - жарты жылдықта мұғалімнің істеген жұмысын бағалау.

Міндеттері:

1) Таңдау курстарының оқушыға қаншалықты керектігін анықтау. І - жарты жылдық бойынша сабақтан тыс уақытында таңдау курстарында оқу барысында оқушының функционалдық сауаттылығының нәтижесін бақылау;

2) Оқушылардың шығармашылығын, логикалық ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту;

3) Оқушының бойында патриоттық сезім тәрбиелеу, көптілдікке, қоғамда оқушының әлеуметтенуіне бейімдеу.

Жоспары:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

- Кіріспе сөз.

2) Негізгі бөлім.

- Жобаларды қорғау.

3) Қорытынды.

- Марапаттау.

- Қорытынды сөз.

Барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

- Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Таңдау курстарының байқауы» атты іс-шарамызда көруге ризамыз! Бүгінгі іс-шара І - жарты жылдықтың қорытындысы ретінде өтпекші. Осы таңдау курстарында балалардың алған білімдерін қорытындылаймыз. Сайыстың реттілігімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1) Гуманитарлық бағыты бойынша жобалар қорғау;

2) Жаратылыстану бағыты бойынша жобалар қорғау;

Әр мұғалімге таныстыруға 2 минут және әр сыныпқа 5 минут уақыт беріледі.

Осы байқаудың қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

Төрағасы - мектеп директоры Игентаев Айдынқалы Игентайұлы;

Мүшелері - директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Есимханов Мухтар Архатұлы және директордың тәрбие ісінің орынбасары Құсаинов Төлеген Теміржанұлы.

2) Негізгі бөлім.

- Жобаларды қорғау.

Гуманитарлық бағыт бойынша:

1) Әділханов С.Т. - таңдау курстары:

5-6 «А» сынып «Қазақ хандығының шежіресі» (көрініс);

9 «А» сынып «Абайтану» (мәнерлеп оқу).

2) Джумадилова А.М. - таңдау курстары:

1 «Б» сынып «Интересный английский» (ағылшын тілінде ән айту);

2-3 «Б» сынып «Интересный английский» (ағылшын тілінде тақпақ айту).

3) Нуранова З.Б. - таңдау курсы:

8 «Б» сынып «Мәңгілік Ел - ұлт идеясы» (патриоттық ән, тақпақ айту).

4) Кенжебаева Л.Б. - таңдау курстары:

1 «А» сынып «Тіл дамыту» (көркем жазу, мәнерлеп оқу);

1 «Б» сынып «Логика и математика» (графикалық диктант).

Жаратылыстану бағыт бойынша:

1) Әділханов С.Т. - таңдау курстары:

3 «А» сынып «Туған өлке» (буклет жасау);

2) Кудабаева А.Б. - таңдау курстары:

2-3 «Б» сынып «Природа и мы» (тәжірибе жасау);

3 «А» сынып «Адам және табиғат» (буклет қорғау);

5-6 «А» сынып «ШҚ флорасы және фаунасы» (буклет қорғау);

5-7 «Б» сынып «Флора и фауна ВК» (макет қорғау);

5-7 «Б» сынып «Экология окружающей среды» (буклет қорғау);

9 «А» сынып «Тұрмыстық химия» (10 ереже қорғау);

9 «Б» сынып «Бытовая химия» (тәжірибе жасау);

8 «Б» сынып «Бытовая химия» (тәжірибе жасау).

3) Қорытынды.

- Марапаттау.

Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі (мұғалімдерді, сыныптарды мараптаттау).

-Қорытынды сөз.

Осымен таңдау курстарының сайысы аяқталды. Сайысқа қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Сау болыңыздар!


© 2010-2022