Зерттеу жоба Құрттың пайдасы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

«Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ





Зерттеу тақырыбы: «Құрттың пайдасы»

Бағыты: этномәдениеттану

Орындаушылар:

« Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі»КММ

5-ші сынып оқушылары

Бугасов Ақжігіт, Таскужин Жансары



Ғылыми жетекшісі:

Искакова Дамеля Борашевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыстың орындалған уақыты:

наурыз, 2012-қыркүйек, 2014,

қыркүйек, 2015-желтоқсан, 2015

Мазмұны:

Резюме (Аннотация)

І. Кіріспе бөлім ..................................................................2-3

IІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қазақтың ұлттық тағамы-құрт. .............................4-5

2. 2. Құрт жасау технологиясы........................................6-8

2.3. Құрттың түрлері .......................................................9-12

2.4. Эксперименттік бөлім.............................................13-19

ІIІ. Қорытынды бөлім .............................................................20

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі







Аннотация

Бұл жобадағы қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын сиыр сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы айтқымыз келді. Құрт - қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын өте көне түрінің бірі.

Бұл жұмысты қолға алуға Қостанай облысынан көшіп келген әжейдің жасаған құрты себепті болды. Ол әжей құртты қаптап жинайды екен. Дастарханынан ақ үзілмейді, жасалуы да өзгеше. Бізді қазақ құртының пайдасы және құрттың жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша қолданылатындығы қызықтырды.

Медицина ғылымдары пайда болмай тұрып-ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Біздің ата-бабаларымыздың табиғи таза өнімдердің арқасында денсаулығы мықты болған деген түйін жасауға болады. Дана халқымыз құрттың бала денсаулығына және тілінің таза шығуына пайдасы мол екенін жақсы білген. 2 тал құрт адамның бір күнгі кальций қажеттілігін өтейді. Иммунитетті нығайтып, бойға қуат береді. Тіпті ғарышкерлердің ас мәзірінде де құрт бар екен. Ертеде жорықтағы әскерлер бірнеше күн аттан түспей осы құртты талшық еткен. Алғашқы жылы құрттың түрлерін анықтадық және жасап көрдік. Жұмыстың мақсатына жету үшін құрт жасайтын кісілермен сауалнамалар жүргіздік, балалар дәрігерімен сұбхаттастық, әр түрлі басылымдардан, ғаламтордан материалдар жинадық, дәмі әр түрлі құрт жасау тәсілдерін анықтадық, тәжірибе жасадық. Әр өңірде құрт әртүрлі жасалатынына көз жеткіздік. Біздің аудан бойынша құртпен айналысатын ешқандай өнеркәсіп жоқтың қасы. Сондықтан осы құрт-күш қуаттың көзі екенін зерттеп, құрт өнеркәсібін дамытпаса да, жоғалып кетуіне жол бермей ауылды жерлерді жанжандыру мақсатымен осы тақырыпты зерттеуге алдық. Биылғы жылы пайдасын анықтап, алдағы уақытта құрт құрамын анықтасақ деп отырмыз.


Резюме (Аннотация)

В данном проекте мы хотим рассказать о самом распространенном продукте (курте), который используется в казахской кухне. Курт готовят из коровьего молока. Мы решили собрать материал о том, как этот молочный продукт готовят в домашних условиях.

Особенно нас заинтересовал способ приготовления курта одной женщины, которая переехала в наше село из Костанайской области. У нее особый способ приготовления курта. Молоко сквашивается, затем сгусток сливается в деревянную бочку (кадку) с отверстием внизу. Отверстие с затычкой для слива жидкости. Затем полученный сгусток варит в казане в течение 2-3 часов и добавляет немного соли. После остывания данной массы « расфасовывает» т.е. курт получает разной величины и формы, потом сушит на солнце.

У этой женщины всегда богатый дастархан. Чтобы достичь цели нашей работы, мы провели ряд анкетирований, также беседовали с врачами местной больницы, подбирали материалы из газет и журналов. Оказывается, способы приготовления данного продукта во многих областях нашей республики разный. Легче и лучше курт приготовить в домашних условиях, желательно бы придумать технологию изготовления, но как?

Известно, что в глубокой древности молоко употребляли при лечении ряда болезней. Люди раньше были здоровыми, сильными. Особенно дети любят курт, что помогает их быстрому росту, развитию речи. В этом продукте содержатся необходимые человеческому организму пищевые вещества-витамины А, С и др. Два кусочка курта заменяют витамин С. Повышает иммунитет, придает человеку силу и бодрость. Раньше люди отправляясь в дальние походы, запасались этим продуктом. Доказано, что в меню космонавтов содержатся частички курта.

Мы увидели процесс приготовления курта. В нашем районе нет промышленности, которая занимается приготовлением этого полезного продукта.

Поэтому мы взяли эту тему, чтобы показать как готовят курт, его пользу для здоровья, чтобы этот продукт не ушел в историю, а процесс его приготовления передавался из поколения в поколение.

В этом году показали процесс приготовления и пользу курта, а в будущем будем работать над его составом.

І. Кіріспе

Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас - адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. «Ағы бардың бағы бар»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі - ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтың сүттен жасайтын ұлттық тағамындарының түріне сан жетпейді»- деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық түрлерін айтып беру қиын. Оның ішінде қазақтың ұлттық тағамы құртқа тоқталсақ. Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Осындай пайдалы заттардан құралған құртты сан жылдар бойы сақтауға болады. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген.

Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының ұлттық тағамы - құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың ұлттық тағамы құрттың әр аймақта жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін анықтау.

Өз мақсатымызға жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:

  • Берілген тақырып бойынша әдебиетпен жұмыс.

  • Әр аймақта жасалуы технологиясын анықтау;

  • Құрттың пайдасымен танысу, құрттың құрамына кіретін түрлі заттарды түсіну;

  • Құрт жасаумен айналысатын адамдармен кеңес қылу.Дәрігерлермен ауруға ем болып, сауға қуат болатындығы туралы сұхбат жүргізу.

  • Мектепте достарымызға құрттың пайдасын түсіндіру.

Зерттеу проблемасы: Қазіргі кезде балалар түрлі чупа-чупс, киндерсюрприз, сникерс, кириешки қытырлақтар сияқты денсаулыққа зиян заттарға әуес.

Бұл заттар асқа деген тәбетімізді жояды. Бұған біз балалар кінәлі емес, ауылда тұрса да қазір көбі сиырды саумайды, балаларға жасап берсе неге жемеске?...

Әсіресе ауылда тұратын жерлестерімізге дастарханымызда ақ заттарды көбірек қолдансақ деген ниетпен деректер жинадық. Құрт жойылып кету қаупі де жоқ

1

емес. Біз зерттеу барысында үлкен әжелерден әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадық. Нәтижесінде алғашқы бірінші жылы құрттың түрлері мен жасау әдістерін анықтадық. Сонымен қатар ортаңғы буында оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздік. Сыныптастарымызға «Құрт туралы не білесің?», «Құрттың қандай пайдасы бар?», «Отбасыңда құртты пайдалана ма?» деген сауалдар жүргіздік. Кейбір оқушылар ауылда тұрса да құрт туралы мүлде ештеңе білмейтін болып шықты. «Отбасыңда құртты жиі пайдалана ма дегенге» мардымсыз жауап ала алмадық. Жоба барысында құрттың халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам екеніне және құртты үнемі қолдануда үлкен мән - мағына бар екеніне көз жеткіздік. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт тағамы жайында толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын, түрлерін насихаттау. Осы еңбегіміздің нәтижесі ретінде болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай құрттың әр түрі болса деп ойлаймыз. Тіпті дәріхана сөрелеріне де гематоген, аскорбинкалармен қатар құрттың әр түрін қоюға болады деп ойлаймыз.

Зерттеуіміздің жаңалығы: құрттың адам ағзасына пайдасы,болашақта құртты үнемі пайдалану әдістерін анықтау, егер құрт жайлы көбірек оқып білсек, құрттың көптеген сырларын ашар едік.





2

IІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақтың ұлттық тағамы-құрт.

Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ертеде ата - бабаларымыз амандасқанда «мал - жан аман ба?» , - деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен ақ қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ойлауға болады. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес. Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлттық тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі - ақ екені белгілі. «Ағы бардың бағы бар»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі -құрт.

Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.

Құрт сөзіне Қазақстан тарихының ІІІ-томында мынадай анықтама келтірілген: «Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды. Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды, ол «іркіт» деп аталады.Іркітті әбден қоюланғанға дейін үлкен қазанда қайнатты. Бұл қою іркіт дорбаға құйылып сүзілді.Одан сүзбе алынып,сүзбеден қысқа арнап «құрт», «сықпа», «ежігей» кептірілді».

3

Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған. Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты, ауырмайтынына көз жеткіздім. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болады екен. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды, шөлдемейді, ал самолетпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар сияқты. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайды екен.. «Құрт - қыстың қымызы» - дейтіні сондықтан болса керек. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Ғаламтор деректеріне сүйенсек, құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14,5-18,6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай - 52,6%. Ал 100 грамм сүзбе 87-227-ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға болады. Сонымен қатар құртта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, алюминий микроэлементтері жетерлік.

Атап айтсақ, А - бұл дәрумен арқасында біз жарықты көреміз, түстерді ажыратамыз, түстерді ажыратамыз.

С - дәрумені жетіспесе қызыл иек қанағыш келеді, суық тию ауруларына иммунитеттің төмендеуі ,

В - ас қорыту нашарлайды, т.с.с.

Осындай пайдалы заттардан құралған құртты сан жылдар сақтауға бойы. Медицина ғылымдары пайда болмай тұрып-ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырымаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып-ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған.

4

2.2. Құрт жасау технологиясы:

Құрт - сиыр сүтінен жасалған ұлттық тағам. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Біз енді солтүстік аймақтың тұрғындарының құрт жасау әдісімен танысқымыз келді. Сөйтіп, солтүстік тұрғындарына өз сауалдарымызды қойғанда мынадай ақпараттар алдық. Ендеше, солтүстік аймақтықтар құрт жасау үшін іркітті қалай дайындайды?

Зерттеу жоба Құрттың пайдасы

  1. Сиыр сауу

  1. Сүт тарту

Зерттеу жоба Құрттың пайдасы

Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады.

СЗерттеу жоба Құрттың пайдасыүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды.

О

  1. Күбіге жинап, сары суын ағызамыз

ны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды.

5

Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады. Іркіт ішінде қалады. Бұл әдіс күнде қайталанады. Ағаш бөшке ашыған іркітке толған уақытта іркіт дайын болды дегенді білдіреді.

АЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасы

  1. Қазанға құйып, қайнатамыз

уылдағы қазақ есік алдына жер ошақ қазады да тай қазанды қойып, құртты осы қазанда қайнатады. Алдымен, құрттың түбі күйіп кетпес үшін қазанның айналасын майлайды. Қазанға Ағаш бөшкеде жиналып пісілген іркіттің бәрін құймай, алдымен бір - екі шелегін ғана құяды. Астын тұтатады. Құрт қайнатуды жер ошақтағы жанып жатқан оттың да үлкен маңызы бар. Отты малдың кепкен жас тезегімен тұтатып, үстіне қыстан шыққан қойдың қалың қиын үстемелеп салып отырады. Ағашты көп пайдалана бермейді. Ағаш қатты жанатындықтан қазанның астын жабыстырып, күйдіруі немесе тасытып жіберуі мүмкін. Ондай жағдайда құрт күйік дәм татып кетеді. Малдың қиы құртты баяу, бабымен қайнатады. Бастапқыда құйған екі шелек іркіт қайнауға айналғанда тағы да қалған екі шелек іркіт үстінен еселенеді де одан әрі қайнатылады.

Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт қайнатқышпен әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, араластырып отырады.

Әбден қойылған құртты кенеп қапқа құйып керегеге асып қояды. Сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды.

  1. Суын ағызып, сорғытады.


6

БЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыұдан кейін шараға салып, аздап дәміне қарай тұз араластырады да, қолмен бөлшектеп, сығып немесе алақанда айналдырып өреге жайып кептіреді.

Қ

  1. Құртты жайып, кептіреміз

ұртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді. Ал құртты кептіргенде ыдысқа салмай шидің үстіне жайып кептіретіні шидің арасы саңылау болады. Сонда астынан соққан ауа лебі құртты біркелкі, әрі тез кептіріп,күн қызуымен жарылып кетуден сақтаған. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Себебі , Күн көзінен алынған қуатты энергия құрттың бойына табиғи дәруменді сіңіреді. Әрі құрттың көгермей, шірімей кебуіне де аса қуатты күн көзі ғана пайдасын бермек. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрттың 2 немесе 3 жылға дейін азбай сақталуының сыры осында. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.


  1. Күнге кептіреміз, ауыстырып отырамыз


7

  1. Құрттың түрлері

Зерттеу жоба Құрттың пайдасы. Күлше құрт Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқы сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып , дөңгелек формаға келт іреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшгені бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп керегенің басына , өренің ашасына іліп кептіреді. Көп кептірмесе іші көгеріп кетеді.

Зерттеу жоба Құрттың пайдасы

Сықпа құрт Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды.


Зерттеу жоба Құрттың пайдасыШүйірмек құрт Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақтың бүгуіне салып, екінші жағына басқа қолдың бармағынмен батыра қысады. Бұл тез кебеді. Құртты ң қай түрі болса да өреге салып кептіреді. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал сықпа мен шүйірмекті жазды күні күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі де екі түрлі болады. Езілген құрттан қалған қиыршық құрт малта деп аталады. Осындай әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.

8


Зерттеу жоба Құрттың пайдасы Жасқұрт Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.


Зерттеу жоба Құрттың пайдасы К ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

Ыстық құрт.

Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.


Зерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыСықпа құрт. Мұның кайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

9


Зерттеу жоба Құрттың пайдасыМ а л т а Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

Зерттеу жоба Құрттың пайдасыЕзген құрт Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол диірменге тартылады. Езген құрт - ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.

Зерттеу жоба Құрттың пайдасыҰнтақ құрт . Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.


Зерттеу жоба Құрттың пайдасы К ұ р т - м а й Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт-май деп аталады.

10

К ұ р т - көже

Зерттеу жоба Құрттың пайдасыҚайнатылып, кептірілген қатты құрттан қыстың қатты аязды күндерінде құрт көже дайындайды. Қазанды пешке қойып, су құяды. Аздап күріш салып, қайнатады. Бөлек ыдысқа ұн шаяды да қазандағы қайнап жатқан суға құйып әбден араластырады. 1 келіге жақын құртты қайнап жатқан қазанға салып ожаумен жарты сағатқа жуық, құрттың дәмі кіргенше былғай береді. Дәміне қарай аздап тұз қосады. Үстіне сары май салып түстік ас ретінде ішуге болады. Құрт көже әсіресе суық тиіп, тұмауратып ауырғандарға бірден бір ем.

Зерттеу жоба Құрттың пайдасыСүзбе

Айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сондықтан да ол қаптық сүзбе, құрт сүзбе деп бөлінеді. Ашыған айранды немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады., Содан ол сүзіліп сұйығы ағып кетеді. Сүзбені тұздап малдың қарнына салып қойып, кептіреді. Оны жылдың қай мезгілі болсын сорпаға езіп, көжеге қосуға сондай-ақ сүт қосып шалап етіп сусын ретінде ішуге болады.

Зерттеу жоба Құрттың пайдасы

Біз жинаған құрт түрлеріЗерттеу жоба Құрттың пайдасы

11

2.4. Эксперименттік бөлім.

2.4.1. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін біріншіден жоспар құрдық.

Қосымша №1

Жобаның кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Жетекшінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандыру.

Өз ойын ортаға салады. Тапсырма мақсатын айқындайды

Жоспарлау

Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету

Оқушыны өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Ұсыныс айтады, оқушы пікірін тыңдайды

Жұмыс істеу кезеңін жоспарлайды. Нәтижеге қол жеткізу уақытын белгілейді.

Зерттеу

Ақпарат жинау, сұхбат, сауалнамалар алу, бақылау, ғаламтор, баспа материал-дары, энциклопедия

Оқушы күнделігін бақылап сөйлесу алдағы жұмысқа бағыт

Өз зерттеуін жүргізеді Талдау, нәтижені салыстыру, өнімдерді қарайдыыру

Нәтижені талдау

Ақпаратты талдау,

Бақылайды, кеңес береді

Өнімдерді көрсетеді.

Тұсау кесер

Дайын өнімдерін қорғау, презентация

Тыңдайды, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Алған нәтиже туралы есеп береді. Сынып сағатында тұсаукесерін өткізді

Бағалау

ДЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыайындық кезеңінде құрттың жобаның тақырыбын таңдадық. Алғашқы жылы құрттың жасалуы технологиясын үйрендік. Құрт түрлерімен таныстық. Сыныптастарымызбен бірігіп құртты әр түрлі формада сүзбе жасадық және оның қорабын да ойластырдық. Мұғалімдерге, оқушыларға дәм татқыздық.

12

Ақпарат жинау мақсатында біз құрт өндірісінің қаншалықты деңгейде дамып жатқанын білу үшін Жаңажол ауылында қанша отбасы тұратынын, оның ішінде сиыр малын қанша үй ұстайды және қанша үй ұлттық тағам құртты жасайтынын бақыладық, сұрастырдық. /қосымша №2/

Жаңажол ауылында барлығы 93 отбасы тіршілік етеді. Ауылда шамамен 200-дей бас сиыр бар, 200 бас сиыр үш табынға бөлінген. сауылатыны-141 бас, қалғанын бұзау емізеді. 13 отбасы мал ұстамайды. Олар жас отбасылар және зейнеткерлер. Ал ұлттық тағам құртты жасайтыны және үнемі қолданатыны - 9 отбасы. Соның ішінде 3 отбасы ғана қатты құрт түрін жасаса, қалған 6 отбасы сорпаға езетін сұйық түрін дайындайды. Ол деген ұлттық тағамды ауылдың 10 пайызы ғана пайдалады. Сонда қазақ ауылында тұрсақ та ұлттық тағамымыз құрттың жойылудың аз ақ алдында тұр десек те болады. Бұл ойланатын жағдай?

Қосымша № 2

Ауылда барлығы қанша сиыр бар,сауатыны, құрт жасайтыны:

Аты-жөні

Бар-лы

ғы

Са-

уа

ды

Құрт

Аты-жөні

Бар-лы ғы

Са-уа ды

Құрт

Аты-жөні

Бар-лы ғы

Са-уа ды

Құрт

Екпіш

-

-

-

Ерболат

2

2

-

Елубай

3

2

-

Қайрат

-

-

-

Сара

2

2

-

Дана

-

-

-

Ердәулет

2

2

+

Талғар

5

1

+ с

Айдар

2

2

-

Қаламан

3

3

+ с

Ақық

2

2

+

Айдар

-

-

-

Марат

-

-

-

Коля

2

2

-

Айдархан

2

2

-

Досбол

2

2

-

Қайрат

5

1

-

Сапарбек

3

2

-

Боранбай

1

1

-

Нұрғиза

-

-

-

Боқан

-

-

-

Қасым

-

-

-

Айқын

3

2

+ с

Бейімбет

1

1

-

Дулат

1

1

-

Бекман

2

2

-

Зура

4

1

-

Абай

5

2

-

Айбек

2

2

-

Тоқтамыс

4

3

-

Сәдір

3

3

-

Қайыржан

5

2

-

Тоқтағұл

2

2

-

Тоғжан

2

2

-

Самат

3

2

+ с

Бану

3

1

-

Сара

3

3

-

Бибігүл

-

-

-

Марат

2

2

-

Қапез

2

2

-

Галя

2

2

-

Қуандық

3

1

-

Екпін

2

2

-

Орал

-

-

-

Майра

3

3

-

Жанай

2

2

-

Қайрат

-

-

-

Жұмашке

7

4

+ с

Ардақ

-

-

-

Екпіш

4

4

-

Аблайхан

2

2

-

Мұратбек

3

2

-

Талғат

1

1

-

Асхат

1

1

-

Бірлатай

1

1

-

Әлібек

2

2

-

Серік

1

1

-

Ләззат

1

1

-

Бағлан

3

3

+

Ботаапа

1

1

-

Мүслім

4

4

-

Асқап

3

2

-

Қалеке

2

2

-

Руслан

5

2

-

Қабиден

2

2

-

Қайрат

2

2

-

Малқар

1

1

-

Қошан

4

2

-

Ерік

1

1

-

Баукен

2

2

-

Қайбар

2

1

-

Азамат

-

-

-

Жапар

3

2

-

Даметкен

1

1

-

Қағида

1

1

-

Азат

1

1-

-

Сара

1

1

-

Гуля

3

3

+ с

Кентай

3

1

-

Берік

1

1

-

Серік

3

3

-

Серікбай

5

3

-

Асқар

2

2

-

Сауле

1

1

-

Марал

2

2

-

Жотай

1

1

-

Қанат

1

1

-

Толик

-

-

-

Айбек

-

-

-

Шойке

3

3

-

Ербұлан

3

3

-

Марат

-

-

-

Амантай

2

2

-





14


2.4.2. Сұхбат алу.

Зерттеу жоба Құрттың пайдасы

Ақық әжемен сұхбат /65 жаста/

  • Әже сіз қай облыстан келдіңіз? Сіздің құрт жинау әдісіңіз қандай?

М

Ақық әжеен Торғай облысынан көшіп келдім. Торғай өңірінде сиырды бұзаумен сауады. Әр отбасында 3-4 сиырдан кем ұстамайды. Сондықтан бізде құртты қаптап жинайды. Мен кей жылдары екі қапқа дейін жинап, шатырда сақтаймын. Осында көшіп келгенде 1,5 қап елдің құртын алып келдім. Көршілерім күлген еді. Қысы -жазы бізде құрт арылған емес.

  • Әже сіздің құртыңыз біздің жақтың құртынан неге өзгеше болады. Аппақ әрі жұмсақ, соның сыры неде?

Зерттеу жоба Құрттың пайдасыМен құрттың бірнеше түрін қайнатамын. Ежігей, ақ құрт, сүзбе құрт, жарма құрт. Сүтті арнайы күбі ыдыста сақтаймын. Суын ағызып отырамын. Көп ұстамай қайнатса ежігей құрт болады. Ол сарғайып кетеді. Әрі тәттілеу, сарғылт түсті болады. Сүзбе қайнатылмайды. Ұйыған сүтті сүзіп, тұз қосып төрт саусақпен сығымдап жасайды. Ақ құртты көбірек ашыту керек. Қайнатқанда тұз қосып жіберемін. Арнайы қазаным да бар. Жазда май қосып дастарханға құрт-май жасап қоямын. Күзде соңғы қайнатқанын ауа жібермейтін ыдыстарда сақтаймын. Сорпаға қосамын. Қыс бойы күріш қайнатып, құрт езіп ішеміз. Жолдасым он жыл бойы сиыр баққан. Құрт көже істеп оған сары май салып ішсе, қандай суық болса да тоңбайсың. Ақ болса,әрқашан тоқ жүресің.

  • Әже күбі туралы айтып кетсеңіз?

К

Іркіт жинайтын күбіүбі -ағаштан жасалған сүтті жинайтын арнайы ыдыс. Бетін дәкемен жауып қоясың. Сүтті сүзіп құйылады. Сүт сары суы шыққасын, арнайы тесігі болады. Соны ашсаң сары суы ағады.

15

Қайтадан тесікті тығындап жауып қойып үстіне сүтті құяды. Күбі толғасын быршытпай оны арнайы қазанға салып қайнатып аламын. Ауылда құрт қайнатқанда балаларым құрт көбігін жалағанды жақсы көретін еді-деп әже туған ауылын сағынышпен есіне алды.

  • Әже сіздің құртқа қызығушылар баршылық. Сатып пайда тапқыңыз келмейді ме?- деп жобалап сметаны ұсындық.

Жоба сметасы /қала бағасымен/ Қосымша №3

Ұсынылатын мәзір

бағасы

дана

Қорытынды баға

Күлше құрт

100т

100

10000

Сүзбе

30 т

100

3000

Шүйірмек құрт

50т

100

5000

Барлығы

18000т /1 айда/

54000/3 айда/

  • ЖЗерттеу жоба Құрттың пайдасыоқ, қазақ ақты сатпаған, сұрағандарға әрқашан бетін қайтармаймын. Ақты сатуға қарсымын-деп бірден қарсылығын білдірді.

Алмажан Сұлтанбайқызымен сұхбат -бастауыш сынып мұғалімі

  • Қазіргі таңда сиыр өсіру қиын емес пе?

Алмажан СұлтанбайқызыБарлық төрт түліктен сиыр өсіру жеңіл. Сиырды бағып-қағуда артық шығын шықпайды, еті де, сүті де өте пайдалы. Сиыр сүтінен қаймақ, май, құрт-ірімшік жасап отбасына көп пайда келтіруге болады. Сатсаң ақша, жесең тағам.

  • Өзіңіз құрт жасайсыз ба? Қандай әдіспен жасайсыз?

Менің отбасым көпбалалы. Бес баламның екеуі сыртта, қалада оқиды. Сондықтан 3 сиыр ұстаймыз. Екеуін сауамын. Май, қаймақ, құрттан балаларыма беріп тұрамын. Қысы -жазы дастарханымнан құрт-май үзілген емес. Құртты айранды ұйыту арқылы жинап, сары суын ағызып, қайнатамын.

16

Зерттеу жоба Құрттың пайдасыАйгүл Ескендировнамен сұхбат- мектеп дәрігері

-

Айгүл ЕскендировнаҚұрметті Айгүл Ескендировна сіз бала дәрігері ретінде құрттың емге қаншалықты қасиетті екендігі туралы айта кетсеңіз.

- Біз қазақ дені сау, толыққанды ұрпақ тəрбиелейміз десек ата-бабамыздан мирас болған ұлттық тағамымыз қасиетін келер ұрпақ санасына мықтап сіңіруіміз керек. Құрттың пайдасы өте көп. Ағыуызға бай. Баланың денсаулығына өте пайдалы. Дәрумендерге бай. Ұзақ сақталады. Баланың тілінің шығуына да пайдалы. Ұрпақ тəрбиесі - бүкіл бір ұлттың тəрбиесі.

2.4.3. Сауалнама

Зерттеу жұмысы кезінде сауалнаманы екі бағытта жүргіздік:
1) оқушылар арасында

2) үлкен адамдар арасында
Қосымша №4

Аты-тегі..........................................................Сыныбы:.....................

Сұрақ

Иә

Жоқ

білмеймін

1

Құрт ұнайды ма?

2

Құрттың пайдасы бар ма?

3

Отбасыңда құртты жиі пайдалана ма?

4

Құрттың дүкенде сатылғанын қалайсыз ба?

Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 35 бала қатысты.

Сұрақ

Иә

Жоқ

білмеймін

1

Құрт ұнайды ма?

30

5

-

2

Құрттың пайдасы бар ма?

25

2

8

3

Отбасыңда құртты жиі пайдалана ма?

29

4

2

4

Құрттың дүкенде сатылғанын қалайсыз ба?

22

-

2

17

Қосымша №5

Үлкен адамдарға қойылған сауал:

Сұрақ

Жауап

1

Аты- жөніңіз

2

Жасыңыз

3

Құрттың қандай түрлерін білесіз?

4

Құртты жақсы көресіз бе ?

5

Сіз өзіңіз құрт жасау технологиясын білесіз бе?

6

Құрттың дәмінің қандай түрін ұнатасыз?

7

Құртты отбасыңызда үнемі пайдаланасыз ба?

8

Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма? Қандай ?

9

Құрттың кеңінен қолданысқа түсуіне қалай қарайсыз?

Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 15 адам қатысты.

Құрт ұнайды 15
Құрттың қандай дәмін ұнатасыз?
ащы- 10, қышқыл-2, білмеймін-3
Құртты үнемі пайдаланамын -4
Құртты жасау технологиясын білемін -15

Құрттың денсаулыққа пайдасы бар-13, білмеймін-2

2Зерттеу жоба Құрттың пайдасы.4.6. Зерттеу проблемасы бойынша зерттеудің өзектілігіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау

Кітап, газеттерден «Құрт-күш қуат көзі», «Ағарған ішкен азбайды» мақалаларын оқып, пайдасы мен құрт түрлерімен таныстық. Күнделік дәптерімізге оқыған, зерттеулерімізді жазып отырдық, талдадық.

18

Зерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасы

«Ағарған ішкен азбайды». «Емші» газеті №19 2012, 20 бет, «Құрт-күш қуат көзі» «Жүз жасаңыз» газеті №23 2012 11 бетте

Зерттеу жоба Құрттың пайдасы

ҒаламторЗерттеу жоба Құрттың пайдасы

Ғаламтордаи «Сұрақ-жауап» айдарынан құртты пайдасы жайында оқыдық.

8-9 бет

14,17-19 бет

197 бетЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасыЗерттеу жоба Құрттың пайдасы

Газет, журнал, кітаптардан құрт жайында мәліметтер алынды.

19

ІIІ. Қорытынды

Нәтижесінде: жұмыс өз мақсатына жетті, міндеттері орындалды. Ұлттық тағам құрттың денсаулыққа пайдасын анықтадық. Құртың пайдасын және де оның түрлерімен танысып көп деректер алдық. Бірақ құрт кәсібі біздің Жамбыл ауданы бойынша тым аздығы мені аландатып, келешекте көп сұрақтар әлі де тудыратыны анық. Дүкен сөрелерінде құрт жоқтың қасы. Жұмысымыздың нәтижесіне келсек біз келесі мәліметке қол жеткіздік:

1.Жаңажол ауылында 200-дей сиырдың 141-і сауылады.

2 Күніне 700-800 литрдей сүт сауылады.

3. 9 отбасы құрт дайындайды. /10 пайызы ғана/ Бұл біздің ауылымызға әлде де аз, себебі егерде ауылымыздың барлық адамдары осы құрттың бірнеше түйірін қолданса бізде халқымыздың денсаулығы жақсарып, арамызда көп жасайтын адамдар да көп болар еді. Егер де біздің Жамбыл ауданының әр аймағы осы өнеркәсіппен айналысып өз денсаулықтарына назар аударса біздің ауданда көптеген ауруға шалдыққан адамдар саны азайып, дені сау адамдар саны көбейер деп ойлаймыз. Тағыда бізді аландататын жағдай , біздің Қазақстанда ұлттық тағам құртты жасайтын өнеркәсіптер жоқтың қасы, сондықтан мен барлық қазақ халқын өз еліміздің болашағы үшін осы ата- бабамыздаң келе жатқан дәстүрді бұзбай ат салысуға көмек сұраймыз. Құртты тек Наурыз мерекесінде еске аламыз. Құрт - адам денсаулығына пайдасы көп екеніне көз жеткіздік. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре аламыз деп ойлаймыз. Олармен бірге құрт түрлерін анықтап, әр түрлі формада құрт жасадық. Мектебімізде таныстырылым жасау арқылы осыған көз жеткіздік. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағаласа. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы - құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

20

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Шаңырақ энциклопедиясы. 197 бет

2. Емші газеті № 19(215) 12 қазан 2012 жыл

  1. бет «Ағарған ішкен азбайды»

  1. Жүз жасаңыз газеті №23 (27) қараша 2012 жыл

  1. бет «Құрт-күш қуаттың көзі»

  1. «Қазақтың ұлттық тағамдары»

    1. бет «Ақ тағамдар»

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет -ғұрыптары

  2. Қазақтың ұлттық тағамдары С.Қасиманов

14, 17-19 беттер

  1. Ғаламтор, теледидар /видеофильм/

  2. Күнделік, жетекші пікірі.

















Жетекші пікірі


Бұл жобаны 2012 -ші жылы сыныппен бастадық. 2012-2013 оқу жылында оқушылар құрт түрлерімен танысты. Құрттың жасалу жолымен танысты. 2014 жылдың қыркүйегіне дейін зерттеді. 1 жылдай тоқтап қалды. 2015 жылы қыркүйек айынан бастап жобаны жалғастыруда. Ғаламтор, әдеби кітаптарға шолу жасалды. Жобаны 5-ші сынып оқушылары Бугасов Ақжігіт, Таскужин Жансары зерттеді. Жобаны бастау үшін жоспар құрылды.

Оқушылар күнделік бастап онда қажет ақпараттарды жазып отырды. Дәрігер, құрт жасайтын кісілермен сұхбат жүргізілді. Оқушылар өздері де құрт жасап, оқушыларға дәм тартқызды.

Мектеп оқушыларынан, үлкен адамдардан сауалнамалар алынды, қорытынды жасалды. Ауылда қанша мал, сауылатыны, құрт жасайтынын есептеді. Құртты пайда көзі ретінде жоба сметасын құрды. Алматы қаласынан құрт сатып алғызып, салыстырды. Алматыдан әкелінген құрт жұмсақ, қайнатылмаған. Құрамында ұн қосатын тәрізді. Біздің ауылда жасалған құрт өзімізге дәмдірек көрінді. Өйткені ауылда таза өнім болады. Биылғы жылы да құрттың пайдасын қарастырады. Құрттың пайдасын әрі қарай зерттеу мақсатымыз. Ауылда құрт өнімін көбейтсе, балалар үшін пайдасы көп.

Оқушылар зерттеуге қызыға қатынасады. Құрттың пайдасы туралы әлі де ақпарат жинайды.

© 2010-2022