Конспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан Парламенті

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы

№2 Булаево орта мектебі

Қарабаева С.Н.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Парламенті.

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды қатысымды тілдесімге үйрету.

Білімділік: оқушыларды Қазақстан Республикасының Парламент депутатарының міндеттерімен таныстыру, ҰБТ-ға дайындау барысында жалпы және жалқы есімдерді, қыстырма сөздердің түрлерін қайталау.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау, сөйлеу, ойларын еркін жеткізе білуді дамыту.

Тәрбиелік: Отанды қастерлеуді, сүю сезімдерін ұялату.

Көрнекілік құрал: презентация, үлестірме карточкалар,

І. Бағдарлау мотивациялық кезең.

*Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан Республикасының ерекшелігі сіз үшін қандай?

- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Қазақстан Парламенті», сабақта Парламент жұмысымен танысамыз, қыстырма сөздерді қайталай жөн жөнекей басқа да грамматикалық тақырыптарды еске аламыз.

- Қазақстан Республикасының саяси жүйесін еске алайық. Еліміздің саяси жүйесі туралы не білесіңдер?

ІІ. Жаңа тақырып.

1) Сөздік жұмысы.(слайд)

Әл-ауқат

Алдын ала

Жоба

Талқылау

Мақұлданды

Міндеттер

Сайлаушылар

Депутаттық сауал

Қабылданды

Жауап

Мүдделерін қорғау

Жергілікті

Атқарушы

2) Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді іштей оқу.

Мәтінді аудару.

  • Мәтіннен не түсіндіңдер орысша айтып беріңдер.

Мәтін бойынша тірек сөздерді айтыңдар.

Әр азат жолын атап көрейік.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Заң жобасын кім қабылдайды?

  2. Депутаттар өзінің депутаттық бағдарламасының орындалуы туралы кімдермен пікір алысады?

  3. Депутаттар сайлаушыларымен хат арқылы байланыса ма?

  4. Сайлаушылар хаттары қалай қабылданады?

  5. Мәтін кімдер туралы?

  • Осы мәтін бойынша қандай грамматикалық тақырыптарды қайталауға болады?

  • Парламент, Мәжіліс, Үкімет бұл сөздер қай сөз тобына жатады?

  • Жақсы, зат есімді еске алайық, кластер құрайық.

Зат есім

Конспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан ПарламентіКонспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан ПарламентіКонспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан ПарламентіКонспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан ПарламентіКонспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан ПарламентіКонспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан ПарламентіКонспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан ПарламентіКонспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан ПарламентіКонспект урока по казахскому языку на тему: Қазақстан Парламенті


Жалқы, жалпы, ...... зат есімдерді мәтіннен тауып айтыңдар.

  • Зат есім түрлері бойынша мысал келтіріңдер.

ІІІ Бекіту

«Тізбекті үзбе» ойыны. (Жалқы есмідер бойынша)

Мәжіліс-Сенат- Тараз - Зейнеп - Петропавл - Лепсі -Іле - Ертіс - Сәкен - Назарбаев

65 бет 1.1. тапсырмасын орындау

Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. (слайд 1.1)

Соңғы сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Өздерінің депутаттық міндеттері бойынша депутаттар сайлаушылардың сұрақтарына жауап береді.

Диалог.Сұхбат.65 бет 1.4. тапсырмасы

Диалогты оқимыз, аударамыз.- Диалогта қандай оқшау сөздері кездеседі? (слайд оқшау сөздер)

-Қыстырма сөздерінің қандай мағыналық түрлері бар? (слайд қыстырма сөздерінің мағыналық түрлері)

- Осы диалог негізінде өздерің қыстырма сөздермен диалог құраңдар.

- Қандай қыстырма сөздерді қолдандыңдар? Олардың мағыналық түрлері қандай?


Графикалық диктант.

Қыстырма сөздер.

Меніңше, біз бақытты ұрпақпыз, өйткені Тәуелсіз Қазақстанда тудық. Депутаттарды халық сайлайды. Шынында, сөз бостандығы, саяси көзқарас еркін елде тұрамыз. Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері Ата Заңда бекітілген. Сөз жоқ, Парламентте заң жобалары қабылданады. Парламент екі палатадан тұрады. Қорыта айтқанда, заң жобасы Парламент депутаттары қабылдайды. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық мемлекет. Өкінішке орай, жолым болмады. Ертең, бәлкім, күн жақсы болар.

Қыстырма сөздер бойынша тест сауалдарына жауап беру кілт бойынша тексеру. (слайд)

ІҮ Үйге тапсырма: мазмұндау, сөздерді жаттау, тест жинағынан тапсырмаларды орындау.

Мақалдарды толтыр (слайдта)

Ү Сабақты қорыту.

Бағалау.

«Білім биржасы»


© 2010-2022