Мақала: Замануи инновациялық сабақ: оқу үдерісін тиімді ұйымдастырылуы

      Қазіргі уақыттың тез өзгеруіне байланысты біз де өзіміздің тәжірибемізге әрқашан өзгістер енгізуіміз қажет. Бұл уақыт талабы. Себебі бұрыңғы дәстүрлі сабақтар - мұғалім-сөйлеуші, ал оқушы -тыңдаушы қызықты емес болып көрінеді. Біз өз сабақтарымызда бағдар көрсетуші, ал оқушы өзі ізденіп, қойылған проблемаларды шешу жолында өз пікірлерін, ойларын ортаға салып сабақта қатысып отыруы керек. Ұсынып отырған мақаланың тақырыбы: "Замануи инновациялық сабақ: оқу үдерісін тиімді ұйымдастырылуы". Әр...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Замануи инновациялық сабақ: оқу үдерісін тиімді ұйымдастырылуы"


Әйгілі, ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің "Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады" деген даналық сөздері әрбір педагогтің ұраны болуы керек деп ойлаймын. Себебі өмір бір жерде, бір қалыпта тұрмайды, өзгереді. Күнделікті болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер өмірдің барлық саласына өзінің әсерін тигізеді. Біздің де өз жұмысымызда өзгерістерді енгізуді талап етеді.

Біздің, еліміздің болашағы-біздің алдарымыздағы отырған оқушылар. Оларға қандай білім беріп, тәрбиелейміз-біздің елдің тағдыры, болашағы сондай болмақ. Қазіргі уақытта мұғалімге қойылатын талап өте зор. Осы талаптарға біз сын көзбен қарауымыз қажет.

Қоғамдық өзгерістерге байланысты бүгінгі білім беру жүйесінде оқытудың жаңа әдістеріне көшу қажеттілігі туып отырғандығы белгілі. Қазіргі таңдағы мұғалімдер заман талабаны сай жаңашыл, ізденімпаз, өрісі биік, білімді, білікті, пәндер бойынша тиімді технологияларын меңгерулері қажет. Бұл жерде "технология деген не? " деген сұрақ туындайды. Технология туралы айтатын болсақ, ол оқу үрдісінде бүкіл диагностиканы басшылықа алған, жеке тұлғаға бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Технология-жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Баланың білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, технологияның басты белгілері болып табылады.

Замануи педагог педагогикалық біліктілігі мол, шебер ұйымдастырушы, инновациялық технологияларды меңгерген көптілді маман болуы керек. Инновациялық үрдістің негізі -жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру үлкен жетістіктерде жетелейтіні сөзсіз.

Бұрын мені толғантқан "мұғалім мен оқушы өзара іс-әрекет нәтижесінен қанағаттану сезімін алу үшін сабағымды қалай өткізуге болады?" деген сұраққа жауап алғандай болдым. Бұрыңғы дәстүрлі сабақтарды және жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы сабақтарды салыстырдым, ойландым. Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? Курста білімімді жетілдіргеннен кейін осы сұрақтардың шешуі- оқытуда бағдарлама идеяларын белсенді қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қарауы ретінде бағдарламаның жеті модуль идеяларын оқу тәрбие жұмысында тиімді пайдалану керек екенін түсіндім.

Әрине, өз ойын дәлелдер келтіру арқылы жеткізе алатын, өзіндік көзқарасы дамыған, өзіне сенімді, оқуға ынталы оқушыны қалыптастыруға бағытталған сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілдің берері мол екені дауссыз.

Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған кезде сабақта қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдер жеткілікті. Ал мұғалімнің шеберлігі білім берудің әртүрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар арасында өз жұмысында, сабағында қойылған мақсатқа қол жеткізетіндей, өзінінің еңбегінің жемісін көретіндей әдіс-тәсілдерді таңдап қолдану білу. Оқу үрдісінде оқушыларға бірдей талап қойып, олардың табиғы қажеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту- осы мәселені біз әрқашанда ойымыздан шығармауымыз керек.

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар дамыған кезде оқушыларды қызықтыра алу өте қиын. Білім жетерлік, оны оқушыға жеткізу үшін үлкен шеберлік керек. Ал мұғалімнің шеберлігі, менің ойымша, күнделікті сабақтарынан қалыптасады. Кейде сабақтың жоспарын барлық талаптарға сай құрастырып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді енгізіп жұмыстанасын, бірақ сабақ ойдағыдай өтпейді. Сол кезде өз-өзіне сұрақ қоясын: Не дұрыс болмады? Қандай жерде мән бермей кеттім? Неге оқушылар сабақты осылай қабылдады? Осындай сұрақтардың жауабын табу үшін қайта-қайта сабағына анализ жасай отыра, біз тәжірибе жинақтаймыз, үйренеміз, дамимыз. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оған басқаша іс-әрекет жасауға, оларға не қажет екенін зерртеу маңызды болып табылады.

Замануи инновациялық сабақ мұғалімнен үлкен шеберлікті, тәжірибені, терең білімді талап етеді. Сонымен қатар оқытушы-педагогикалық біліктілігі мол, инновациялық технологияларды меңгерген көптілді маман болуы керек. Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелері қолдануда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жан-жақты жаңаша жетілдіру-негізгі мақсат. Осы мақсатта жұмыс жасау барысында мұғалімнің мақсаты жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білу және оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру. Бұл процесс көптеген компоненттермен байланысты. Мұғалім жан-жақты білімді болуы керек: сыныптың ахуалын зерттеу, оқушылардың психологиялық мінездемелерін білу, әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алыну және т.б.

Жалпы "сабақ" сөзінің мәніне үнілетін болсақ, бұл- логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында қүрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы. Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого- педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген. Сабақта жақсы нәтижеге жету үшін сабақты тиімді ұйымдастыру өте маңызды. Ал сабақты тиімді ұйымдастыру жолында жоғарыда айтылған компоненттерінін бірі сабақтың мақсатын дұрыс қоя білу туралы тоқталғым келеді.

І деңгейлі біліктілік арттыру курсында өз білімімді жетілдіріп, көптеген нәрселерге үйрендім, сонын ішінде сабақта жақсы нәтижеге жету үшін сабақтың жоспарын дұрыс құрастырып, мақсатын нақты қойып білу керек.

Осы жерде SMART, сабақты дұрыс, тиімді өткізуі туралы айтқым келеді.

S-specific, нақтылы

M-measureable, өлшеуге болатын

A-achievable, қолжетімді

R-realistic, шындыққа негізделген

T-timely, нақтылы, мерзімді және мақсатты жүзеге асыратын құралдары болуы керек

Әрбір қадамды нақтырақ ашатын болсақ:

1. S-specific, нақтылы дегеніміз, яғни сабақта неге қол жеткізу керек, қажет екенін нақты анықтап алу.

2. M-measureable, өлшеуге болатын дегеніміз, яғни сабақта мақсатқа жеттік деп алатындай болу керек.

3. A-achievable, қолжетімді дегеніміз іс-әрекетке негізделген қандай іс-әрекет өзімізге қажет, және нәтиже беретінін түсінуіміз керек.

4. R-realistic, шындыққа негізделген қойылған мақсатқа жете алатындай дегенді білдіреді.

5. T-timely, нақтылы, мерзімді және мақсатты жүзеге асыратын құралдары болуы керек дегеніміз уақытқа бағыну, уақытты сақтау.

Сабақты құруға қойылатын талаптар:

1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.

2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың

уақытқа байланысты арақатынасы.

3. Идеялылығы мен ғылымилығы.

4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоционалдық жақтары.

5. Жаңа материалдар беру.

6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.

7. Өмірмен байланыс.

8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын пайдалану.

9. Кітаппен жұмыс істеу. :

10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.

11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру.

12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік.

13. Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы.

14. Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.

15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту.

16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)

17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18. Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі

19. Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация.

20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

21. Сабақ өткізу қарқыны.

22. Мұғалімнің педагогикалық әдебі.

23. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.

24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.

25. Сөздік - фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.

26. Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық.

27. Грамматиканы, лексиканы оқу.

28. Оқу техникасы.

29. Сөйлеу және жазу мәдениеті.

30. Көркем шығармаларды оқу.

31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.

Сабақты тиімді ұйымдастыру- тікелей мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Ол өзінен өзіне келетін нәрсе емес, яғни бізден көп ізденуді талап етеді. Сондықтан сабақта нәтижелі көрсеткіштеріне жету үшін қолжетімді, орындалатын, оқушылардың білідеріне сәйкес мақсатты көздеуіміз керек.

4


© 2010-2022