Мектепке дейінгі баларға арналған оқу әрекеті

Мектепке дейінгі мекемедегі ересек топ балаларына достық ұғымы туралы түсіндіру. Балаларға жануарларға, құстарға, табиғатқа қамқорлықпен қарап оларға қамқор, дос болуға тәрбиелеу. "Досы көпті жау алмайды" мақалының мағынасын ашып түсіндіру. Балалар, жануарларға, құстарға, табиғатқа деген достық.
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№11 «Ертөстік» ясли-бақшасының тәрбиешісі

Омиртаева Арайлым Амангалиевна

Семей қаласы

Тақырыбы: Достық әлемі.


Мақсаты: «Достық» ұғымын, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Көрнекілік құралдары: жұмыс дәптері, жер шары, гүлдер (қатырма қағазы), қайшы.

Шаттық шеңбері:

-Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерді шаттық, достық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз мына өлең жолдарын бірігіп айтайық.

Достарды біз қолдаймыз

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз!

Слайд «Достық жолы»

  1. Балалар достығы

  2. Жануарларға деген достық.

  3. Құстарға деген достық.

  4. Табиғатқа деген достық.

Қорытындылау:

Сонымен, балалар достығы дегеніміз-балалардың бір-бірімен достасуы. Жануарларға, құстарға деген достық-жануарларды (күшік, мысық т.б.), құстарды күту, баптау, қамқор болу, оларды жақсы көру деген сөз. Табиғатқа деген достық- өсімдіктерді күту, баптау, табиғатқа жақын болу деген сөз.

-Балалар сендер шаршаған боларсыңдар. Барлығымыз орнымыздан тұрып, ән айтып бір сергіп алайық.

Ән «Дос болайық бәріміз»

-Енді сендермен ойын ойнасам деп тұрмын. Ойынның аты: «Достық неден басталады, достыққа не жарасады?»

Ойынның шарты: Сендерге бірнеше сұрақтар қоямын. Егер оған келіссеңдер «Ия» деп деп жауап беріп, қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Келіспесеңдер, «Жоқ» деп жауап беріп, қолдарыңды шапалақтамайсыңдар.

  • Достық танысудан бастала ма?

  • Достық төбелестен бастала ма?

  • Достыққа мейірімділік жараса ма?

  • Достық ренжуден бастала ма?

  • Достыққа адалдық жараса ма?

  • Достық мазақтағаннан бастала ма?

  • Достыққа татулық жараса ма?

  • Достық ұйымшылдықтан бастала ма?

  • Достыққа сүйіспеншілік жараса ма?

-Балалар, осы ойын арқылы шынайы, адал достықтың неден басталатынын, оған жарасатын түрлі құндылықтарды есімізге түсірдік.

Тыныштық сәті: «Релаксация»

Ұжымдық жұмыс: «Гүл шоқтары»

Тәрбиеші балаларға түрлі-түсті қатырма қағаздағы гүлді қиып алуды және оны жер шарына өздері білетін «Достық» туралы мақал-мәтелдерін, тақпақтарын айта отырып орналастыруларын ұсынады. Бұл - көгершін. Ол бейбітшіліктің, әділеттіліктің, достықтың символы. Мен адамдарға осы көгершіннің әділетті, адал достығын тілей отырып, жер шарына көгершінді орналастырайын.

  1. Достық-асыл қасиет.

  2. Адал дос алтыннан да қымбат.

  3. Бірлесе көтерген жүк жеңіл.

  4. Достық бірлікте.

Бірлік түбі-береке.

  1. Өміріміздегі ең ізгі нәрсе-достасу.

  2. Адам достығымен күшті.

  3. Досы көпті жау алмайды.

  4. Қашан да, қайда да

Бірлікте боламыз.

Тәрбиеші балаларға шеңберге тұруды ұсынады.

«Ғажайып сөздер»

-Балалар, бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша! Ал енді бәріміз қолдарымыздан ұстайық, сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтайық.

-Шынайы достық қуаныш әкеледі.

-Адал достар бір-біріне үнемі көмекке дайын болады.

-Достарым көп болсын десең, өзің жақсы бол.

Қорытындылау:

Ол жақсы қасиеттер бір-бірімізбен татулыққа, достыққа, түсінушілікке, бірлікке, кешіруге үйретті. Достықтарың ұзақ болу үшін бір-бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Әрқашан отбасында, балабақшада тағы басқа кез келген ортада бір-бірімізбен дос болайық!

Жүректен жүрекке:

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз ертеңге біз.

Ризамыз, ризамыз, ризамыз!

© 2010-2022