Поурочный план по казахскому языку Меңгеру (7 класс)

7 кластың қазақ тіліне арналған сабақ жоспары. Тақырыбы "Меңгеру". Сабақ жоспары Кембридж бағдарламаның ІІІ деңгейі негізінде құрылған. 7 модуль ықпалдастырылған. Сабақ мазмұны Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Мәтін талдау, сұрақ - жауап, эссе жазу, деңгейлік тапсырмаларды орындау секілді жағдаяттар қамтылған.
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

14.04.2015

Класы

7 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Меңгеру

Жалпы мақсаты

1. Сөз тіркесін байланыстырудың бір түрі- меңгеруді түсіндіру, оқушылардың алған білімдерін тексеру, кеңейту.

2. Тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын жүргізу.

3. Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушы белсенділігін, қызығушылығын арттыру, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Оқушылар сөз тіркестерінің байланысу түрлерін бір - бірінен ажырата алады, өз жандарынан мысал келтіреуді үйренеді.

Түйінді идеялар

Меңгеру - атау мен ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысқан сөз тіркестері

Оқыту әдістері

Жұптық жұмыс, тест, РАФТ, «Соңғы сөзді мен айтамын»

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушылардың іс - әрекеті

І.Кіріспе

1. Амандасамын, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеремін

2. - Балалар, сабағымызды Абайдың ғибратты сөзін еске түсіруден бастасақ деп отырмын.
«Отыз бірінші сөз»
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
- Мінекей, осындай ғибратты сөзді әрдайым жадымызда берік сақтай отырып, біз бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

3. Бүгінгі сабақта жұптық жұмыстар орындаймыз

Оқушылардың бір-біріне тілек айту арқылы көңіл-күйлері көтеріледі.


ІІ. Тұсаукесер

Қызығушылық ояту

Доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру:

1. Синтаксис дегеніміз не? Қандай мағынаны білдіреді?
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
3. Сөз тіркесінің айрықша белгілері қандай?
4. Сөз тіркесінің сыңарларын ата.
5. Сөз тіркесінің түрлері?

Мұғалім допты кімге лақтырса, сол оқушы берілген сұрақтарға жауап береді

  1. Синтаксис - граммматиканың сөз тіркесі мен сөйлем туралы саласы, гректің «құрау, біріктіру, рет» деген мағынаны білдіреді.

  2. Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса (бағына) байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.

  3. Айрықша белгілері:

  • Сөйлем ішінде танылады;

  • Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады;

  • Бірі екіншісіне бағына байланысады;

  • Белгілі синтаксиситік қатынасты білдіреді

  1. Сөз тіркесінің сыңарлары:

Басыңқы

Бағыныңқы

  1. Күрделі сөздер, тұрақты сөз тіркестері

ІІІ. Негізгі бөлім

- Қазақ тілінде неше септік бар?

1) Қына тас\қа бітеді,білім бас\қа бітеді.

2 ) Су\ды шым тоқтатар,сөз\ді шын тоқтатар.

3) Жолдас қадірін жорық\та білерсің.

4) Елі\нен безген ер оңбас

5) Тілің\мен жүгірме,білім\мен жүгір.

6) Отан үшін от\қа түс, күймейсің.

Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулары арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркестері немесе меңгеру дейміз.

Ел жайлаудың қайтып, күзекке беттеп келе жатқан. Өмір үшін сынға түссе, ана жүрегі бүлк етсін бе?

  1. Семантикалық карта
    Сөз тіркесінің екінші сыңарын тауып, байланысу түрін анықтау
    1. Мысалдар -----барамыз------маржан------жазушысы-------оқиды------сақтау-----көзі------үй
    1. халық
    2. денсаулықты
    3. біз
    4. Айман
    5. күннің
    6. білгенге
    7. біздің
    2.Сәйкестендіру тапсырмасы
    Кемеге міну -------- қиысу
    Менің арманым -------- меңгеру
    Марат айтты ---------- матасу
    Анаммен сөйлестім --------- қиысу
    Ол келмек -------- матасу
    Ақын тойы -------- меңгеру
    3.Оқулықпен жұмыс
    239- жаттығу Соғыс дабылы Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің әрбір сыңарына ауызша талдау жүргізіңіздер.
    4. «Галереяны аралау» стратегиясы
    Жұппен жұмыс
    Екі оқушыдан шығып, сөздердің байланысу түрлеріне сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар жазып, байланысу түрін ауызша анықтайды.
    Тест жұмысы
    1. Сөздердің байланысу түрлері нешеу?
    а) 2
    ә) 4
    б) 3
    в) 5
    2. Сөз тіркесін көрсет
    а) қызыл күрең
    ә) мөлдір су
    б) ұшып тұрды
    в) тіс жармады
    3. Есімді тіркесті көрсет
    а) жоғары ұшу
    ә) біз оқимыз
    б) таудай талап
    в) өзенге шомылу
    4. Етістікті тіркесті көрсет
    а) балаша қуану
    ә) он оқушы
    б) сөзге сараң
    в) әдемі қыз
    5. Қиыса байланысқан сөздерді тап
    а) жаңа қоныс
    ә) көлікпен бару
    б) сегізінші сынып
    в) олар айтады
    6. Матаса байланысқан сөздерді тап
    а) бүгін келу
    ә) балаша қуану
    б) оқуға құмар
    в) анамның тілегі
    7. Меңгеріле байланысқан сөздерді тап
    а) он оқушы
    ә) бормен жазу
    б) әдейі жіберу
    в) биыл бітіру
    8. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу?
    а) 5
    ә) 4
    б) 3
    в) 2
    9. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз
    а) бекерге қиналу
    ә) жиналыстан кейін келді
    б) оның жоспары
    в) дәл өзі
    10. Сөйлемдегі меңгеріле байланысқан тіркес қайсы?
    Сол сияқты нағыз шиеленіс шегіне жеткен жауынгерлердің бойына сабыр, қайрат қайтып оралды.
    а) сабыр, қайрат оралды
    ә) нағыз шиеленіс
    б) шегіне жеткен
    в) жауынгерлердің бойына

- Жеті септік бар.


ІV Сергіту

Графикалық диктант
Қиысу дегеніміз ---------------
Матасу дегеніміз -------------
Меңгеру дегеніміз -----------

Диктант жазады

V Қорытынды

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, хат жазу:

Р - Оқушы

А - соғыс ардагерлері

Ф - хат

Т - «Бейбіт елден сәлем...»

Р - Жауынгер

А - оқушылар

Ф - хат

Т - «Болашаққа аманат...»

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, хат жазу:

Р - Оқушы

А - соғыс ардагерлері

Ф - хат

Т - «Бейбіт елден сәлем...»

Р - Жауынгер

А - оқушылар

Ф - хат

Т - «Болашаққа аманат...»

Кері байланыс

«Соңғы сөзді мен айтамын...»

Сабақ бойынша өз ойларын айтады

Бағалау

Ұпайлар саны

  1. Жұптық бағалау

Ортақ баға қойылады

Үй тапсырмасы

238 - жаттығу
Мәтіннен меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, әр сыңарына талдау жүргізу, тыныс белгісін қою

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады











  1. Семантикалық карта
    Сөз тіркесінің екінші сыңарын тауып, байланысу түрін анықтау
    1. Мысалдар -----барамыз------маржан------жазушысы-------оқиды------сақтау-----көзі------үй
    1. халық
    2. денсаулықты
    3. біз
    4. Айман
    5. күннің
    6. білгенге
    7. біздің
    2.Сәйкестендіру тапсырмасы
    Кемеге міну -------- қиысу
    Менің арманым -------- меңгеру
    Марат айтты ---------- матасу
    Анаммен сөйлестім --------- қиысу
    Ол келмек -------- матасу
    Ақын тойы -------- меңгеру
    3.Оқулықпен жұмыс
    239- жаттығу Соғыс дабылы: Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, талдау жүргізіңіздер.
    4. «Галереяны аралау» стратегиясы
    Жұппен жұмыс
    Екі оқушыдан шығып, сөздердің байланысу түрлеріне сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар жазып, байланысу түрін ауызша анықтайды.
    5. Тест жұмысы
    1. Сөздердің байланысу түрлері нешеу?
    а) 2
    ә) 4
    б) 3
    в) 5
    2. Сөз тіркесін көрсет
    а) қызыл күрең
    ә) мөлдір су
    б) ұшып тұрды
    в) тіс жармады
    3. Есімді тіркесті көрсет
    а) жоғары ұшу
    ә) біз оқимыз
    б) таудай талап
    в) өзенге шомылу
    4. Етістікті тіркесті көрсет
    а) балаша қуану
    ә) он оқушы
    б) сөзге сараң
    в) әдемі қыз
    5. Қиыса байланысқан сөздерді тап
    а) жаңа қоныс
    ә) көлікпен бару
    б) сегізінші сынып
    в) олар айтады
    6. Матаса байланысқан сөздерді тап
    а) бүгін келу
    ә) балаша қуану
    б) оқуға құмар
    в) анамның тілегі
    7. Меңгеріле байланысқан сөздерді тап
    а) он оқушы
    ә) бормен жазу
    б) әдейі жіберу
    в) биыл бітіру
    8. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу?
    а) 5
    ә) 4
    б) 3
    в) 2
    9. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз
    а) бекерге қиналу
    ә) жиналыстан кейін келді
    б) оның жоспары
    в) дәл өзі
    10. Сөйлемдегі меңгеріле байланысқан тіркес қайсы?
    Сол сияқты нағыз шиеленіс шегіне жеткен жауынгерлердің бойына сабыр, қайрат қайтып оралды.
    а) сабыр, қайрат оралды
    ә) нағыз шиеленіс
    б) шегіне жеткен
    в) жауынгерлердің бойына

  1. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, хат жазу:

Р - Оқушы

А - соғыс ардагерлері

Ф - хат

Т - «Бейбіт елден сәлем...»

Р - Жауынгер

А - оқушылар

Ф - хат

Т - «Болашаққа аманат...»









© 2010-2022