Критериалды бағалау тақырыбындағы коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қандыағаш қалалық № 4 қазақ орта мектебінде «Желілік қоғамдастық - оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру бағыты» тақырыбында аудандық семинарда өткізілген коучинг-сессияның жоспары 2015 жыл 28 ақпан

Коучингтің тақырыбы: «Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қабілетін ашу»

Коучингтің мақсаты: критериалды бағалауды мұғалімдер өз сабақтарында тиімді қолдана білуге үйрету, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қабілетін аша білу.

Өткізген мұғалімдер: Қандыағаш қалалық № 1 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Э.К.Айшуакова, тарих пәнінің мұғалімі Ж.М.Давулбаева, І деңгей бағдарламасын бітірушілер.

Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, ғаламтор желісі, көркем шығармалардан үзінділер.

Оқу нәтижесі:Әр мұғалім критериалды бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай оқу керектігін, топтық жұмыстарда қалай бағалай алуын түсінеді.Әріптестерге кәсіби қолдау көрсетуге дайын болу.

Қолданылатын материалдар: А-4 парақтары, стикер,интерактивті тақта, флипчарт,маркер,қалам.

Оқыту әдістері: 1.Сергіту сәті.

2.Топқа бөлу әдісі.

3.Қызығушылықты ояту кезеңі.

4.Ой толғаныс кезеңі.

5.Эссе жазу.

6.Карусель әдісі.

7.Формативті бағалау.

8.Кері байланыс әдісі.

Дереккөздер: Видео жазба, әдеби-материалдар, газет-дурналдар.

Тапсырмалар: Сұрақ-жауап әдісі, салыстыру, авторлық орындық.

Коучингтің барысы: 1.Тренинг «Шаттық шеңбері»

2. Қызығушылықты ояту кезеңі: От,су.күн,ай суреттері арқылы әр топ бір-біріне баға береді. Коучингтің тақырыбын ашып, топқа бөлінеді.

3.Ой толғаныс кезеңі:

Формативті және суммативті бағалау туралы қысқаша түсінек беру.

1.Физика сабағынан үзінділер.Осы бейне материалдар арқылы бағалау критерийлерін құрастыру. /Жаратылыстану-математика бағыты бойынша/

2. «Эссе» жазу және оны бағалау. Осы жерде эссені бағалау критерийлерін түсіндіріп кету. /Гуманитарлық бағыт бойынша/

3. «Сурет салғым келмейді...» мәтіні бойынша бағалау критерийлерін құру./Бастауыш сыныптар бойынша/ Презентацияларын қорғау.

Кері байланыс: Карусель әдісі. Мұғалімдерді жұптастырып бір-біріне бағалау бойынша сұрақ қою.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір-бірінің қабілеті мен үлесін құрметтеуде нәтижеге жетуге бірлесіп ұмтылады, бір-біріне тілектерін айтып, жағымды әсерлерімен бөліседі.

© 2010-2022