Внеклассное мероприятие на тему Алтын күз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алтын күз кеші

Жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Күз - жомарт мауысым. Күз дегеніміз- жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Күз дегеніміз- байлық, молшылық. Осы берекелі- мерекелі алтын күз құтты болсын!

2. Лес словно терем расписной

Лиловый, золотой, багряный

Веселой, пестрою стеной

Стоит над светлою поляной,

Березы желтою резьбой

Блестят в лазури голубой

Как вышки елочки темнеют

А между кленами синеют

То, там, то здесь в листве скозной

Просветы в небо, что оконца

Лес пахнет дубом и сосной,

За лето высох он от солнца

И осень тихою вдовой

Вступает в пестрый терем свой.

Добрый вечер! Дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас на этом празднике.

Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық біріге қатар қонып,

Бүріне бірлікпенен ортақтассын.

Құрметті көрермендер бүгінгі алтын күз кешіміздің бағдарламасында «Патша мен патшайым» сайысын тамашалаңыздар!

Ал енді сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырайық.....

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқыр сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дей отырып сайысымызды бастайық.

  1. Сайысымыздың 1 бөлімі «Таныстыру». Әрбір жұп өзін таныстыруы керек.

  2. Енді сайысымыздың 2 бөлімі «Білгенге- маржан» деп аталынады. (сұрақ - жауап) сайысы

Сұрақтар:

1.Жанұяда 4 ұл және әр ұлдың бір әпкесі бар. Жанұяда неше бала бар (5)

2.1 жұмыртқа 4 минутте піседі, ал 8 жұмыртқа неше минутте піседі (4)

3. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып тастады. Торғайдың қаншасы қалды (5)

4.Адам үшін ең тәтті не (жан)

5.Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек,

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (6)

6.Без чего человеку жить нельзя? (без имени)

7.За что ученика выгоняют из класса? (за дверь)

8.Что будет делать ворона прожив 3 года? (будет жить 4-й)

9.За чем охотник носит ружье? (за плечом)

10.Чего не устаешь делать всю жизнь? (дышать)

11.Где сухого камня не найдешь? (в море)

III бөлім. «Шебер аспазшы» Мұнда сайыскерлер аз уақыттың ішінде дайындаған салатты таныстыру керек.

VI бөлім.Ән айту шеберлігі

Vбөлім. «Ең мықты патша» деп аталынады. Сайыстың шарты: иына газетті бір қолымен ұстап тез уақытта бір уысқа жинап алу керек.

VI конкурс. Следующий конкурс предназначен для королев, называется «Безголосая записка» Каждой участнице я даю задание. Здесь даны разные ситуации. Задание: у дочери пропал голос нужно обьяснить матери ситуацию жестами.

  1. Я пойду на дискотеку.

  2. Сегодня к нам приезжает бабушка

  3. Я иду провожать парня в армию

VII бөлім. «Сән үлгілері»

Әрбір команданың патшайымы 2013 жылдың күзінде не сәнді екенін көрсетеді

VIII бөлім.Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз,

Қызығына қандық біз

Молайтайық шаттықты,

Ән айтып, би билейік бәріміз,- дей келе қатысушылар өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

А теперь следующий конкурс. Приглашаем показать свои творческие способности.

Енді әділ- қазылар қорытынды шығарғанға дейін сіздер Манаева Әсемнің өңерін тамашалаңыздар

Енді әділ- қазыларға сөз кезегін берейік. Ендеше бүгінгі алтын күз кешіміздің патша мен патшайымы ........аталынды. Құттықтаймыз!

(Сыйлықтар беру, марапаттау)

Құрметті көрермендер, осымен алтын күз кешіміз аяқталды.







Тілге құрмет - елге құрмет

Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жол ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Жүргізуші: Құрметті қауым! Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білумен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне уызынан жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп деп білу керек. Қазақ ақындарында да ана тілі тақырыбы ерекше орын алады. Себебі баспа беттерінде көптеген өлеңдер, көптеген мақалалар ана тілге арналғанына көз жеткізе аламыз.

Ал қазір бізге Айнагүл С. Торайғыровтың өлеңін оқып берсін. Келесі Азат Ж. Молдағалиевтің өлеңін оқып береді.

Қазақ ақындары ана тілі туралы осылай жырлаған екен. Республикамыздың мемлекеттік тілі - қазақ тілі құрметіне арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасын шақырамыз. Қазылар алқасы қатысушыларымыздың білімділігін, тапқырлығын, жылдамдығын бағалайды. (Сайысқа 6 оқушы қатысады). Ортаға шақырайық!

Сайыстың шарты: сайыс 6 турдан тұрады.

I - Бәйге, II - Полиглот, III - Мен ұнататын екі пән, IV - ұлттық ұғымдар, V - мақал-мәтелдер, VI - «Жорға».

IIIТурдан кейін ең аз ұпай жинаған екі оқушы сайыстан шығады.

IV - Турдан кейін тағы да ең аз ұпай жинаған екі оқушы шығады.

Қалған екі оқушы екі турға қатысып, біреу жеңімпаз аталынады.

I - тур. Бәйге

(Сұрақтар қойылады, кім бірінші қолын көтереді, содан жауабын сұраймын. Жауап нақты, тез болуы керек. Бағалануы 10 ұпай).

  1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады? (Фонетика)

  2. Екі кісінің сөйлесуін қалай атаймыз?(Диалог)

  3. Қазақстанның Астанасы? (Астана)

  4. Ұлттық сусын (қымыз)

  5. Мемлекеттік рәміздер? (Ту, Әнұран, Елтаңба)

  6. Балаға ең жақын адам? (Ана)

  7. Сөз мағынасын зерттейтін сала? (Лексика)

  8. Өнер алды не? (Қызыл тіл)

  9. Бірнеше тілде сөйлейтін адам? (Полиглот)

  10. Көктем айлары? (наурыз, сәуір, мамыр)

  11. Сөздің құрамын зерттейтін сала? (Морфология)

  12. Көп күлетін адам? (Күлегеш)

  13. « Тілін жұтып қою» мағынасы не? (үндемеу)

  14. Қасиетті де қастерлі тағам? (нан)

  15. 2 ұстаз аталынған ғалым (Әл-Фараби)

  16. «р» дыбысы дауыссыздардың қай түріне жатады? Ұяң, қатаң, үнді.(үнді)

  17. Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан күні)

II - тур. Полиглот

(Жұмбақтың шешуін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтулары керек).

  1. Қарап ұрсаң өзіне,

Сурет түсер көзіңе ,

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі өзіңе. (Айна, Зеркало, Murroy)



  1. Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ,

Қыста жер бетін басады.

Жазда сайға қарай қашады. (Қар, Снег,Snow)



  1. Сабақ сайын қағылады,

Мектептен табылады. (Қоңырау, Звонок,)



  1. Аспанда алай-дүлей болып келіп,

Шатыр-шұтыр етеді.

Жүз өзенді бойлап, жүз ауылға жетеді. (Найзағай, Гроза,Storm)



  1. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (Кітап, Книга,Book)



  1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы, Лыжи, Cku)

III - тур. «Мен ұнататын екі пән»

(Бағалануы 10 ұпай. Егер 20-ны таңдасаңдар қазақ тілінен, 30-ды таңдасаңдар әдебиет пәнінен сұрақ қойылады).

1)20 - 1 сұрақ: Сын есімді анықта:

а) әдемілік ә) әттең б) әдемі в) әрең

20 - 2 сұрақ: «Ә» дыбысы дауысты дыбыстың қай түріне жатады?

а) дауысты, жуан, ашық

ә) жіңішке, қысаң, дауысты

б) дауыссыз, жіңішке, ашық

в) дауысты, жіңішке, ашық

20 - 3 сұрақ: Қазақ алфавитінде дыбыстар нешеу?

а)7 ә) 9 б) 10 в) 12

30 - 1 сұрақ: Абайдың шын аты:

а) Телқара ә) Ибраһим б) Абай

30 - 2 сұрақ: Қай батыр отқа салсаң отқа жанбайды, суға салсаң суға батпайды?

а) Қобыланды батыр

ә) Райымбек батыр

б) Алпамыс батыр

30 - 3 сұрақ: Қай ертегіде «Жаман» деген кейіпкер кездеседі?

а) Аяз би

ә) Ер Төстік

б) Керқұла атты Кендебай

2 оқушы шығады.

IV - тур. Ұлағаты ұлттық ұғымдар.VVI

(Егер оқушы 3 санын атаса, 3 саны ашылады да, оның артындағы тапсырма оқылады).

3. Үш биді ата ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).

3. Үш байлықты ата (денсаулық, ақ жаулық, он саулық).

4. Төрт түлік малды ата (түйе, жылқы, сиыр, қой).

4. Үш арсызды ата (ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлеі арсыз).

(Ойыннан ең аз ұпай жинаған екі оқушы шығады).

V - тур. Мақал-мәтелдер. VI

  1. Тіл тас жарады... (Тас жармаса бас жарады)

  2. Не ексең... (Соны орасың)

  3. Атаның баласы болма... (Адамның баласы бол)

  4. Оқусыз білім жоқ... (Білімсіз күнің жоқ)

VI - тур. «Жорға»

(Әр сұрақтың жауабы 10 ұпай).

  1. Ұлттық аспап (Домбыра)

  2. Оңтүстік астана (Алматы)

  3. Ең киелі құс (Аққу)

  4. Мұсылман діні (Ислам)

  5. 100 жыл (Ғасыр)

  6. Ұрып-соғатын қару (Шоқпар)

  7. Салт-дәстүрді ата. Баланың тез жүруі үшін арналған (Тұсау кесу)

2 - оқушыға

  1. Исламның қасиетті кітабы? (Құран)

  2. Республикамыздың тұңғыш президенті? (Назарбаев)

  3. Сақтардың әйел патшасы? (Томирис)

  4. Жылқының ең тәтті еті? (Қазы-қарта)

  5. Қарт ана? (Әже)

  6. Қазақ халқының ұлттық киімдері?(Бөрік, мәсі, ішік)

Осымен ойын аяқталды. Сөз кезегін қазылар алқасына беру. Жеңімпазды марапаттау.

Әдебиет белгілері

Мақсаты:көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығы арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек танысу, оқушыларды ұлтжандылық рухқа,ізгілік ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу,дүниетанымын кеңейту,ой ұшқырлығына,білімпаздыққа,ұйымшылдыққа баулау.

Көрнектілігі: ақын-жазушылар портреттері,слайдтар.

Техникалық құрал-жабдығы: компьютер,интерактивті тақта.

Барысы

(Ойынға 7-8-сынып оқушыларынан 4 топ қатысты,әр топтың аты,топ басшысы болады.)

1-жүргізуші:Қайырлы күн,қадірменді ұстаздар,оқушылар және ойынға қатысушылар!Бүгінгі ойынымызға қош келдіңіздер.

"Әдебиет-сөз өнері".Әдебиет-әсемдік әлемі.Әдебиетті ұлағатты адамдар"адамтану құралы"десе, біз адам тәрбиелеу құралы дер едік.Өйткені әдеби шығармалары оқи отырып,сөз маржанының қыр-сырын игеріп қана қоймай,өмірдің ең қымбаттысы,ең асылы-жақсылық пен ізгілікті үйренеміз.Әдебиет-еш уақытта көзге көрінбейтін сезім қырлары арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелей алатын қасиетті дүние.Біздің бүгінгі ойынымызда осынау қасиетті де киелі әдебиетке жаны құмар жандар бақ сынағалы отыр.Ойыншыларымызға әділқазы мүшелері төрелік етеді.

(Әділқазы мүшелермен таныстырады)Ойының шарты бойынша топ басшысы топтың аталу себебі мен топ мүшелермен таныстырып өтсін.

(Бұл ойында әрқайсысы 4 адамнан тұратын "Қайсар","Тайбурыл","Алдаспан","Сәйгүлік" атты топтар қатысты.топ басшысы неліктен бұлай атағандарын ұғымды да қвсқаша түсіндіріп өтті.)

І айналым "Ұтқыр болсаң,тауып көр..."

2-жүргізуші: Көркем шығарманы оқу бар,оны зердеңе тоқу да бар.Дәл қазір ойыншыларымыздың әдебиет сабағынан оқыған көркем шығармаларды қаншалықты көңілге тоқығандарын сынамақшымыз.Ендеше ұтқыр болсаңызар,тауып көріндер.

(5-8 сынып әдебиет оқулығындағы көркем шығармалардан экранда үзінді беріледі.Жүргізуші үзіндіні оқи отырып,сұрақпен таныстырады.Әр топқа 4 сұрақтан.Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.Топ басшысы сұраққа кім жауап беретінін әр сұрақ сайын таныстырып отырады.Жауап бере алмаған жағдайда көк жалаушаны бірінші боп көтерген топ жауап беру құқына ие болады.)

І топ

  1. Наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярландық.Жастардың талабы,өнері,жігері, қызметке жарамдылығы сыналатын жер де сауық; шалағайлығы, салақтығы, қорқақтығы,мақтаншақтығы,өзімшілігі байқалатын жер де сауық.

Сұрақ: Үзінді қай шығармадан?Авторы кім?оқиға әрі қарай қалай өрбитін еді?

  1. Кемпір Тұрсақ отыра алмаймын,шырағым,әперуге әлім жоқ,нашар адаммын,-деп мүләйімсиді.

Сұрақ:Үзінді қай ертегіден?Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?кейіпкерлері кімдер?Кемпірдің нені әперуге әлі жоқ?

  1. Сол-ақ екен,қарсы бұрылып алып аттығу қарай "арс"!етіп шапшып қалды.Арандай ашылған ауыз бірдемені жұлып түспек еді.Ыңғайына бала тотының өңірі ілінді.Соны бөксеріп жұлып түскенде,боз ат осқырып атқып кетті.

Сұрақ: Үзінді авторы кім?Қай оқиғаныбейнелеуден үзінді деп ойлайсыз?Жазушы осы шығарма арқылы нендей мәселені көтерген еді?

  1. Дәп зираттың тұсынан өткен кезде Сатай өзінің ертегі ойларын,рәбиғаға айтқан сөздерін еске алды."Шынында да басқа ойлайтын нәрсе таусылғандай өлімдегі шаруам қанша еді,ей?"деп күбірледі.

Сұрақ:Үзінді кімнің шығармасынан?Әңгіме қалай аталады?Бұлай аталу себебін қалай түсіндірер едіңіздер?

ІІ топ

  1. Шілдеде Есіл Өлкесінің желі бояу еседі.Жылдың өзге мезгілдеріне жортуылын жиелететін жел піскен өсімдіктің жемісін төгермін деп аяғандай жұлқылап-желпіп мазаламайды.

Сұрақ:Үзінді кімнің шығармасынан?Үзіндіде қай әнің шығу тарихы баяндалады,соны әңгімеле.

2)Бұл кім,әй?-деді қараңғы ауыз үйден еркек даусы.

- мен

- мен дегенің кім?

Мен атымды айттым.Ол мені қайдан білсін, білмеді.Мен әкемнің атын айттым.

Сұрақ:Үзінді қай шығармадан?Авторы кім?Әңгіме мазмұнына қысқаша тоқтал.

3)Ерте,ерте ертеде,ешкі құйрығы келтеде,Қаратаудың ойында,Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты.Қазанғап құс атып,балық аулап күн көреді екен.Әйелі ау тоқып,жамау жамайды екен.

Сұрақ: Үзінді қай ертегіден?Ертегінің қай түріне жатады?Басты кейіпкері кім?

4)жылы қымтаулы төсекте жатқан,ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен Зигфрид Вегнер ертеңіне таңертен Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.

Сұрақ:Үзінді кімнің шығармасынан?Бұл хикаят қай кездегі оқиғаны суреттейді?

ІІІ топ

  1. Жаулық пен қатер құшағына қаусырмалап қысып келе жатқандай көрінді.Көп ойлануға уақыт қалған жоқ,жалғыз үміті: не Талғар өткел беріп құтқарады,не сөзі жұтып құтқарады-әйтеуір дұшпанға жоқ.

Сұрақ:Үзінді кімнің шығармасынан?Қай оқиғаны суреттеген үзінді?

  1. Ол жерде Етіл деген теңіз бар еді.Етілдің төменгі жағында бір қара тау етегінде ұрыс болды.Окпен,найзамен,қылышпен ұрысты.

Сұрақ:Үзінді қай шығармадан?Бұл шығармақай ғасырға жатады? Құрылысы жағынан қазақ эпостарына ұқсас жақтары бар ма?

  1. Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп бір сүйдім де, жүгіріп тысқа шықтым.Шіркін,бүгінгі кеш қандай әдемі еді!

Мөп-мөлдір мына ғажап дүние!"ұш!самға!" деп қолтығымнан қанат бітіретін,арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді.Лаула!Лаула жігер оты! Самға қиял құсы!Асығатыным да,ансайтыным да ертенгі болашағым...

Сұрақ:Кімнің шығармасынан үзінді?Басты кейіпкері кім,ол туралы не білесің?Автор алғашында шығарманы қалай атаған?

4)- Баяғыда бір жетім бала болыпты,-деп бастады...баяғыда бір жетім бала болыпты...ары қарай күңгір-күңгір,күбір-сыбыр еркекке айналды.Бүгінде менің есемде Торғай айтқан ертектің көбі қалмаған,тіпті сол арманшыл баланың өзін де ұмытқандай болдым...

ІҮ топ

1)Бір сұлтанның үш ұлы бар еді.Екеуі ұзын бойлы,ал бірі аласа бойлы баласын жақтырмайды.Оны байқап қалған баласы:"Ата,ұзын бойлы ақымақтан аласа бойлы ақылды артық"деген екен.

Сұрақ:Бұл кімнің аудармасынан үзінді?Бүл кітаптың арабша атауы қалай?

2)- Биолог Тұранов, сіз өз пікіріңізді кесіп айтсаңызшы,қараптан-қарап отырып дағдарып қалдық қой.Осылай отыра береміз бе,жоқ әлде тысқа шығып өлеміз бе?

"Байқоңыр-12" космос кемесінің командирі елшібек Оразов креслода шалқалап жатқан биологқа осылайша шүйілді.

Сұрақ:Үзінді қай шығармадан? Қандай жанрда жазылған шығарма?

3)Қатша сасқанда қақпақты таба алмай,астында жатқан ала қапты алып,қазанның бетін жаба салды да, бусанвп тұрған ожауды жанындағы шелектегі суға батырып жіберді.

Сұрақ:Үзінді кімнің шығармасынан?Қай оқиғаны бейнелеуден үзінді?

  1. Ерлерді ұмытса да ел сел ұмытпас,

Елдерді ұмытса да ел жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп,жауы қуған

Елдерді ұмытса да ел шөл ұмытпас.

Сұрақ:Қай поэмада үзінді?Авторы кім?Тарихи шығарма екенің дәлелде.

ІІ айналым "Бұл қай кейіпкер?"

1-жүргізуші Қай қаламгер болмасын өмірдің жақсылы-жаманды қыр сырын, ащысы мен тұщысын кейіпкерінің мінез-құлқы арқылы береді.Тіпті айтпақ болған жан айқайын кейіпкерінің аузына сөз салып жеткізіп жатады.Көкіркгі ояу оқырман мұны түсінеді,түсінеді де түйсігіне қабылдайды.Бір кейіпкер үшін жанымыз ашылды,біреуіне зығырданымыз қайнайды,тіпті біренуі үшін жүрегіміз жарыла қуанып жатамыз.Көркем шығарманы сүйіп әрі сүйсіне оқитын әр оқушы осы бір сезімдерді басынан кешіріп жататыны рас.Ал бүгінгі ойыншылырымыз әдеби кейіпкерлерді қаншалықты таниды екен?

(Көк жалаушаны бірінші боп көтерген топ жауап береді,әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.)

  1. Балуан Қажымұқанның күресіне тәнті болып, таңертеңгі гимнастикамен айналысуды әдетке айналдырған. Орман ішінде көзген жауымен байқаусызда кездесіп, қапыда айырылып қалған кім?Х

  2. Өзі мерген,өзі құсбегі , үнемі қанжығасы қанды бола тұра үйіне қоржынын толтырып әкелмейді,қолындағысын жұртқа үйлестіріп береді.

  3. Қолыңдығын бір түнде алып қашпақшы болған.Жүйрік аты мен тайыншадай ірі итімен ауылды қасқыр атаулыдан құтқарып отырған.

  4. Үйінде мәз төсенші де жоқ,өзі кісіге үйір,жолдасқа жанын қиятын,бар асыл бұйымы-үкілі сары домбырасы.

  5. -Е-е...бұлдыр-бұлдыркүн өткен.Бұрынғыдан кім өткен...деп тақпақтап басталатын әже ертегісін тыңдап өскен,Байкөкше дейтін жыршыдан «Қозы көрпеш-Баян сұлуды» тыңдаған.

  6. «Жетім ұлға қызымды бермеймін,малыма ие болып қалады» деп елінен үдере көшіп, шөл далаға кезігетін кім?

  7. Сүйгеніне қосыла алмай,Көкенайдың атқан садағынан аман қалған,өз елінде қалмай Бұқар жаққа кеткен...

  8. Құдық қазуды кәсіп еткен,нағыз еңбекқор,ерен еңбегімен елдің шөлін қандырып журген.

ІІІ Айналым «Тұлғаны танисың ба ?»

2-Жүргізуші:Халқымыз қазақты көргің келсе міне осы деп жер жүзіне көрсетуге тұрарлық марғаласқалардан еш кенде болған емес.Елі үшін ерен еңбек еткен,қара сөздің қаймағын сүзген ақын-жазушыларымыз да туған жері мен туған жұртын жерге қаратқан емес.Оларды тану,есімдерін ұлықтау-келешектің де,бүгінгі біздің де борышымыз.

(Көк жолаушаны бірінші боп көтерген топ жауапбереді,әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.Дұрыс жауаптан соң экранда тұлғаның портреті көрсетіледі.)

1)Халықаралық тақырыпқа бірінші болып қалам тартқан,қазақ әдебиетінде ана құдіретін танытуда көптеген шығармалар жазған халқымыздың сөз зергері.

2)Өнер тақырыбына бірнеше өлеңдері мен поэмаларын арнаған,атақты әнші Әсеттің әншілік өнерін тамылжыта өлеіге қосқан ақын.

3)Соғыста қаза тапқан баласын жоқтап өлең шығарған,немересін алданыш көрген,халық поэзиясының ірі өкілі,жүз жасаған бәйтерек.

4)Қазақ тіл білімініңатасы,халқын "маса"боп шағын оятқан,Крылов мысалдарын аударған,оқу-ағарту,әдебиет,мәдениеттегі орны ерекше халқымыздың бес арысының бірі.

5)Ұлы Абайдың үздік шәкірттерінің бірі,үлкен ақын,Пушкиннің "Дубровский"повесін поэма етіп қазақшаға аударған.

6)Романтикалық сарында поэма жазған,азаматтық намыс туын биікке көтерген,халқын ерекше сүйген ақын.

7)Шығармаларында қазақ ауылының көркем шежіресін,ауылдағы қарапайым шаруа адамдарының шынайы суретін жасаған шебер жазушы,үш бәйтеректің бірі.

8)Заманымыздың заңғар жазушы,қазақ халқын бүкіл әлемге танытып классик атанған,қорғансыздар тақырыбын шығармаларына арқау еткен.

ІҮ айналым "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы..."

1-жүргізуші:Ұлы Абай атамыз өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,сонда да солардыңбар таңбасы."Іші-алтын,сырты-күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы" деген екен.Олай болса сөз жақсысын келістіру кезегі сіздерге келіп отыр.Берілген тармақ бойынша әрі қарай ұлы Абай айтқан талапқа сай жалғап бір шумақ өлең құрастыруды сіздердің шын шеберліктеріңіз шешеді.

(Барлық топқа бірдей"Мен гүлді сүйемін..."деген жол беріледі.Әбілқазы мүшелері белгілеген уақытта аяқтауы тиіс.)

"Қайсар"тобының шығарған өлеңі;

Мен гүлді сүйемін алаулаған,

Жабырқаңқы сәттерде демеу маған.

Желге ырғалып майысқан нәзіктігін

Қызға теңеп ақындар жыр арнаған.

(Ойын соңында әбілқазы мүшелері ұпай саны жоғары топты "Әдебиет белгілері"деп жариялап,сый-сияпаттармен марапаттайды.)

2-жүргізуші: Бүгін әдебиетті шын сүйетін жандармен шын жарыс өтті.Бәйгеге оза шапқан топты шын жүрегімізден құттықтаймыз.Сіздерді де,құрметті көрермен,осы ойын аланының төрінде асыға күтеміз.Келесі ойынға қатысушы,мүмкін,сіз боларсыз.Сау-саламатта болыңыздар.

Организация работы

отрядов юных инспекторов движения

  1. Общие положения


1.1. Отряды юных инспекторов движения - добровольные объединения школьников, которые создаются с целью воспитания у них гражданственности, высокой общей культуры коллективизма, профессиональной ориентации, широкого привлечения их к организации пропаганды безопасного поведения на дорогах и улицах среди детей младшего и среднего возраста.

1.2. Основными задачами отрядов юных инспекторов движения являются:

-активное содействие школе в воспитание учащихся, выработке у школьников активной жизненной позиции;

- изучение правил безопасного поведения на дорогах и улицах, овладение навыками поведения работы по пропаганде Правил дорожного движения и организация этой работы среди детей;

- овладение умениями оказания первой помощи пострадавшим при дорожно-транспортном происшествии.

1.3. Отряды ЮИД создаются из числа школьников, общеобразовательных школах, внешкольных учреждениях по между жительства детей и подростков органами народного образования, государственной автомобильной инспекции.

1.4. Администрация общеобразовательной школы, внешкольного учреждения при содействии государственной автомобильной инспекции подбирает общественного организатора работы с отрядом ЮИД из числа активистов Союза водителей транспортных средств Казахстана, сотрудников ГАИ, учителей, воспитателей.

Подготовка общественных организаторов к работе с отрядами ЮИД осуществляется органам народного образования, Госавтоинспекции на базе института усовершенствование учителей, учебных кабинетов, курсов и лучших школ района, города.




Песня отряда


Мы по улицам, друзья,

Мы по улицам, друзья,

Ходим без опаски,

Потому, что ты и я,

Потому, что ты и я,

Изучили классно!!

Припев:

Светофор, переход

Где назад, где вперёд

Это знает юный пешеход

Как по «зебре идти»

Чтоб беду не найти

Помогут ПДД в пути











































Приветствие:

Вас приветствует бригада пешеходная,

И задача перед нами очень сложная,

Всем кто любит погулять

Всем без исключения нужно помнить,

Нужно знать правила движения.
















Песня Буратино:

Есть у меня надёжный друг

Нет у него не ног, ни рук

Зато два глаза на ребят

По очередности глядят

Его повсюду узнают

Скажите как его зовут?

Све - то - фо - рик!!

Его команды выполняй

И на дороге не зевай

И для машин, и для людей

Всегда он будет всех нужней

Важнее нету никого

Скажите нам скорей, кого?

Све-та-фо-ра!































Девиз:

Кто знает правила движения

Тамму почёт и уважения.

Речёвка

Раз, два - три, четыре!

Три, четыре - раз, два!

Кто шагает дружно в ряд

Наш юидовцев отряд!

Мы пака ещё подростки

Но на каждом перекрёстке

На пасту мы так всегда

Не случилась, чтоб беда!

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көпшілік-қауым! Осы күнгі тыныштық тірегі, көне өмірдің көзі,отбасының ұйтқысы болған дана қарияларымызды «Қарттар күні» мерекесімен қүттықтаймыз.

Құрметті ардагерлер, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміз гүлденіп, өсіп-өркендеп отыр.Сіздерге ,кейінгі ұрпақтардың атынан ризашылығымызды білдіреміз.

Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, отбасысыларына береке-бірлік, әрдайым көтеріңкі көңіл, қайғы-мұнсыз өмір, базарлы бақыт пен ажарлы ақ таңдар тілейміз!

Құрметті халайық! Келесі қүттықтау сөзін Майқоныр жалпы орта білім беру мектебіміздің төрағасының міндетін атқарушы Мустафина Гүлмира Жәңгірханқызына беріледі.

Құрметті қонақтар! Келесі қүттықтау сөз кезегін Майқоныр округінің емханасының басшысы Сейсембаева Надежда Сергеевнаға беріледі.

Құрметті еңбек ардагерлері! Сіздерге әкім апараты, мектеп үжымы, шекара, емхана қызметкерлері атынан кішігірім сыйлықтарымыз бар.Осы сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар!

Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру қазақ хақының қанына сінген қасиеті. Әр уақытта қариясын құрметтеп, жетімін жебеп жүру ата-бабадан келе жатқан тамаша үрдіс. Осы үрдісті ұстанып, Майқоңыр ауылының қарияларына бүгінгі концерттік бағдарламамызды тарту етеміз!

Құрметті халайық! Мерекелі кешіміздің басын көнілді бимен бастайық «қыздар» тобының орындауында «Қазақ » биін тамашалаңыздар!

  1. Өлең орысша (Ғайни)

«Туған жер» әні («Жұлдыз» ұйымы)

2 Өлең қазақша (Сырым)

3 Құрметті көрермендер, назарларынызға Бусурманов Азат, Каримова

Аянаның орындаунда кавказ биі «Лезгинка».

4 Өлең орысша (Нұрсулу).

Манаева Әсемнің «Ару ана» әні (Сауле).

  1. Ал қазір, құрметті көрермендер Бусурманов Азаттың атасына арнап шығарған өленің тыңданыздар.

  2. Құрметті қонақтар сіздердің назарларыңызға «қыздар» тобының орындауында қазақ биі «Домбыра».

  3. Өлең орысша (Анель).

  4. Өлең орысша (Эрика).

  5. Ал енді құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға «қыздар» тобының орындаунда қазақ биі «Жорға» көріп тамашалаңыздар!

  6. Осымен қариялар күніне арналған концерт аяқталды. Келесі кездескенше сау-сәлеметте болыңыздар!




  1. Қайырлы кеш! Қадірменді ұстаздар, қонақтар!

  2. Добрый вечер! Дорогие выпускники! Добрый вечер! Уважаемые учителя и присутствующие гости нашего традиционного вечера встречи выпускников.

  3. Бүгін біздің мектепте мейрам. Жыл сайын біз ақпан айында алтын ұя мектебімізге жиналамыз. Бүгін мектебімізге біздің түлектер қонақ болып келіп отыр.

  4. Да, действительно сегодня в нашей школе большой праздник. Каждый год по давней доброй традиции в первую пятницу февраля под сводами нашей школы встречаются выпускники разных поколений, чтобы вспомнить незабываемые годы детства и юности, и конечно же чтобы вспомнить своих наставников учителей и одноклассников. Так давайте же сегодня все вместе вспомним свои школьные годы и конечно же детские шалости минувших лет.

  5. Ал енді келіп отырған түлектерімізді таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  6. Сегодня у нас в гостях выпускники-юбиляры. Это выпускники окончившие школу 35 лет назад, 30 лет, 25 лет, 20 лет, 15 лет, 10 лет, 5 лет и 1 год.

  7. Ал қазір құттықтау сөзі мектеп директоры Молдабеков Бауыржан Қосынтаевичқа беріледі.

  8. Келесі құттықтау сөзін осы мектепте көп жылдар бойы еңбек еткен Досжанов Сапарғали Сағадатұлына беріледі. / Следующее слово для поздравления предоставляется завучу школы Мустафиной Гульмире Жангырхановне./

  9. Құрметті қонақтар, ал қазір сіздер 8 сынып оқушылардың орындауындағы биді көріп тамашалаңыздар.

  10. Асейчас просим наших учеников прочитать подготовленные сообщения о каждом выпуске.

  11. Дорогие выпускники, мы уверены в том, что Ваши сердца переполнены чувством благодарности нашей школе за полученные знания и навыки. Поэтому мы бы хотели предоставить Вам слово. Расскажите немного о себе и о своем классе.

  12. Ал енді келесі құттықтау сөзі түлектердің сынып жетекшілеріне беріледі.

  13. Ал қазір сіздер 10 сынып оқушысы Егімбаев Ринаттың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

  14. А сейчас дорогие юбиляры мы предлагаем вам вспомнить школьные годы и вы сегодня будете не только гостями но и учениками на наших уроках.Уроки будут проводится по этому вот расписанию.

1 урок-математика

2 урок- пение

3 урок-рисование

4 урок-труд

5 урок- физ-ра

15.Первый урок -математику проведу я. /звенит звонок/

Дорогие ученики я буду задавать вам математические вопросы , а вы должны правильно на них ответить.

  1. У Сарбая 10 овец. Все кроме 9-ти сдохли. Сколько осталось овец./9/

  2. Масса одного петуха 5кг, сколько он весит стоя на одной ноге./5кг/

  3. На сосне росли 12 яблок, 6 съели сколько осталось? /не растут/

  4. Уодного отца 3 сына у каждого сына по одной сестре сколько всего детей? /4/

  5. В корзине 10 яиц а дно уполо сколько осталось? /все разбились/

  6. 4 яйца варятся 4 мин., сколько будет варится 1 яйцо.

Внеклассное мероприятие на тему Алтын күзВнеклассное мероприятие на тему Алтын күз

Внеклассное мероприятие на тему Алтын күз

МАТЕМАТИКА

Внеклассное мероприятие на тему Алтын күз

Музыка

Внеклассное мероприятие на тему Алтын күз

Рисование

Внеклассное мероприятие на тему Алтын күз

Труд

Внеклассное мероприятие на тему Алтын күз

Физ- ра

Тәуелсіздік күніне арналған сценарий

І. Күй орындалады. Күй фонында өлең оқылады.

1.Жүргізуші.

Қазақстан-өзенім, көлім,

Қазақстан-кең байтақ жерім.

Қазақстан-еңселі елім

Қазақстан Республикам менің.

2. Жүргізуші.

Мой Казахстан, живи и процветай

Ты колыбель великого народа,

Всю красоту и мудрость передай

И сохрани для будущего рода.

ІІ. «Мұғалімдер» тобының орындауында «Жорға» биін көріп тамашалаңыздар.

  1. Жүргізуші: Құрметті көпшілік қауым. Бүгін біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке, біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Еліміз Тәуелсіздік алып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Тәуелсіздік күнінің қарсаңында барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен құттықтаймыз.

ІІІ. 10-сынып оқушысы Манаева Асеманың орындауында әнін қабыл алыңыздар.

  1. Жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

  1. Жүргізуші:

Родина моя, родная степь,

Пусть горит над миром образ твой

Флаг казахский, казахский герб

Пусть всегда торжествует братство.

ІҮ. «Қыздар» тобының орындауында «Кигіз басу» биін көріп тамашалаңыздар.

  1. Жүргізуші:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мың тіліммен

Жылағанды жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

  1. Жүргізуші:

Я - казах, в степи рожден

Знойным солнцем опален

Встречая новую зарю

Как беркут гордый я парю.

Под щедрым солнцем золотым,

Под ясным небом голубым...

Мой герб и флаг в вобрали

Весь мир степной,родные дали

Свободы дух и взор прямой.

Муз.номер: Жусупова Шолпан

1. Жүргізуші:

Қазақстан - қасиетті гүл бағым

Бақытыңды, шаттығыңды жырладым

Тәуелсіздік таңы болсын баянды

Саған ғана кеудемдегі нұр жалын!

2. Жүргізуші:

Судьбу народа славлю песней,

Прильнув челом к святым местам

Нет на земле страны чудесней

Ты наша гордасть - Қазақстан!

Муз.номер: (әжелер тобы) - 2 номера

  1. Жүргізуші:

Өрлесін Қазақстан ата даңқы

Көрінсін әрбір ұлттың ата салты

Іргеміз сөгілмесін еш уақытта

Біздермен тату тұрған халықтардың

  1. Жүргізуші:

Земля моя! Была ты колыбелью

И стала нам родимой навсегда

Здесь рождены, отсюда мы взлетели,

Как птицы вылетают из гнезда

Би: «домбыра»

1.Жүргізуші:

Халқымның құт-береке ырысы да

Бірлік пен ынтымақтын танысында

Бүгінгі ұлы достық, шеру күні

әр бір ұлт тамаша бір үн қосуда

2.Жүргізуші:

Расцветай и будь прекрасной

Наша древняя земля,

Пусть живут твои народы,

Как единая семья

Муз.номер: Ән Н.Сергеевна акимат

  1. Жүргізуші:

Қазағымның інісі Өзбек елі,

Қашанда достығымыз берекелі

Егеменді еліміздің аспанында

Бірігіп тойлай берейік мерекені

Муз.номер: « Өзбек биі»

  1. Жүргізуші:

Сегодня прздник у нас

День Независимости празнуем 20 раз

Светится радость у всех на глазах

Здесь русский, кореец, уйгур и казах.

Муз.номер: «Балапан» би

  1. Жүргізуші:

Тәуелсіздік-11 әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман

Талай дара, далалардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп бізге алдан

Муз.номер: Гульнар Жунусовна

  1. Жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер!

Немецкий танец:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Нұ орманы, тауы, өзені, көлі бар,

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар

Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан-байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз

Шолпан «ана туралы» ән

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй

Қазақ биі:

Елімнің арта берсін берекесі

Ұрпақтың жарқын болсын келешегі

Бауырлар, құтты болсын, бәрімізге

Тәуелсіздік мерекесі!

Муз.номер: «Елім менің»





Түлектер тойы


  1. Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Міне бүгін бәріміз алтын ұя- мектебімізде өткізгелі жатқан түлектер тойына жиналып отырмыз.

Баршаңызға түлектер тойы құтты болсын!

2 Құрметті халайық!

Біз бүгін мақтанып қуанайық

Жар салайық!

Биылғы жыл түлектерін,

Құрметпен қол соғып қарсы алайық!

  1. Алғашқы кезде ақырын.

Ашып ең, мектеп есігін.

Бұл сені баурап, тербеткен

Алтын ұя бесігің, - дей келіп түлектерді ортаға шақырамыз.

Ду қол шапалақпен, қошеметпен қарсы алайық!/музыка/

2011жылдың түлектері!

  1. Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына

Той шашуы шашылсын! /музыка/

  1. Құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер!

Шашуымызды шашайық!

Тойымызды бастайық!

  1. Құрметті халайық! Кешімізді ақ тілекпен ашсын деп, біздің мектепте көп жылдар еңбек еткен ардагер ұстазымыз Досжанов Сапарғали Сағадатұлын және мектеп төрағасы Молдабеков Бауыржан Қасымтайұлын ортаға шақырамыз. /музыка/

  1. Құрметті қауым, келесі құттықтау сөз кезегін ауыл әкімі Нұрғожинов Қайролла Қаппасұлына беріледі. /музыка/

Құрметті Қайролла ағай, қош келдіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

  1. Құрметті қонақтар! Қазақтың салт-дәстүрі бойынша әрбір тойда қоржын ашады екен. Бүгін де міне түлектер тойына ата-аналардың арнайы әкелген қоржыны бар екен. Сол қоржынды ашуға ортаға Майра Адиловна, Қарашаш апаны шақырамыз./музыка/ Осы қоржынның ішінен ортаға шақырылған қонақтар өздеріне сыйлықтар алады.


  1. Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейің

Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,

Сөз кезегін қонақтарға берейік.

Ортаға шақырамыз. Ардагер ұстаз- Нұржанов Төлеген Ержанович,

Ризабектің әкесі- Әнуар аға, Алтынбектің апалары- Майна тәте, Шолпан тәте, Гүлзайыптың әжесі- Қарашаш апа, Дамирдің апасы-Нұрлаш тәте. /музыка/

2. Ал енді құрметті ағалар ,апайлар бүгін енді той болғандықтан түлектердің кұрметіне бір ән шашуларыңыз бар шығар? /қоржыннан сыйлық беру/


  1. Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген ардақты, аяулы адам,-деп келесі құттықтау сөз кезегін біздің түлектеріміздің ұстаздарына береміз.

Майра Адиловна, Орынбасар Әділбаевна, Неля Константиновна,Гаухар Нетаевна, Валентина Ивановна.

  1. Ал енді сіздерден түлектерге бір қазақша би сұраймыз.

  1. Құрметті халайық! Біздің түлектерімізді құттықтауға, алыстан келіп отырған туыстары бар екен. Ортаға шақырамыз.

1.Алтынбектің жездесі-Амантай, тәтесі-Фарида

2.Ануардың ағасы-Таскен, тәтесі- Маншук

3.Жұлдыздың тәтесі-Гуля

4.Данараның ағасы-Сағындық, тәтесі-Алма

2.Ал енді құрметті қонақтар сіздерден де бір би сұраймыз. Лезгинка.

1. Бүгінгі мына кеш жүректі тербейді

Жүректен ешқашан, ешқашан сөнбейді

Ұшырады жетекшің өз қолынан

Ғылымның көрінші сан қырынан,- деп түлектердің бастауыш сыныптағы сынып жетекшілері- Гүлнар Жүнісовна мен Ботагөз Таукеновнаны

  1. Және 11-сынып жетекшілері Гаухар Темержановна мен Айнагүл Енбергеновнаны ортаға шақырамыз.

  1. А теперь ув. кл. рук-ли давайте сыграем с вами игру которая называется «Угадай меня». Здесь зашифрована фамилия выпускника или выпускницы 2011 года. Слово можно угадывать по буквам, ну а если знаете слово, можно назвать полностью. А теперь послушайте наводящие вопросы.

1.

2.

3.

4.

5.

6.


  1. Енді ортаға түлектердің ата-аналарын шақырамыз. Шегенов Қуат, Жусупов Бейсембай ағаларымызды және Садвакасова Гүлнар, Есмағамбетова Алмагүл, Мушканова Риза апайларымызды ортаға шақырамыз.

  1. Ал қазір сіздермен ойын ойнаймыз «Ең байқағыш, ең тапқыр» деп аталады т.е. «Самый внимательный». Ол үшін біздің тал шыбықтай бұралған, ең сұлу, ең сүйкімді ару түлектерімізді ортаға шақырамыз: Асел, Шолпан, Данара, Жұлдыз, Гүлзайып.

Ойынның шарты мынадай: Қазір сіздер өз балаларыңызға зейін қойып, жақсылап қарап аласыздар, содан кейін ар жаққа қарап бұрылып тұрасыздар, сол кезде біз түлектерімізбен бірнеше өзгерістер жасаймыз. Ал енді сіздердің міндеттеріңіз болған өзгерістерді тауып алу.


  1. Келесі құттықтау сөз кезегін осы мектептің мұғалімдері-Қайлан Аманжолович, Амантай Нетаевич, Мәдениет Амангельдинович, Досбол Рахатжановичқа береміз.

  1. Сіздермен де ойын ойнаймыз. Ойынымыздың аты «Ең жүйрік». Ойынымыздың шарты: мына ыдыста әр түрлі бір-бірімен араласқан заттар бар. Сіздердің міндетіңіз оларды бір бірден алып, ана ыдыстарға апарып жеке-жеке топтастыру.

  2. Құрметті халайық, біздің түлектерді құттықтауға келіп отырған тағы да туыстары бар екен. Ортаға шақырамыз:

1.Әселдің апасы-Мадина, жездесі- Алмаз, жеңгесі- Аймагүл

2.Дамирдің ағасы- Амренов Нұрболат

3. Мирастың апалары- Мақпал мен Динара

4. Шолпанның сіңлісі-Жадыра

1. Құрметті қонақтар ал енді сіздерден де бір би сұраймыз. Ломбада.

2. Енді келесі құттықтау сөз кезегін түлектеріміздің ата-аналарына береміз. Ермек, Қанат, Құрман, Қанат, Нүркен ағаларымызды ортаға шақырамыз.

1. Ал енді сіздермен де ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Ұлыңызды тауып алу» Осы ойынды өткізу үшін арыстандай айбарлы түлектерімізді ортаға шақырамыз. Дамир, Нұрбек, Әнуар, Мирас, Алтынбек, Ризабек. /Әнуар аға/. Ойынның шарты: біз көздеріңізді шарфпен байлап қоямыз, содан кейін сіздер осы отырған ұлдардың шашын сипау арқылы өз ұлдарыңызды тауып алуларын керек.

2. Келесі құттықтау сөз түлектердің мұғалімдеріне береміз. Гүлмира Жәңгірхановна, Роза Барлыбаевна, Анар Тайсалмасовна, Әсемгүл Қаиртаевна, Алмагүл Ғабитовна, Алтын Қаировна, Бақытгүл Ескеновна Маншүк Жақсылықовна Бағила Оралбаевна.

1. Сіздерден де бір би сұраймыз.


  1. Келесі құттықтау сөз. Осы мектептің медбикесі Күлаш апай сонымен қатар біздің аспазшыларымыз Ханшайым, Анар апайларға және Сәуле, Айгүл апайларды ораға шақырамыз.

  1. Сіздермен де ойын ойнаймыз. Мына шарлардың ішінде сыйлық бар. Сол сыйлықты алып шығуларыңыз керек. Бірақ оны билеп тұрып алуларыңыз керек.

  2. Жүректер лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш , аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз. Тотанова Жұлдыз, Мукушев Әнуарды ортаға шақырамыз.

  1. Көрмеген арық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып

Қоштасқалы тұр ұстаздармен

«Мектеп вальсін» билеп тұрып.

Ортаға 2011 жылдың түлектерін шақырамыз.

Бата

Антракт

Армысыздар көпшілік- қауым! Бүгінгі мереке бәрімізге де құтты болсын! Құрметті ұстаздар, шын жүректен сіздерге зор деңсаулық, отбасыларына береке- бірлік, әрдайым көтеріңкі көңіл, қайғы- мұнсыз өмір, жұмыстарын жемісті болып, творчестволық табыс тілеймін!

Ал енді мерекеміздің 2 бөлімінде КВН-ға жол берейік. Ортаға жас мұғалімдер командасы мен оқүшылар командасын шақырамын.

Ал, келіңіздер келіңіздер!

Біріңе- бірің еріңіздер,

Күштеріңізді тексеріп,

Саудаласып көріңіздер.

Ал енді ойынымызды бастамас бұрын әділ қазыларды шақырайық

  1. Мәуенова Г.Ж.

  2. Скакова М.

  3. Шарипова Б.

Екі командаға да сәттілік тілей отырып, КВН-ның 1 бөлімін бастайық.

I бөлімі. «Таныстыру» Әрбір команда өзін- өзі таныстыру керек.

II бөлім. Сұрақ- жауап

1.Неге маймылдың түрі жаман (боянуға үлгермепті)

2.Почему у бегемота нет талии (не умеет танцевать)

3.Почему поп покупает шляпу (потому что даром не дают)

4.Жылдың қай айында әйелдер аз сөйлейді (ақпан)

5.Қандай жыл 1- ақ күн ғана болады? (жаңа жыл)

6.Где на земле самые длмнные сутки? (сутки везде 24 часа)

7.Кого с пола за хвост не поднимешь? (клубок нитки)

III Следующий конкурс называется «заботливые родители». С каждой команды надо выбрать ребенка из зала, привести сюда, а потом вск участники должны одеть ему вон те сложенные вещи правильно и быстро.

IV А сейчас конкурс капитанов «отличные каскадеры». Задание такое: точно выполнить команду режиссера. Вам нужно изображать скачку на лошадях- стульях.

Команды: 1. Изобразите скачку на лошадях- стульях стоя на коленях

2.Задом наперед

3.Под лошадью

4.Стоя на лошади

V А сейчас музыкальная пауза.


VI. У Французов есть поговорка: «Из ничего женщина может сделать три вещи: салат, наряд и скандал». Ну салаты ждут нас дома, скандала попытаемся избежать, а вот насчет наряда.... С каждой команды нужно 3 участника один в роли манекена, двое мастерят наряд.

А остальным участникам я даю такие записки с заданием.

1. Изобразить походку пьяного , но осмотрительного.

2. Изобразить глупую обезьяну

3. Изобразить как человек в ускоренном движении зашивает брюки.

VII. И самый последний конкурс «домашнее задание». Сценка из школьной жизни.

Осымен КВН аяқталды. Сөз кезегін әділ- казыларға беру. Жеңіске жеткен команданы марапаттау.











Қымбатты достар! Ал қазір біз «Жұлдыздар фабрикасы» атты сайысымызды бастаймыз. Ортаға сайысқа қатысатын, өзін мектебіміздің жұлдызы бола алам деп ойлайтын балаларды шақырамыз.

Ал, келіңіздер келіңіздер!

Біріңе- бірің еріңіздер,

Күштеріңізді тексеріп,

Саудаласып көріңіздер.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқыр сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дей отыра сайысымыздың қазылар алқасы мүшесімен таныстырайық.

1.

2.

3.

1. Мектебіміздің жұлдызы,

Фабрикадан шықты

Өнерлі де ақылды,

Бәрінен де мықты. деп 1-ші сайысымызды бастайық.

Осымен сайыс аяқталды, қорытындысы «Жұлдыздар фабрикасының» ең соңында шығарылады. Пародия

2. Болашақта кім болғым келеді?

Ойлап, ойлап, ойлап.....

Түрлі рөлде ойнап,

Артист болғым келеді.

Келесі сайысымыз - «Ең үздік артист» деп аталады.

Осымен сайыс аяқталды, қорытындысы «Жұлдыздар фабрикасының» ең соңында шығарылады. «Ең үздік артист»

3. Ой-ой-ой, қыздар, қыздар,

Сахнаға асығыңыздар.

Су перісі «Русалка» сайысы

Басталады дәл қазір!

Қорытынды шығару.

Міне, біздің мерекелік концерт те өз мәресіне жетті, бірақ біз әлі қоштаспаймыз. Асфальттағы суреттер сайысын бастаймыз.


© 2010-2022