Баланың дамуы және қалыптасуы

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4.4. Тренинг тақырыбы:

Баланың даму және қалыптасуына түқым қуалау, орта және тәрбиенің ықпалы

Мақсаты: баланың дамуы мен тәрбиесіндегі тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі жайындағы түсініктерін бекіту, өз ойларын дәлелдей білуге дағдыландыру.

Тренингтің басталуы: Ойын жаттығу: "Жақсы тілек" Қатысушылар шеңберге түрады, ойынды бастаушы қолындағы белгіні өзінің оң жағындағы адамға ұсынып, өзінің жақсы тілегін айтады, ол келесі адамға береді,

ойын шеңбер бойымен жалғасады.

Негізгі бөлім. Шағын топтарға бөліну, ұсынылатын тапсырмалар (ауызша сипаттама):

1-топ. Баланың дамуындағы тұқым қуалаушылықтың рөлі.

2-топ. Ортаның жеке адамды қалыптастырудағы рөлі.

3-топ. Тәрбиенің адам дамуындағы орны.

Ойын: "Менің досым" Мақсаты - оқушы-студенттердің бір-біріне деген қызығушылығын анықтау. Бақылампаздық қасиеттерді дамыту.

Жүргізуші ойыншыларға бір-біріне мұқият қарап алуын сұрайды, сырт келбетіне: шашы, көзі, киіміне, т.б. Содан кейін бір ойыншыға көзін жұмып, келесі сүрақтарға жауап беруін ұсынады:

- Кімнің шашы қара түсті;

- Б... көзі қандай;

- Кімнің көк көйлегі бар? т.б.

Екінші тапсырмалар (сызба үлгі ретінде):

1-топ. Отбасы тәрбиесінің маңызы.

2-топ. Тәрбие жұмыстарының үлгісі.

3-топ. Тәрбие мәселесі жайында ақпараттың хабарлама.

Қорытынды. Рефлексия. "Телеграмма". Қатысушылар өзінің тренинг туралы ой пікірін 8-10 сөзбен жазып түсіреді, оны оқып береді.

Үйге тапсырма:

Бала тәрбиесі жайлы педагогикалық басылымдардағы ақпараттардан хабарлама дайындау.



© 2010-2022