Қазақ тілінен ашық сабақ Астана қаласы

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының елордасы Астана туралы мәлімет беріп, бейнетаспа арқылы астанаға саяхат жасау;

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштік сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: оқу, баяндау, мәнерлеп оқу,өлең құрастыру, сұрақ- жауап , тірек- сызбамен, картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, « Астана-әлем қаласы» бейнетаспа,Астана туралы презентация.

Пәнаралық байланыс: тарих,география, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Оқушылардың білімін тексеру:

- Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Біздің мемлекетіміздің елордасы қай қала?

- Астана туралы не білесіңдер?

III. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

- Бүгінгі сабағымыз Қазақстан Республикасының елордасы -

Астана қаласына арналады.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. Тірек- сызба арқылы Қазақстанның астаналары туралы

мәлімет беру.

1) 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор

қаласы болды.

2) 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.

3)1929-1997 жылдары Қазақстанның астанасы Алматы қаласы болды.

4) 1997 жылдан бастап Қазақстанның жаңа елордасы- Астана қаласы болды,

2.Қазақстан картасымен жұмыс.

- Біздің мемлекетіміздің елордасы - Астана қаласы. Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында, Сарыарқаның төрінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Бұл өңір - талай тарихи оқиғалардың куәсі болған қасиетті өлке. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады. Астананың болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол- әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі. Астана қаласы- жаңа Қазақстанның белгісі.

3. Астана қаласының туы мен төлтаңбасымен таныстыруҚазақ тілінен ашық сабақ Астана қаласы Қазақ тілінен ашық сабақ Астана қаласы

4. Астана қаласының тарихына шолу.

1) Ақмоланың негізі 1832 жылы қаланған.

2) 1961 жылы Целиноград деп аталды.

3) 1992 жылы Ақмоланың тарихи аты қайтадан берілді.

4) 1997 жылы Астана болды.

5. «Астана- әлем қаласы» бейнетаспаны тамашалау.

Қазақ тілінен ашық сабақ Астана қаласы

6. Оқушылар Астана туралы мәлімет береді.

( «Бәитерек» кешені, Парламент үйі, « Бейбітшілік пен Келісім сарайы»,

« Мұхит аралы», «Хан шатыры», «Думан» балалар әлемі)

7. Жаңа сөздермен жұмыс.

Тұрғын- житель, ғимарат- здание, болашақ- будущее, орталық- центр.

Берілген сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

8. « Астана» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

V.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1.Т. Молдағалиевтің «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

2. Оқушылар Астана туралы өлеңдерді жатқа оқиды.

3. Сөздерді дұрыс қойып, өлең құру..

Қала, арман, Астана,

Салған, ағалар, қала,

Есіл, сұлу, бойында,

Жанған, жұлдызы, қала.

VI.Бекіту кезеңі:

1. Астана, ғимарат сөздерін септеңдер.

2. Астана қаласында болған оқушылардың әңгімесі.

VII.Үйге тапсырма:

«Астана- арман қала» шығарма жазу.

VIII. Сабақты қорытындылау:

  • Астана туралы не білдіңдер?








© 2010-2022