Мен дәрігер болғым келеді (5класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен дәрігер болғым келеді

Менің арманым өте көп. Соның бірі бала күнгі арманым, қазіргі кездегі арманым - дәрігер болу.

Себебі, маған дәрігер болу ұнайды және менің кіндігімді кескен анам да, апам да дәрігер, мен соларға еліктеп дәрігер болуды армандадым.

Маған дәрігер болу қатты ұнайды. Болашақта жаны ауырған адамға көмегімді тигізсем, өзімді өте бақытты жан деп бағалар едім.

Және тағы бір арманым, Қазақстан жерін көркейтуге атсалысып, өз үлесімді қосқым келеді.

Осы армандарыма сүрінбей жетіп, халқыма қалаулы, еліме елеулі азаматша болғым келді.

Арманы жоқ адам болмайды, әрине.Әркімнің өз арманы бар. «Сол арманым орындалса екен, соған жетсем екен, қателеспесем екен» деп тілейді. Соған жетуге, қателеспеуге ұмтылады. Ол үшін мектеп қабырғасында жақсы оқып, парасаттылықты, әдептілікті, мәдениетті, мейірімділікті, ақылдылықты, шыншылдықты үйренуі керек. Және тағы да нашақорлықтан, шылым шегуден, алкогольден сақ болуы қажет. Адам өміріне алкоголь, есірткінің қаншалықты зиян екенін білеміз. Сондықтан адамдар, жасөспірімдер, жағымсыз әрекеттерден аулақ болайық. Арманымызды кірлетіп алмайық.

«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп. Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.

Ұзынбұлақ ауылында дәрігерлік пункт бар. Онда ақ желеңді дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың бәрі кішіпейіл, сырқаттарды емдейді, балалардың денсаулықтарын тексереді. жұмыстары, жүріс-тұрыстары мені қатты қызықтырады.

Мен өскенде дәрігер боламын!Мен өзыме өзым сенем .Алға Ұлағат сен мықтысың.



© 2010-2022