Разработка внеклассного мероприятия

«Отан сүйер ұлан бол!» интеллектуалдық ойын-сайысы.Ойының мақсаты: Балалардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін тәрбиелеу.Балаларды 2 топқа бөленеді. Ойынға дайындық кезінде, балаларға өз топтарының аттары мен ұраның дайындау берілді. Сайыс болғаннан кейін, жеңімпаздар анықталу керек, сондықтан ойын барысында дұрыс жауап үшін топтарға жалаушалар беріп отырамын, ойынның соңында жалаушасы көп топ жеңімпаз атанады.
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Отан сүйер ұлан бол!» интеллектуалдық ойын-сайысы.

Мақсаты: Балалардың туған еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін тәрбиелеу.

.

Көрнекілігі: еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

- Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120 -дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп, «Отан сүйер ұлан бол!» атты интеллектуалдық ойын-сайысымызды бастаймыз.

Кезекті « Сұңқар » және « Тұлпар » топтарына беремін , өздерін таныстырып өтсін (Топтар атын, ұранын айтады).

Разработка внеклассного мероприятия

Разработка внеклассного мероприятия

Сайыс болғаннан кейін, жеңімпаздар анықталу керек, сондықтан ойын барысында дұрыс жауап үшін топтарға жалаушалар беріп отырамын, ойынның соңында жалаушасы көп топ жеңімпаз атанады.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! - деп, келесі тапсырмалар Мемлекеттік рәміздер туралы болатынын ескертемін.

I. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж, 4 маусым/

«Жас қыран» тобына: ҚР-ның Мемлекеттік Туын сипаттау «Жас ұлан» тобына : ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасын сипаттау (1-жалауша).

II. Мемлекеттік рәміздер туралы өлең оқу (2-жалауша).

Келесі сұрақ Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы болады. (3-жалауша).

ІІІ.| Мемлекеттік Әнұранның авторларын атаңыздар (4-жалауша).

  1. «Жас қыран» тобына: Жұмекен Нәжімеденов туралы баяндап беру.

2. «Жас ұлан» тобына: Шәмші Қалдаяқов туралы баяндап беру

(5-жалауша).

IV. Капитандар сайысы: Сұрақ-жауап (әр капитанға төрт сұрақтан).

  1. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

/теңге, 1993,15 қараша/

  1. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?

/1995 ж, 30 тамыз/

  1. Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала? /Орынбор/

4. Мақалды жалғастыр:

a. Отансыз адам - ...

b. Отан үшін ... .

1. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/

2. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/

3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?/1991,16/ХІІ/

4. Мақалды жалғастыр:

c. Отан .... ыстық.

d. Туған жердей -

Туған елдей -

V. Жалаушаларды санау, жеңімпаз топты құттықтау.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректеріңде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін, дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп, бүгінгі ойын -сайысымызды

аяқтаймын.



© 2010-2022