Урок по казахской литературе на тему М. Жұмабаев. Сүйемін өлеңі 7 класс

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахской литературе на тему М.Жұмабаев. Сүйемін өлеңі 7 классУрок по казахской литературе на тему М.Жұмабаев. Сүйемін өлеңі 7 классУрок по казахской литературе на тему М.Жұмабаев. Сүйемін өлеңі 7 классСабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

Сабақтың мақсаты: а/ білімділік:

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен

шығармашылығы туралы

толық мағлұмат бере отырып, өлеңдерінің

тақырыбы мен идеясын ашу;

ә/ дамытушылық:

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін

дамыта отырып, тақырып бойынша сөйлеу

дағдыларын қалыптастыру;

б/ тәрбиелік:

Адамгершілікке тәрбиелей отырып, өршіл де

өжет, жігерлі болуды үйрету;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену, топтастыру, автор орындығы,

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Бағалау парағын топ басшыларына тапсыру.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Жамбыл Жабаевтың «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой», өлеңдері бойынша «Автор орындығы» әдісі арқылы оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беру. Әр топ бойынша бір оқушы жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Күннің жадын тақтаға жазып, сабақтың тақырыбын таныстыру.

Ой қозғау:

-Балалар, біз осыған дейін Мағжан Жұмабаевтың қандай шығармаларымен таныстық?

-Дұрыс «Сағындым», «Мен жастарға сенемін» өлеңдерімен таныспыз.

- Қай топ үзінді айтып бере алады ?

Слайд бойынша жаңа сабаққа қажетті мәліметтерді түсіндіру

Қазақ әдебиетінің бес арысы: Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып дулатов, Жүсіпбек Аймауытов.Осылардың ішінде Мағжан Жұмабаев туралы біз бүгінгі сабағымызда толығырақ танысатын боламыз.

-Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,

  1. Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?- деп жырлаған ақын Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Сасықкөл жағасында дүниеге келген.

Оқығандығы:

1)Ауыл молдасы

2) Ауыл мұғалімі

3) 1905-1910 ж.Қызылжар медресесі

4) 1910-1913 ж.Уфа. Ғалия медресесі

5) 1913жылы Омбы. Мұғалімдер семинариясында оқып білім алады.

Өлеңдері:

«Жазғытұры», «Сағындым», «Күншығыс», «Бұлбұл», «Күз», «Туған жерім - Сасықкөл», «Қазағым», «Туған жер», «Бесік жыры», «Орал тауы», «Қараңғы дауылды түн», «Көкшетау», «Қысқы жолда», «Сүйемін», «Жазғы таң», «Жел» т.с.с.

Мағжан Жұмабаев

1.Ақын 2. Зерттеуші 3. Аудармашы

өлеңдері

поэмасы

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»

«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»

«Ақбозат»

«Большевик баласы»

Ақын жөнінде ұлылардың сөздерімен таныстыру

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да - Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі»

Мұхтар Әуезов.

Мағжан - ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.

Жүсіпбек Аймауытов

Мағжан Жұмабаевтың әр кезеңде түскен фотосуреттерін көрсету

«Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Топтық тапсырмалар:

СүйемінІ топ. Ақын өлеңде кімдерді сүйетінін анықтау.

Қарт анасын

Сарыарқа жерін

Алаш елін

ІІ топ. Өлең құрылысына талдау.

Күлдей күңгірт шашы бар, а

Тоқсан бесте жасы бар, а

Көз дегенің сұп-сұр көр, ә

Тасбиқ санап бүгіліп, б

Жерге қарап үңіліп, б

Көрсе ауыр күрсінер, а

Менің бір қарт анам бар, а

Неге екенін білмеймін, в

Сол анамды сүйемін. в

(1 шумақ , 9 тармақ, , 7 буын аралас ұйқас)

ІІІ топ. Өлең мазмұнын ашу.

Берілген тақырыптардың ішінен бір тақырыпқа ой толғау

І. Ана,өмірдің алтын кілті сенде ғана

ІІ. Жар-ердің тірегі.

ІІІ. Туған елін сүйе алмаған,

Сүйе ала ма туған жерін.

Деңгейлік тапсырмалар

І

Сөздер

Мақал-мәтел

Ата-ана

Жанұя- шағын мемлекет. Әке көрген оқ жонар. Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең.

Туған ел

Туған жер

ІІ

теңеу

Эпитет

Күлдей

Жыландай

Құрандай

Күңгірт

Сұп-сұр көр

Жабайы жар

Ұйқы басқан қабағы

ІІІ.Шығармашылық (әңгіме,өлең, сурет салу)

Кері байланыс:

Бүгінгі тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қою.

ІV. Бекіту: «Ия» «Жоқ» графикалық тесті арқылы оқушы дәлелдемесін тыңдау

І топқа

  1. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген?

  2. «Сүйемін» өлеңінің авторы А.Байтұрсынұлы?

  3. «Педагогика» шығармасы аудармаға жатады?

  4. Алаш елін сүйіп өткен?

  5. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» мақал- мәтелге жатады?

ІІ топқа

  1. Мағжан Жұмабаев Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген?

  2. «Туған жер, туған ел» тақырыптарына өлең арнаған?

  3. Мағжан поэма жазбаған?

  4. «Мен жастарға сенемін» автордікі?

  5. Мағжан ғылыми жұмыстармен айналыспаған?

ІІІ топқа

  1. Ақын 1893 жылы дүниеге келген?

  2. Ақын ауыл молдасынан хат таныған?

  3. Ақынға «Халық жауы» деген жала жабылған?

  4. Мағжан ұстаздық қызмет атқарған?

  5. Мағжан қазақ халқының ақыны?

Білімді бағалау: топ басшыларына ұсынылған бағалау парағын ескере отырып, оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін жаттау.

Қорытынды: Ал енді балалар «Білім ағашына» өздеріңнің бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді стикерлерге жазып және қай шамада екендеріңді білдіріп іле қойыңдар.



© 2010-2022