• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ тілінен сабақ әзірлемесі тақырыбы Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар

Қазақ тілінен сабақ әзірлемесі тақырыбы Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақ тілі 5а сынып

/ 2сабақ

Сабақтың тақырыбы

Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар

Сілтеме

5- сынып Қазақ тілі (Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова)

Слайд

Жалпы мақсаты

Дауысты дыбыстар туралы толық түсінік беру. Жуан және жіңішке дауыстыларды оқушыларға ұғындыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.

Оқыту нәтижелері

Топпен жұмыс істеуде диалогтік тәсілді қолдануда жұмыспен қамтуда берілетін тапсырмаларды логикалық байланысты болуына жақсы назар аудару

Сыныптағы диалогтік әдістерді бағалау

Негізгі(түйінді) идеялар

(сабақтағы)

Әңгімелесу, ойлау, диалогтік әдістер - сауал және топпен жұмыс істеу, оқушылардың білімін жетілдіретін мүмкіншіліктер болып табылады.

Тапсырма

Топтық жұмыс

Өткен сабақ пен жаңа сабақ арасында сұрақ -жауап, тапсырмалар беріледі.

Тапсырма 1 (10 минут)

  1. Амандасу

  2. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбер құрамын

  1. Оқушылар домалақтанып шаттық шеңберін құрып мұғалімнің айтқанын қайталайды.

  2. Шаттық шеңберін құрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тілектерін арнайды.

Тапсырма 2 (10 минут)

  1. Оқушыларды топқа бөлу «Мейрамхана» әдісі бойынша 5 топ

"Өрмекші торы" әдісі

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, өрмекші торын жасайды.

  1. Фонетика қандай ғылым, ол нелерді зерттейді?

  2. Дыбыс жасауда біздің қандай мүшелеріміз қатысады?

  3. Қазақ әліпбиі туралы не білеміз?

  4. Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстарымыздың рөлі, жазылуы қандай екен?


Тапсырма 3 (5 минут)

Жаңа сабақ. 1.Түсіндіру.

Тақтаға ілінген схема арқылы, кесте арқылы мысалдар келтіре отырып түсінік беріп кету.

Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз.

Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауысталар дейміз.



Тапсырма 4 (5 минут)

Әр топ жеке-жеке тапсырмаларды орындайды.

  1. топ Берілген сөздердің ішіннен дауысты дыбыстарды тауып, жуан, жіңішке дауыстыларға қарай жіктеңіз.

  2. Топ 1.Қай жағынан оқысаң да белгілі бір мағына беретін сөз айт.
    2.Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты немесе бірдей дауыссыз болып келетін

5 сөз тауып жаз.
3.Дауысты дыбыспен басталып,дауысты дыбыспен аяқталатын жер-су аттарын ата.
4. "У" дыбысы бірде дауыссыз,бірде дауысты болып келген сөз ойлап айт.

  1. топ Төмендегі жұмбақтардың шешуі қай әріптер екенін табыңдар.

1) Әнде бар, 2) Жаңада бар

Күйде жоқ. Ескіде жоқ

Сәнде бар Танада бар,

Биде жоқ Ешкіде жоқ.

  1. топ 242-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер

  2. топ 241-жаттығу. Жуан дауысты у дыбыс бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.


Тапсырма 5 (10 минут)

"Иә" "Жоқ" ойыны

1.Қазақ тілінде 42 әріп бар .

2. Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.

3. Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз.

4. Қазақтың 9 төл дыбыстары бар.

5. Олар: ә,ғ,ң,ө,о,ү,х,і, һ

6. Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

7. Дауысты дыбыстар буын құрай алмайды.

8. У дыбысы әрі жуан,әрі жіңішке дауысты дыбыс қатарына жатады.



Рефлексия. Сабақты қорытындылау

1. «Бағдаршам» әдісі

Қызыл түс- түсінген жоқпын

Сары түс- әлі де практика қажет, сұрақтар бар.

Жасыл түс- түсіндім

2.Бағалау парағы

Оқуға арналған тапсырмалар

«Мен шығарған таңғажайып оқиға» тақырыбында әңгіме жазу.

5 сынып Қазақ тілі









Қазақ тілі 5а сынып

/ 2сабақ

Сабақтың тақырыбы

Ашық және қысаң дауыстылар

Сілтеме

5 сынып Қазақ тілі (Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова)

Слайд

Жалпы мақсаты

Ашық, қысаң дауыстылар туралы түсінік беру. Айтылу ерекшеліктерін ұғындыру.

Оқыту нәтижелері

Топпен жұмыс істеуде диалогтік тәсілді қолдануда жұмыспен қамтуда берілетін тапсырмаларды логикалық байланысты болуына жақсы назар аудару

Сыныптағы диалогтік әдістерді бағалау

Негізгі(түйінді) идеялар

(сабақтағы)

Әңгімелесу, ойлау, диалогтік әдістер - сауал және топпен жұмыс істеу, оқушылардың білімін жетілдіретін мүмкіншіліктер болып табылады.

Тапсырма

Топтық жұмыс

Өткен сабақ пен жаңа сабақ арасында сұрақ -жауап, тапсырмалар беріледі.

Тапсырма 1 (10 минут)

  1. Амандасу

  2. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбер құрамын

  1. Оқушылар домалақтанып шаттық шеңберін құрып мұғалімнің айтқанын қайталайды.

  2. Шаттық шеңберін құрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тілектерін арнайды.

Топқа бірлесу «Тұрғындар мен үйшіктер»

Тапсырма 2 (10 минут)

"Аквариум" әдісі

Бір топ аквариум болып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма 3 (5 минут)

Жаңа сабақ. 1.Түсіндіру.

Тақтаға ілінген схема арқылы, кесте арқылы мысалдар келтіре отырып түсінік беріп кету.

Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а,ә,о,ө,е,э.

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы,і,и,у,ү,ұ.

Тапсырма 4 (5 минут)

Әр топ жеке-жеке тапсырмаларды орындайды.

Әл-Фараби туралы аңыз
"Дана үкі" әдісі

І топ Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар

ІІ топ Мәтіннен өзіңізге бұрыннан белгілі және белгісіз ақпаратты табыңыз.

ІІІ топ Үлгі алатын қорытынды.Келешекке өмірге қажет құндылық.

ІҮ топ Мәтінде кездесетін көнерген сөздерге дыбыстық сипаттама беріңдер

Ү топ Мәтіндегі негізгі ойды сурет арқылы бейнелеңіз

Тапсырма 5 (10 минут)

"Аукцион" ойыны. Оқушылар өздеріне ұнаған жемістерді таңдайды,оны алу үшін сұрақтарға жауап беру керек.

1.Қазақ тілінде неше әріп бар?

2. Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды не дейміз?

3. Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қандай дауыстылар дейміз?

4. Қазақтың қанша төл дыбыс бар?

5. Оларды ата?

6. Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды не дейміз?

7. Дауысты дыбыстар буын құрай алады ма?

8. У дыбысы қандай дауысты дыбыс қатарына жатады?

Рефлексия. Сабақты қорытындылау

1. «Ашық және жабық шабадан» әдісі

"Жабық" шабаданға өздеріңіз үшін алған, бірақ қолданбайтын ақпаратты саласыз

"Ашык" шабаданға өздеріңіз үшін алған және келешекте қолданатын ақпараттарды саласыз

2.Бағалау парағы

Оқуға арналған тапсырмалар

Метаграмма құрастыру

5 сынып Қазақ тілі

Қазақ тілі 5а сынып

/ 2сабақ

Сабақтың тақырыбы

Еріндік және езулік дауыстылар

Сілтеме

5 сынып Қазақ тілі (Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова)

Слайд

Жалпы мақсаты

Оқушылардың тіл дыбыстары туралы білімдерін кеңейте отырып , әріп , дыбыс және әліпби туралы бұрынғы түсініктерін тереңдету , тіл білімінің фонетика саласымен таныстыру , дауысты дыбыстардың жіктелу топтарымен таныстыру.

Оқыту нәтижелері

Топпен жұмыс істеуде диалогтік тәсілді қолдануда жұмыспен қамтуда берілетін тапсырмаларды логикалық байланысты болуына жақсы назар аудару

Сыныптағы диалогтік әдістерді бағалау

Негізгі(түйінді) идеялар

(сабақтағы)

Әңгімелесу, ойлау, диалогтік әдістер - сауал және топпен жұмыс істеу, оқушылардың білімін жетілдіретін мүмкіншіліктер болып табылады.

Тапсырма

Топтық жұмыс

Өткен сабақ пен жаңа сабақ арасында сұрақ -жауап, тапсырмалар беріледі.

Тапсырма 1 (10 минут)

  1. Амандасу

  2. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбер құрамын

  1. Оқушылар домалақтанып шаттық шеңберін құрып мұғалімнің айтқанын қайталайды.

  2. Шаттық шеңберін құрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді, тілектерін арнайды.

Топқа бірлесу «Геометриялық фигуралар»

Тапсырма 2 (10 минут)

" Крестиктер -нөлдіктер" әдісі

Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ крестиктер, екінші топ нөлдіктер. Мұғалім крестиктер тобына сұрақ қояды, жауап берсе торға Х белгісін қояды. Нөлдіктер сұраққа жауап берсе, 0 белгісін қояды.

Тапсырма 3 (5 минут)

Жаңа сабақ. 1.Түсіндіру.

Дауысты дыбыстың жасалуы кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.

Еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атайды. Олар:о,ө,у,ү,ұ.

Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атайды. Олар:а,ә,е,э,ы,і,и.

Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстылырға әсер етеді. Оны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы: құлын сөзі - құлұн болып айтылады.жазудағы нормасы құлын болғанымен, айтудағы нормасын сақтап айту керек. Себебі, сөздерді дұрыс айта білу де - тіл мәдениетінің бір шарты.

Тапсырма 4 (5 минут)

Әр топ жеке-жеке тапсырмаларды орындайды.

249-жаттығу
Мәтіннен дауысты дыбыстарды теріп алып, оларды мына үлгі-кесте бойынша толтырыңдар

І топ

Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Ерін мен езудің қатысына қарай

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік




ІІ топ Сөздегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, жазыңдар.

Ж....бір, ж....рмеңке, ж...уады, жар..., ж...ңышқа,ж..март, к....дімгі,к..мпит,к....рі, к....сіпкер,келісс..з, к....бік, к...гал, к...же, к...збе-к...з, к...зқарас, л....біз, л....йық, л..м-мим, с...біз, м...жбүр, м....жіліс, м..з болу, м...л, м...мын, м...р,м....лдір, ....неге,...ңдеу,...лке,...кін,с...укеле,с..тті, с...би.

ІІІ топ

Әзіл жұмбақ

Фонетикалық екі ұғым

Бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі - айтылады да естіледі,

Екіншісі - жазылады да көрінеді.

ІҮ топ

Шығармашылық жұмыс

Фонетикаға қатысты ертегі құрастырыңдар



Тапсырма 5 (10 минут)

ББҮ әдісі

Сабақтан алған білімдерін білемін, білгім келеді, үйрендім бағандарын толтыру

Рефлексия. Сабақты қорытындылау

1сурет, 5 сөз

Оқушылар сабақтан алғандарын 1сурет, 5 сөз

арқылы білдіреді.

2.Бағалау парағы

Оқуға арналған тапсырмалар

Суретжұмбақ құрастыру

5 сынып Қазақ тілі













© 2010-2022