Сабақ жоспары: Ағаштар неге ашуланды?

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ағаштар неге ашуланды?» Бердібек Соқпақбаев.
Мақсаты: 1.Оқушыларды шығармамен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойын ашуларына жағдай жасау.
1. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге, сауатты жаза білуге баулу.
2. Адамгершілікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Типі:жаңа білімді меңгерту
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Психологиялық жайлы ахуал туғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?
-Балалар қайда барды?
-Боданның компасқа қатты қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
-Бодан компасты не істеді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
-Оның орнында болсаң, не істер едің?
-Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?
ІV. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
-Балалар сендер көктемде қандай жұмыстар жүргізесіңдер?
-Сол отырғызған ағаштарыңды қалай күтесіңдер?
-Шынында, мына Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды» атты шығармасында ағаштарға ашуланатындай не болды екен?
V. Жаңа сабақ: Б.Соқпақбаев - атақты балалар жазушысы.1924-1991 жылдары өмір сүрген. «Он алты жасар чемпион», «Алыстағы ауылда», «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдыздары», «Аяжан» атты повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романдарының авторы.
Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу.
-Алмабектің жіберген кемшілігі неде?
-Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
-Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?
VІ.Түсінгендерін тексеру:
- Кәрі еменнің сөзін тауып оқы. Ол туралы не айтасыңдар?
- Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін мына үлгілік кесте бойынша жазыңдар.
күтпеді
Алмабектің ағаштың түбін қопсытпады
айыбы суғарылмады
әкпен әктемеді
3.Мына мақалдарды дәптерлеріңе толықтырып жазыңдар.
1. Ер еңбегімен озады.
2. Еріншектің ертеңі бітпейді.
Еріншек езілумен тозады.
Бұл мақалдардың мәтінге қандай қатысы барын дәлелдеу сұралады.
VІ. Бекіту. Деңгейлік тапсырмалар 177-178 бет - 2 тапс
- Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?
- Мына сызбаға сүйеніп, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына талдау жасап көрейік.
- Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?
VІI. Қорытынды:
1. Үйге тапсырма: Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесін оқу, 178 б-3 тапс
2. Оқушылардың жауаптарын талдай отырып бағалау.

© 2010-2022