Қазақ тілі сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы «Қазақстанның жануарлар әлемі. Есімдік түрлері»Касенова Назигуль Мукатаевна«Семей қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектеп» Сілтеме Күнтізбелік – тақырыптық жоспар 5-сынып Т.М. Артыкова, Ж.Н.Қыстаубаева, Л.З. Бисенова, Н.Ж. Сагирова. Жалпы мақсаттар Оқушылардың сөздік қорын байытып, өзара пікір таластыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып Отансүйгішке тәрбиелеу. Өзін-өзі бағалау, өзара бірін-бірі бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Оқыту нәтижелері...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы


«Қазақстанның жануарлар әлемі. Есімдік түрлері»

Касенова Назигуль Мукатаевна

«Семей қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектеп»


Сілтеме

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 5-сынып Т.М. Артыкова, Ж.Н.Қыстаубаева, Л.З. Бисенова, Н.Ж. Сагирова.

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың сөздік қорын байытып, өзара пікір таластыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып Отансүйгішке тәрбиелеу. Өзін-өзі бағалау, өзара бірін-бірі бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру.

Оқыту нәтижелері немесе күтілетін нәтижелер

Кітап оқу, суреттер арқылы тақырыпты ашып, сабақты талдап, оқушылардың біліміне көз жеткізу, олардың жануарлар әлемі тақырыбы арқылы түсініктерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Негізгі идеялар

Есте сақтау: тақырыпты ашып соның мағынасын түсіндіру;

Білу: Слайд, суреттер арқылы, жаңа тақырып арқылы білім алу;

Оқу қабілеттері: Жануарлар туралы ойларын айту;

Пікір талас: Жануарлар мен төрт түлік малды салыстыру;

Қазақ тілінде еркін сөйлей білу.

Құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, 5-сынып оқулығы, смайликтермен бағалау, бейне слайдтар.

Тапсырмалар

Кіре сала оқушыларды түгендеп, оқушылардың қызығушылығын тексеру. Оқушылармен ынтымақтастық атмосфера құрып алу. Бірінің атын бірі айтып, бірін-біріне жақсы сөздер айтады. Оқушыларды топқа бөлу. І топ. Сары шарлар. ІІ топ Қызыл шарлар. ІІІ топ Жасыл шарлар.

Ұйымдастыру кезеңі:

-Бүгін нешесі?

- Ауа райы қандай?

- Жылдың қай мезгілі?

Жаңа сабақ, сабақтың мақсаты мен барысын айту. Дәптерлерін ашып бүгінгі күнді жаздыру. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы.

1-тапсырма. Әр топқа перфокарталар беріледі. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.

  • Суретін, жануардың, жақсы, Сәуле, салады.

  • Сұрғылттау, сұр, суырдың, болып келеді, түсі.

  • Көмектесті, балалар, бағуға, қой.

  • Тоңбайды, қоян, аязда.

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, өзара бір-бірін тексереді. 2-тапсырма. Суретке қарап, жеті жануардың атын табыңдар. Топпен жұмыс. Оқулықпен жұмыс. 3-тапсырма. Мәтінді таратып, әр оқушыға оқытып, жұппен диалог құрастырады. Сергіту сәті. «Қара жорға» әнін қойып дене қимылдарын жасату. 4-тапсырма. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін интерактивті тақтада сурет арқылы мақал-мәтелдер шығады, соны топпен ақылдаса отырып шешу.

5-тапсырма. Әр топқа сөзжұмбақтар беріледі. Сөзжұмбақтарды қай топ тез, жылдам шешеді. Сол топқа смайликтер беріледі. Келесі тапсырма Ойын «Ұйқасын тап».

Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Рефлексия кезеңі: «сабақтан алған әсерім»

Әр топта қанша смайликтер жинады, соны есептеп бағалау. Үйге тапсырма. 103 бет. Жануарлар туралы жұмбақтарды жаттау.




Қазақ тілі сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі 5 сыныпҚазақ тілі сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі 5 сынып

Қазақ тілі сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі 5 сыныпҚазақ тілі сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі 5 сынып

© 2010-2022