Бағалау тақырыбы бойынша өткізілген коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

.

05.11.2015 ж

Коучинг сабақ жоспары

Тақырыбы:

«Бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың таным белсенділігін арттыру»

Мектептегі бағалау жүйесі қандай деңгейде?

Оқушыларымыздың білім деңгейі дұрыс бағаланып жүрме?

Бағалау критерийлерін жасау арқылы оқушылардың таным белсенділігін қалай арттырамыз?

Мақсаты:

1.Оқушылардың таным белсенділігін арттыратын бағалау әдістерін үйрене отырып,критериалды бағалау арқылы «рубрикатор», «критерийлер» мен «дескрипторлар» жасай алады.

2.Коучтан үйренгендерін,тәжірибеде қолданып,оқушылардың таным белсенділігін арттырады.

3.Критериалды бағалау арқылы әр пән мұғалімдері оқушыларды әділ бағалайды.

Оқу нәтижесі:

Мектептегі бағалау жүйесі орташа деңгейде,болашақта бағалау жүйесін әлі де толық жетілдіреді.

Оқушыларымыздың білім деңгейі критерилер бойынша әділ бағаланады.

Бағалау критерийлерін жасау арқылы оқушылардың таным белсенділігін бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдері арқылы(өзін-өзі,өзгені,топты бағалау) арттырып жүр.

Негізгі идеялар:

Бағалаудың мәні қадағалау,алынған мәліметтерді интерпретациялау болса,жинақталған мәліметтердің қорытындысын шығару арқылы оқушылардың болашақтағы қадамына оң нәтиже беретін едік.

Материалдар мен құрал-жабдықтар:

Презентация, интербелсенді тақта, постер, стикерлер, бейнежазбалар,ән қойылымдар,маркерлер,қосымша нұсқаулықтар,терминдер жазылған парақшалар,аққала суреттері,бағалау парақшасы(баспалдақ бағалауы),постер критерийлері, «дейін-кейін»парақшалары,бағалау себеті, қызыл,сары,жасыл алманың суреті,қағаз майлықтар.

Өткізу барысы:

Этап

Тапсырма

Уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1. Психологиялық ахуал тудыру

2мин

Мұғалімдерді әуенмен қарсы алу,сәттілік тілеу

Амандасып,орындарына жайғасып,отырады.

2. «Миға шабуыл»

«Біздің кезіміздегі мектеп»

Сұрақ:

Көз алдымызға не елестейді, «Менің қорқынышым не?»

Слайдтаға сурет бойынша мұғалімдердің ой-пікірін сұрау

Ауызша жауаптары

3.Топтастыру «Қағаз майлық»

Қағаз майлықты алып 2 рет бүктеп оң және сол жағын қолмен қиып алып тастайды.

Неге қағаздардағы суреттер бірдей болмай шыққанын айтқызу, біз бәріміз әртүрліміз,

дегенменде бір жұмысты атқаруға міндеттіміз.

Қағаз майлықты қолдарына алып,оң және сол жақтарын қиып, қағаздың ортасындағы жабыстырылған смайликтер арқылы топтарға бөлінеді. Бір-бірінің қағаздарын салыстырады, бірдей қиылған қағаз барма екенін анықтайды.

2 топқа бөлініп отырады

4. «Дейін- кейін» стратегиясы

Дейін арқылы осы күнге дейін біліп келген бағалаудың әдістерін көрсету

Дейін қағазын толтыруға беру

Осы күнге дейін білетін бағалаудың әдістерін жазып, тақтаға іледі.

5. «Бағалау баспалдағы»

Баспалдақ бойынша кім қай жерде тұрғанын белгілейді,

Бағалау тақырыбы бойынша өткізілген коучинг жоспарықазіргі көңіл-күйлеріңді ескеріп,жазуға болады.

Баспалдаққа атын жазып жанына 1 санын қою керек,бұл бастапқы кезеңдегі бағалау жайында қаншалықты білетіндерін өзін-өзі бағалау

Әр топқа берілген баспалдақ парағына өздерінің атын жазып,белгілеп қояды.


6. «Мағынаны тану»

Инновациялар,оқыту,

рефлексия,

келешек сөздері нені білдіреді

Слайдтағы сурет және сөздер бойынша ойларын білу

Мұғалімдердің ауызша жауабы

7.Суреттермен жұмыс

3 түрлі аққала бейнеленген сурет көрсету

Топпен ақылдасып осы суретке,топ ішінен біреуі барып баға қою керек.

-Суретті қалай бағаладыңдар?

Ал,егер бұл суреттер 5,4,3 оқитын оқушылардың суреті болса,біз шындығында басқаша бағалай саламыз.Оның ешқандай өлшемдерін, яғни критериясын мүлде ескермейміз

Мұғалімдердің жауабы,пікірі


8. Баға-Бағалау-Сандық баға

Слайдтар бойынша бағалау туралы ақпарат

Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;

Баға беру-бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері байланыс;

Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.

Бағалау:

Диагностикалық

Формативтік

Суммативтік

Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы) Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

Мұғалімдердің жауабын тыңдап, негізгі фактілерді мысалмен дәлелдеймін.

Жиынтық -оқу ақпараты немесе оқыту деңгейінің блогын меңгеріп болғаннан кейін,білім мен оқу деңгейінің қалыптасу деңгейін анықтайды.

Мұғалімдердің пікірі






9. «Оқушы үні» Бейне сұхбат.

Мектеп оқушыларынан алынған сұхбатты тыңдау,пікірлерін білдіру

Бейне сұхбатты тыңдау туралы айтылады, мұғалімдерге жасаған ұсыныстарын талдау

Сұхбаттан ой-пікірлерін білу,талдау

10. Критерий туралы түсінік

Критериал

ды жүйе

Ұсыныстан шыққан критериалды бағалау жайында түсінік беру

Критериалдық бағалау-бұл үдеріске қатысушылардың барлығына нақты белгіленген оқушылардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес критерийлері бар оқушылардың жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Рубрикатор - бұл жұмыстың бағасын бағалауға нұсқау,бұндағы критерийлерге ұпайлар не үшін қойылатыны көрсетіледі.

Критерий -шығармашылық жұмыстарының нақты анықтайтын немесе бағалайтын белгілерін көрсетеді

Дескриптор-әр критериді белгілі ұпайлармен анықтау арқылы оқушылардың нәтижеге жету қадамдарынның реттілігін көрсетеді.

Рубрикатор оқушы не үшін оқитынын, критерий-ол нені үйрену керек, ал дескриптор ол оны қалай жасайтынын көрсетеді.

Мұғалімдерде жаңа түсінік қалыптасады.






11.Пән бойынша критерий дайындау

Постер

жасау

Постер қағазына пәнге критерий бағасын жасау

Ұпаймен бағалау

Орындау пайызы

95-100% -жоғары «5»

75 -95% - орта-жоғары «4»

50 -74% - орта «3»

50% -дан төмен «2»

Берілген нұсқау бойынша пәнге критерий жасау

2 топ постер жасайды

12.Постер қорғау

Жасаған постерлерін тақтаның алдына шығып,

қорғау қажет

Постерге баға қою. Смайликтер арқылы бағалау (Барлығы 12 ұпай)

1.Бірін-бірі бағалау-5 ұпай

Постерге критерий бойынша баға беру

2.1-Безендірілуі,тазалығы,ұқыптылығы-3 ұпай

3.2-Тапсырмаға дұрыс критерий анықтаған-1 ұпай

4.3-Рубрикаторлар нақты жазылаған-1 ұпай

5.4-Дескрипторлар әділ қойылған-1 ұпай

6.5-Бағалау ұпайларының критерий бар-1 ұпай

Қорғап болған соң коуч постерді критерийлері бойынша смайликтер арқылы бағалайды.

Екі топтан бір адамнан шығып,жасаған постерлерін қорғайды,екі топ бір-бірінің постерін 5 баллдық жүйемен бағалайды.

13. Қорытынды жасау.

«Кейін» парағын толтыру

Берілген кейін парағына коучингтен үйренген жаңашылдықты толтырады

Кейін парағына жазып,толтырадыда,тақтаға дейін парағының жанына іледі

14. Бағалау

  • Сабақ соңындағы көңіл күйлеріңді,бүгінгі алған білімдеріңе баға беріп,өздеріңді бағалау баспалдағына белгілеңдер

Бағалау парағына белгілету

Өздерін бағалайды

  • 15. Рефлексия. Кері-байланыс

«Жемісті себет толтыру»

  • Себетке алма стикерлерін жабыстыру арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білу


  • Сары алма-маған ұнаған жоқ, түсініксіз болды?Не ұнамады-

  • Қызыл алма-маған бұл тақырып жаңалық емес,бұрыннан білемін.

  • ұсыныс-

  • Жасыл алма-маған бұл жаңалық болды,сіздің тәжірибеңізге бұл қажет пе?Өз ойыңызды жазыңыз,пікір қалдырыңыз,коучке тілек!

Алмаларды таңдап,ойларын жазады

Дереккөздер:

2(негізгі) деңгейге арналған нұсқаулық,

cpm.kz


© 2010-2022