«Алтын қақпа» интеллектуалды ойыны. 6-7 класс

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жақсыбайкөл негізгі мектебі





Тақырыбы:

«Алтын қақпа»

(интеллектуалды ойын)





Жауапты: Қалниязова Н.А.





2015-2016жылы

Күні:21.01.2016ж

Класы:6-7

Тақырыбы: « Алтын қақпа» интеллектуалды ойын

Мақсаты:

I.білімділік; оқушылардың осы сайыста биология пәнінен өсімдіктер мен жануарлар бойынша білімділіктерін арттыру;

II.дамытушылық; ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздықтарын, биологиялық терминдердің мағынасын ашу мақсатында дамыту

III.тәрбиелік;оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, ұжымдасып топтасып жұмыс жасауға, өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу;

Сайыстың барысы:

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:Ой қозғау әдісі

Көрнекілігі:үш қақпа, тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа, алтын сандық, қима-қағаздар,сұрақтар

I.Ұйымдастыру.

Ойынның барысы:

Жүргізіші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар қатысушылар, корермендер, Бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!

Ойынның шарты: Жылдам, ұтымды және ұраққа толық жауап беру керек. Ойын 4 кезеңнен тұрады. «Тасқақпа», «Күмісқақпа», «Алтынқақпа», «Алтын сандық». Әрбір дұрыс жауап арқылы алтын сандықты алуға ұмтылыс жасау керек. Алтын сандықтың сұрағына жауап беруші жеңіске жетеді. Егерде алтын сандықтың ішіндегі сұраққа жауап бере алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді.

Қазылар орнықтырар әділдікті, кімдердің жауаптары кәдік шықты. Білім мен тапқырлықтың жарысында жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып оқушылардың білімін бағалайтын әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар.

Ұлы Абай атамыздың «Адам анна-анадан туғанда есті болмайд, естіп, көріп, ұстап, татып ескере жақсы-жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені, тоқығаны көп бол,ан адам білімді болады»-деген нақыл сөзін есере отырып, ойынымызды бастайық.

«Сәлемдесу»

Қатысушылар өздерін таныстырды. «Алтын қақпа ойынының алғашқы сатысы «Тас қақпа» сұрақтарына жауап беруін тамашалаймыз»

  1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»Виктариналық сұрақтар

I-топ. 1. Биология ғылымы нені зерттейді? Ж: Биология грекше «биос»-тіршілік, «логос»- ғылым -тірі табиғаттағы өзгерістердің жиынтығын зерттейді.

  1. «Биология» ұғымын ашқан ғалым? Ж:Жан Батист Ламарк

3.Қазақстанда өсімдіктердің қанша мыңға жуық түрі кездеседі? Ж:15мың

4.Өсімдіктерді танып білудің негізін қалаған кім? Ж:Теофраст

5.Өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскопппен қараған ғалым?Ж:Роберт Гук

6.Пластидтер дегеніміз не? Ж:Тек өсімдіктер жасушасына ғана тән денешік

7.Гүлдің құрылысын ата:Ж:Гүл сағағы, гүл табаны, күлте жапырақша, тостағанша жапырақшалары, аталық, аналық

8.Ішекқуыстыларға тән қасиет:Ж:Сәулелі симметриялы

9.Ұлулар типі нешеге бөлінеді?Ж:3

10.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы? Ж:Микология

11.Қоректік заттар жиналатын ұлпа?Ж:Негізгі

II.1.Табиғатта өздігінен өсетін өсімдіктерді не деп атайды?Ж:Жабайы өсімдіктер

2.Өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым?Ж:Ботаника

3.Пластидтер нешеге бөлінеді?Ж:3

4.Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент?Ж:Хлоропласттар

5.Зоология ғылымы нені зерттейді?Ж:Жануарларды

6.Дизентерия ауруын тарататын жәндіктер:Ж:шыбын,тарақан

7.Денесінде ұлпалары болмайтын мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік?Ж:Таллом

8.Буынаяқтылар типі нешеге бөлінеді?Ж:3

9.Митохондрияның қызметі?Ж:жасушаның энергия орталығы қызметін атқарады.

10.Талшықтылар класына не жатады?Ж:жасыл эвглена

11.Жұмыртқа ауызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат

II. «Күміс қақпа» Әріптер сөйлейді

В

Б

Ж

Л

Н

А

С

Ы

Р

Д

П

И

Т

Е

Э

Щ

У

К

О

Я

В-Жабын ұлпа нешеге бөлінеді?Қандай?Ж:Өң, тоз, қыртыс

Б-Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қажет не қажет?Ж:Су, ауа, жылу

Ж-Өсімдіктің жерасты мүшесі?Ж:Тамыр

Л-Биология қандай ғылымдармен байланысты?Ж:вирусология, микология, бактериология, анатомия, зоолгия, цитология, биохимия және молекулалық биология

Н-Жасушаның құрылысы нешеге бөлінеді?Ж:үшке. Тірлік құрылымы, ядросыздар, ядролылар

А-Вирус латынша қандай мағына береді?Ж:У

С-Ядросыз ағзаларға нелер жатады?Ж:бактериялар мен көк-жасыл балдырлар

Ы-Ядролы ағзаларға нелер жатады?Ж:саңырауқұлақтар мен қыналар

Р-Жануарлардағы қорек заты-Ж:гликоген

Д-Өсімдіктердегі қорек заты-Ж:Крахмал

П-Жыныс жасушаларын не деп атайды?Ж:Гамета

И-Балдырлар нешеге бөлінеді?Ж: талшықты, тылшықсыз

Т-Қоңыр балдырларға нелер жатады?Ж:Саргассум, ламинария, нереоцистис

Е-Қызыл балдырларға нелер жатады?Ж: порфира, коралина, хондрус

Э-Жасыл балдырларға нелер жатады?Ж:Улотрикс, кладофора, каулерпа сптрогира

Ш-Мүктерді зерттейтін ғылым?Ж:Бриология

У-Мүктердің түрлерін ата:Ж:Жасыл мүк, көкек мүгі бауырмүк, шымтезек мүгі

К-Буылтық құрттар типі нешеге бөлінеді?Ж:азқылтанды, көпқылтанды, сүліктер

О-Целом дегеніміз не?Ж:көпжасушалы жәндік және жануарлар денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік

Я-Мантия дегеніміз не?Ж:Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат

«Алтын қақпа» Жемістердің сыры

1.Өсімдіктердің гулдеуі дегеніміз не?Ж:Өсімдік гүлдерінің ашылуынан бастап, олардың аталықтары, култелері мен тостағанша жапырақтарының құрғап кетуі аралықтарын айтамыз

2.Бір үйлі өсімдік-Ж:жүгері

3.Аналықтың құрылысы-Ж:аналық аузы, мойны, жатыны, тұқымбүршігі

4. Дұрысгүлге қандай өсімдіктер жатады?Ж:алма, итмұрын, мақта

5.Бұрысгүлге жататын өсімдік-Ж:Соя, бұршақ, сәлбен

6.аталықтың құрылысы-Ж:аталық жіпшесі, тозаңқабы, тозаңдар

7.Жемістер нешеге бөлінеді?Ж:екіге:шырынды, құрғақ

8.Құрғақ жемістерге нелер жатады?Ж:бидай, тұқымша, қауашақ, емен

9.шырынды жемістерге нелер жатады?Ж.қияр, алма, алмұрт

10.Дән дегеніміз не?Ж: Бір тұқымды жеміс

11.Тозаңдану дегеніміз не?Ж:аталық тозаңның аналық аузына келіп түсуі

12.Тозаңдану нешеге бөлінеді?Ж:екіге айқас, өздігінен

III. «Алтын сандық» Жұмбақтар арқылы

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. Ж:Жеміс

Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар? Ж:Мақта

ӘКеміз ала баспақ асырады, Күз келсе соямын деп асығады.

Баспағым бойын шөпке жасырады,

Еті қызыл, терісі жасыл әлі. Ж:қарбыз

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)

Алтын сандықты ашқан адамға атақты марапаттау беріледі. Білімділер.Тапқырлар. Ойшылдар.Алғырлар.



© 2010-2022