Проведение конкурсной программы, посвященной Дню языков РК

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мемлекеттік тіл-менің туған тілім»

Мақсаты: мемлекеттік тілді үгіттеу, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Акт залы тілдер күніне безендірілген, белсенді тақтасы, мақал-мәтелдер, ана тілі туралы өлеңдер

Барысы:

Құрманғазының күйі

Жүргізушілер (2оқушы)

1-ші: Армысындар ,құрметті мұғалімдер, оқушылар. 22 қыркүйек -Қазақстан республикасында тілдер мерекесі аталып өтуде.Мемлекеттік тілді білу- барша азаматтардың парызы. Біз мектепте қазақ тілін үйреніп жатырмыз. Бүгін осы сахна төрінен мемлекеттік тілімізді құрметтеп, біліп, сөйлесуге шақырамыз.

2-ші: Осы орайға біз бүгін «Мемлекеттік тіл-менің туған тілім» атты байқауды өткізіп жатырмыз. Байқауға 5-11 сынып командалары қатысады. Қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

2-ші: Бірінші өнерін көрсетуге 5 сынып оқушыларын сахнаға шақырамыз.Қарсы алыңыздар.

(выступление 5 кл)

1-ші: Рахмет, шапалақпен шығарып салайық . «Домбыра-жеті қазынаның бірі.» Қарсы алыңыздар (күй)

2-ші: Келесі өнерін көрсететін 8 сынып оқушылары. Қарсы алайық.

(выступление 8 кл)

1-ші: Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы.

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналысы» Абай атамыздың өленімен жалғастырып, сахнаға 9 сынып оқушыларын шақырайық.

(выступление 9 кл)

(танец 11 с)

2-ші: Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығын бәрі өлеңмен

Ойлаңсаңшы, бос қақпай, елең-селең.

Құрметті көрермендер, келесі сөзді 10ссыныпқа беріледі.Қол шапалақтайық

(выступление 10 кл)

1 -ші: Рахмет, Бүгінгі байқаумызды 11 сынып оқушылары өз өнерімен аяқтайды. Қарсы алыңыздар.

(выступление11кл)

2-ші: осымен, барлық командалар сіздерге өнерін көрсетіп болды, енді әділ қазылар мүшелеріне ақылдасуға уақыт беріледі, ән тамашалаңыз.

(песня Аспанға қараймын)

1-ші:Құрметті көрермендер сіздер бүгін тіл мерекесіне арналған іс-шарасына қатысып, оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар. Тағы да алақанымызды аямай сайыскерлерге ду қол шапалақ. Рахмет Жүлдегерлерді марапаттау сөзі әділ алқасына беріледі. (слово жюри)

2-ші.Құрметті қонақтар, сайыскерлер, әділ қазы мүшелері, баршаңызға құт береке, ашық аспан, бейбітшілік тілейміз. Қатысқан сынып оқушыларына көп рахмет. Сау болыңыз.





© 2010-2022