Сочинение по казахской литературе «ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН» АТТЫ ШЫҒАРМА

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН» АТТЫ ШЫҒАРМА



Касенова Динара Асылбекқызы

8- сынып оқушысы

Нежинка орта мектебі

Нежинка ауылы.Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы .СҚО

Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тасмагамбетова А.А.





« Қазақстан-ұлы Отаным»

Қазақстан менің елім, аңсағаным

Кең-байтақ жеріңменен тамсанамын.

Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,

Күлімдеп,мен де бір шаттанамын.

Отаным-Қазақстан туған елім,

Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.

Өсе бер өркендей бер,Елім менің,

Ардақтап мәңгі мен сені өтермін .

Әрбір адамға өзінің отбасы,туған - туыстары , жолдастары ыстық болса,Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс-күймейсін»- деген мақал бар.Расында да,егер Отан үшін жанынды қисаң,ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен ,аты ешқашан өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.

Отан деген-сенің туып-өскен , кіндік қанын тамған жер,ата-анаң, досың. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса-ол адамның рухани деңгейінің биіктігі.Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

Мен Отаным-Қазақстан. Осы елде дүниеге келіп,осында өсіп жатырмын.Қазақстандай елім болғанына,қандай елдерде ,мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең-байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық.Қазақ елінде 17 миллионға жуық халық тұрады. Біздің Отанымыз-көп ұлтты мемлекет,ал барлық ұлт өкілдері өзара бейбітшілік пен достастықта,татулықта өмір сүреді,еңбек етеді.Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді,қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да, оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Балабақшадан бастап мен осы тілді меңгеріп жүрмін, осы тілді түсінемін,қазақша сөйлей аламын, осы тілді құрметтеймін.Қазақ елі өте дамыған мемлекет.Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемге әйгілі ел болып жүр. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті,көркейіп,өз экономикасын жақсартып,ішкі -сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан-байтақ жері ,оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді.Қазақстан мұнай мен газ,химиялық өнеркәсібі өте бай ел,көмір де қазып алынады.Өзге шетелдіктермен саудаласып,экономикасы дамып келеді.Қазақстан күн сайын дамып,көркейіп жатыр. Осындай елімен әрине мақтан етемін.Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел.Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.Бүгінгі дарынды жастарымыздың білім алу жолы барлық шет елдерге ашық, мамандырылған жастар өз еліне қайтып ,еліміздің экономика мен ауылшаруашылығын алға қарай даму жолдарын жүзеге асырады. Болашақта мен де ,орта білім алып,жоғары оқу орнына түскенді армандаймын, дипломмен ауылға келу,балаларға білім беруді мақсат етемін деп ,ойлаймын.Өйткені-біздің болашағымыз жастардың қолында.

Ал қазіргі таңда, менің туып-өскен ауылымда -Нежинкада ,балаларға барлық жағдай жасап жатыр. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатымен ,совхоз басышысы Джумабеков Мұрат Қабенұлы әдемі,үлкен,

Спорт кешенді салғызып,онда волейбол,футбол, күрес пен әр түрлі спорт секциялар жұмыс істейді.Балалар жиі-жиі облыстық,аудандық,республикалық жарыстарға қатысып,жүлделі орынға ие болып келеді,өз ауылымның абыройы мен даңқын көтеріп келеді. Ол қандай мақтаныш сезім!Ол -отаншылдық сезімі!

Жылда біздің ауылымызда аудандық Би фестивалі өтеді.Ол қандай әдемі дәстүрге айналды!Өнерпаз балалар өз би шығармашылығын осы үлкен сахнадан көрсетеді ! Ал бұл бақыт емес пе? Мақтаныш ,отаншылдық ,сүйіспеншілік өз еліме, халқыма,президентіме, мектебіме,ауылыма!

Мен қандай бақытты баламын! Елімізде бейбітшілік,татулық!

Отаным!Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін ,оның бүгіні мен болашағымын! Отаным! Саған тағзым етемін!





© 2010-2022