По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)По казахскому языку на тему Етістік ( 1 - курс)Пәні: Қазақ тілі

Тобы: 1/9/дш, 1/9/ тех

Тақырыбы: Етістік

Мақсаты:

а) Білімділік: Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы етістік тақырыбы бойынша студенттердің білімдерін кеңейту, тақырыпты толығымен талдап, мазмұнын ашу.

ә) Дамытушылық: Етістік тақырыбы арқылы студенттердің шығармашылық, сөздік қорын молайту, студенттердің жеке өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Студенттерді ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Етістік туралы барлық мәліметті біледі. Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды.

Сабақтың түрі: СКТ технологиясын қолдану.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Талдау, әңгімелесу, ой қозғау, шығармашылық тапсырмалар орындау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа қатысын тексеру;

ІІ.Студенттердің үй тапсырмасына дайындығын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (СКТТ бойынша):

Етістік - заттың қимылын, іс-әрекеті мен амалын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: не істеді?, не қылды?, қайтті?, қайтеді?, не істейді?

Құрамына қарай:

дара күрделі

1. Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: Жапырақтың сыбдыры естілді.

2. Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы: Сәби күліп жіберді.

Тұлғасына қарай:

негізгі туынды

Негізгі етістік бір түбірден тұрады. Мысалы: айт, жүр, бар, оқы.

Туынды етістік сө з тудырушы қосымшалар арқылы жасалады. Мысалы: ақта, сана, ақылдас.

Болымды етістік - іс-әрекет, қимылдың жүзеге асуын көрсететін етістіктер. Мысалы: Ол сабаққа дайындалды.

Болымсыз етістік - іс-әрекет, қимылдың болмауын көрсететін етістіктер. Мысалы: Ол сабаққа дайындалмады.

Болымды етістіктер болымды етістік түбіріне

-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе.

Сабақты етістік - қимылды, іс-әрекетті көрсетіп, табыс септіктегі сөзбен байланысып, табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістік. Сабақты етістік кімді? нені? деген сұрақтарға жауап беретін зат есім сөзбен байланысады. Мысалы: Дүкеннен кітап алдым.

Салт етістік - табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы: Балалар ауылға келді.

Етіс - қимылды, іс-әрекетті және осы әрекет пен оны жүзеге асырушы арасындағы қатынасты білдіретін етістік. Мысалы: Балаларға тез тапқызып алды.

Етістің түрлері:

өздік ортақ ырықсыз өзгелік

Есімше - есім сөздер сияқты түрленетін(көптік, тәуелдік, септік жалғауды қабылдайтын), қимылдың мезгілге, шаққа қатысын білдіретін етістіктің түрі.

Көсемше - негізгі қимылды білдіретін, сондай-ақ негізгі қимылды көрсететін, қосымша қимылды айқындайтын етістік түрі.

Рай - сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін етістік түрі.

Етістік райлары:

ашық рай бұйрық рай қалау рай шартты рай

Етістік шағы - қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіруді атайды.

Етістік шақтары:

өткен шақ осы шақ келер шақ

Тапсырмалар:

Мақалды оқып, мағынасын түсіндір, етістікке сатылай комплексті талдау жаса.
Батыр болар бала бесікте жатқанда - ақ білінеді, жүйрік болар тай кермеде тұрып керіледі.

Білінеді

бұл сөз (біл+ін+е+ді) 4 құрамнан тұр, біл-негізгі түбір морфема; -ін - ырықсыз етіс жұрнағы; -е - көсемшенің жұрнағы; -ді - жіктік жалғ.ІІІ жағының грам. көрсеткіші.

дара етістік, өйткені бір сөзден тұрады.

негізгі етістік, өйткені түбір етістіктен болады.

салт, өйткені, өзінің алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажететіп тұрған жоқ.

болымды, өйткені, іс-әрекеттің болатындығын көрсетеді.

қимыл-әрекет етістігі

а) Тұрып

бұл сөз 2 құрамнан тұр, тұр+ып; тұр - негізгі түбір морфема, өйткені, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін бөлігі; - ып - өткен шақтың көсемшесінің жұрнағы;

дара етістік, өйткені бір сөзден тұрады.

негізгі, өйткені, түбір етістіктен болады.

салт, өйткені, өзінің алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажететіп тұрған жоқ.

болымды, өйткені, іс-әрекеттің болатындығын көрсетеді.

қимыл-әрекет етістігі

ә) Керіледі

бұл сөз (кер+іл+е+ді) 4 құрамнан тұр, кер - негізгі түбір морфема; -іл - ырықсыз етіс; -е - көсемшенің жұрнағы; -ді - жіктік жалғ. ІІІ жағының грам. көрсеткіші.

дара етістік, өйткені, бір сөзден тұрады.

негізгі етістік

салт, өйткені, өзінің алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажететіп тұрған жоқ.

болымды, өйткені, іс-әрекеттің болатындығын көрсетеді.

қимыл-әрекет етістігі

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.




© 2010-2022