Адам жанының сырлы әлемі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көңіл-күй туралы ой-толғау

«Әркім өз бақытының ұстасы». Оның көңілінің тазалығы, көңіл-күйінің жақсы, жаман болуы өзіне байланысты. Соған қарамастан, оған әсер ететін, көңілді бұзатын, көтеретін де жағдайлар, сыртқы ортаның әсері көп. Тек, талас туғызбайтын ақиқат: адам көңілді жүрсе, көңіл-күйі ешнәрсеге алаңдамаса, денсаулығы, жұмысы жақсы болып, отбасына да, ұжымына да, көрші-көлеміне де, қоғамына да тигізетін пайдасы, шарапаты мол, қарым-қатынасы тәуір.

Көңіл дегеніміз
не?
Қазақ ғалымы Ғ.Есім-нің айтуынша: «Көңіл - айналадағы ортаға, жа-
һанға, ғаламға, ақиқат-
қа, дүниеге назар салумен байланысты, олармен өзара үйлесім табуы нәтижесінде орын алатын қилы құбылыс-ты сіңіріп - қорытатын адам жанының сырлы әлемі. Көңіл айнасында сәулеленген кез-келген құбылыс әрбір жеке адамның дүниетаны-мына, құндылық өл-шем-бағамдарына сай
шұғылаланып, суретін
түзіп, ой-пікірін туғыза-
ды. Көңіл негізінен та-нымдық қызмет барысында субъект пен объект арасындағы өзара қарым-қатынастың гносеологиялық сипатымен айқындала оты-
рып, этикалық ғибра-тымен эстетикалық тә-
сірі ұласа жүретін адам-
ның саналуан халінен хабар береді».

Көңілдің
танымдық
мүмкіндігі
Көңіл абстрактілі ұғым болғандықтан, оның саналуан күйін, тұрпатын айқындайтын ұғымдар көп. Олардың барлығы да бейнелі ой-
лаумен, меңзеумен ұш-тасады. Халқымызда көңілге байланысты «Көңіл көзі», «Көңіл айнасы», «Көңіл құсы», «Көңіл пырағы», «Көңіл
дәптері» тәрізді бірқа-тар тіркестер, қанатты сөздер баршылық. Мұ-
ның бәрі көңілдің таны-мдық мүмкіндігінің кең, түрлі қатпарлы, қырлы екенін танытады. Ал енді қазақта көп айтылатын «Көңіл қалу», «көңіл көтеру», «көңіл аулау», «көңіл кету», «көңіл қобалжуы», «кө-
ңіл ағаруы», «көңіл тазаруы», «көңіл шал-қуы» деген сөздер, ұғымдар адам көңілінің түрлі күйінен көрініс беріп, бейсаналық пси-
хикалық халін де ал-дыңа жайып тастайды.
Көңіл деп аталатын қуат адамның жү-регінде. Содан көңіл деген ұғымды жүрек деген ұғым ретінде қол-
данатындар, көңіл жүрек, діл ұғымдары-мен ұштас дейтіндер де көп. Әйтеуір, адам денесіндегі барлық мү-
шелері осы көңілге ба-ғынады. Біздің сезім мүшелеріміз арқылы алынған хабарлардың барлығы да көңілде, яғни, жүректе жиналып, адамға әсер етеді. Жалпы, адам ықыла-
сының негізгі көрсеткіші - көңіл. Мұнан туатын қорытынды: көңіл - жүрек қалауы.
Жүсіп Баласағұни ай-
тады: «Кісі көңілі - түпсіз теңізбен тең», - деп. Иә, дүние қалай үнемі үздіксіз алмасып тұрса, адам көңілі де сондай сәттерге толы. Хаққа ғашықтық, өмірдің жалғандығынан, өткіншілігінен түңілу -
көңіл қалауының, таным-
түсінігінің ерекше қал-пы. Дәстүрлі қазақ ұғы-мында көңілге байланысты түсініктер көп. Ол ақын-жазушылардың шығармаларында жиі кездеседі.
Көңілге байланысты қазақы түсініктер: көңіл қалу, көңіл қайту, көңіл айту, көңіл қалауы, көңіл көтеру, көңіл санасы, көңіл кірі, көңіл кешуі, көңіл жүгі, көңіл ашу, көңіл көзі, көңіл рахаты, көңіл бөлу, кө-ңіл жұмбағы, көңілді тыю, көңілсіз құлақ, қара көңіл, ақ көңіл, қам көңіл, тоқ көңіл, жай көңіл, суынған көңіл, құс көңіл, қайғылы көңіл, есер көңіл, мазасыз кө-ңіл, талапты көңіл, жаралы көңіл және тағы да басқалары.

Қазақтың көңіл
айтуы
Біздің халқымызда атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі ғұрыптық салттардың бірі - азалы адамды жұбату үшін қайғысына ортақтастығын білдіріп, көңіл айту. Ол сонымен бірге сыйластықты, жақындықты да танытады. Көңіл айтуда өлең де, қанатты сөздер де қолданылады.
Қазаға көңіл айту-дың кең тараған түр-лері: 1. «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бү-тін сұңқар жоқ. Болған іске болаттай берік бол!». 2. «Қарыс жерде қаза бар. Өзекті жерде өлім бар. Өлгенге - иман, қалғанға береке берсін!». 3. «Аққу ұшып
көлге кетті. Ақсұңқар ұшып шөлге кетті. Ол адасып кеткен жоқ. Бәріміз баратын жерге кетті. Өлмейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ. Қайғыңа ортақпыз». 4. «Аллаһ Тағала алдынан жарылқасын. Жаны жәннатта болсын!». 5. «Топырағы торқа болсын, қазасы қайырлы болсын!». 6. «Арт жағы-на қайыр-берекесін берсін. Жасамаған жасын балаларына берсін!». 7. «Шетінеген нәресте ахиретте шапағатшы болсын!». 8. «Егілте бермей еліңді, буын бекем беліңді!».
Қазақта ақын-жырау-лардан қалған қазаға көңіл айтудың көптеген түрлері бар. Мысалы, Байдалы би Уәлидің кіші әйелі Айғанымға келіп көңіл айтқанда былай депті: «Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ, қайратыңды қозғағалы келдім». Ал Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің баласы қай-тыс болғанында оған келіп былайша көңіл айтқан: «Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес. Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне сездірмес... Әлімдердің ақ сө-
зі, өлгеніңді тірілтіп, өш-кеніңді жандырар. Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!».

Көңіл - күй
сипаттамасы
Кез келген адамның мінез-құлқынан байқа-
латын жалпы эмоция-лық жағдайды көңіл-күй
санайды. В.В.Богослов-
скийдің редакцияла-уындағы «Жалпы психология» кітабынан (Алматы, «Мектеп», 1980 ж.) бізге ертеден таныс таным-түсінік бойынша: «Эмоция және сезім адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы... Олар іс-әрекет үстінде пайда болады және оның жүзеге асуына әсер етіп отырады... заттар мен құбылыстар, ағзада болып жататын өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі».
Адамдарды күнделікті көңіл күйіне қарап: жайдары, жылы жүзді, ашуланшақ, ызбарлы, томаға тұйық деп бірнеше топқа бөліп жатады. Көтеріңкі көңіл-күй адамға күш-қуат береді, денсаулығын нығайта-ды, мазасыз, уайымға толы көңіл-күй адамды жүнжітіп жібереді, тәні мен жанын дертке, күйзеліске душар етеді. Адамның денсаулығы қандай жағдайда, ол да көңіл-күйге ерекше әсер етеді. Адамның ең сезімтал ағзаларының бірі жүйке жүйесі бол-
ғандықтан, оған көп салмақтың түсуі, жүйке-
нің жұқаруы, тозуы көңіл-күйді қатты бұза-ды. Алайда ерік-жігері мықты адамдар қандай ауыр, қайғылы, сәтсіз жағдайларда да өздерін көтеріңкі, сергек ұстап, қиындықты жеңіп, көңіл-күйін меңгере біледі.

Көңіл-күй
күйзелісінен
құтылу
Голландиялық ойшыл Барух Спиноза өзінің «Этика» атты еңбегінде былай деп жазады: «Қуаныш - бұл адамға күш-қуат дарытып, әре-кетке ұмтылдыратын се-
зім. Мұң-қайғы болса, керісінше, күш-жігеріңді азайтып, діңке-
ңді құртатын сезім». Оның бұлай деуіне басты себеп, өмірде қиындық-тарды көп көруі, жастық шағында философиялық көзқарастарына байланысты көп қудалауға тү-
суі. Ол осындай қуғын-сүргін кезінде жан күйзелісінен арылу үшін
өзін-өзі үнемі қайрап, өзін-өзі билеуге қол жеткізген. Барух Спиноза-
ның адам көңіл-күйін-дегі өзгерістердің сыртқы
факторларға жауап ретін-
де пайда болатыны, жан мен тәннің өзара байланыста екендігі, көңіл-күй күйзелісінен қозғалыс арқылы құтылуға мүмкін-діктің молдығы туралы тұжырымдамасын бас-шылыққа ала отырып мамандар мынандай ұсы-
ныстар айтады:
Дененің белсенді қозғалы арқылы. Адам ағзасының қуатын азайтып, денсаулығын нашарлатып жіберетін
күйзелістен шығу үшін
денені белсенді қозғалыс
жасауға дағдыландыру қажет. Яғни, таңертең-гілік жүгірумен айналыс, жеңіл жаттығулар жаса. Ыңғайлы да тұрақты жаттығулар тәнді шыны-
қтырып, жанды күйзелі-стен шығаруға оң әсер
етеді. Мұндай жаттығу-лардан кейін жақсы дағдылар пайда болады, ой-өрісің кеңейеді, көңіл-күйің сергиді.
Жүйке күтімі арқы-лы. Жүйке ауруы көңіл-күйдің басты жауы. Оған көбінесе, жоғары қызметте жүргендер, кең-
седе қағазбен, есеппен көп жұмыс істейтіндер, өмір бойы қи-ыншылық көріп келе жатқандар ұшырайды. Солардың ішінде ерлер 35, әйелдер 45, кейде 50 пайызды құрайды. Дүниежүзіндегі көптеген психологтардың айту-
ынша, мұндай кезде адамдардың өздеріне өздерінің көмектесуі қа-жет. Ол үшін мынандай кеңестер айтылады:
1. Рухани демалу. Әсіресе, әйелдер жалғыз отырғанында қағазға үңіле бермей, бір мезгіл жан-жағына көз тастап, «Мен осы кіммін?», - деп өзіне-өзі сауал қойып, соған жауап іздеуге тиіс. Үнемі өткен өміріне көз тастап, өзіне-өзі есеп беріп отырған адамның күнделікті тыныс-тіршілігі де, жүйке жүйесі де бір қалыпқа түседі. Бұл орайда Абай атамыз да айтқан ғой: «Өзіңнен күніне, ең болмаса, аптасына бір рет есеп алып отыр», - деп.
2. Таза ауамен тыныстау. Канадалық дә-
рігерлердің пайымдауынша, бірқатар аурудың
60 пайызы үйдегі, кең-седегі бөлме ауасының таза болмауынан. Бұл жүйкеге де әсер етіп, көңіл-күйді бұзады. Таңе-
ртеңгілік жұмысқа кел-
генде түрлі ұсақ жән-діктерді жою үшін себілген арнайы заттың, үсті-басқа себілген иіссу-
дың, бөлмедегі компью-тердің иісінің, ызыңының адам ағзасына әсері мол. Сол себепті, терезелерді ашып, желдеткішпен бөлмені тазартып тұру қажет. Бөлмеде түрлі гүлдерді өсірген де жақ-сы.
3. Жайсыз жағдай-ларды жиі еске алмау. Күнделікті тірлікте көптеген жайсыз оқиғаларға кездесеміз. Оны негізінен, жа-
ны нәзік, сезімтал адамдар көңіліне алып, ренжіп, ашуланып, ұялып, мазасы кетеді. Ең жақсысы, жайсыз жағдайлардан кейін оны еске алмауға тырысып, бір сәт өміріңізде болған қызықты, қуанышты оқиғаларды еске алғаныңыз жөн. Бұл жүйкеңізге жарық түсірумен бірдей.
4. Шешіміне сеніммен қарау. Көбінесе, әйелдерді шаршатып, қажытатын жағдай - өз шешіміне деген сенімсіздігі. Кейде қабылдаған шешіміміз өзімізге ұнап, басқаларға ұнамай, түрлі қиындықтарды да тудыруы мүмкін. Содан, ондай адамдар келесіде шешім қабылдауда жасқаншақтық, сенімсіздік танытып, өзін-өзі «мүжиді».
5. Орынды күліп, жымию. Алдымен сәл
күлімсіреу, соңынан шындап күлу - жабырқаған көңілді ашады. Тек, мәнсіз ыржақ, қисынсыз жалған күлкі көңіл-күйді көтере алмайды. Риясыз пәк күлкі - денсаулық дәрісі, ол шаршап - шалдықанды басады.
Адамның көңіл-күйін
бұзатын басқа да жағ-
дайлар:мінездегі ашула-
ншақтық, қоршаған орта-
сындағы айқай-шу. Біз енді соған тоқталсақ.

Ашу туралы
Хадис шәріпте
* Ашу - адам ішінде жанып тұрған от, көрмейсіз бе мойын тамырларының іскенін, көзінің қызарғанын. Кімде ашу пайда болса жерге отырсын.
* Адамдардың жақсысы
ашуға шыдамды, мейірімді адамдар. Адамдардың жа-
маны ашуланшақ, терісі тар адамдар.
* Егер ашуы тез, ра-зылығы керісінше болса ондай адамдардың жақсыға немесе жаманға жататындығы оның осы мінезіне байланысты болады.
* Бір-біріңмен ара-қатынасты үзбеңдер! Бір-
біріңнен бет бұрып кет-
пеңдер! Бір-біріңмен өштеспеңдер, жаулас-паңдар! Бір-біріңді көре-
алмаушылық етпеңдер! Ей, Аллаһтың құлдары, бір-біріңмен бауыр
болыңдар! Бір мұсылм-анның басқа бауырымен араздасуы 3 күннен асуы халал болмайды.
* Бір-бірімен аразда-сқан екі адамның қайсы бірінші болып сәлем берсе, күнәлары кешіріледі. Сәлем бергенде екінші адам сәлемін алмаса, бұл адамның сәлемін періштелер алады. Ал сәлемін алмаған адамға шайтан ілтипат көрсетеді.

Айқай - шудан
сақтану
Дәрігер мамандар, экологтар адамды бірте-бірте қажытатын нәрсе - айқай, шу дейді. Басынан шу кетпесе, адамның есту қабілеті төмендейді, кейін саңы-рау болып қалады, ұйқысы қашып, жүйкесі жұқарады.
* Санитарлық талап бойынша, тұрғын үйдегі шу түнде 20-30, күндіз 40 децибалдан аспауға тиісті.
* Дүркін-дүркін қайта-
лана беретін екпінді соққының дабылы адамға тұрақты шудан әлдеқайда залалды.
* Шу мөлшері 117 децибалдан асқан кезде жарым сағаттан соң реактивті двигательдерді сынайтын сынақшының жүйкесі сыр бере бастайды: ашушандық пайда болады, қатты шаршайды, кірпіктері тартып, саусақтары қал-
тырайды.
* 140 децибалдан асқан шу адамның орта және ішкі құлақтарын зақымдайды.
* Әсіресе жиілігі 4 мың гилогерцтен асатын қазіргі заманғы рок топтардың музыкасы адамға залалды. Керісінше, баппен ойналатын классикалық әуен адамның есту қабілетін жаттықтырып, дамытады.
* Өндірістегі шу 80 децибалдан аспауы керек. Одан асқаны залалды.
* Бала, жүкті әйел, сырқат бар үйде музы-
калық аспаптарды қат-ты қойып шу шығаруға болмайды, бапты, бай-ыпты да жағымды дыбыспен баяу тындау керек.
* Маңайыңызға әл-
деқайда меломан не мезгілсіз кезде шу шығаратын беймаза көрші тап келсе ше? Оның бір амалы - сол көрші жақ қабырғаға кілем іліңіз, төменгі қабатта тұрса, еденге кілем төсеңіз. Қазір шуды өткізбейтін құры-
лыс материалдары да жеткілікті. Соларды пайдаланыңыз. Қалай да беймаза көршімен тіл табысуға тырысыңыз.

Көңіл-күйіңіз қалай, ағайын?



© 2010-2022