Урок по казакскому языку Ауыспалы осы шақ 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 27.01.2016ж Пән: Қазақ тілі Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ.

Сабақтың мақсаты:

білімділік - етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту. Осы шақтың мағыналық түрі ауыспалы осы шақ туралы білімдерін жетілдіру.

дамытушылық - мәнерлі сөйлеуге жаттықтыру, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту.

тәрбиелік - адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу. Оқушы назарын сабаққа аудару.

Психологиялық сәт (Сол қолмен ұшақ жасау, сол ұшаққа тілек жазу)

Үй жұмысын тексеру

132-жаттығу

137-жаттығу

ІІ. Мағынаны тану.

  1. Алдымен туған, көзі ашылған күшіктер жемденіп жатыр

  2. Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді

  3. Ойын басталмай-ақ, қымызға бас қойып жатыр

  4. Жарық айлы түнде тұмсығынан бұрқырап бу шығады

  5. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері көрінеді

  6. Қазірде соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр

Ауыспалы осы шақ - көсемшенің -а, -е, -й жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: бар - а- мын, көр -е - мін, қара - й- мын.

Ауыспалы осы шақ тұлғасы сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады:

А) бірде дағдылы қимылды, іс-әрекетті білдіріп, осы шақ мағынасын береді:

Осы қалада тұрады

Ә) енді бірде келер шақ мағынасын береді:

Енді сенін үйіңе барып тұрады

Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады.

Оқулықпен жұмыс.

138-жаттығу.

Осы шақ тұлғасындағы етістікті тауып, жасалу жолын көрсету

Қартайтады - етістік, дара, туынды, болымды, салт, түбірі - қарт - с.е, - ай - с.е ет. Туд. ж, - т - өзгелік етіс, - а- көсемше, - ды- ж.ж.ІІІ.ж. Ауыспалы осы шақ.

Қарап тұр - етістік, күрделі, негізгі, болымды, салт. Нақ осы шақ, күрделі.

Ойлайды - етістік, дара, туынды, болымды, сабақты, -ауыспалы осы шақ.

Тұр - жалақ осы шақ.

Тақтамен жұмыс

140- жаттығу. Берілген төмендегі мақалдарға морфологиялық талдау жасау.

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Тіл - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

тас - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

жарады-етістік, дара, негізгі, болымды, сабақты, түбірі - жар, - а - көсемше жұрнағы, -ды - жіктік жалғауының ІІІ жағы.

тас - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

Жармаса- етістік, дара, негізгі, болымсыз, сабақты, түбірі - жар, - ма- болымсыз етістік жұрнағы, - са- шартты рай жұрнағы.

Бас- зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

жарады-етістік, дара, негізгі, болымды, сабақты, түбірі - жар, - а - көсемше жұрнағы, -ды - жіктік жалғауының ІІІ жағы.

  1. Піл көтермегенді тіл көтереді.

Піл - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

Көтермегенді - етістік, дара, негізгі, болымсыз, сабақты, түбірі - көтер, -ме- болымсыз етістік жұрнағы, -ген - есімше жұрнағы, - ді - табыс септік жалғауы.

Тіл - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі

Көтереді - етістік, дара, негізгі, болымды, сабақты, түбірі - көтер,-е- көсемше жұрнағы, ді - жіктік жалғауының ІІІ жағы.

  1. Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді.

Сиыр - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

Сипағанды - етістік, дара, негізгі, болымды, салт, түбірі - сипа, -ған - есімше жұрнағы, -ды - табыс септігінің жалғауы.

Білмейді - етістік, дара, негізгі, болымсыз, сабақты, түбірі - біл, -ме - болымсыз етістік жұрнағы, -й- көсемше, ді- ж.ж.ІІІж.

Жаман - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

Сыйлағанды - етістік, дара, туынды, болымды, салт, түбірі - сый, - ла - етістік тудыратын жұрнақ, -ған - есімше, - ды- табыс септігі.

Білмейді - етістік, дара, негізгі, болымсыз, сабақты, түбірі - біл, -ме - болымсыз етістік жұрнағы, -й- көсемше, ді- ж.ж.ІІІж.

  1. Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.

Сиырды - з.е, дара, негізгі, жалпы, деректі, түбірі - сиыр, - ды - табыс септік

Теппейді - етістік, дара, негізгі, болымсыз, сабақты, - пе - болымсыз етістік, -й- көсемше, - ді - ж.ж.ІІІ.ж.

Сүтті -з.е, дара, негізгі, жалпы, деректі, түбірі - сиыр, - ды - табыс септік

Төкпейді - етістік, дара, негізгі, болымсыз, сабақты, - пе - болымсыз етістік, -й- көсемше, - ді - ж.ж.ІІІ.ж.

  1. Түлік төлден өседі.

Түлік- зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

Төлден - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі, - ден - ш.с

Өседі - ет, дара, негізгі, болымды, салт, - е- көсемше, - ді- ж.ж.ІІІ.ж

  1. Жайылымы болмаса, мал азады,

Қайырымы болмаса, жан азады.

Жайылымы - зат есім,туынды, дара, жалпы, деректі, - ыл- етістік тудырушы жұрнақ, - ым- зат есім туд. -ы- т.ж.ІІІ.ж.

Болмаса - етістік, дара, негізгі, болымсыз, салт, - ма- болымсыз етіст, -са- шартты рай ж.

Мал - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

Азады - етістік, дара, негзгі, болымды, салт, - а- көсемше, - ды- ж.ж.ІІІ.ж

Қайырымы - зат есім,туынды, дара, жалпы, деректі, түбірі - қайыр - етістік, - ым- з.е.туд.ж, ы - Т.ж.ІІІ.ж

Болмаса - етістік, дара, негізгі, болымсыз, салт, - ма- болымсыз етіст, -са- шартты рай ж.

Жан- зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі.

Азады - етістік, дара, негзгі, болымды, салт, - а- көсемше, - ды- ж.ж.ІІІ.ж

  1. Малды баға біл, бабын таба біл.

Малды- зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі, - ды - т.с

Баға біл - етістік, күрделі, негізгі, болымды, сабақты, 1. Негізгі ет- баға, түбірі - бақ. -а- көсемше. 2. Көмекші ет- біл.

Бабын - зат есім,негізгі, дара, жалпы, деректі, - ы- т.ж.ІІІ.ж, -н - т.с.

Таба біл - етістік, күрделі, негізгі, болымды, сабақты, 1. Негізгі ет- таба, түбірі - тап. -а- көсемше. 2. Көмекші ет- біл.

Шығармашылық жұмыс

139- жаттығу

Жұмбақтың шешуін тап, төрт түліктің қай түрі туралы айтылған? Сол түлік туралы шағын мәтін құраңдар. Ауыспалы және нақ осы шақ етістіктерінің астын сызыңдар.

142- жаттығу

Етістіктің ауыспалы және нақ осы шақ түрлеріне бірнеше мысал келтіріп, оларды қатыстыра отырып, "Тап бүгін" деген тақырыпта әзіл-шыны мәтін құрау

Сабақты қорытындылау.

Венн диаграммасы

Үйге тапсырма беру 141 - жаттығу

Бағалау парағы арқылы бағалайды.



© 2010-2022