Мақал -мәтелдер тақырыбындағы 5 сыныпқа арналған сабақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мақал -мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға лексиканың салаларын есте сақтап, ерекшеліктерін ажырата білуге назар аудару, лексика саларының ерекшеліктерін, мақал-мәтелдердің мәні мен мағынасын түсіндіру.

Дамытушылық: Сөздердің мағынасына талдау жасауға дағдыландыру, сөйлемдердегі сөздердің мағыналарын таба білуге үйрету.

Тәрбиелік: Тіл қадірін түсініп, оны дамытудың сепшісі бола білуге тәрбиелеу, сөйлемдерді дұрыс құрып сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге , пікірлерін айта білуге баулу,сөйлем мен сөздерді талдату .

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Итерактивті тақта, кесте.

Оқу -жұмысының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау, жоқ оқушыларды белгілеп, сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Талдау тәсілі:

Оқушылардың өзара сұрағы:

Сыныпты төрт топқа бөліп өзара сұрақтар сайысы өтеді.

А) «Қыз қуу» әр топтан бір ер бала мен бір қыз бала шығарылып олар өзара сұрақтар қойысады. Жеңілген оқушы жеңген оқушының шартын орындайды

Ә) Ережені талқылау:

Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалғанмен, бір мағына білдіретін тіркестер тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп аталады.

Жаттығу жұмыстарын орындалуын тексеру

-жаттығудың орындалуы;

-талдаудың жасалуы;

- жаттығудың талқылануы.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.Түсіндірк тәсілі:

Мақал-мәтелдер құрамындағы сөздері орнықты, мағыналары тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп отырады.

Ережесі

Ерекшелігі

Сөйлемінің құрылысы

Мысалы

Мақал

Мақал- тәрбиелік мәні бар, ақыл- нақыл сипатында айтылатын сөздер

Мазмұнында істің себеі мен салдары (нәтижесі) қатар айтылады

Сөйлемінің құрылысы көбінесе құрмалас болып келеді

Кең болсаң, кем болмайсың, Қорқақты көп қусаң, батыр болады

Мәтел

Мәтел- ой-пікірді бейнелеп,тұспалдап,ишаралап тұратын сөздер тобы

Мазмұныныда істің салдары айтылып (нәтижесі), себебі айтылмай қалады

Көп жағдайда жай сөйлемдерден құрылады немесе сөйлемдері толымсыз болып келеді

Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Баланы жастан, әйелді бастан.Сұлуынан жылуы.

2.Талдау жұмыстары: Кітаппен жұмыс тәсілі арқылы жүзеге асырылады:

126-жаттығу. Сөйлемді толықтыр.

Суға кеткен тал қармар. Байтал түгіл бас қайғы. Батырға да жан керек. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарар. Әзіл айтсаң да , әділ айт. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. Тұз астың дәмін келтірсе, қыз жердің сәнін келтірер.

127-жаттығу Мақал мен мәтелді бөлек-бөлек жаз.

Мақал

Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру,

Мәтел

Жақсы адамға жау жоқ,

128-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу,мәтінен қанатты сөздер мен тұрақты тіркестерді тауып астын сыз.

Ешкім батыр болып тумайды. Басында бұлағы бар өзен секілді өнегелі ата-анаың тәліміне сусындап, адалдық, , еңбексүйгіштік,бауырмалшылдық рухта ер жеткен бала мектеп, қоғам тәрбиесін бойына тез сіңіреді.

ІҮ.Бекіту жұмысы:1.Ережелерді пысықтау;

2.Табуға мысалдар келтіру.

3.Эвфемизм мен дисфемизмге мысал келтір.

4. Табу мен эвфемизмді салыстыр.

5.Табу мен дисфемизмді салыстыр

6. Тұрақты тіркес дегеніміз не?

7.Тұрақты тіркесті табумен салыстыру.

8. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

9. Мақал-мәтелдерді тұрақты тіркестермен салыстыр.

Ү. Бағалау:1.Сабаққа белсенді қатнасқан оқушыларды бағалау.

2.Үй тапсырмасын орындалуы бойынша бағалау

ҮІ.Үй тапсырмасы: 129,130,135-жаттығулар.


© 2010-2022