Тіл дамыту. Не дәмді?

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту. Тақырыбы: «Не дәмді?» Мақсаты: а) Ненің дәмді екенің ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету. ә)  Асты қадірлеуге,қастерлеуге тәрбиелеу. б) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту. Қолданылатын көрнекі құралдар... Оқу іс-әрекетінің кезеңдері   Тәрбиешінің іс-әрекеті   Балалардың іс-әрекеті Мотивация-лық-қозғаушылық Амандасу. Алма салынған себетті көрсету. Балалар қуанышты сезімде болады. Ұйымдастыру-шылық-ізденістік  Ғажайып сәт:Алманы барлық бала иіскеп көреді.   -Алма сендерге ұнай ма?     -Ал мұнда алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен.  «Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!»тапсырмасын орындату. -Балалар, бізге алма жеген ұнайды екен, жұлдызқұртқа да алма ұнайды. -Ал енді мен сендерге «Не дәмді?»ертегісін оқып беремін.   Ертегі оқылады:  Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда Тауық: -Ең дәмді тамақ-тары, -депті қыт-қыттап. -Тапқан екенсің, ... Балалар қызығушылықпен жасайды. Әрине, ұнайды. Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді. Алма дөңгелек болады.     Тапсырманы орындауға тырысады.     Балалар мұқият тыңдап мазмұнын айтуға тырысады.   -Құстар мен хайуанаттар бірігіп отырған уақытта, әркім өзінің жақсы көретін тамағын мақтапты. Мысалы, тауық тарыны мақтапты. Ит өзінің сүйегін аңсапты.   Ешкі шыбықтың қабығын,мысық қою сүтті аңсапты. Сөйтіп құстардың хайуанттар бір не дәмді деген ... Рефлекция-лық-түзетушілік Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау. Балалар ұсынысты қабылдайды.   Күтілетін нәтиже: Біледі:жемістердің көкөністерден айырмашылығын жылдам айта білу; Игереді: көкөністер мен жемістерді ажыратуды;   Меңгереді:тез ойланып, тез жауап беруді біледі.
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Не дәмді?»

Мақсаты: а) Ненің дәмді екенің ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.

ә) Асты қадірлеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.

б) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушылық

Амандасу. Алма салынған себетті көрсету.

Балалар қуанышты сезімде болады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Ғажайып сәт:Алманы барлық бала иіскеп көреді.

-Алма сендерге ұнай ма?

-Ал мұнда алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен.

«Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!»тапсырмасын орындату.

-Балалар, бізге алма жеген ұнайды екен, жұлдызқұртқа да алма ұнайды.

-Ал енді мен сендерге «Не дәмді?»ертегісін оқып беремін.

Ертегі оқылады:

Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда Тауық:

-Ең дәмді тамақ-тары, -депті қыт-қыттап.

-Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! - дейді Ит абалап.

-Бәрің де білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, -дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп.

-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп, Ешкі маңырапты.

-Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы! - деп мысық тамсанды.

Сөйтіп, әркім өзі сүетін тағамды мақтап, қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, тарасыпты.

-Ал, балалар, ертегіден нені түсіндіңдер?

-Балалар,өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?

-Көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті.

-Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз?

«Нан қиқымын, шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар»- деген өлең бар, ешуақытта асты басып кетуге болмайды. Нанды да, асты да қадірлеуіміз керек.

Сергіту жаттығу:

Алма баққа барайық,

Алма жинап алайық,

Ең үленін дәмдісін,

Әжемізге сыйлайық.

Дидактикалық ойын: «Бұл не?»

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айта білуге үйрету.

Ойын шарты: баланың көзі жұмылады. Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек.

Балалар қызығушылықпен жасайды.

Әрине, ұнайды.

Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді.

Алма дөңгелек болады.

Тапсырманы орындауға тырысады.

Балалар мұқият тыңдап мазмұнын айтуға тырысады.

-Құстар мен хайуанаттар бірігіп отырған уақытта, әркім өзінің жақсы көретін тамағын мақтапты. Мысалы, тауық тарыны мақтапты. Ит өзінің сүйегін аңсапты.

Ешкі шыбықтың қабығын,мысық қою сүтті аңсапты. Сөйтіп құстардың хайуанттар бір не дәмді деген сөзге келе алмапты.

Мысалы, Анам етті,әкем палауды тамақты, ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.

-Әрине, қиқымы шашылса теріп аламыз.


Сергіту жаттығуын орындайды.


Ойынды балалар қызыға ойнайды.


Рефлекция-лық-түзетушілік

Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.

Балалар ұсынысты қабылдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жемістердің көкөністерден айырмашылығын жылдам айта білу;

Игереді: көкөністер мен жемістерді ажыратуды;

Меңгереді:тез ойланып, тез жауап беруді біледі.



© 2010-2022