Урок Әке мен бала

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсарин. "Әке мен бала" әңгімесі Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, кітаптар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі. Оқушылармен амандасу; Түгелдеу; Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Кіріспе.

- Сендер кіммен бірге тұрасыңдар?

- Отбасыңда неше адам бар?

- Әкең мен анаңды қалай сыйлайсың?

- Отбасы - тіршіліктің тірегі,-демекші отбасының бала өмірінде алатын орны ерекше. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз отбасымен байланысы бар.

- Ы.Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Балаларға арналған әңгімелері өте көп. Бүгін «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз.

Қызығушылықты ояту

- Оқушыларға түрлі түсті қағаздар үлестіріп, үш топқа бөлу.

- «Сандар сөйлейді...» стратегиясы (Ы.Алтынсариннің өмірбаяны бойынша сұрау)

1841 ж. Қостанай облысы. Қостанай ауданы, Арқарағай ауылында Белгілі Балғожа

бидің отбасында дүниеге келеді. Атасы Балғожа би тәрбелейді.

1850 ж. Орынбор қаласы қазақ балаларына арналған мектепке түседі.

1857 ж. Мектепті үздік бітіреді. Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады.

1860 ж. Торғайдағы төрт сыныптық қазақ мектебінде орыс тілі мұғалімі болады.

1864 ж. Жаңа мектеп ашады.

1879 ж. « Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты оқу құралдарын жазады.

1888 ж. Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарына оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебін ашады.

2) Сөздік жұмысы.

Ескі таға - старая подкова ұста - кузнец

аяңдап жүрді - шли медленно

аузына салды - положил в рот

жерге түсті - упал на землю

еріну - полениться

3) әңгімені оқу, талдау.

- «Адасқан мәтін» стратегиясы бойынша әңгіменің мәтінін үщ топқа беру. 10 минут ішінде балалар мәтінді ретке келтіріп, оқып, түсінгендерін сұрақтар қою арқылы сұрау.

- Әңгіме кімдер туралы?

- Әкесі жолда не көрді?

- Баласы не деп жауап берді?

- Әкесі ақшаға не сатып алды?

- Жерге түскен шиені баласы не істеді?

- Әкесі балаға не дейді? - Мәтіннен қандай мақал кездесті? Оны дәптерлеріңе жазыңдар.

4) Ой толғау

- Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер. Әңгіме неге үйретеді? Өз ойларыңды мына кестеге жазыңдар.

Менің әңгімеден алған әсерім

5) Кубизм. Әр топқа 2 сұрақтан.

1. Суреттеңіз: Әкесі мен баласына мінездеме.

2. Салыстырыңыз: Баланың әрекетін өз әрекетіңмен салыстыр.

3. Ойланыңыз :Әңгіме неге үйретеді? Қандай ой салды?

4. Қарсыласыңыз: Сіз әкесінің немесе баланың ісіне қарсы шығыңыз.

5. Қолданыңыз: Мәтіндегі мақалды тағы қандай жерде қолданар едіңіз?

6. Бейнелеңіз: Шиенің суретін салыңыз.

6) Әңгіме кестесі.

ӘҢГІМЕ ТАҚЫРЫБЫ ӘКЕ МЕН БАЛА

Авторы

Оқиға орны

Басты кейіпкерлер

Әңгіме не туралы

Оқиға қалай аяқталды

Шешімді кім жасады

Мақал

ІҮ. Сабақты қорытындылау

- Ы.Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесінен қай кейіпкер ұнады?

- Маған әкесі ұнады.

- Неліктен?

- Өйткені әкесі сабырлы, салмақты, өнегелі адам.

- Негізгі мақсаты неде?

- Әкесі баласын еңбек етуге үйретеді. Балаларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелейді.

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма: 8-тапсырма, жоспарға сүйене отырып, әңгіменің мазмұнын айту. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазу. 94- бет.



© 2010-2022