• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ тілі ашық сабақ Сан есім Әдебиет ашық сабақ Алғадай туралы әрбір ой Сыныптан тыс жұмыс Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы Сыныптан тыс жұмыс Есіңе мені алғайсың! әдебиет ашық сабақ Кәрі қыран

Қазақ тілі ашық сабақ Сан есім Әдебиет ашық сабақ Алғадай туралы әрбір ой Сыныптан тыс жұмыс Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы Сыныптан тыс жұмыс Есіңе мені алғайсың! әдебиет ашық сабақ Кәрі қыран

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

«Абай оқуы» байқауы.(сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларын кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеп, мәдени эстетикалық сезімін дамыту, оны рухани ұстанымына айналдыру. Оқушылардың дарындылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сахна безендірілуі: Абайдың нақыл сөздері, кітап көрмесі.

(Сахнада «»Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады.)

Байқау 5 бағытта өтеді.

  1. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы».

/Абайдың бірнеше шығармаларын мәнерлеп, көркемдеп жатқа оқу. Киімі,жатқа оқуы, әуені, өзін-өзі ұстау мәнері./

  1. «Нақылымен сана құйған,казағымның Абайы».

/Қара сөздерін сазына келтіріп оқу./

  1. «Әнді сүйсең , менше сүй». / Абай әндерін орындау. Киімі, әуені, өзін-өзі ұстау мәнері./

  2. «Абай -суреткер» . /шығармалар желісі бойынша сурет салу./

  3. «Дархан халықтың дана Абайы». / Жас ақындар байқауы./

Жүргізуші: Озып туған заманның

Ойшылдардың бірі едің

Қараңғылықта қамалған

Қазақтың дана пірі едің

Көңіл көзін ашам деп

Наданмен жалғыз алыстың

Білім дәнін шашсам деп

Заманнан озып жарыстың

Озықтан ғылым тапсам деп

Пушкинменен сырластың

Қатарға жұртты қосам деп

Мұңымен елдің сырластың

Арманды бабам аңсаған

Ұрпақтарың жалғады

Жоқ кешегі көп надан

Еліме бақыт орнады.

Армысыздар, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер көрермен қауым!

Дархан халқымыздың дана ақыны-Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай өткізіліп отырған «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқауға қош келдіңіздер!

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді. Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық леп есті. Ол леп өткен заманнаң, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да, бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды, Абай лебі, Абай үні, заман тынысы, халық үні.

Ендеше, «Абай оқуы» байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Шын жүректен сыналады жарыста

Жарыстың ба орта жолда қалыспа

Әділ- қазы бағалайды сіздерді

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па- демекші қазыларды сайлап алайық.

Жүргізуші: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

Теп тегіс жұмыр келсін айналасы, дей келе Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына шақырамыз.

Жүргізуші: Парасатты болып туған

Шыңғыстаудың Абайы

Ән мен жырын мұра қылған

Сарыарқаның Абайы

Нақылменен сана құйған

Қазағымның Абайы

Ақылменен дана болған

Бүкіл әлем Абайы

Абай қарасөздерін мәнерлеп оқу сайысына кезек берейік.

Жүргізуші: Шын хакім, сөзі асыл-баға жетпес

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес

«Әнді сүйсең менше сүй» деп Абайдың өзі айтып кеткендей, Абай әндерін орындауға кезек береміз.

Жүргізуші: Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма

Абай шығармаларының желісі бойынша салынған суреттерімен ортаға қыл қалам шеберлерін шақырамыз.

Жүргізуші: Ақыл тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын- демекші, кезекті жас ақындар арнауына береміз.

Жүргізуші: Құрметті, оқушылар, біз бүгінгі кеште Абай әлеміне біраз бой ұсынып көрдік. М.Дулатұлы «Абай өлген күннен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз деген болатын». Ал Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер, ұлы М.Әуезов: «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңінен дәм ғана таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылудан, ізденуден жалықпайық.

Әубәкір Дастанұлы былай деген екен.

Өмір заңы-дананы дана табар,

Қайдан тапсын дананы аласалар

Абайды мұхтар тауып, Мұхтарды Абай

Халқын да даңқты етпек және солар.

Ұрпағын көп жаңғырту ұшқыны дәл,

Қырандай көк жүзінде ұшып бұлар

Қазақ деген бақытты ел жер бетінде

Абай, Жамбыл, Мұхтардай үш шыңы бар.

Ендеше көқірегінде сәулесі бар жан Абайға үңілсін! Абай өлеңдері -біз үшін, кейінгі ұрпақ үшін өшпес бейне.

Байқауды аяқтай келе, соңғы сөзді әділ-қазыларға береміз.

Жамбыл облысы, Талас ауданы,Ұшарал ауылы.

Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп

Ибраимова Раушан Қасымқызы



© 2010-2022