Урок Өз тіліңді құрметте

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 Б сынып 08.10.2015. Сабақтың тақырыбы : Өз тіліңді құрметте

Сабақтың мақсаты : 1) Білімділік.Туған тілін, құрметтеу,тіліне деген мақтаныш,сүйіспеншілік көзқарасты қалыптастыру.

2) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын

қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа,

ізденімпаздыққа,өз тілін құрметтеп сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : Ана тілі туралы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,эпиграф, Елбасының портреті.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру

.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұрау .

Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қою.

ІІІ Жаңа сабақ: Балалар өткен сабағымыздың эпиграфын есімізге түсірейік.

«Қазақстанның болашағы - мемлекеттік тілінде»

( Н. Ә. Назарбаев)

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Қазақстанның болашағы - мемлекеттік тілінде сендер өздерің өмір сүріп жатқан республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіңдер.Сонымен қатар әрқайсың өз ана тілдеріңді ұмытпауларың керек.

Бүгінгі сабақтың эпиграфы:

.......Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деген сөз.

( Бауыржан Момышұлы)

1.Сөздік жұмысы. 45 бет .Пирамида әдісі.

2. Тілдесім.1 тапсырма 44 бет.

Сұхбатты рөлмен оқындар.

3.Оқылым. « Өз тіліңді құрметте» мәтінді тізбекпе оқу.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.(ауызша)

- Біздің елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады?

- Сонда қанша ұлт болса,сонша тіл бар деген сөз бе?

- Әлемдік деңгейде қолданылатын қанша тіл бар?

- Олар қандай тілдер?

- Бүгінгі жағдайда көп тіл білуіміз қажет пе?

- Ал өз ана тілдеріңді ше?

ІҮ.Гамматикалық тапсырма: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем ережесін еске түсіру,жалғауларын пайдалана сөйлемдерді ажыратып тапсырма орындау.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейді.Мысалы:Отан дегеніміз адамның туып өскен жері және мәңгілік алтын бесігі.

Ыңғайлас алалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары: да,де,та,те,және, әрі.

5-тапсырма: Берілген сөйлемдердің ішінен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу тапсырмасы тақтада орындалады.

Ү Ана тілі туралы өлеңдер, мақал -мәтелдер жаттадыңдар ма, жатқа айтқызу:

ҮІ. Жазбаша жеке жұмыс:

2) Тіршілік, шаттық, тазалық сөздерін тәуелдеңдер.

ҮІІ. Сабақты қорыту: Өтілген сабақ бойынша сұрақтар қою:

Бүгінгі сабақта нені білдім? Нені білгім келеді? Нені білетінмін?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-тапсырма: Өлеңді жаттау.

2-тапсырма:есте сақтап ,бірнеше ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құрап жазу.


© 2010-2022