Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы

Конец формы

«Қыз Жібек» жыры - қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды

Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі - «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.

Жырдың халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның Төлеген, Сансызбай атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.

Ешқандай сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген - күйеу, Жібек -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.

Біраз мезгіл болғанда Төлегеннің ел есіне түсіп, бір барып қайтуым керек дейді. Қиын жол, алыс сапардан қорыққан Жібек, Төлегенді жалғыз шығарып салады.

Еліне аман-есен оралған баласының қайтып кеткенін Базарбай қабыл көрмейді, әкесі оны жібермейтін болады. Баласына «бармайсың!» деп жарлық етуден басқа, ел жұрттың барлығына жол тартпаққа тиым салады. Төлеген жалғыз інісі Сансызбайға қайын жұртының жөн жолын айтып: «Мен кешіксем іздеп тап!» дейді.

Жібектің еліне жақын қалған жерде жігіттің алдын тосқан жай шығады. Жолын тосып өлтірмекші болған жігіттердің бастығы - Бекежан батыр болады. Ол Төлегенді атып жығады.

Бекежан Төлегеннің Көк Жорғасын мініп Қыз Жібектің аулына келеді, Жібек сұмдықтың болғанын біледі, Қыздың ағалары Бекежанды өлтіреді.

Қыз Жібек жары өлген соң, Сансызбайдың келуін күтіп, соған жар болуды армандайды. Елге шабуыл жасаған қалмақ ханы Қореннен қашып құтылып Жағалбайлыға қарай жүріп кетеді. Жырдың негізгі, қысқаша мазмұны осындай. Жырдың халыққа танымал нұсқасы көп. Жырдың орындаушылары көп болғанымен, ерекше көркемі, ең бір толығы- Жүсіпбек Қожа Шайқұлнисламұлының нұсқасы болып есептеледі. Бұл пікірмен келіспеу оңай да емес.

«Орындаушы ақын өзінің кіріспе сөзінде былай дейді.

Басында менен жайылды,

Қисса болып бұл Жібек.

Баспасына қарасам,

Бәрі шала сөзінің

Еңіреп, жылап жүр жүдеп.

Басында менен шыққанда,

Тыңдаған адам жылаған,

Сүйейін мұны бір демеп

Қисығын қайта түзейін

Аруақтарың бар болса,

Сіздер де мені жүр жебеп…

Неге екені белгісіз, «Қыз Жібек» жырының 1963 жылы жарық көрген ғылыми басылымында осы 40 жол кіріспесі негізгі текстке қатысы жоқ деген сылтаумен алып тасталған.» - дейді ғалым Дүйсенбаев өз еңбегінде. [10; 92]

«Қыз Жібек» жырының бұл нұсқасында басталуы мен оқиғаның дамуында да өзіндік айырмашылықтар бар. Мұнда ертеден келіп жеткен көптеген дастандағыдай қалыптасып үлгірген схема немесе дайын формалар жоқ. Керек десеңіз, жырдың кіріспесінің өзінен-ақ алдағы жойқын жазмыш пен трагедиялық жайдың нышаны сезілгендей тәрізденеді. Өйткені, Базарбай қарттың үш әйелінен туған тоғыз ұлдың бір обадан қалмай теп-тегіс қырылып қалуы - тосын шындық, үрейлі көрініс. Демек, болашақта жайма-шуақ, марғау тіршіліктен гөрі үрдім әрекеттерді, қауіпті мезеттерді еріксіз күткендей боласыз. Шамасы мұның бәрі автордың жеке көзқарасына байланысты болса керек.

Поэманың негізінде қазақ сияқты елдің бұрынғы әйелге берген бағасы білінеді. Сондағы әйел турасындағы әдет - заң, сол заман еркегі мен әйеліне қандай ұғым берген. Ру жігіне бөлінген тіршіліктің кезінде ру мүлкі деп саналатын әйел махаббатқа қалай қарағандағы айқын көрініс тапқан.

«Қыз Жібек» әңгімесі осы жайларға жауап бергендей болады. «Қыз Жібек» әңгімесі жалғыз ғана әйел емес, барлық елдің дүниені түсінуі мен ұғынуын тұтас көрсетеді. Әңгіме ішіндегі негізгі, басты кейіпкерлер қыз бен жігіт өз заманының бел баласы. Сол өңірде өсіп, сол көшпелі салт пен ру жігіне бөленген елдің заңын, заң ұғымын түсінгендер, бет қылып тұтынған адамдар. Әрбір кейіпкердің түр-тұлғасы, қимыл -әрекеті, жеңіс-жеңілісі, өмірден алар-берері бірде ақиқат жағдайға бағынса, тағы бір жерде кімде-кімнің болсын өз маңайына жазылған тағдырдың сыбағасынан аса алмайтындығын аңғарамыз.

Мысалы, Базарбай алғашқыда өмірден соққы жеп, бойын ыза-ашу кернегендей көрінсе, көп ұзамай, Төлеген, кейінірек Сансызбай дүниеге келгеннен кейін перзенттерінің қамын ойлайтын ізгі әкенің роліне ауысады. Бірақ, ол бұл қалпында үнемі қала бермейді: Төлеген екінші рет Шектіге бармақшы болған кезде Базарбай ешбір дәлелсіз баласының бұл сапарына қарсы тұрады, оң батасын беруден бас тартады.

Ақын Төлеген көркін сипаттағанда біраз серпіліп, жас жігіттің жарқын бейнесін жасауға қажетті бояуларын түр-түрімен шебер пайдаланады. Әрине, автордың өз заманында қалыптасқан түсінік - тұжырымды қолданбасына лаж жоқ. Мысалы,

Айдың өткен нешесі

Ай қараңғы көшесі,

Падишадан кем емес,

Ер Төлеген мүшесі…

деп суреттейді ақын. «Падишадан кем емес» деген сияқты бір ауыз сөзбен ол Төлегеннің бет көркін де, әсем мүсінін де, сән-салтанатын да беріп отыр. Өйткені, қазақ арасына мол тараған ертегі аңыздар мен қисса - хикаяларда талай-талай патшалар мен шаһзадалардың бейнелері дайын атрибуттар арқылы жасалған болатынды» - деп ғалым М.Дүйсенбаев ақынның жырдың негізгі кейіпкері Төлегенді суреттеудегі ерекшелікке өзіндік баға береді. Бұл пікірмен келіспеу қиын. [10; 95]

Төлеген өз заманындағы қазақ арасындағы сері мырза, ерке бұлан болып өскен ер баланың жарқын үлгісі. Бұрынғы қазақ қауымының түсінігі бойынша үйлену ер жігіттің ерлігін, бойына дарыған өнерін сынайтын кез болады.

Ескі заманда батыр жігіт қызды қиын қыстау сапарда табатын болса, бері келе жас жігіт қалыңдықты өткелдерден өтіп, қиын жерлерден өтіп барып алуға керек болған. Мұндай әрекет бір өңірдің сері мырзасына міндет есебінде жүрген. Базарбай Төлеген ержеткенше қыз айттырмай, қалыңдықты өз таңдауымен алсын деп келген, сол себептен ол алыс жолда, тіпті қиын қияда тұрған Қыз Жібектей сұлуды іздеп шығады. Жігіттің бұл жүрісі өзіндік батырлық, тәуекел жүріс. Бейнетпен қатерге жақсы жары үшін белін буып шыққан сапар, махаббат қандай шарттың арасында туып-өсетінін әбден ұғына білген ел қиялы екі жастың сезімдерін күшейтіп, махаббатын жарастырып, қызуын ұлғайту үшін әдейі осындай жайлардан бастайды. Төлеген іздеп шыққан, ынтық болған Қыз Жібек өз заманының барлық жас әйелінің сұлу үлгісі. Жібек пішінінде қазақтың ертегіде жырлайтын сән салтанаты, қызық - рақат ортасында өсетін ерке сұлуының мінезі, салты көрінеді және сол заманда нық орнаған әмеңгерлік, жесірлік заңы да белгі береді.

Сонымен қатар жырлаушы ақын қазақ эпосының ежелден келе жатқан дәстүрін де берік сақтайды. Мысалы, Төлегеннің қысқа өмірін, оның туылған күнінен бастап, Қособада оққа ұшқанына дейін түгел суреттейді. Бұл эпикалық шығарманың негізгі арқауы не? Поэманың бірінші бөліміне дәнекер ретінде ұстап тұрған жеке бас еркіндігіне ұмтылу арманы дер едік. Сол себепті «Қыз Жібек» поэмасының алғашқы бөлегінде, шығарманың өн бойында жүріп отыратын бір сарын бар ,- ол Төлегеннің бас еркіндігіне ұмтылуы, өзіне өзі қожа болып, сүйген жарымен қосылуы.

Төлеген образы жаңа заман өкілі іспетті берілген. Оның басы ескіліктің шырмауынан мүлдем құтылып үлгерген жоқ. Кейде өзі сол ата-баба салтының кейбір сарқыншақтарын қолдайды да. Бұл ретте оның әмеңгерлікті қабылдауын мысалға келтіруге болар еді. Жайықтан шығар алдында Төлеген сүйген жары Жібекке «Егер де мен апатқа ұшырай қалсам, сені іздеп келетін Сансызбай деген қайның бар», - деп, күні бұрын өзінің тілегін, еркін білдіреді.

Әрине, бұл Төлегенге оңай түспейді. Оған арманы, тілегі және мұратына жету жолында қарсы күштер аз болмайды. Өзі шын жүрегімен сүйген асыл жары Жібекке қосылуы үшін Төлеген бірнеше кедергілерді жеңіп шығуға тиісті. Ең әуелі ол Шектіге екінші сапарында қарт әкесінің рұқсатынсыз аттанады. Ал ескі ұғымда атаның теріс батасын алу үлкен кедергі. Екінші, осы сапарында Төлеген алыс жолдың азабын басынан кешіруі қажет. Үшінші, Бекежан мен оның қарақшылары да Төлгенге мықты тосқауыл. Автордың топшылауынша түптеп келгенде Төлеген бар болғаны тек жалғыз жүрген жан ғана, себебі оны өз үй-іші де, бүкіл қоғам да қостамады. Ең ақыры Қос Оба көлі басында оққа ұшып жантапсырғалы жатқан кезінде мұңын шағып, ақтық сөзін айтарлық бірде-бір тірі жан таба алмай, бар өкінішін аспандағы алты қазға білдіреді.

Қос обаның жанында,

Құс қонбас құла жапанда,

Жылай -жылай бір жалғыз

Дүниеден өтті, - дегейсің.

Төлегеннің мұндай халге түсуіне не себеп? Бар болғаны Базарбайдың теріс батасы ғана ма? Сондағы ақынның айтпағы ата ризалығы мен оң тілегі болмаған жерде жақсылық күтпе, сәт іздеме, өйткені «адамның басы алланың добы» дегендейін, өз тағдырыңнан құтыла алмайсың деген секілді теріс ұғымға тоқырайды.

Қысқасы, ақын бұл жерде ескі ғұрыпты қостап, жастардың үмітін қасақана кесіп отыр. Оның тұжырымынша әке сөзіне құлақ аспай қарсы тұрған Төлеген қалайда апатқа ұшырауға тиісті, ал сол әкенің оң батасына ие болған Сансызбай қауіп-қатерден аман-есен өтіп, мұратына жетуі қажет.

Енді Төлегенге қарама-қарсы қойылған жағымсыз бейне- Бекежан. Ол екі ғашықтың бақытына кедергі жасап, ақыры Төлегенді өлтірумен тынады. Былайша айтқанда, ескі әдет-ғұрыптың Төлегенге шығарған қатал үкімін орындаушы да осы Бекежан. Алайда, ақын Бекежан бейнесін едәуір шебер жасап, қонымды етіп сипаттаған. Поэманың дами түсуіне, өрбуіне бұл бейненің үлкен септігі бар.

Шығарманың ұтымды бір жері - Төлеген мен Бекежанның айқасы және Төлегеннің өлімі реалистік тұрғыда берілген. Себебі, Төлеген халық жырындағы керемет батыр емес, онда жойқын күш, сиқырлы қасиет те жоқ. Демек, оның Бекежанмен шайқасы әншейіндегі көп көріністің бірі сияқты. Сонан соң Төлегеннің мінген Көк жорғасы Қобыландының Тайбурылы немесе Ер Тарғынның Тарланы да емес. Керек десеңіз, ол Көк жорға иесіне ықылас білдіріп, сенімді дос болудан да жұрдай. Өйткені, Төлегеннің өлімінен кейін көк жорға ат суға қанып, шөлін басқан соң бірқарақшының тақымы астында «ойнақтай басып» кете барады.

«Мал опасыз» деген сол,

Төлеген мінген көк жорға ат.

Су ішіп әбден қанған соң,

Бір қарақшы астында

Ойнақтай басып жөнеді…

Тап осылайша бейнелеу ескі жырлардың қайсысында болсын тым сирек ұшырасады.

Әдетте, ер жігіттің қалап мінген аты әрі сенімді серігі, әрі ұшқыр қанаты, кейде тұлпарға тіл бітіріп, оны иесіне ақылшы дос, қамқоршы етіп те қояды. Бұл жырда мұндай суреттер кездестір мейлің. Сөз жоқ, бұл шығармадағы аса жарқын, ең қымбат, әрі сүйкімді, мейлінше әсем образ - Қыз Жібек. Автор егер Төлегенді өзінің барлық ерекше сипаттары арқылы: көрік -келбеті, ақыл-парасаты, мінез -құлқы, ақ жүрек - ақылдығын айтып, шабыттана сипаттаса, Қыз Жібек те оған тең, барабар ұсынылған: ол керемет сұлу, нәзік сезім иесі, жар борышына да берік, ішкі жан дүниесі бай. Оның бер жағында сол Жібектің үздіктігін көрсету үшін ақын Төлегенге бүкіл көшті аралатып, сол алуан сұлуларды оның көз алдынан тізбектеп өткізеді.

Қазақ эпосында қалмақ өктемдігі ертеден бері келе жатқан қосалқы тақырып. Осы сарын бірде күшейіп, елеулі орын алса, кейінірек, заман озған сайын бәсеңдеп, азайып барып бітеді. Ал біз сөз етіп отырған кезде қалмақ - қазақ қарым-қатынасы әлі жойылып үлгермеген шақ болатын-ды. Ендеше, жырдың мазмұнына қалмақтарды енгізіп, оларды қазақ ақынының қырғынға ұшыратуында оншама ескілік жоқ. Бұл халық тілегінен туған елес болса керек.

Поэманың екінші бөлігінде ақын Жібекті жаңа рольде көрсеткенде, оның ескі әдет-ғұрыптың бірде-бір әрпін бұзбайтын мүләйім жан ретінде суреттейді. Бұл жағдай Жібектің қара басының қамы үшін ғана емес, ең алдымен елін қоршап алған қалың жау-қалмақтардан құтылудың тура жолы.

Сондай-ақ, автор Сансызбайдың портретін жасағанда тіпті өзгеше бояуларды қолданады. Егер Төлеген жас шағынан серілік құрып өзіне: «Батырлық, байлық кімде жоқ? Ғашықтың жөні бір басқа» деген сөздерді өміріндегі ұраны деп санаса, Сансызбайдың арманы мүлдем басқада жатыр. Ол батырлықты көксейді, сондықтан Сансызбай сауыт киеді, қару-жарақ асынып, соғыс өнеріне құмартады. Мұны біз Ақ Жайыққа екінші рет жүрер алдындағы Төлегеннің інісіне айтқан сөзінен де анық аңғарамыз.

Бұл жолы ақын жаңа геройға деген көзқарасын, оны іш тарта қостайтынын жасырмайды, көп жерде ашықтан ашық кетіп, Сансызбайдың әрбір қимыл-әрекетіне сүйсініп отырады. Автордың топшылауынша Сансызбай қатардағы кейіпкер емес, нағыз батыр, ендеше әр уақытта оның жолы болуға тиісті. Сондықтан да бір кезде Төлегенге кедергі болғанның бәрі-бәрі бірден өзгере қалады: қатал әке де оң батасын береді, ұзақ жолдың да қырсығы тимейді, Жібек те оны асыға күтеді, қалмақ ханын да жеңіп, оның қалың әскерін де оп-оңай қырып салады.

Осының бәрі неліктен? Мұндағы өзгерген бір ғана нәрсе ақынның жаңа қаһарманға деген ықыласы, көзқарасы. Демек, Сансызбай батыр оған ұнайды, сондықтан да оны мақсат мұратына жеткізу үшін автор бар жағдайды қолдан жасауға тырысады, жасайды да. Сансызбайға деген Жібектің сүйіспеншілігін ақтау, дәлелдеу ниетімен бар жақсылықты оған үйіп-төгіп бере салады да, жас батырды жер -көкке сыйғызбай мадақтайды. Сонымен Төлегендей мырзадан кейін Жібектің Сансызбайдай ер жігітке ғашық болуында ешбір оғатттық жоқ, бәрі де заңды, бәрі де орынды дегісі келеді ақын.

Автордың ой-өрісі тар, ескілікті қолдайды деп қаншама жазғырсақ та ол қазақ әйелдерінің халі мүшкіл екенін жасыра алмаған. Оларда ерік жоқ, «қыздың құны бес байтал» деген ұғымға бағынбасқа лаж жоқ. «Қыз Жібек» жырында жағымсыз кейіпкер екеу ғана. Бірі жоғарыда тоқталып өткен - Бекежан. Екіншісі- Қорен хан. Бұлардың екеуі де Жібектің жолында көсе -көлденең тұрып, зұлымдық жасайды, оның сүйгеніне қосылмауына себепкер болады. Алайда, бұлар мінез - құлық, іс- әрекет - жағынан біріне-бірі тіпте ұқсамайды. Мысалы, Қорен сырт жау болса, Бекежан ішкі дұшпан. Қареннің аздап болсын жағымды жағы бар: ер жүрек, ақ көңіл, икемге де келеді. Бекежан керісінше: айлалы, пасық, жауыз, қатал. Ол шынында Жібекті сүймейді де, тек сұлу қызды сырт адам Төлегенге қимайды, қызғанады. Бекежанның барлық іс-әрекеті, оның қара ниетіне бағынған, адамгершілік қасиеттерден әуел бастан-ақ жұрдай.

Ал Қорен мен Жібектің арасындағы қарым-қатынасқа келсек, бір жағында зорлық, күш көрсету арқылы бағындыру тұрса, екіншісінде - өз басын қорғаумен қатар, бейғам жатқан елін жау қаһарынан құтқару, Сансызбайдың араша түсуін асыға күту жатыр. Соның өзінде майталман Жібек қалмақтың ханы Қоренді күлкілі жағдайға ұшыратып, мазақ етеді. Ақырында, оны Сансызбайдың жеңуіне көмек жасайды, сол жеңіске зор үлес қосады. Жібектің асқан сұлулығына қызығып, өз сезіміне өзі ие бола алмаған Қорен хан дүниенің бәрін ұмытып, есіл-дерті бір ғана Жібек болады да, аңғалдығының үстіне аңқау, сенгіш, ақылы таяз адам болады да қалады.

Жыр қаһармандық эпостың дәстүрінде жазылған. Сансызбай Қоренді жекпе-жек ұрыста өлтіреді. Жағалбайлы еліне ханын жоқтап келген көп қалмақты қазақ қолы қырып жібереді. Сырлыбайдың аулын қамап жатқан жаудың быт-шыты шығарылады.

Эпостың Сансызбай мен Жібектің қосылу тойын хабарлаумен бітуі де қаһармандық эпостың салтына сәйкес. Мұның өзі, «Қыз Жібек» жырында қаһармандық, лирикалық эпостың көркемдік принциптері аралас жұмсалғанын көрсетеді. Аракідік көне эпосқа тән керемет ғажайып күштерге сену сарыны да орын тепкен.

Мәселен, Қореннің ханның атқан оғы Сансызбай сауытының сегіз қабатын тесіп, тоғызыншы қабаттан өтпеуіне «Қырық шілтен пірілер пана болған» делінеді. Дегенмен жырда лиро-эпостың белгілері, өмір құбылыстарын нақтылы көрсету күшті. «Қыз Жібек» қазақтың тұрмыстық, әлеуметтік ақиқатын көркем жинақтап, оның аса мәнді тұстарын айта алған.

Жырдың екінші бөлегінде жау қалмақтардың келтірілуі кездейсоқ демейміз. Эпос нақтылы оқиғаның не өзін, не ізін көрсетпегенімен, сарынын ұстап қалатыны белгілі. «Қыз Жібекте» қалмақ ханы Қореннің көрінуі тарихи шындық, ол тарихтан шет емес. Ақ Жайық пен Ақ Еділдің арасында көп замандар қалмақ билеушілері үстемдік үшін соғыстар жүргізгені барша қауымға тарихтан мәлім.

Ата қонысы Жоңғариядан ауып келіп, жергілікті халықтардың қонысы мен өрісіне сұқтанған, бейбіт елдің тыныштығын бұзған, жаулаушы ролінде жүрген қалмақ алпауыттарының «Қыз Жібекте» осылай суреттелуі эпикалық шындық. Халық қиялы мен санасы ерлердің ел ішіндегі өзара дауда жазатайым өліп кеткеніне көнгенімен, сырт жаудың халық тәуелсіздігін жойып, намысын таптауына келіспейді. Бейбіт күндерде Төлегеннің өлгенін мүмкін санайтын ел ұғымы, азаттық күресте Сансызбай секілді жас батырға асқан ерік пен күш сыйлайды.

«Қыз Жібек» жырының бас жағы күншығыс ертегілерінше басталса да қазақ өміріне өте жуық, қазақ ішінде осындай оқиға, осындай мінез бен істі туғызатын шарттың бәрі жоғарыда айтқандай анық болған. Осы заманға дейін жігіттің қыз іздеп, қыз таңдап шығуы әлі бар.

Бөтен жұрттың әдебиетінен келген әсер болса, ол басталуында ғана, одан кейін әңгіменің құрылысы ұлғайып өсуі, барлық адамы, адамдардың мінезі, ісі, барлығы да түгелімен нағыз қазақтың өзінікі.

Қорыта айтқанда, белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің мынадай әділ бағасын береді. «Қыз Жібек» - қазақ халқының даналығы туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпиакалық суреттеу өнерінің ең жетілген кемес нұсқасы десе де болады.



Қазақша шығарма: Қыз Жібек жыры Қазақша шығарма: Қыз Жібек жыры казакша Қазақша шығарма: Қыз Жібек жыры на казахском языке Жоспар Кіріспе Ауыз әдебиеті қазақ халқының асыл мұрасы Негізгі бөлім 1. Қыз Жібек - адал махаббат жыры 2. Жырдың образдар жүйесі 3. Жырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі Қорытынды Жырдың бүгінгі мәні Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі - «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме. «Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз. Жырдың халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның Төлеген, Сансызбай атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды. Ешқандай сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді. Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген - күйеу, Жібек -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.


"Қыз Жібек" фильмі

Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы, өшпес мұрасы. Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген көркем фильмі бүгінде қазақ киносының алтын қорына айналды. 1968-1970 жылдары түсірілген «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын. Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті. Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов. Ол Жібек пен Төлегеннің махабаттын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсетуге ұмтылған. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған. Фильмнің сюжеттік желісіне арқау болған халықтың әдеби «Қыз Жібек» аңызы қазақ халқының 16-17 ғасырда әр бір орда басшыларының өзара қақтығыстары орын алған кезеңді бейнелейді. Аңыз бойынша жауласқан екі әулеттен шыққан қыз бен жігіттің сүйіспеншілігі мен махаббатымен қатар, фильмде ұлт біріктілігі мен берекесін аңсаған қарапайым көшпелі қазақтың тұрмысы мен болмысы айқын көрініс тапқан. Басты рөлді сомдаушылар Асанәлі Әшімов, Құман Тастамбеков, Меруерт Өтекешова сынды өнер майталмандары. Фильм режиссері Сұлтан Қожықов, сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған актерлер Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Аталған фестивальде Гүлфайруз Ысмайылова, Кененбай Қожабеков, Сұлтан Қожықов дипломмен марапатталды. 1972 жылы Тбилиси қаласындағы (Грузия) V БКФ-де фильм көркемдік безендірілуі жағынан ең үздік болып танылып, диплом мен сыйлықты жеңіп алды. Сонымен қатар, актер Кенебай Қожабек пен режиссер Сұлтан Ходжиков та дипломды қанжығасына байлады. Фильм 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бастысы - фильм қалың халықтың ыстық ықыласы мен үлкен марапатына ие болды. Фильмді түсіру жұмыстары Семей, Көкшетау, Ақтау өңірлері мен Алматы облысының сол кездегі Күрті ауданында, Жаркент маңында, Іле өзенінің жағалауында жүргізілген. Басты кейіпкер Жібек рөліне лайықты бойжеткенді табу үшін 1968 жылы 1 қаңтарда «Лениншіл жас» (қазіргі таңда «Жас Алаш») газетіне хабарландыру жарияланады. Фильмге Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген. Бүгінде аталған фильм дейін көпшілік көрерменнің ықыласына бөленіп келеді.



"Қыз Жібек" - қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған фильм

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы. Өшпес мұра «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі қазақ киносының алтын қорына айналды.

1968-1970 жылдары түсірілген «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын. Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті.

Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов Жібек пен Төлегеннің махабаттын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсетуге ұмтылған. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған.

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Жағабайлы елінен шыққан Төлеген (Құман Тастанбеков) жар іздеп, көп қыздың арасынан Сырлыбайдың (Кененбай Қожабеков) қызы Жібекті (Меруерт Өтекешова) ұнатады. Алайда, өзара руға бөлініп, екі жақ тартыстың салдарынан Төлеген әкесі Базарбайдың (Кәукен Кенжетаев) батасынан аттап кетіп, сүйіктісі Жібектің еліне кетеді. Жібектің елінен шыққан сарбаз Бекежан (Асанәлі Әшімов) қос ғашықтың махабатын көре алмай, үш ай Сырлыбай елінде болып, өз еліне сапарға шыққан Төлегенді өлтіреді. Сүйгенінің қазасын білген Жібек Жайық өзеніне батып өледі.

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Фильм 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Фильм режиссері Сұлтан Қожықов, сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған актерлер Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

1972 жылы Тбилиси қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Үздік көркемдік шешім» номинациясы бойынша жеңімпаз аттанды.

Аталған фестивальде Гүлфайруз Ысмайылова, Кененбай Қожабеков, Сұлтан Қожықов дипломмен марапатталды.

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

2010 жылдың 27 желтоқсанында «Құлагер» ұлттық кинематографиялық байқауында Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков құрмет грамотасы мен «Экран шебері-2010» төс белгілері табыс етілді.

Бастысы - фильм қалың халықтың ыстық ықыласы мен үлкен марапатына ие болды.

Қызықты мәліметтер

  • Фильмді түсіру жұмыстары Семей, Көкшетау, Ақтау өңірлері мен Алматы облысының сол кездегі Күрті ауданында, Жаркент маңында, Іле өзенінің жағалауында жүргізілген.

  • Басты кейіпкер Жібек рөліне лайықты бойжеткенді табу мақсатында 1968 жылы 1 қаңтарда «Лениншіл жас» (қазіргі таңда «Жас Алаш») газетіне хабарландыру жарияланады.

  • Төлегеннің ақсауыты мен Жібектің бүрмелі көйлегі бұл күнде «Қазақфильм» мұрағатында сақтаулы.

  • Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген.

  • Түрлі себептермен киноның 500 метрлік лентасы қиылған. Түпнұсқада фильм ұзақтығы 3 сағаттан асады.

  • Фильмге сегіз, он, он алты қанатты жалпы саны отыздан асатын киіз үйлер арнайы тігілген.

  • Фильмнің бас суретшісі Гүлфайруз Ысмайылова киноны көркем безендіру үшін мың жарымнан астам эскиз жасаған екен.



Қыз Жібек

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Қыз Жібек пен Төлеген

Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.

Тарихы

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Қыз Жібек.

'Қыз Жібек-лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен "Қыз Жібек" жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. "Қыз Жібектің" Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жылы "Қазақ эпосы", "Казахский эпос" жинақтарында, 1963 жылы "Қыз Жібек" деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар. "Қыз Жібек" жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.[1]

Мазмұны

"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.

"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.[2]

Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады.

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Төлеген

Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, "жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады". Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне "мырзалықпен" танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.

Көркем шығарма болғандықтан жырда Төлеген мен Жібектің бір-біріне деген сүйіспеншілігі бірден ашылмайды. Жібекке деген Төлегеннің ынтықтығы сатыланып көрсетіледі. Ең алғаш Жібек туралы ол өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады. Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып, оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді. Әрқайсысын Жібек екен деп жақындағанда, Қаршыға "Жібек емес" дейді.

Көш алдына қараса,

Бір қыз кетіп барады,

Жанасалай сұлудың

Қасына жетіп келеді,

Төлеген мырза көреді,

Көш алдында сұлудың

Он қыз нөкер қасында,

Өзі он бес жасында.

Ақ маңдайы жалтылдап,

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында.

Қырық нарға жүк арттырып,

Қымқап зерлі кілемді

Жүк үстіне жаптырған.

Қазыналы қырық нарға

Жібектен арқан тарттырған.

Әсемдіктің бәрін де

Бұл жиһаннан арттырған.

Дүрия бешпент бел ЩЕЩЕН амысалып

Бұл дүниені кең салып,

Алтынды қамшы қолға алып,

Абжыландай толғанып,

Бұралып кетіп барады,

Жын соққандай теңселіп,

Осы екен, деп Қыз Жібек,

Жетіп келді қасына,

Базарбайдың Төлеген.

Артынан келді Қаршыға:

"Жібек емес" деген соң,

Онан да өтіп жөнеген.

Тау басында қарағай,

Төлегеннің мінезі

Болып кетті баладай.

Осындай болып әр жерден

Он бір қыз өтті сәулетпен

Бәрі де қалды жарамай.

Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады. Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды", - дейді жыршы. Жібектің ғажайып көркін көрген Төлеген: "Жиһанда бұл сипатты әйел көргенім жоқ еді, енді мұны алайын!" - деп шешеді. Осы сәттен бастап Төлеген енді белсенділік көрсетеді.

Жырдағы Қыз Жібек көркінің сипатталуы:

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Қыз Жібек

Қыз Жібектің құрметі,

Жиһаннан асқан сәулеті,

Ләйлі-Мәжнүн болмаса,

Өзгеден артық келбеті.

Үш қызы бар қасында-ай,

Өзі он төрт жасында-ай,

Кебісінің өкшесі

Бұхардың гауһар тасында-ай,

Ақ маңдайы жалтылдап,

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында-ай.

Қыз Жібектің дидары -

Қоғалы көлдің құрағы,

Көз сипатын қарасаң -

Нұр қызының шырағы,

Дүри гауһар сырғасын,

Көтере алмай тұр құлағы,

Бой нұсқасын қарасаң

Бектер мінген пырағы.

Қыз Жібектің ақтығы

Наурыздың ақша қарындай,

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай,

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай,

Білегінің шырайы

Айбалтаның сабындай.

Төсінде бар қос анар

Нар бураның санындай,

Оймақ ауыз, құмар көз

Іздеген ерге табылды-ай.

Өткірлігін байқасаң

Ұсталар соққан кетпендей.

Нұр тұқымын еккендей,

Екі ауыз сөз сөйлескен

Мұратына жеткендей.

Тірісі түгіл Жібектің

Өлігіне адам қайырылып

Бетінен келіп өпкендей.

Қыз Жібекті Төлеген

Ақылменен танып тұр,

Көз мейірі қанып тұр,

Бейіштен жанған шамшырақ,

Көзі жайнап жанып тұр,

Белі нәзік талып тұр.

Тартқан сымнан жіңішке

Үзіліп кетпей неғып тұр?

Жалпы, Төлеген ғашықтық эпостың дәстүріне сәйкес, өзіне тиісті сынақтардың бәрінен сүрінбей өтеді: қалаған жары үшін ол өз елін, ата-анасын тастап, жалғыз өзі қауіпті сапарға шығады; махаббатқа адалдық танытып, жарық дүниемен қоштасады. Мұндай жағдай романдық эпос кейіпкерінің бәрінің басынан өтеді, Төлеген де осыны бастан кешіреді.

Тумысынан ерекше жаралған Төлегеннің мінезі Жібекке деген ғашықтық сезімі пайда болғаннан кейін бұрынғыдан гөрі жұмсарып, оның болмысын байыта, нұрландыра түседі. Ол өте сезімтал, нәзік жанды болып көрінеді. Бұл қасиеті, әсіресе, Төлегеннің Сансызбаймен қоштасқан сәтінде және әуелеп жүрген алты қазға қарата зарын айтқан кезде барынша кең ашылады. Әсіресе, соңғы монологта Төлегеннің ішкі сезімі өте лирикалық, тебіреністі рухта ашылады.

Жібек те - өз теңін іздеген ару. Оның арманы - өзін құлай сүйген, махаббатқа адал адамға қосылу. Жібектің идеалы - бай да, батыр да емес. Оған керегі - өзінің жүрегін жалындата алатын, өзі сияқты жаны таза, ақылды әрі көрікті жігіт. Яғни, Жібектің өзі қалай сүйсе, жігіт те оны солай сүюі керек. Міне, Төлеген осындай адам. Оны Жібек алғашқы кездесуде-ақ сынап, байқаған. "Жалғыз атты" адамсың дей отырып, Төлегеннің сөзінен, өзін қалай ұстайтын мінезінен оның бекзат жан екенін аңғарған.

Жалпы, Жібектің образы эпоста идеалды болып суреттеледі, оның бойында қазақ әйелінің ең асыл қасиеттері жинақталған. Жырда ол екі бейнеде көрінеді: сұлу қыз және адал әйел. Жырдың алғашқы бөлімінің біраз жері - сол сұлу қызға арналған. Оның сұлулығы алыс жерлерге жетеді, Төлеген де, қалмақ ханы Қорен де ару қыздың даңқын естіп келеді. Жібектің өз елінде де талай жігіт оған ғашық, бірақ Жібекке жолай алмайды, өйткені, Жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді.

Жібектің сұлулығына ақылы мен ақындығы да сай. Алғаш кездескен сәттегі Төлегеннің сөзіне берген жауабы өте ұтымды әрі әсерлі. Ол өзін үлкен шеберлікпен таныстырады жігітке, өзінің кім екенін кәнігі ақындарша баяндайды. Өзін халық құрметтейтінін, жоғары бағалап, сыйлайтынын айта келіп, Жібек Төлегенді әдейі кемсіте сөйлейді, сөйтіп, оның жігіттік намысын сынайды. Жігіттің айтқан жауабына, көркі мен ұстамдығына риза болған Жібек енді өзі іздеген адам - осы Төлеген екеніне көзі жетеді де, соған тұрмысқа шығуға бел байлайды. Бірақ ол жігіттің өзіне ұнағанын сездірмейді, ойын ашық айтпайды. Іштей жақсы көріп қалса да, әліптің аяғын бағады, себебі әкесі қалай қарайды бұл жігітке, әлі белгісіз еді. Әкесінің батасын алған соң ғана Жібек өзінің сезіміне ерік береді, Төлегеннің шақыруын жылы қарсы алып, оның отауына өзі барады.

Осы тұста жырдың көркемдігі де бөлекше ғажап. Алғашқы неке түнінің мұндайлық сұлу, сырлы, тәтті суретін әлем әдебиетінің жаһанға мәлім жауһарларынан да табу қиын.

Екі ғашық қосылып

Әңгіме дүкен құрады,

Екеуінің суреті

Ләйлі-Мәжнүндей болады.

Екі бекзат қосылып

Күндей балқып толады,

Екеуінің нұрына

Көрген жанның бәрі де

Тамаша қайран қалады.

Ойын-күлкі сәулетпен,

Жездеңіздің қасында,

Кеш батқанша отырды,

Кеш баткан соң апаңыз

Күйеуге төсек салады,

Төсекті жайлап салған соң,

Жатар мезгіл болған соң,

Жездеңіздің мойнына

Асыла барып құлады...

Ендігі сөздің қысқасы,

Айтушы ердің ұстасы,

Біз де соны айтамыз

Бұрынғылардың нұсқасы.

Сығалап жатқан ақ берен

Қалаған жерден ұрады,

Қаршыға ілген үйректей

Жұмарлап мойнын бұрады.

Тебетейін сындырып,

Көңілдері тынады...

Міне, осыдан бастап Жібек - күйеуіне өте адал әрі қамқор әйел ретінде көрінеді. Төлегенге деген терең де мөлдір сезімін, шексіз берілгендігін ол, әсіресе, жаман түс көргенін жеңгесіне айтып, Төлегеннің сапарға шықпауын өтіну арқылы білдіреді. Осы эпизодта Жібек - сүйікті жар ғана емес, алдағыны болжай алатын көреген әйел болып бейнеленеді. Көрген түсін өзі жорып, Жібек жеңгесін Төлегенге жұмсайды, Төлеген жолға шықпасын деген тілек білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, Жібек Төлегенге тыйым салады. Бұл - жырда екінші тыйым: әкесі Төлегенге алыстағы Шекті еліне, Жібекке баруға келісімін де, батасын да бермеген-ді. Фольклордың поэтикасы бойынша тыйымды бұзған кісі бір қасіретке тап болады. Ал, қазақтың этикасы бойынша әке батасын алмаған баланың жолы болмайды. Ендеше, Төлегеннің мерт болуының түпкі себебі - осы екі тыйымды бұзғаны дейді жыр.

Жібек Төлегенге ғана адал емес, оның еліне, руына адал. Сүйген жарына ғана емес, оның ел-жұртына деген махаббатын Жібек Төлегенді сегіз жыл бойы күту мен ол келмеген соң оның елінен біреу келуін тосу арқылы да білдіреді. Күйеуінің елін Жібек - өзінің қорғаны деп біледі. Қалмақтың Қорен ханы күш көрсетіп, Жібекті зорлықпен алмақшы болғанда, ол Төлегеннің руын есіне алып, Сансызбайдың неғып келмей жатқанына таң болады. Зарыға күткен Сансызбайы келгенде Жібек еш ойланбастан қайнысымен бірге қашуға бел байлайды. Өйткені, ол, біріншіден, Төлегеннің "өліп кетсем, артымда еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар" деген өсиетін орындауы керек. Екіншіден, Жібек, өз заманының салты бойынша, өзін Жағалбайлының жесірімін деп есептейді де, әмеңгерінің келуін күтеді. Үшіншіден, Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. "Сансызбайды көрген соң, Жібектің көңілі тояды", - дейді жыршы. Демек, Жібек енді өзі сүйіп қалады Сансызбайды. Яғни, Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады.

Сансызбай болса өзін нағыз батыр, елінің таянышы, Жібекті өзі сияқты сүйе білген ер азамат ретінде көрсетеді. Ол Төлеген секілді емес. Ерте жасынан ерлікке даярланып, ағасы дайындап кеткен тоғыз қабат сауытты, дулығаны киініп, найзасы мен садағын асынып, тұлпар атқа мініп, кәдімгі батырларша жолға шығады. Оның бұл сапары, бір жағынан, бұрынғы батырлардың қалыңдық іздеп, сапар шегуін еске түсірсе, екінші жағынан, батырдың жау қолына түскен әйелін (яки қалыңдығын) тұтқыннан азат ету үшін күреске аттанатынын қайталаса, үшінші жағынан, болашақ батырдың алғашқы ерлігін ойға оралтады. Ал, мұның бәрі классикалық батырлық эпосқа тән. Демек, "Қыз Жібек" жырының екінші бөлімі - көне заманнан келе жатқан "жігіттің ерлікпен үйленуі" туралы сюжет болып табылады. Бұл сюжет, әсіресе, батырлық ертегі мен көне эпоста жиі кездеседі. Осы ежелгі сюжетті жыршылар әдемі пайдаланып, жырға шеберлікпен енгізген, сөйтіп, екі сюжеттен тұратын өте көркем ғашықтық жыр тудырған.

Эпоста Сансызбай екі сипатта көрінеді: ағасын жанындай жақсы көретін бауыры және оның ісін жалғастырушы інісі. Бірінші сипаттағы Сансызбай - әлі жасөспірім, сондықтан оны бейнелеуде жыр лирикалық психологизмге орын берген. Қайын жұртына кетіп бара жатқан ағасымен қоштасқан сәттегі Сансызбайдың мінезі, ағасына айтқан сөзі - оның терең ойлы, ата-анасы туралы қам жейтін, келешегін ойлайтын бала жігіт екенін дәлелдейді. Мұңлы болған Сансызбайдың қайғыратыны: ағасы әкесінен бата ала алмай және жалғыз аттанып бара жатқаны, ол кеткен соң ата-анасының, ел-жұрттың халі не болатыны, өзінің тым жас екендігі, сол себепті әке-шешесін бағып-қағуға әлі жарамайтыны... Осының өзі-ақ Сансызбайдың ерекше жан екенін көрсетіп, оның келешекте нағыз азамат болатынын аңғартады. Ағайынды екеуінің қоштасу сөздерінен Сансызбайды алда үлкен де қатерлі сынақ күтіп тұрғаны сезіледі. Оны Төлеген де болжап, інісіне қажетті батырдың сауыт-сайманын дайындап қойғанын айтады және өзі мерт болса, Жібекті іздеп табуды, ешкімге қор қылмай, жар етіп алуды тапсырады. Міне, осылай жырдың эпилогі іспетті көрінетін Сансызбай мен Жібек жайындағы қосымшаның пайда болуы ақталады да, бүкіл жыр біртұтас көркем дүниеге айналған.

Жырдағы осы екінші сюжет эпосқа мейлінше қазақы сипат дарытқан. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы екінші бөлікте көбірек әрі жарқын көрінеді.

Егер бірінші бөлімде Төлеген Қыз Жібекті алу үшін екі жүз елу жылқы сатып алып, қалыңмал берген дәстүр көрінсе, екінші бөлімде қандай да бір істі бастар алдында үлкендердің батасын алу ғұрпына үлкен мән беріледі. "Ата қарғысы - оқ" деп түсінген халық Төлегеннің мерт болғанына аянышпен қараса да таңданбаған, қайта оны заңдылық деп қабылдаған. Ал, "баталы ұл арымас" деген ұғымды ұстанған жыршы да, тыңдарман да Сансызбайдың ақжолтай болғаны - әкесінің оң батасын алғандықтан деген ой ұсынады. Сондай-ақ Жібектің әмеңгерлік салтымен Сансызбайға қосылуы да - ел үшін еш оғаш емес, керісінше, оны орынды деп білген.

Сонымен Сансызбай Жібекті алады, бірақ ол тек әмеңгерлік жолымен ғана алмайды. Сансызбай, кәдімгі қаһармандық эпостағы батырларша, ерлік жасап алады. Ол бұл жерде - Жібекті құтқарушы, түптеп келгенде, әділеттілік орнатушы, сондықтан да оның іс-әрекеті толығымен құпталады. Оның образы біржақты емес. Сансызбай - ең әуелі батыр.

Бізге жеткен "Қыз Жібек" жыры - таза сөз өнерінің дүниесі, сондықтан ол көркем шығарма деп түсініледі. Олай болса, мұнда жүйелі композиция, қызғылықты сюжет, бітіспейтін тартыс, кестелі тіл, яғни көркем шығармаға не керек, соның бәрі болуға тиіс және олар жырда айтарлықтай көрініс тапқан. Әрине, бұл әлі жазба әдебиеттің үлгісі емес, мұнда көпқатпарлы іс-әрекет жоқ, шытырман оқиға баяндалмайды, кейіпкерлердің мінез-құлқы, психологиясы, характері динамикалық түрде дамымайды. Дей тұрғанмен, "Қыз Жібек" жырында басты қаһармандармен қатар басқа да кейіпкерлер оқиғаларға араласып, шығарманы мазмұн жағынан байыта түскен. Олар екі топқа бөлінеді. Бірі - басты қаһармандардың жанашыр достары болса, екіншісі - олардың қарсыластары. Достары Жібек пен Төлегеннің, содан соң Жібек пен Сансызбайдың махаббатын қоштап, оларға әрдайым жәрдем етіп жүреді. Бұлардың арасынан Қаршыға мен Шегені ерекше бөліп алуға болады.

Жалпы, Қаршыға мен Шегенің образдары көне эпостағы ежелгі көмекшілердің ғашықтық жырда өзгергенін көрсетеді. Мұның басты себебі - "Қыз Жібек" тұтас эпосқа, яғни көркем жырға айналған заманда (ХV-ХVІ ғ.ғ.) және одан кейінгі дәуірлерде де (ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.) ер адам туралы қоғамдық идеалдың ауысқаны. Ол - тек қана қара күштің иесі емес, оны-мұныдан хабары бар, шежіреші, ақылды әрі сөзге ұста адам. Бас қаһарманның өзі сегіз қырлы, бір сырлы болғандықтан, оның көмекші достары да сондай болуға тиіс.

Жырға үлкен серпін беріп, оған көркем шығармаға қажетті қасиеттерді дарытып тұрған нәрсе - кейіпкерлердің бітіспес тартысы. Оны күшейтіп, ширықтыруда бас қаһармандарға қарсы қимыл жасап жүрген Бекежан мен оның жолдастары және қалмақтардың ханы - Қорен. Алайда, Бекежан мен Қорен бір-біріне ұқсамайтын дұшпандар. Бекежан - романдық эпостағы дәстүрлі кейіпкер, яғни екі ғашықтың ортасында жүрген қастангер (жігіт - қыз - қастаншы).

Ал, Қорен хан болса, ол Бекежаннан өзгеше дұшпан. Қорен - елдің ішіндегі қаскүнем емес, сырттан келген жау. Жау болса да, ол - нағыз батыр. Өз ойын ашық айтады, күшіне сенеді. Жібекті күшпен алатынын да жасырмайды, Сырлыбайға қызыңды бермесең, еліңді шабам деп, бүкіл ауылды қамап, тұтқында ұстайды. (Әлбетте, адамгершілік тұрғысынан келгенде, бұл да - зорлық). Сансызбаймен жекпе-жекте өзін нағыз батырша көрсеткен Қорен жай күнде мақтаншақ әрі өз айтқанынан қайтпайтын, ешнәрсенің байыбына бармайтын, тек өзінің қара күшіне сенетін дүлей бейнесінде көрінеді. Эпос оны, бір жағынан, асқан ержүрек батыр етіп бейнелесе, екінші жағынан, анайы ақымақ етіп суреттейді.

Егер Қорен мен Бекежанды салыстыра қарасақ, екеуі де - жағымсыз кейіпкер, бірақ олар бір-біріне ұқсамайды. Эпос оларды бірі-біріне қарсы қоятын секілді. Қорен - ашық жау, ол - қазақ елінің ата жауының өкілі. Оның бүкіл ойы мен іс-әрекеті - күллі ел жауының әдеткі ісі. Яғни, оның мақсаты - шапқыншылық жасап, Шекті руын жаулап алу, күш көрсетіп, мал-мүлкін талау, еркектерді қырып, әйелдерді - күң ету. Қорен Жібекті сүйгендіктен алайын демейді, оны салық деп қарайды. Өмірде де, фольклорда да сыртқы жау қашанда жеңген елінен алым-салық талап етеді, міне, Қорен де осылай істейді.

Бекежан болса - сырттан келген жау емес, іштен шалған қаскүнем. Былай қарағанда, Бекежанның Жібекке ғашық болуында еш сөкеттік жоқ. Ол да жігіт, ол да сұлу қызды алуға құқылы. Бірақ эпос пен жыршы оны қызды ұнатқаны үшін жек көрмейді, керісінше, оны өз сезімін қызға жеткізе алмағаны үшін, қыздың жүрегіне жол таба алмай, зұлымдыққа барғаны үшін жексұрын етіп көрсетеді. Бекежан өз махаббаты үшін адал күреспей, жауыздық жолын таңдайды, ал бұл жолда ол өзін арам пиғылды адам ретінде танытады. Сол себепті ол өзінің жымысқы тірлігін жасырын істейді, ойын құпия ұстайды. Жырда Бекежанның қалай өмір сүріп жүргені, бұрын кім болғаны айтылмайды. Эпос оны тек "қарақшы" деп атайды. Ал, қарақшының болмыс-бітімі белгілі. Қоренге қарағанда, Бекежан - айлакер, қу, бәрін алдын-ала ойластырып қояды, әрбір арам ісін залымдықпен жүзеге асырады. Сондықтан ол Қореннен де қауіпті. Сол себепті жыр да, жыршы да, тыңдаушы да Қоренді емес, Бекежанды қарғайды, оны ит өлімге қияды. Бекежан - адам табиғатындағы ең жағымсыз қасиеттердің, зұлымдықтың, жауыздықтың белгілерін бойына жинақтаған, солардың символына айналған образ. Міне, бізге жеткен "Қыз Жібек" жыры - таза көркем фольклордың айшықты үлгісі екені осыдан да байқалады.

Қазақтың классикалық түрдегі "Қыз Жібек" жыры - ежелгі рулық заманда пайда болған "жігіттің үйленуі" туралы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпос болып қалыптасқан түрі. Бұл сюжет, әсіресе, Қазақ хандығы тұсында көркем фольклордың тамаша үлгісіне айналған. Талантты ақындар мен жыршылар "Қыз Жібек" жырын тамаша романдық эпос етіп жырлаған, соның арқасында ол біздің заманымызға жетіп отыр. Жетіп қана қойған жоқ, қазіргі мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды. "Қыз Жібек" жыры профессионалды операға, көркем фильмге негіз болды. 1971 жылы Ғабит Мүсірепов сценарии бойынша Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді. Төлеген мен Жібек рөлдеріне Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешева таңдалды



Начало формы

жаңалықтар

Конец формы

Айбек ТАСҚАЛИЕВ

24 Қаңтар 2012, 11:21 Қарап шығу: 3926 Пікірлер: 0 Блог

"Бізді қосқан "Қыз Жібек"

Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков дегенде ойымызға алдымен Жібек пен Төлегеннің образы оралады. Өйткені, олар қос ғашықтың бейнесін бүгінде қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібекте» сәтті сомдап қана қоймай, өмірде де бірге болуды жөн санап, осылайша, мәңгілік махаббаттың символына айналғандай. Биыл Құман мен Меруерттің арасында сырлы сезімнің оянуына себепші болған картинаның жарыққа шыққанына және екеуінің неке қидырғанына 41 жыл толды. Осы аралықта халықтың ризашылығына бөленіп жүрген жұлдызды жұпты атаулы датамен, сондай-ақ қазақ қыздарының өмірдегі прототипі іспеттес Меруерт Қаратайқызын 60 жылдық мерейтойларымен құттықтап, олардан өмірі мен өнері туралы әңгімелеп берулерін сұраған едік. Өнерлі ерлі-зайыптылармен өрбіген сыр-сұхбатымызды ықшамдап, оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

- Алдымен қатарынан үш қуанышыңызбен құттықтай отырып, әңгімемізді бәрінің қалай басталғаны турасында тарқатсақ...

Меруерт: - Рахмет, айналайын! Әуелі кино туралы айтатын болсам, 1967 жылдың соңында Сұлтан Қожықов есімді режиссердің романтикалық драманы түсіргелі жатқанын дүйім жұртшылық болып естідік. Шыны керек, бұл киноға түсуге ойда жоқта келдім десем болады. Ол кезде мектепте оқимын, актриса атанамын деген ой мүлдем болған жоқ. Айтып-айтпай не керек, іріктеудің өтіп жатқанынан хабардар болып, барсам, толған қыздар... Әрі бәрі де әдемі, көздері мен сөздерінен аңғарғаным, «сен тұр, мен атайын» деп тұрғандай. Әрқайсысы өз-өзіне сенімді, басты рөлде ойнайтындай жанарларымен жалт-жұлт етеді... «Мәссаған, мына сұлулардың арасында маған не бар?..» деп ойлап қоямын. Бір қызығы, олардың бірен-саранын есептемегенде, көпшілігі іріктеудің екінші кезеңіне де өткен жоқ. Кейін режиссерден білгенімдей, келген 400-ге жуық қыздың жүзі көрікті болғанымен, жүректерінде өнерге деген сүйіспеншілік жоқ демеймін, аз екен. Оның үстіне, тапсырылған рөлді өз деңгейінде ойнап шығуға біразының қабілет-қарымы жетпеген деседі. Содан болар, шығармашылық топтағы өнер иелерінің көпшілігі менің қабылданғанымды қалап, «сабақты ине сәтімен» демекші, көп ұзамай Жібектің рөліне бекітілдім.

Құман: - Ал қалай танысқанымызды айтсам, оның өзі қызық болды (күліп). Кезекті бір күндердің бірінде «пробаға» келген сүп-сүйкімді, сұлу да сымбатты қыздың көзіме оттай басылмасы бар ма?! Бір көргеннен-ақ Жібектің рөліне соның алынатынына сенімді едім. Оған қоса, «осы қыз тәуір, Жібекке келетін сияқты» деп, ұйымдастырушы топқа өзіндік пікірімді айтқандай боламын. Содан тілегім орындалып, Меруерт екеуміз жұмысымызға кірісіп кеттік. Шамасы менің оны ұнатқанымды байқаған болуы керек, Әлекендердің (Әнуар Молдабековті айтады - А.Т.) мені түсірілімде мақтап, «Меруертжан, осы жігітке қосылсаң, қор болмайсың» деген сыңайда әңгіме айтатыны бар. Екі жас бір-бірімен тіл табысып, қосылсын деген ниет қой. Онымен қалада өскен қыздың: «ой, не надо» деп, кері тартатынын қайтерсің (күліп). Әңгіменің ашығы, көпке дейін амандық-саулық сұрасқаннан әріге аспай, алыстан араласып жүргеніміз бар.

- Алайда, көп уақыт өтпестен, танысып-білісіп, кездесе бастадыңыздар ғой?

- Иә, солай. Алғаш рет емен-жарқын әңгімелесіп, оны үйге дейін шығарып салуыма Алланың өзі көмектесті. Тарқатып айтсам, «шіркін-ай, мына қызды қалай шығарып саламын?» деген ойдың біраз уақыт бойы маза бермегені рас. Содан бір күні түсірілімнен кейін бәріміз далаға шықсақ, жаңбыр жауып тұр екен. Жауын болғанда сіркіреп емес, шелектеп құйып тұр. Ал Меруерт болса, аққу секілді бал-бұл жайнап, аппақ күртеше киіп алыпты. Үйіне жалғыз кетіп бара жатқан қыздың соңынан ысқырсаң, «мына жігіт жынды ма?» деп ойлауы мүмкін. Жұмыс уақытында онша көп сөйлеспейтінімізді ескерсем, қасына барып, әңгіме айту тағы ыңғайсыз. Ақыры ішімнен: «о, Алла, көмектесші, мына қыз дәл қазір батпаққа құлап қалсыншы» деп жалбарынудан басқа амалым қалмады. Құдайдың өзі қолдаған шығар, қас бен көздің арасында Меруерт батпақты жерге топ ете қалды. Ақ киімі лезде қап-қара түске боялып, балшықтан тұра алмай тұрғаны... Жасырып қайтемін, сол кезде шын жүрегіммен қуанып, Жаратқанға ішімнен жарапазан жеткізгенмін-ді. Әйткенмен, қарап тұратын уақыт жоқ, мүмкіндікті жібермеу керек, қасына жүгіріп барып: «Меруерт, бәрі жақсы ма?» деп, өзімше хал-жағдайын сұраумен қатар, жерден тұрғызайын деп жатырмын. Онымен айтқан жылы сөзіме, көрсеткен көмегіме иланатын қыз жоқ, сол бойда-ақ мінезін көрсетіп әлек. Қызға тән қырсықтығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол сөздің арасында қолымды итеріп, «керек емес көмегін» дегендей басын шайқағанын айта кеткенім ләзім (күліп). Әйтеуір, әрең дегенде жерден көтеріп, сол оқиғаның арқасында онымен азын-аулақ әңгіме-дүкен құрып үлгердім. Ол кезде студентпін, қалтамдағы соңғы 1 сомымды «таксиге» жұмсап, үйіне ақыры жеткізіп салдым-ау. Жаңбырды сылтау етіп, сол күні қайда тұратынын біліп, алыстан әке-шешесін де көрдім. Бәрі де солай басталған... Жастық дәурен де өтті ғой, шіркін...

- Содан кино үлкен экранға жол тартқаннан кейін, жүрек жарастырып, ерлі-зайыпты атандыңыздар ма?

Меруерт: - «Қыз Жібек» көпшілік көрерменге көрсетілген соң, 1970 жылдың 6-шы қарашасында шаңырақ көтеріп, АХАЖ бөлімінде некемізді қидырдық. Кинода бірге түскен Әнуар Молдабеков тойымыздың басы-қасында жүрсе, Асанәлі Әшімов асаба ретінде қуанышымызға ортақтасты. Тағы бір жайт, фильмдегі киімдерімізді үйлену тойымызда да киіп, екеуміз алғаш түскен картинаны мәңгілікке ұмытпайтындай болдық. Сол аралықта 40 жылдың қалай тез өте шыққанын байқамай да қалғандаймыз. Бұйыртса, алдағы айдың басында бас қосқанымызға 41 жыл толады.

Құман: - Шүкір, ізімізді жалғайтын балаларымыз бар. Үлкен қызымыз Жібек - тележүргізуші. Оның 4 баласы өсіп келеді, үлкен немереміз университет қабырғасында білім алып жатқанын тілге тиек ету керек. Күйеу баламыз Ибрагим - әскери дәрігер, өзіміздің ұлымыздай болып кеткен жан. Ұлымыз да өнерден алшақ емес, бала кезінде киноға түскен. Ал кіші қызымыз Қарлығашты өнердің өз өкілі деуге болады. Өйткені, музыкалық білімі бар, кәсібі ретінде әншілікті таңдады. Алла сәтін салса, алдағы уақытта кенжемізді үлкен сахналардан көріп те қаларсыз. Жалпы, балаларымыздың жолымызды қуатынына сеніміміз кәміл.

- Сіздердің пікіріңізше, «Қыз Жібектің» көрерменнің көңілінен шығу себебі неде? Кинодағы актерлердің арқасы ма, әлде махаббат хикаясының тартымдылығы ма?

Меруерт: - Бұл сұраққа жауап беру қиын. Бір анығы, «Қыз Жібек» - тек қана мәңгілік махабатты емес, сондай-ақ патриоттық сезімді ұлықтап, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кеңінен қамтыған кино. Содан болар, ол басқа картиналармен салыстырғанда, өміршең болды. Тіпті, ол бастапқыдай халықтың сүйіспеншілігінен әлі де тайған жоқ десем, асыра сілтеді демеңіздер. Өйткені, тағы да қайталаймын, бұл кино - тек қана бір тақырыптың аясында ғана шектеліп қалмады.

Осы ретте, «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры ойдан шығарылған емес, шынайы өмірде болғандығымен де қызықты шығар. Неге десеңіз, аталмыш махаббат оқиғасының осыдан шамамен 500 жыл бұрын Ақтөбе облысының аумағында болғаны туралы нақты тарихи деректер бар. Демек, халықтың аңыз-әпсанадан бұрын, тарихи оқиғаны бағалайтыны байқалады.

Одан бөлек бұл картинаға Сұлтан Қожықов режиссерлік етіп, Ғабит Мүсірепов оның сценарийін жазса, Нұрғиса Тілендиев пен Қадыр Мырза Әли ағаларымыздың да атсалысуның өзі - киноны классикаға айналдырды. Қазақтың біртуар өнер иелері Фарида Шәріпова, Сәбира Майқанова, Әнуар Молдабеков, Кәукен Кенжетаев, Асанәлі Әшімов, Ыдырыс Ноғайбаевтардың қатысуы да халық қошеметіне бөленуімізге әсер етпей қоймады деп есептеймін.

- Ал сол классикалық киноның кейіпкерлері Жібек пен Төлегенге, яғни сіздерге құрмет-қошемет тиісті деңгейде көрсетіліп жүр ме?

Құман: - «Мен «Қыз Жібекте» Төлегенді ойнадым» немесе «екеуміз де мықтымыз, кинодағы Жібек - менің өмірдегі келіншегім» деп, ешқашан мақтанып көргенім жоқ. Құдайдың өзі куә, олай айтудан да аулақпын. Халықтың өзі-ақ бәрін біледі, киноның жарыққа шыққанына 40 жылдан асса да, көрермендеріміз бізге құрмет көрсетуден жалыққан емес. Шүкір дейміз. Әйтеуір, барған жерімізде елеп-ескеріп, «Жібек пен Төлеген келе жатыр» деп, жылы жүзбен қарсы алады. Соған шексіз ризамыз.

- Режиссерлер Тастанбековтердің өмірі мен өнері жайында сыр шертетін, «Қыз Жібектің» жалғасы іспеттес кино түсіруге ұсыныс білдірсе, қалай қарайсыздар?

Меруерт: - Нақты біз туралы түсірілсе екен деп айта алмаймын. Оны осы саланың басы-қасында жүрген мамандардың өзі шеше жатар. Расын айтсам, бұл тақырып жөнінде біздің емес, солардың айтқанын құптаймын.

- «Қыз Жібек» - талайлардың таңдайын қақтырған толымды туынды. Дегенмен, экранға шыққанына 40 жылдан асқан киноның әлі де болса, біз білмейтін тұстары бар ма? Жалпы, оның тағы қандай берері бар?

Құман: - Бергенінен берері көп. Жоспарға сай, осы жылы «Қазақфильмнің» мұрындық болуымен «Қыз Жібек» киносының пленкалары жаңартылып, жоғары сапамен көрерменге DVD дискі түрінде сатылымға шығарылмақ. Бұл мақсатта қазіргі таңда киноның Мәскеуде өңделіп жатқанын тілге тиек етсем деймін. Құдай қаласа, бірер айда сүйінші хабарды естіп қаламыз ба деп отырмыз.

- Сұхбат соңында, Жібек пен Төлегеннің өмірдегі протиптері - Меруерт пен Құман болып, махаббат ұғымына қандай анықтама берер едіңіздер?

Меруерт: - Біздіңше, махаббатсыз өмір, өмірсіз махаббат жоқ. Яғни, екеуі - құстың қос қанатындай. Сол себепті жастарға мәңгілік махаббат тілейміз. Әр жастың жүрегінде махаббаттың оты өшпесе, одан жаман адам шықпайды деген пікірдеміз. Жалпы, махаббаттың ауқымы кең. Оны тек қана қыз бен жігіттің арасындағы сезім деп қабылдау - қате. Ата-анаға, туған жерге, сүйікті жұмысына деген махаббатын жоғалтпаған адам - өзгені сүйе алады. Осыны естен шығармағанымыз дұрыс.

Құман: - Иә, зайыбымның пікірімен толық қосыламын. Және де сүйген адам өзінің сүйіспеншілігін жүрегінің жартысына күн сайын дәлелдеп, бұл жағын да мүмкіндігінше ұмыт қалдырмағаны жөн демекпін. Ол сый-сияпат, гүл, өлең жолдары немесе жай ғана жылы сөз болса да, бастысы, шын жүректен арналсын... Сонда ғана ерлі-зайыптылар әрдайым бірге, тату-тәтті ғұмыр кешеді, тиісінше олардың отбасысы да берік болады....

- Сөзіңіз аузыңызда, сіздің өнердегі Жібегіңіз һәм өмірдегі Меруертіңізге күн сайын арнайтын сыйыңызды айтып өтсеңіз...

- Жеңгелеріңізге деген махаббаттан туған мына жыр жолдарымды мен әрдайым әнге қосып, оған айтып отырамын:

Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,

Жүрегімде басталды бір майдан.

Перзентісің, гүлім

Махамбеттің жырын.

Тудырған ұлы өлкенің,

Айнымашы құрбымнан, көркемім

Жүректегі бар сырым.

- Әңгімелеріңізге рахмет!

Әңгімелескен Айбек ТАСҚАЛИ.

"Нұр Астана" газеті /қараша 2011 жыл/



ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту. Балалар! Ұрпақ санасында мәңгі сақталатын, көркем жырға арқау болған басты кейіпкерлеріміз Төлеген мен Жібек бейнесінің қыр сырын жан-жақты ашу үшін «Қыз Жібек» кинофильмінің сюжеттерін арқау етсек. Есімізге түсірейік. Фильмді бәріміз көрдік деп ойлаймын. Жалпы сіздерге керек дерек ретінде айтып өтейін, Көркем фильм 1970 жылы режиссер Сұлтан Қожықовтың, жазушы Ғабит Мүсіреповтің жазған сценариі бойынша түсірілген. Сценарийді Ғабит Мүсірепов араб қаріптерімен жазған, сондықтан да оны ешкім түсінбегендіктен, фильмнің түсіру тобын жинап алып, жазушы бәріне өзі оқып берген.
Компазиторы- Нұрғиса Тілендиев.
Ән өлеңдерінің авторы-Қадыр мырза Әли.
Фильмнің авторлары: Асқар Сүлейменов пен Олжас Сүлейменов.

1.Кино фильм желісі бойынша «Қыз Жібекті» қаншалықты біледі екенбіз, өзімізді тексеріп көрейік.
1.«Қыз Жібек» фильмі басталғанда айтылатын ең алғашқы сөз қандай?
А. «Ағайын!»
Ә. «Аруақ!»
Б. «Алдияр!»

2. Қазір көпшілік арасында әзіл ретінде «Бекежан мырза, сен сөзді бөле бердің ғой...» деген ескертпені кім айтады.
А. Қаршыға
Ә. Базарбай
Б. Сырлыбай

3. Жібек Төлегенді алғаш көргенде оның алқалы топ алдында ашына айтқан сөздерін аузын аша тыңдап қалып...
А. Ұйтқи соққан желмен басынан бөркінің ұшып түскенін байқамай қалады.
Ә. Қолындағы кесе толы қымызды төгіп алғанын байқамай қалады.
Б. Жеңінен тартқан жеңгесін елең қылмай, орта шыға келгенін сезбей қалады.

4. Көш кезінде жібек күймемен келе жатады, ал оның жеңгесі ше?
А. Түйеде
Ә. Сәйгүлікте
Б. Күймеде Жібектің жанында

5. Бекежанның Төлегенге айтқан «Қатынжандылығыңды көрдік....» деген сөзінің әрі қарайғы жалғасы қандай?
А. «... қане, сандалмай, қанша қадамнан атысатыныңды айт!»
Ә. «...байқа, күшік күйеу!»
Б. «... енді білек күшіңді байқайық!»

6. Жібектің Төлегенге мінгізген тұлпары қалай аталады?
А. Бозайғыр
Ә. Тарланбоз
Б. Ақбозат

7. Жауға қарсы аттанған Төлегенге кім бата береді?
А. әкесі Базарбай
Ә. анасы Қамқа
Б. досы Шеге

«Қыз Жібек» туралы Мұқаң былай дейді: «Қыз Жібек» әңгімесі - көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі».

М. Ғабдуллин де өзінің жыр туралы пікірін айта келіп, былай түйеді: «Қыз Жібек» ақындық тіл жағынан да әдемі жырдың бірі. Неше түрлі әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, әдемі теңеулер, сөз айшықтары жиі ұшырайды. Жыршы ақын халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, аз сөзге көп мағына сыйғыза білген».

Меруерт Қаратайқызы Өтекешова (25 ақпан 1951 жылы т., Орал қаласы) - кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1982).



  • 1968 ж. Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған.

  • 1969-1973 ж. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін бітірген.

  • КСРО Халық артисі Х.Бөкееваның класында дәріс алған.

  • 1973 жылдан М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академия драма театрында артистік театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман (1973).

Рольдері

  • «Қыз Жібек» (1970)

  • «Ағам менің» (1972)

  • «Ұлымның оралуы» (1977)

  • «Қосымша сұрақтар» (1977)

  • «Тентек балалар»(1980)

  • «Аждаһа жылы» (1981)

  • «Орнамент» (1982)

  • «Кінәңді ақта» (1983)

  • «Жауын»

  • «Ақ бақсы», т.б.

  • «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларында түсірілген фильмдерде ойнаған.

Марапаттары

  • М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанған.

  • Республикалық «Жігер» фестивалінің де лауреаты.[1][2][3]

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10.3.1945 ж. т.,Алматы облысы Сарқант ауданында Екіаша ауылында) - актер, ҚР-ның халық артисі (1993).

1969 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік ф-тін (педагогы - проф. Х.Бөкеева) бітірген соң, Қазақтың мемл. академ. драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі - "Қыз Жібек" фильміндегі Төлеген (1970). Бұдан кейін "Қыс - мазасыз маусым", "Ағам менің", "Ерекше күн", "Аққулар ұшып келеді", "Махаббат жаңғырығы", "Ағама арналған қалыңдық", "Қа-раша қаздар қайтқанда", "Провинциялық хикая", "Алаң шеті", "Өрнек", т.б. фильмдеріне түсті.

Ол театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов, "Ана - Жер-ана" мен "Ақ кемесі"), Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, "Айман - Шолпан", "Қарагөз" бен "Еңлік - Кебек"), Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, "Қан мен тер"), Жан (О.Бөкеев, "Құлыным менің", Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., 1976), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, "Абай"), Маздақ (М.Шаханов, "Сенім патшалығы"), Орест (Л.Дюрко, "Электра, сүйіктім менің"), Флоридор (Ф.Эрве, "Түлкі бикеш"), Фархад (Назым Хикмет, "Фархад - Шырын"), т.б. секілді әр алуан рөлдерді орындап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады.

Арман қуып, Екіашадан Алматыға келген балаң жігіт ұлттық экранның төрінен бір-ақ шығамын деп ойламаған еді. Ол «Төлеген бейнесінен кейін биіктеу мүмкін емес» деген қасаң көзқарастың быт-шытын шығарды. Сахнаға шыққан сайын тынысы кеңіп, камерамен қауышқан сайын мүмкіндігі ашыла түсті. Ұлттық кинематографияға Ғани («Біздің Ғани»), Бақыт («Ерекше күн»), Семетей («Аққулар ұшып келеді»), Нұрбек («Махаббат жаңғырығы»), Сәкен («Ағама арналған қалыңдық»), Мұрат («Қараша қаздар қайтқанда») сынды айтулы образдар сыйлады. Қазақ театр өнерін Жан («Құлыным менің»), Тәңірберген («Қан мен тер»), Ақан («Ақан сері-Ақтоқты»), Қасым («Ана-Жер-ана»), Шоқан («Шоқан Уәлиханов») сияқты жарқын бейнелермен толықтырды. Актер әлі де қазақ өнерінің қара шаңырағы - М.Әуезов театрының сахнасында жарқырап жүр. 70 жас мерейтойы қарсаңында ҚР халық әртісі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Құман Тастанбековпен әңгімелесудің сәті түсті.

- Құман аға, биыл өмірдегі, өнердегі үш бірдей қуанышыңыз қатар келген екен. Өзіңіз жетпіске аяқ басқан жылы «Қыз Жібектің» жарыққа шыққанына 45 жыл толып отыр. Меруерт апай екеуіңіздің шаңырақ көтергендеріңізге де тұп-тура 45 жыл. Өткен жылдар жайлы айтылар әңгіме аз емес шығар…
- Рахмет, айналайын. Жетпіс жас атаусыз қалмас, Меруерт екеуміздің отбасылық ғұмырымыздың мерейлі кезеңі де елеп-ескерілер. Бірақ «Қыз Жібек» фильмінің экранға шыққанына 45 жыл толатынын көпшілік біле бермейді. Атқамінерлер білсе де, елегісі келмейтін сияқты. Сіздің аузыңыздан естіп, қуанып қалдым. Бұқаралық ақпарат құралдары ғана арагідік халықтың, биліктің есіне салып қояды. Өзіміз айтпасақ, кім айтады? Сұраушысы жоқ, іздеушісі қалмады демесін. Кеше Кеңес Одағын мойындатқан «Қыз Жібек» бүгін де көрерменнен кенде емес. Ертең де іздеушісі көп болатынына кәміл сенемін.
90-жылдары ұлттық экрандардан көрсетілген «Қыз Жібек» тозығы жеткен кино болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикалық қиындықтардан көз ашпай тұрған кез. Киноны кім керек қылсын? Меруерт екеуміз шапқылап жүріп, көнерген фильмді жаңарту жұмыстарын қолға алдық. «Қазақфильмге» барсақ, киноның пленкалары жан-жаққа шашылып кеткен. Мәскеудің іргесінде Белые столбцы деген қалада үлкен киностудия бар. Ол кезде одақ көлемінде түсірілген барлық фильмдердің негативті пленкалары сол жерде сақталатын. Демеуші тауып, сол жақтан киноны жаңартып алып келдік. Бірақ ол «Қыз Жібектің» орысша нұсқасы еді, бізге қазақшасы керек. «Қазақфильмнен» қазақша нұсқасының магнитті пленкасын таба алмай әуреге түстік. Ол кезде киностудия бейберекет болатын. Қазіргідей тәртіп, тазалық болған жоқ. Суреттер бір жақта, қағаздар бір бұрышта үйіліп жататын. Қожайын жоқ, ие жоқ. Іздегенімізді бірнеше күн сандалып, әрең таптық. Бір-екі табағы жоғалып қалған екен. Не істейміз? Актерлардың дауысын қалайда табу керек. Қыз Жібектің ескі нұсқасын таптық та, дыбыс жолағынан қажетті дауыстарды кесіп алдық. Жиған-тергеніміздің басын құрау үшін Меруерт қайтадан Мәскеуге барып қайтты. Қазір экранға шығып жүрген «Қыз Жібек» осындай машақаттың арқасында бүтінделді. Меруерт екеуміздің фильмге сіңірген еңбегіміз де - сол.
Сіздер көрген «Қыз Жібек» - қысқартылған фильм. Ал оның толық нұсқасы менің қолымда болды. Режиссер Сұлтан Қожықов фильмнің ең алғашқы нұсқасын өзі ауырып жатқанда маған тапсырды. «Саған сеніп отырмын, өзің ие бол! Кейін жарыққа шығарасың», - деген еді. Қаншама жыл тұрып, көнере бастаған соң фильмге енбей қалған тұстарын кесіп алып, киностудияға тапсырдым. Екі көш, Таңбалы тас, жоңғарлардың келетін тұсы, шайқас кадрлары, фильмнің соңы - бірнеше көрініс әу баста қиылған болатын. Киностудиядағылар сол тұстарды фильмге қосып, алғашқы нұсқасын жаңғыртқылары келген. Бірақ құнттамаған соң қалып қойды. Кейін таппай қалдық. Толық нұсқасы жарық көреді дегенді естігендер «Қашан көреміз?» деп күтіп жүр. Мен киностудияға сеніп қалдым, артынан өкіндім. Аяғына дейін өзім жүгіруім керек еді. Фильмге түскен өзіміз, ыстық-суығына төзген де - өзіміз. Актерлардан Асанәлі аға, Меруерт үшеумізден басқа ешкім қалған жоқ. Шығармашылық топтан дыбыс режиссері Қадыр ағамыздың ғана көзі тірі.
- Сіздің ойыңызша «Қыз Жібек» өміршеңдігінің сыры неде? Шығармашылық һәм актерлік құрамның мықтылығында ма, әлде махаббат хикаясының тартымдылығында ма?
- «Қыз Жібек» - тек қана мәңгілік махабатты емес, патриоттық сезімді ұлықтап, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кеңінен қамтыған кино. Содан болар, ол басқа картиналармен салыстырғанда өміршең болды. Оған деген халықтың сүйіспеншілігі жылдар өте келе артпаса, кеміген жоқ. Өйткені бұл кино тек қана бір тақырыптың аясымен шектелмеген.
«Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры ойдан шығарылған оқиға емес, шынайы өмірде болғандығымен де қызықты шығар. Бұл махаббат хикаясының осыдан шамамен 500 жыл бұрын Ақтөбе облысының аумағында болғаны туралы нақты тарихи деректер бар. Демек халық аңыз-әфсанадан гөрі тарихи оқиғаны жоғары бағалайды.
Оның үстіне, сценарийін Ғабит Мүсірепов жазып, Сұлтан Қожықов режиссерлік еткен, Нұрғиса Тілендиев пен Қадыр Мырза Әли, Гулфайруз Исмайылова сияқты өзі ісінің мамандары атсалысқан картинаның осал болуы мүмкін емес еді. Актерлер де кіл мықтылар. Қай образға қарасаң да хас шеберді көресің. Сырлыбай, Бекежан, Шеге, Қаршыға, Базарбай, Қамқа, Айкөз, Кербез бейнелеріндегі әртістерді режиссердің дәл тапқанына қайранмын.

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)- Өткен ғасырдың 60-жылдарына шегініс жасап, фильмге алғаш қабылданған сәтіңізді еске түсіріп көріңізші.
- Тым алысқа апарып тастадың ғой (күліп). Онда әңгімені ауылдан бастауға тура келеді. Мен Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылында туып-өскенмін. Соғыстан кейінгі кезеңнің қиындықтарын бір кісідей көрдік. Елбасының кітаптарында айтылған оқиғалардың бәрі біздің де басымыздан өтті. Біздің ауылда бірнеше ұлттың өкілі тұрды. Украины бар, орысы мен татары, өзбегі де бар - бәріміз тату-тәтті өмір сүрдік. Тойымыз да, қайғы-мұңымыз да ортақ болды. Көрші-қолаң асарлатып, айналасы төрт-бес күннің ішінде бір үй тұрғызатын. Қазіргілер асардың не екенін білмейтін де шығар. Көмектеспек түгілі, көршісін танымайтындар бар. Ал аядай ауылда ашықса да, тарықса да, адамгершіліктен аспаған, көтеріңкі көңіл-күймен жүрген адамдарды көрдім. Ауылымыздан ән мен күй үзілмейтін. Өнерге жақын болуымның сыры - сол.
Әкем колхоздың жылқысын бағатын. Бір күні колхоз әкеме гармонь сыйлапты. Бұл сыйдың сырын түсінбесек те, бұрын-соңды қолымызға ұстап көрмеген аспапқа қатты қызықтым. Ағаларым аса керек қылмаған соң, әлгі гармонь менің меншігіме айналды. Арқалап жүріп үйреніп алдым. Кейін мәдениет үйі салынған соң ауылымызда фортепиано пайда болды. Оны да тез үйрендім. Мектебімізде музыкалық аспаптың түр-түрі болатын. Ауылымыз өнерден кенде болған жоқ. Менің актер болу арманым сол аядай ауылдан, балалық бал дәуреннен басталды.
Мектеп бітіріп, ата-анама өнер жолына түскім келетінін айттым. Екеуі де қарсы болды, көнбеді. «Басқа оқу құрып қалды ма? Қайдағы бір жын-шайтанның оқуын қайтпексің?», - деп шешем қатты наразы болды. Қалаға жібергілері келмейтінін түсіндім. Жастары келіп қалған. Үлкендердің бәрі жан-жаққа кеткен, ата-анама қарайтын, үйдің шаруасын қолға алатын ешкім болған жоқ. Есіктің алдында бақшамыз, қорада мал болды. Амал жоқ, арманымнан бас тартуға тура келді. Ауылда қалып, Мәдениет үйінде баяншы болып жұмыс істедім. Бір жылдан соң Алматыға барам деп тағы қиғылық салдым, тағы көнбеді. Екінші рет жолым болмаған соң, мектепке музыка пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым.
20 жасқа келгенде ауылда жүре берсем қараңғы болып қалатынымды түсіндім. Ешкімнің қарсылығына қарамаймын деп шештім. Әке-шешем одан әрі ауылда ұстап отыра алмайтындарын түсінді-ау деймін, көнді. Батасын беріп, Алматыға шығарып салды. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетіне түсіп, Кеңес Одағының халық әртісі Хадиша Бөкееваның сыныбына қабылдандым. Әшірбек Сығай, Рахилям Машурова, Ерсайын Дүйсенбиев, Ғайникамал Байқошқаровамен бірге оқыдым.
1967 жылы «Лениншіл жасқа» жаңа кино түсірілетіні, сол фильмде ойнайтын актерлерге байқау жарияланғаны туралы ақпарат жарық көрді. Ол кезде Абай көшесіндегі 56-үйде, консерваторияның жатақханасында тұратынбыз. Әлгі газет қолдан-қолға өтіп, бақ сынап көргісі келетіндердің қатары күн санап артты. Көппен бірге мен де кастингке қатыстым. Бәрімізді суретке түсіріп алды. Студенттер, театр актерлері де бақ сынады.
Қыз Жібек рөліне үміткерлер тіпті көп болды. Кастингке 400-ден астам қыз қатысқан екен. Кіл сұлулар, сән-салтанаты бір-бірінен асып түседі. Сырт келбет маңызды болғанымен, ішкі сұлулықсыз, Алла берген дарынсыз тағы болмайды. Режиссерлердің талаптарын орындай алмаған жүздеген қыз бір мезетте-ақ байқаудан ысырылып қалды. Сұлтан Қожықов көпке дейін басты рөлге лайық қыз таба алмай дал болды. Бір күні киностудияға Меруерт келді. Шашы ұзын, түр-тұлғасы жинақы, киген киімі мен жүрген жүрісі келісті. Бірақ түрі аздап суықтау екен. Дәлізде көріп қалып, көзімді ала алсамшы. Ол да маған көзінің қиығын тастады. Сол сәт дәл кеше болғандай әлі есімде. Ішімнен: «Мынау нағыз Жібек қой» дедім. Айтқаным айдай келді. Басты рөлге Меруерт екеуміз бекітілдік. Режиссердің таңдауына қарсы шыққандар көп болды. «Жастар ойнайтын рөл емес, ысылған актерлер ойнауы тиіс», - деп шу көтерді. Қызу пікірталастар жүрді. Сол кезде біздің сөзімізді сөйлеген Олжас пен Асқар Сүлейменовтерге рахмет. Олар «Қазақфильмде» редактор болып істейтін. Талқылау кезінде Олжас ешкімнің аузын аштырмапты. Өзім ол жиынға қатысқан жоқпын, шудың ортасында болғандар айтып берді. «О чем вы говорите? Какой будет рассвет если мы будем снимать Тулегена в 30 лет, Бекежана в 50 лет?», - деп Олжас қарсы уәж айтқандарға дүрсе қоя беріпті. Бұл дау Дінмұхамед Қонаевтың алдына дейін барды. «Кино маманы емеспін. Бірақ жастар түскен киноның тартымды болатынына көзім жетеді», - депті Димекең. Сол кісі айтқандай кино әлі де тартымды, көрерменін жоғалтқан жоқ. Фильмнің сәтті шығуына сол кездегі министр Ілияс Омаровтың қосқан үлесі өлшеусіз. Ол кісі өнердің нағыз жанашыры еді. Сондай тұлғалардың арқасында «Қыз Жібектің» тұғыры берік, мәртебесі биік болды.
«Қыз Жібектен» кейін Меруерт екеуміз Абдолла Қарсақбаевтың «Біздің Ғани» фильміне түстік. Онда мен Ғани Мұратбаевты сомдасам, Меруерт оның жары Раушанның рөлінде ойнады. 1970 жылдың күзінде, «Біздің Ғанидың» түсірілімі жүріп жатқанда екеуміз шаңырақ көтердік. Содан бері өмірде, өнерде де жұбымыз жазылған жоқ. Отау құрғанымызға биыл 45 жыл толады екен.
- Иә, «Қыз Жібектен» бастау алған махаббаттарыңыз ел арасына аңыз боп тарап кеткен. Десе де, бастапқыда ауыл жігітіне қала қызының тілін табу қиынға соққан жоқ па?
Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)- Меруерттің Алматыда өскені рас, бірақ мен оны қаланың қызы деп айта алмаймын. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. Оның Қыз Жібектің ауылынан шыққанын біреу білсе, біреу білмес. Сұлтан ағамыз да фильм шыққан соң бір-ақ естіп, қатты таңғалған. Ол кезде туған жеріңді, руыңды ешкім сұрай бермейтін. Қазақпыз дедік те, жүре бердік. Бүгінгідей рушылдық, жершілдік деген болған жоқ. Қазір жақындап кетсең, елдің бәрі: «Аға, қай рудансыз?», - деп сұрайды. «Қазақпын, басқасын біліп қайтесің?», - деймін. Сонда да қазбалағыш. Шыққан жерімді, жеті атамды білемін. Бірақ оны өзгенің біліп керегі не? Белгілі адамдардың ата тегін, руын біліп алып, өзіне бұра тартқанға мәз. «Руға бөлінгеннің рухы сынсын, жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» демей ме қазақ? Рушылдық түбімізге жете ме деп қорқамын. Қазаққа көз алартқандар осы мінімізді өзімізге қарсы пайдаланбасына кім кепіл? Бірді айтып, екіге кетті деп сөкпеңіз. Ащы шындық - осы.
Сауалыңызға ойысайын. Меруерт қалада өскенімен, бойына далаға тән кеңдікті, қарапайымдылықты сіңірген. «Шешесіне қарап, қызын ал» дейді ғой қазақ. Келбеті мен жан дүниесіндегі сұлулық анасынан дарыған деп ойлаймын. Кәмила анамыздың жасы жуырда 90-ға келді. Қазына қарт ортамызда қарайып отыра берсе екен деп тілейміз. Ал Меруерттің турашылдығы мен батылдығы әкесіне тартқан. Ол кісі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Польша мен Германия қалаларында коммендант болған адам.
Меруерт екеуміздің мінезіміз тез жарасып кетті. Жарастығымызға «Қыз Жібектің» ғана емес, киноның басы-қасында жүрген ағалардың да септігі тигенін айта кету керек. Менің Меруертті ұнатқанымды байқаған болуы керек, Әлекең (Әнуар Молдабеков - ред.) менің сөзімді сөйлеп: «Меруертжан, осы жігітке қосылсаң, қор болмайсың» деп үгіттейтіні есімде.
- Әлгінде «Ауылда қалып кетсем, қараңғы болып қалар едім» деп жоғары білімсіз өсіп-өнудің мүмкін еместігін меңзеген боларсыз. Әйтпесе, білімнің темірқазығы қалада емес, далада қағылды емес пе?
- Әрине. Мен бала күнімнен кітапқа жақын болдым. Мектебіміздің кітапханасы бай болатын. Сондағы әдебиеттерді таласып оқитынбыз. Кезек күтіп, кітапты тауысқанша бір-бірімізді асықтырушы едік. Қызық кітапты өзгелерден бұрын оқып алған оқушы басқамызды еліктіретін. «Соңы немен аяқталатынын айтпа, өзім оқып аламын», - деп оқыған кітабының әсерімен бөліскісі келетін достардың аузын аштырмай қоятынбыз. Кітапты кино көріп отырғандай құмартып оқыдық. Қазір кітапханаға бара жатқан баланы көрмейсің, мектеп міндеттейтін пәндердің оқулығынан басқа кітап алмайды қолдарына. Өткен жылдың соңында журналистермен кездесуінде осы мәселені Елбасымыз да қозғады. «Айфон, айпадтармен кітап оқығандарды түбінде қағаз кітап оқығандар басқарады» деген жоқ па еді? Кітап оқығысы келмесе, тым болмаса, театрға келсін. Қазір театрлардың репертуары бай. Қазақтың классиктері, әлем классикасының үздіктері сахналануда. Жаңашыл шығармалар да қалыс қалып жатқан жоқ. Театрға келсе, Сәбит Мұқановтың, Шекспирдің кім екенін білер еді. Өзінің тамырын танып, тарихынан тағылым алар еді. Театр сахнасынан өзге халықтардың болмысы мен мәдениетін де тануға болады.
Қазір танымымды кеңейтем деген балаға барлық мүмкіндік жасалған. Біз спектакльге де, киноға да сусап өстік. Ауылымыздың клубы ескі шіркеудің орнында болатын. Аудан орталығынан екі-үш айда бір рет арбамен кино әкеп қоятын. Сол арбаның жолын күтіп жүреміз. Орталық ауылдан 25 километр қашықтықта. Аудан орталығын алғашқы рет үшінші сыныпта көрдім. Ауылдан ұзап көрмеген балаға ол үлкен шаһар сияқты көрінді. «Мынадай да жер бар екен ғой» деп таңғалғам. Одан кейін пионер слеттеріне жиі барып тұрдым. Жан-жақтағы ауылдардан топ-топ бала жиылады. Қазақ-орысы, украины мен татары аралас. Бір-бірін бөтенсіну деген жоқ. Таныса салып: «Будем дружить?» деп бауырына тартатын. Қазір үлкендер тұрмақ, балалар да бір-біріне суық. Өзі құралпы баланы іш тартып, маңына жуыта қоюы қиын. Бұрын біз бір топ болып, таңнан қара кешке дейін далада жүретінбіз. Ойынға жақын үйден жүрек жалғап аласың да, ары қарай ойнап кете бересің. Жазда асығыңды арқалап, қыста шанаңды сүйретесің. Күннің ыстық-суығы міз бақпайтынбыз. Қазіргі балалардың тәрбиесі басқа. Ата-анасы секемшіл болған соң, бала да жан-жағына күдікпен қарайды. Қайырымдылық, мейірім деген құндылықтар жоғалып барады.
- М.Әуезов театрына қабылдану бұрын да оңай болмаған деп естиміз. Қазір де бұл сахна тек таңдаулыларға бұйырады. Меруерт апай екеуіңіз театрға оқуды бітірісімен қабылданған екенсіздер. «Қыз Жібектен» соң басшылықтың сіздерді жұмысқа алмауға қақысы болмаған шығар?
- «Қыз Жібектің» атағы дүркіреп тұрған кезде келдік қой театрға. Шығармашылық топтың да, актерлердің де танымалдығы күрт артқан шақ. Театрдың бас режиссері Әзірбайжан Мәмбетов болатын. Ол кісі «Казахстанская правдаға» көлемді мақала жазып, «Қыз Жібекке» алғашқылардың бірі болып жоғары баға берген адам. Бізді жұмысқа қуана қабылдады. Бірақ «жұлдыз ауруымен» ауыруға мұрсат берген жоқ. Келе салып, жаңа рөлдерге кірісіп кеттім. Театрдағы ең алғашқы рөлім - Оралхан Бөкейдің «Құлыным менің» шығармасындағы Жан. Пьесаны Қадыр Жетпісбаев сахналаған болатын. Анарды марқұм Фарида Шәріпова ойнады, Бозтайлақты сахнаға Әнуар Молдабеков алып шықты. Оралхан екеуміз сол қойылымнан кейін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атандық.
Режиссерлер маған Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» Ақанды, С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Шоқанды, Т.Ахтановтың «Антында» Сауранды, М.Әуезовтің «Айман-Шолпанындағы» Әлібек, Н.Хикметтің «Фархад-Шырынындағы» Фархад сынды рөлдерді сеніп тапсырды. Төлеген маған театрда демеу болмайтынын, арқаны кеңге салуға қақым жоқ екенін түсіндім. Өзіме артылған сенімді ақтау үшін үздіксіз еңбектендім. Жаңа рөл алған сайын тынысым ашылып, шеберлігім шыңдала берді.
1973 жылы консерваторияны тәмамдап, Меруерт те театрға қабылданды. Әкемтеатрдың сахнасында қол ұстасып, талай рөлдерді бірге ойнадық. Мұхтар Әуезовтің «Қаракөзінде» мен - Арша, ол - Қаракөз, Шыңғыс Айтматовтың «Ана - Жер Анасында» мен - Қасым, ол - Әлиман болып шықты. Киелі сахнада ойнап жүргеніме биыл 47 жыл болады екен. 1969 жылы театрдың кадрлар бөліміне өткізген еңбек кітапшам орнынан қозғалған жоқ. «Жұмысқа қабылданды» деген бір ғана мөр басылған. Меруерт те, мен де М.Әуезов театрынан табан аудармай еңбек етіп келеміз.
- Кино сыншылары соңғы 40 жылда «Қыз Жібек» сияқты ғасыр картинасы түсірілген жоқ дегенді алға тартады. Бүгінгі режиссерлер неге өміршең туынды бере алмай жүр?
- Отандық киноиндустрияда өлмес туындылар пайда болуы үшін Айманов пен Қожықовтар қайта тууы керек шығар. Кеңестер тұсында үлкен кино мектебі болды. Сол мектептен өткен режиссерлер қазақ киносына өлмейтін дүниелер берді. Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Шәріп Бейсенбаев сияқты режиссерлер қазір жоқ. «Қазақфильм» түсіріп жатқан кинолар көңіл көншітпейді. Төл туындылардың бәріне бірдей күйе жағудан аулақпын, сапалылары да бар. Бірақ оларды халыққа жеткізу тетіктері жолға қойылмаған. Кинотеатрлардың бәрі жеке қолда. Олар қалтаның қамы үшін отандық кинодан гөрі шетелдің атышулы фильмдерін көрсеткенді құп көреді.
Кино туралы жеке заң қабылдануы керек шығар, бәлкім. Төл өнімдерге қойылатын талаптар, кинотеатрлардың құқықтары мен міндеттері, кинопрокаттың тәртібі жүйеленген құжат болса, сала қалыпқа түсер еді деп ойлаймын.
- Сапалы деп кімнің жұмысын меңзедіңіз? Соңғы жылдары түсірілген фильмдердің қайсысы төл тарихты, ұлттық мінез бен бүгінгі күннің шындығын жоғары деңгейде көрсете алды деп ойлайсыз?
- Қазір кинорежиссер өте көп. Өнер академиясын бітіре салып, жастардың бәрі кино түсіруге асығады. Дайындық - шала, ұсынатындары - шикі. Білімнің аздығы, дүниетанымның тарлығы менмұндалап тұрады. Режиссер өз объектісін мұқият зерттеуі керек. Ұсынған дүниесі тұщымды болу үшін ол үстелінің үстінде жатқан сценариймен шектеліп қалмауы керек. Әдебиет пен тарихты, өнерді, психология мен философияны терең меңгерген адамның жұмысы ғана жұмыр болады. Кітап оқымаған соң ойдың ұшқырлығы мен қиялдың еркіндігі кемшін.
Тынысы кең режиссер деп «Көшбасшы жолы» киноэпопеясын түсірген Рүстем Әбдірашовты атар едім. Елбасының өзі жазған кітаптарға негізделіп түсірілгендіктен, фильмнің барлық көріністері шынайы шыққан. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілетін 10 сериялы телехикаяның да Рүстемге тапсырылғаны құптарлық.
Ұлттық мінезді жоғары деңгейде көрсетіп жүрген мықты режиссерлер баршылық. Мәселен, отандық киноға соны леп әкелген «Жаужүрек мың бала» фильмінің режиссері Ақан Сатаевты айтуға болады. Оның «Ликвидатор», «Рэкетир», «Адасқан» фильмдері көрерменнің көңілінен шықты. Қайсыбір жылы Қазақстанның оскарлық комитеті «Адасқанды» отандық фильмдердің ішінен таңдап алып, «Оскардың» «Шетел тілінде қойылған ең үздік фильм» аталымына ұсынғаны кездейсоқтық емес.
- «Оскардың» жаңа иегерлерінің есімі жуырда ғана мәлім болды. Жүлде 24 аталым бойынша табысталды, бірақ қазақ киносы ешбіріне үміткер болған жоқ. Отандық фильмдер неге бәсекеге қабілетсіз? Қазақ киносының әлемге құлаш жая алмауы нарық талабына икемсіздігінен емес пе?
- Нарықтың талабы біреу-ақ: сатып алу - сату. Ұлттық мәдениет коммерцияны көпке дейін жатырқап келді. Бірақ қазір өнер де, әдебиет те нарық заңдылығына бейімделе бастады. Өйтпеске амалы бар ма?
Киноның екі түрі бар: коммерциялық және авторлық. Авторлық кино түсіріп жүрген режиссерлердің ішінен Жәнібек Жетіруовты ерекше атар едім. Оның «Аққыз» фильмі Эстонияда, Үндістанда, Түркия мен АҚШ-та өткен бірнеше халықаралық кинофестивальдерге қатысты. Бірақ прокатқа шыққан жоқ. Бұл киноға мен де түскен едім. Жұмысымыздың нәтижесін отбасыммен бірге отырып көрейін десек, интернеттен табылмады. Ғаламторда жалт еткен жарнамасы ғана бар екен. Өзінен сұрап едім, бермеді. Қолдан қолға өтіп, тарап кеткенін қаламады-ау деймін.
Ал коммерциялық кинолардың саны өте көп, бірақ сапасына келгенде ауыз толтырып айтарлық дүние аз. «Келинка Сабинка» деген «керемет» фильм шықты деп естідім. Жастар жаппай кинотеатрға ағылып, киноның кассалық түсімі жоғары болған көрінеді. Келіннің рөлін еркек ойнайды дей ме? Өз басым көрген жоқпын, көргім де келмейді. Жас режиссерлердің бәрі комедияшыл болып алды. Көрерменді арзан, арсыз күлкімен алдаусыратып жүр.
Отандық коммерциялық фильмдердің үздігі деп Ермек Тұрсыновтың «Келін», «Шал» картиналарын атауға болады. Сыншылардың оң бағасын алды, көрерменді де жинады. Бұл - есте қалатын фильмдер. Ермекте потенциал бар. Алдағы уақытта үлкен жобаны қолға алып, әлемді мойындататынына сенемін. Тек төл өнерді сыртқа насихаттаймын деп жүрген мамандарға үкімет тарапынан қолдау болса болғаны. Тұғырлы фильмдер түсіруге қазақтың тарихы да, әдебиеті де сұранып тұр. Тек халықаралық талаптарға сай болу үшін мықты база құрылуы керек. Мәселен, қазақ тарихындағы ірі шайқастарды 5-6 аттың, 3-4 арбаның көмегімен түсіре алмайсың. Америкалық фильмдерге қарасаң, аттары мен иттеріне дейін «өнерлі». Оларда кино түсіруге арналған база бар, құрал-сайман мен қару-жарағы сақадай сай. Біз «Қыз Жібекті» түсірерде қатты қиналдық. Үйретілмеген аттар камерадан үркіп, әбден әбігерге түсірді.
Отандық фильмдердің кеңге қанат жая алмауының тағы бір себебі - өз мамандарымызға сенімсіздік. Ұлттық нақыштағы фильм түсірілер болса, шетелден актер, қала берді режиссер шақыратын әдет пайда болды. Тілі, ділі басқа маман ұлттық киноға жан бітіре алады дегенге өз басым сенбеймін.
Голливудтың, француздар мен итальяндардың киносы неге әйгілі, әлемдік экранда біз неге жоқпыз деген сауалға жауап іздейтін болсақ, бәрі қаржыға, мамандардың әлеуметтік жағдайына келіп тіреледі. Олар сапалы дүниеге ақша салуға сараңдық танытпайды, өйткені құйылған капиталдың еселеніп ақталатынын біледі. Голливудтың актерлары біздің әртістер сияқты күнкөріс қамы үшін той-томалақ жағалап жүрген жоқ. Жеткілікті ақша төленген соң, әр істің басын бір шалмай, назарының бәрін бір ғана жобаға аударады. Ал біздің актерлар ше? Бір түсірілімнен шығып, екіншісіне асығады. Одан қалса, той-томалақ пен жарнамаға жүгіреді. Қазір әртістерге бір ғана жұмыспен отбасын асырау қиын. Жан-жақты болғаны дұрыс, телевидениеден көрінгендерін де құптаймын. Бірақ әр жерге басын сұға берген соң, қадір-қасиеті қашады. Ақшадан қатты қысылғанда мән-мағынасы жоқ жобаларға түсуге мәжбүр болады. Бір нәрсе анық: қалта қамы басым түскен жерде шығармашылық өрлеу болмайды.
- Бексұлтан Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» драмасындағы сіз сомдайтын қария бүгінгі қарттардың жиынтық бейнесі іспеттес. Үкімет жариялаған соңғы деректер бойынша елімізде егде тартқан 35 мыңнан астам адам қарттар үйі мен әлеуметтік мекемелерде күнелтуде. Сіздіңше, отбасы құндылықтарын әлсіреткен не? Мейірімсіз қыз, қатыгез ұл неге көбейді?
- Өз көзімізбен көрмеген соң сенбеуші едік. Расында да, қоғам қатыгезденіп барады. Теледидарды қоссаң да, радионың құлағын бұрасаң да, газет-журналды парақтасаң да - ата-анасынан жеріген балалар. Әке-шешесінің үйіне таласып, қырық пышақ болып жатқандарға да таңғалмайтын болдық. Бұл - рухани азғындаған қоғамның көрінісі. Бір кездері құлаққа түрпідей тиетін жеңіл жүрісті қыздардың жайы да қазір ешкімді мазаламайды. Қалыпты құбылыс сияқты қабылданатын болған. Етіміз үйреніп кеткен-ау шамасы.
Қазақтың ардақты ұлдарының атын иемденген көшелерден арсыз қыздар әлі де аласталған жоқ. Қазақ қызы ұяттан неге безінді? Біреу-міреу себебіне үңіліп көрді ме? Ұстап алып, айыппұл салғаннан, темір торға тоғытқаннан сол қыздардың тәртібі түзеліп кететін болса, осы уақытқа дейін бір нәтиже шығар еді ғой. Меніңше, мұндай әрекетке оқымағандар барады. Алматыға арман арқалап келген жастардың көбі оқуға түсе алмай жүр. Мемлекеттік грант санаулы, ал ақылы бөлімде оқу үшін қалтаң қалың болуы керек. Бағаның бәрі шарықтап кеткен. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарындағы ең төменгі баға - 600-700 мың теңге. «Крутой» университеттерде бір миллионға жетіп жығылады. Ауылдан келген бала 500 мыңды қайдан тапсын? Әке-шешесі қорадағы бес-алты қойына қарап отыр. Есік алдындағы бау-бақшасына көктемде 5 картоп егіп, күзде 10 картоп алады. Қолынан келетіні - бала-шағасының қарынын тойғызып, киімін түгендеу. Кім баласының білім алғанын қаламайды? Оқытайын десе, қолы қысқа. «Бір жыл жұмыс істеп, ақша жина. Келесі жылы оқуға түсесің», - деп қалаға қоя береді. Бұл жаққа келеді де, пәтер жалдайды. Даяшы немесе сатушы боп тапқаны баспана мен ішіп-жемнен артылмаған соң, көп ақша табатын жұмыс іздейді. Ақыры неге ұрындырарын кім білсін?
Базарға жиі барып тұрамын. Арба сүйреген, жүк тасығанның бәрі - қазақтың баласы. Жерге таласып, баспанасын даулап жүрген де - қазақтар. Ұлан-ғайыр даладан он сотық телім ала алмай жылап жүр. Өз жерінде тұрып ұлтарақтай жерге зар болған кімді көрдіңіз?
Әкімдердің есебін тыңдасаң, бәрі жақсы, шешілмеген түйін жоқ. Қағаздары қанттай. Ал іс жүзінде басқаша. Білім саласы, әлеуметтік қамсыздандыру саласы да жүйеленбеген.
- Жастар: «Ата мен әже институты тұғыран тайды», - десе, қарияларымыз, керісінше, «Сөзді ұғар жас қалмады», - деп жиі күрсінетін болған. Екі буын бір-біріне неге өкпелі?
- Бұрынғының жастары үлкен кісінің алдынан кесе-көлденең өтпейтін. Ұстазды құдайындай сыйлайтын еді. Ал қазіргі жастар мұғалімнің алдында шімірікпестен шылым шегіп тұра береді. Не ұлы, не қызы именбейді. Мектепте болған келеңсіз оқиғаның бәрін ұялы телефонға түсіріп алады да, көптің «көзайымына» айналдырып жібереді. Бұл қайдан шыққан әдет? Шортанбай жырау: «Кейін келер заманда ұл сыйламас атасын, атасы бермес батасын, - деп жырлаған екен. Сол заман тап келді ме деймін.
- Д.Кобурнның «Жынойнағына», А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуіне» сізді іздеп келетіндер көп. Веллерді екінші құрамдағы актер Бауыржан Қаптағаймен, Кулыгинді Бақтияр Қожамен кезектесе ойнап жүрсіз. Үніңіз де, пластикаңыз да орта буынға есе жібермейді. Алпысқа алдырмаған актер жетпістің жетегіне жүре қоймайтын шығар?
- Жетпіс дегеніңіз жеті-ақ қадам екен ғой. Уақыт неткен жүйрік десеңші! Театрдың табалдырығын аттағаным кеше ғана сияқты еді. Жарты ғасыр өте шығыпты. Түр өзгергенімен, көңіл орнында. Алла тағала денсаулық берсе, киелі сахнадан жырақтамаймыз. Өйткені көрерменді сәл көрмесек, тірлігіміз жүрмей қалғандай болады. Сахнаға шыққанда ауру-сырқауыңнан құлан-таза айығасың.
«Апалы-сіңлілі үшеуді» белгілі режиссер Рубен Андриасян қойды. Бұл спектакльге дейін театрымыздың маңдайалды қойылымдарының бірі - «Ымырттағы махаббатты» сахналаған болатын. Екеуі де аншлагпен жүреді. Режиссер Кулыгиннің рөлін ұсынғанда қуана келістім. Кейіпкерді сәтті ашу үшін А.Чеховты қайтадан парақтап шықтым. Бір түсінгенім, қартайдым деп ізденісті тоқтатуға болмайды. Тіршіліктің шарты - даму. Ал ізденіссіз даму, өрлеу жоқ. «Век живи, век учись» демей ме орыстар? Жасымыз келді, болдық-толдық деген емеспіз.
- Меруерт апай екеуіңіздің өмірдегі, өнердегі өнегелі ғұмырларыңызды ұрпаққа үлгі ету үшін кітапқа түсіру ойда бар ма?
- Бұл - біздің көптен бергі арманымыз. Материал өте көп. Соның бәрін жинап, кітапқа түсіргіміз келеді. Кейінгі ұрпаққа естелік боп қалар еді. Деректерді бір арнаға түсіріп, редакциялық жұмыстың бәрін қолға алатын адам болса, сеніп тапсырар едік. Сәтін салса, бұл арманымыз да жүзеге асар.
- Әңгімеңізге рахмет!

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Асанәлі Әшімов

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)

Жалпы мағлұмат

Туған күні:

8 мамыр 1937 (78 жас)

Туған жері:

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы

Азаматтығы:

Қазақ әдебиеті Қыз Жібек фильмі (9 сынып)Қазақстан

Мамандығы:

актер, режиссер,

IMDb:

ID 0038966

Асанәлі Әшімұлы - (8.5.1937 жылы туылған, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы) - «Қазақфильм» киностудиясының және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режиссер,[1] Қазақстанның халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980).

Мазмұны

  • 1 Өмірбаяны

    • 1.1 Балалық шағы

    • 1.2 Студенттік шағы

    • 1.3 Отбасы

  • 2 Шығармашылығы

    • 2.1 Театр

    • 2.2 Кино

  • 3 Кітаптары

  • 4 Ол туралы

  • 5 Сыртқы сілтемелер

  • 6 Дереккөздер

Өмірбаяны

Балалық шағы

Студенттік шағы

Алматы консерваториясын бітірген (1961). Студент кезінде әр түрлі фильмдерде Кенжетай ("Ботагөз", 1957), Жанай ("Асау Ертіс жағасында", 1959), Бектасов ("Бір ауданда", 1960), Болат ("Ұшы қиырсыз жол", 1960) рөлдерін ойнады. Консерваторияның актерлік факультетін бітірген соң, "Қазақфильм" киностудиясында Мұрат ("Менің ұлым", 1962), Ескендір ("Торап", 1963), Тұрар ("Тұлпардың ізі", 1964) сияқты әр алуан бейнелер жасады. 1964 жылы Қазақ академиялық драма театрына шақырылады (1987 - 88 жылы осы театрдың көркемдік жағын басқарды). Театрда С. Қожамқұлов, С. Майқанова, Ш. Айманов, Х. Бөкеева, К. Қармысов сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алды.

Отбасы

Шығармашылығы

Театр

Театрдағы тұңғыш рөлі М. Әуезов пен Л. Соболевтің "Абай" спектакліндегі - Айдар рөлі. Содан кейін Кебек, Шуақ (Әуезовтің "Еңлік - Кебегі" мен "Қарақыпшақ Қобыландысында"), Қозы, Қодар (Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында") Сәнжан (Ә. Таразидің "Күлмейтін комедиясында"), Өсіпбай (Ш. Айтматов пен Мұхамеджановтың "Көктөбедегі кездесуінде"), Еламан (Ә. Нұрпейісовтың "Қан мен терінде", КСРО мемлекеттік сыйлығының, 1974), Жарасбай (Қ. Ысқақовтың "Таңғы жаңғырығында"), Асан (Мұхамеджановтың "Жат елдесінде"), Дон Жуан (М. Фриштің "Дон Жуанның думанында"), Виктор (Л. Зориннің "Варшава сазында") сияқты әр замандағы, әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады. Бұлардың бәрі махаббат пен терең сезімнің жымдасуынан туған тосын образдар ретінде қазақ сахна өнерінің тарихында қалды.

Кино

Әшімов - қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан ("Қыз Жібек", 1971), Шадияров ("Атаманның ақыры", 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет ("Сарқырама", 1973), Қасымханов ("Транссібір экспресі", 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел ("Нан дәмі"), Нұрғазы ("Алатаудың ай мүйізі"), Қаражал ("Жаушы", 1980), Шыңғыс хан ("Бұлғар даласынан ескен жылы жел", 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің "Ревизор" (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың "Амангелді", И. Оразбаевтің "Мен ішпеген у бар ма?!" (екеуі де 1987), С. Ванустың "Сұлтан болсам егер мен" (1988), жылы Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" (1989) спектакльдері мен ол түсірген "Жылан жылы" (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), "Шоқан Уәлиханов" (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған "Асанәлі" деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов - Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979-1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан "Елім-ай" киностудиясының президенті. "Парасат" орденімен марапатталған.[2]

Кітаптары

  • «Майраның әні»

  • «Жан бөлек»

  • «Алаштың Асанәлісі»

  • «Менің жанрым - күнделік»

  • «Ғұмыр-дария»

Ол туралы

Асанәлі салдыртқан мешіт

  • Туған ауылында атасы (әкесінің әкесі) Ысқақ пәрідар атымен мешіт салды.

  • Жыл сайын әкесі Әшім Ысқақұлы атындағы шахматтан облыстық турнир ұйымдастырады.

  • Кенже баласына өз есімін беріп, оны да Асанәлі атаған.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

8 мамыр. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР.

. Мәтін алдын ала үш бөлікке бөлінген.
Жұмыс тобында әр оқушы жеке өз бөлігін оқиды.
Одан кейін үй тобына оралып бір біріне өз бөліктерін айтып береді.

№1 сұрақтары
1. Төлегеннің дүниеге келуі, ер жетуі.
2. Төлегенді Ақжайық сұлуларына кім ынтық етеді, Айжыйыққа жөнелуі.
3. Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырды?

№2 сұрақтар
1. Жібек Төлегенді неге менсінбейді?
2. Жібектің Төлегенді еліне неге жібергісі келмеді?
3. Төлеген қандай уәде берді, уәдесін орындады ма? Неге орындамады?

№3 сұрақтар
1. Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін басына қандай пәле тап болды?
2. Жібек Хорен қалмақтан құтылудың жолын қалай табады?
3. Сансызбай деген кім? Жібек неге оған тұрмысқа шығады?



  1. Жағалбайлы кімнің елі?

а) Сырлыбай ханның; ә) Базарбайдың;

б) Қаошығаның; в) Қыз Жібектің;

2. Қыз Жібек жыры кімнен жазылып алынды?

а) Шайхыисламұлынан

ә) Мұсабай ақыннан

б) Сайлау Мұратовтан

в) Жиембет жыраудан



3. Бұл кімнің бейнесі?

Сымға тартқан күмістей,

Сүмбідей болып жарады.

Тағы айқасыт бір көшке,

Көш алдына қараса,

Бір бәйбіше нұр жүзді.

Көшті тартып барады.

а) Қыз Жібек; б) Қамқа;

ә) Жібектің жеңгесі; в) Жібектің шешесі;

4. Төлегеннің анасы кім?

а) Қамқа; б) Қарашаш;

ә) Қамар; в) Қаракөз;

5. Төлеген Жібекке қандай уәде берді?

а) Елге оралмай қасында қалатыны жөнінде;

ә) Көктем шағы болғанда қазбен бірге келетіні;

б) Екі жүз жорға беруді;

в) Елін жаудан құтқаруды;

6. «Қыз Ж»бек! Фильмі басталарда айтылатын ең алғашқы сөз:

а) «Ағайын» ә) «Аруақ!»

б) « Алдияр!» в) «Алты алаш!»

7. Төлегеннің кімге айтқан сөзі?

Қызыл тіл, енді қақсама,

Қарға, құзғын жемесін.

Жасын кешкін жүзімді,

Замандас едің, жақсы аға.

а) Қаршыға; ә) Шеге; б) Бекежан; в) Қарақшыларға;

8. Жібектің Төлегенге мінгізген тұлпары қалай аталады?

а) Бозайғыр; ә) Тарланбоз; б) Ақбозат; в) Ақбөрте;

9. Жауға қарсы аттанған Төлегенге кім бата береді?

а) әкесі Базарбай; ә) анасы;

б) досы Шеге; в) Ауыл ақсақалдары;

10. Сансызбай кімді өлтірді?

а) Бекежанды; ә) Хоренді;

в) Қарақшыларды; в) Қаршығаны;



© 2010-2022