На тему Интербелсенді оқыту

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Интербелсенді оқыту

Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар - жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.

Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз.

Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу - біздің міндетіміз.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.

Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру,өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.

Өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Шығармашылық әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.

Сондықтан оқыту әрекетіндемұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш - жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсендік, дербестік көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.

Осыған орай біздің мақсатымыз интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) бірі ретінде кейінгі кезде қолданысқа ене бастаған, жобалап оқыту технологиясына тоқталып өтейік.

Жоба - пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс.

Жобалау технологиясы қазіргі таңдағы білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың шынайы заңдылықтарын танып білуде мәселені өзіндік жоспарлап жоба ретінде шешімін табады. Бұл технологияның оқу процесіндегі ерекшелігі өз жобасын құрып, әрекетін ұйымдастырып шығармашылықпен айналысуында.

Жобалау әдісі ең алғаш 1920 жылы АҚШ- тың аулшаруашылық мектептеріне жүзеге аса бастады. Бұл әдістің негізіне Д.Дьюи, У.Килпатрик, Э.Торндайк сынды американдықғалымдардың идеялары алынған. Кейіннен түрлі елдерде кеңінен танымал болып, қолданысқа ие болды.

Мұғалім іс-әрекеті

Жобаны орындау кезеңдері

Оқушы іс-әрекеті

  • Тақырып ұсынады;

  • Алдына проблема қояды;

  • Кеңес береді;

  • Бақылайды;

  • Көмектеседі;

  • Тексереді;

  • Толықтырады;

  • Жобаны бағалауға қатысады.

Жобалық тапсырманы дайындауЖобаны құру

Нәтижелерді шығару

Қоғамдық таныстыру

  • Проблеманы талдайды;

  • Салыстырады;

  • Зерттейді;

  • Ойларын нақтылайды;

  • Құрастырады;

  • Көркемдейді;

  • Жобаны қорғайды.

Педагогикалық әдебиеттерде көпшілік жағдайда жобалау технологиясы теориялық тұрғыдан негізделуіне байланысты әрбір мұғалімге оның практикалық мазмұны қажет.

ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.

Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.

Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.

Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.

Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.

ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім - оқушы, мұғалім - сынып, оқушылар - сынып, оқушылар-оқушылар, топ - топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

пассивті - оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);

активті (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);

интерактивті - inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интербелсенді оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

Интербелсенді оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Интербелсенді оқыту технологиясына:

Жұптасып жұмыс істеу.

Ротациялық (ауыспалы) үштік.

Шағын топтармен жұмыс.

Аяқталмаған сөйлем.

Есептеу ағашы.

Өз атынан сот.

Азаматтық тыңдау.

Ролдік /іскерлік/ ойын.

Өз позицияңды ұстан.

Дискуссия.

Дебаттар.

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

Мысалы: Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.

Есептеу ағашы - сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

«Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.

Мұғалім мен оқушының интербелсендішығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік методымен байланыстырылған.

Интербелсендіоқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

«Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай? Интербелсенді оқыту - бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсендіоқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.



© 2010-2022