Қыз Жібек сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 17

Тақырыбы: Қыз Жібек.

Мақсаты: 1.Қыз Жібек және оның сұлулығы, бет-бейнесі,киім киісі жайлы

жайлы түсінік беру.

2.Білімін, тілін дамыту.

3 Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,танымдық және шығармашылық тапсырма

Көрнекілігі:суреттер,үлестірмелер

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындық

II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Алпамыс батыр.

1. Тақырыпты оқыту.

2. Мазмұнын сұрау.

3. Жырдан үзіндіні жатқа айту.

III Білімді тексеру кезеңі:

1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.

- Жырдағы негізгі ой неге құрылған?

- Жырда Алпамыс батыр қай қырынан суреттелген?

- Алпамыс батырдың анасымен кездесуі жөнінде жырда не делінген?

- Қарындасымен кездесуі жөнінде ше?

- «Тілегіңді берді!» деп, «Сүйінші сұрап бір адам Қарлығашқа келеді» деген жыр

жолдарында халықтың қандай дәстүрі сөз болады?

2.Қорытындылау

IV Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау

Қыз Жібек.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Тақырыпты оқу, талдау.

2. Сөздік жұмысы.

3.Сергіту сәті

VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Өлеңдерді оқушыларға оқыту. а/ іштей ә/ дауыстап тізбектей.

2. Өлеңдер бойынша сұрақтарға жауап алу.

-Жырда Қыз Жібектің үстіне киген қандай киімі суреттелген?

- Қыз Жібектің белінің жіңішкелігі қалай көрсетілген?

- Қыз-жібектің бет- бейнесінің сұлулығын жырдың қандай жолдарынан байқадың?

- «Тірісі түгел Жібектің

Өлігіне адам қайрылып,

Бетінен келіп өпкендей» деген жолдардан не түсіндің?

3. Тапсырмаларды орындау.

VII Бекіту кезеңі

Қорытындылау

VIII Үйге тапсырма беру кезеңі:

1 Жырды мәнерлеп оқу. 38-40 бет.

2.Бағалау


© 2010-2022