Қыз бала тәрбиесі 4 класс

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қыз бала тәрбиесі

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін қыз баланың бойына

сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,

шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа

инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып,

ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен

бастау алғаны нұр үстіне нұр болып отыр. Біз ата-ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».Ұлттық салт- дәстүрімізді білу,оның астарын түсініп,

атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай

қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің

өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

«Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың

бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен

не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай

кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып,үлгі -өнеге көрсету қажет.

Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен

бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу,

ыдыс аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп

ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден

жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ

басқанына, киім киісіне, қимыл- қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән

берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл

қоюдың жауапкершілігін сездіреді.

Жазушы Ә.Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына

сіңірсек құба-құп.

- Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған

осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл

болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.

- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!

- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!

- Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.

- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!

Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.

Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеудің уақыт күттірмейтін мәселе.



© 2010-2022