План конспект урока Әшекей бұйымдар

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі (орыс сыныбы)

Кабинеті: 26

Сыныбы: 8

Мерзімі: 21.10.2014

Тақырыбы: Әшекей бұйымдар

Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі: Есильбаева Акбаян Муратовна

Мақсаты: Оқушыларға әшекей бұйымдар жасауды үйрету, оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру, сұлулықты бағалай білуге бағыт бағдар беру.

Міндеті:

  • оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру,

  • әдемілікті, шеберлікті, ұқыптылықты ажырата білугу баулу,

  • еңбек сүйгіштікке, іске деген қызығушылық сезімін ояту.

  • сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру;

Енгізілген модульдері:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялық (АКТ) пайдалану

  1. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  2. Оқытуды басқару және көшбасшылық


Сабақ кезеңдері

Уақыты


Жоспар мазмұны


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

І.Кіріспе

7 мин



Тұлғааралық байланысты орнату

Үй жұмысын сұрау

Топқа бөлу

1.Сыныпта ынтымақтастық атмосфера және жақсы көңіл-күй орнату мақсатында мұғалім сабақты «Жүректен жүрекке» тренингин өткізумен бастайды.

2.Үй тапсырмасына Ереже жаттау, «Зергерлік өнері» туралы тұсаукесер дайындау.

Оқушылар жұмыстарын қорғайды.

3.Оқушыларға түстерді тарату арқылы топқа бөліну.

Оқушылар бас бармақтарын ұстау арқылы бір-біріне жақсы тілек айтып, сабаөты жақсы көңіл-күймен бастайды.

Оқушылар жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар түстер бойынша топқа бөлінеді.

Өте жақсы, жарайсыңдар!


Ауызша кері байланыс

Жарайсыңдар!

«Ынтымақтастық оқуға» арналған ресурс

Топтық жұмысқа арналған ресурс

Топқа бөлінуге арналған түстер.

ІІ. Тұсауке

сер

10 мин.

Оқушылардың қызығушылығын оятып, назарларын аудару.

4. «Ассоциация». Оңайдан - қиынға қарай стратегиясы бойынша, балалар тақтадағы жаңа сөздерді аударады, сөз тіркесін және сөйлем құрайды.

1-топ. Сөзді оқиды

2-топ. Сөз тіркесін құрады

3-топ. Сөйлем құрады.

5. Мұғалім оқушыларға түрткі сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбын ашады.

Оқушылар жаңа сөздерді оқиды, аударады, сөз тіркестерін құрады. Сөйлемдер құрады.


Оқушылар жаңа сөздерді аудару, сөз тіркесін құру, сөйлемдер құру арқылы сабақ тақырыбының «Әшекей бұйымдар» екенін тапты

Ауызша кері байланыс

Бәрекелді!


Жарайсыңдар!

Интербелсенді тақта, жаңа сөздер

ІІІ. Негізгі бөлім

20 мин.

Жаңа сабақ.

Мағынаны тану.

1.Үш топқа үш түрлі мәтін тапсырылады. Оқу, аудару, бір-біріне түсіндіру.

1-топқа: Жүзік.

2-топқа: Білезік.

3-топқа: Сырға. туралы мағұлматтар беріледі.

3. Сергіту сәті. «Just Dance». Биін билеу. Мұғалім интербелсенді тақтада бейнежазбадан би ырғақтарын көрсетеді, оқушылар қайталайды.

Әр топ берілген мәтіндерді қатыстыра отырып, диалог құрастырды. Топта оқушылар құрастырған диалогтарын тізбектеп оқиды.

Жұптардың жауаптарын бағалайды.

Оқушылар ортаға шығып би ырғақтарын қайталап, бой жазады.

Ауызша кері байланыс

Бас бармақ

Жарайсыңдар, өте жақсы.

Бағалауға арналған смайликтер.

Интербелсенді тақта.

Постер, фломастерлер, бас бармақ

Қорытынды

5мин.

Ой-толғаныс кезеңі

«Конверт-сұрақ». Сабақты қорытындылап, рефлексия жасау үшін үш топқа конверттер таратылады. Қортындылау сұрақтары:

1.Сабақтың тақырыбы қандай болды?

2.Сабақта не естідік, не үйрендік?

3.Сабақ сендерге ұнады ма?

Әр топ осы сұрақтарға жауап жазып, жауаптарын оқып, талқылайды.

Бағалау смайликтері.

Жауаптарға арналған конверттер

3 мин.

Бағалау

1.Өзін-өзі бағалауға арналған «Блоб» ағашын бояу

План конспект урока Әшекей бұйымдар

Оқушылар «Блоб» ағашындағы бейнелер арқылы өздерінің не үйренгендеріне байланысты бүгінгі сабақта қай жерде тұрғандарын белгілейді.

«Блоб» ағашы

«Блоб» ағашы бар парақшалары

Үйге тапсырма беру.

1. Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы

Оқушылар күнделіктеріне жазады.



1-топ.

Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі - жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана жасалады.

  1. Тапсырма.

Жүзік сөзін тәуелдеп жазу.

  1. Тапсырма.

2 жай сөйлемнен 1 салалас, 1 сабақтас сөйлем құрып жазу

2-топ.

Білезік- білекке тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым. Білезік сөзінің түп-төркіні білек және жүзік (білекжүзік - білежүзік - білеүзік - білезік) сөзінен туындаса керек. Білезік қымбат металдардан жасалады. Білезіктің көлемі, пішіні, әшекейі әр алуан болады. Оған асыл тастардан көз орнатылады, алтын не күміс жалатып, лажылап, эмаль бағдарлап та соғады. Арзан білезіктерді мысалы, қола, жез, мельхиор, т.б. металдардан жасайды. Оның құйма білезік, қос білезік, бес білезік, топсалы білезік түрлері көп

  1. Тапсырма

Білезік сөзін тәуелдеп жазу.

  1. Тапсырма.

2 жай сөйлемнен 1 салалас, 1 сабақтас сөйлем құрып жазу

3-топ.

Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі - сырға. Сырға сүйектен, мүйізден, қола дәуірінде металдан жасалған. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.

  1. Тапсырма.

Сырға сөзін тәуелдеп жазу.

  1. Тапсырма.

2 жай сөйлемнен 1 салалас, 1 сабақтас сөйлем құрып жазу

План конспект урока Әшекей бұйымдар План конспект урока Әшекей бұйымдар План конспект урока Әшекей бұйымдар План конспект урока Әшекей бұйымдар План конспект урока Әшекей бұйымдар

План конспект урока Әшекей бұйымдар План конспект урока Әшекей бұйымдар План конспект урока Әшекей бұйымдар План конспект урока Әшекей бұйымдар План конспект урока Әшекей бұйымдар

© 2010-2022