Сабақтың тақырыбы: Ауыз әдебиеті – халықтың мол мұрасы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қожағұлова Гүлзипа Нұрқалиқызы

№ 7 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы Меркі ауданы

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауыз әдебиеті - халықтың мол мұрасы

Мақсаты:

Білімділік: Ауыз әдебиеті бойынша оқушылардың білімдерін тексеру,білім деңгейін көтеру.

Дамытушылық: Сауатты сөйлеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, адалдыққа үйрету, туған елін сүюге, сөз қадірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Көрнекіліктер: ұлағатты сөздер, кесте, ертегі кейіпкерлері, шешен билердің суреттері.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

  1. Тренинг «Шын жүректен»

  2. Таныстыру «Аяз би», «Ер Төстік» тобы (топтастыру)

  3. «Не үйреніп, не білдік?» (викториналық сұрақтар)

  4. «Білгенге маржан» (мақал-мәтелдер жарысы)

«Жалғасын тап», «Мақал-мәтелдер айтысы», «Кім көп біледі?» сөзжұмбақ «Мақал-мәтелдер»

  1. «Батаменен ел көгерер» (бата беру)

Топ басшыларына тапсырма (кесте толтыру)

  1. «Қызыл тілім, сөйлеші.»

Аңыздар мен шешендік сөздер (көрініс көрсету)

  1. «Ертегі-халық айнасы»

«Ол кім? Бұл не?»

«Суреттер сыр шертеді»

«Қай ертегіден»

  1. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар

  2. «Атадан қалған асыл сөз» (нақыл сөздер)

  3. Әділқазылар шешімі.

  4. Білімдерін бағалау.



  1. Тренинг «Шын жүректен» (оқушылардың бір-біріне деген тілегі)

  2. Таныстыру

«Аяз би» тобы (топтастыру)

Ғажайып ертегілер, әңгімелер,

Біздерге тәрбие, білім берер.

Жиренше, Алдар көсе, Қожанасыр,

Бәрінің қызықтары жетіп жатыр.

Байлар бар олардан ұтылатын,

Тазша бала өтірік айтып құтылатын.

Мақта қыз, мысық байғұс сұрай-сұрай,

Құйрығын әрең алып құтылатын.

Қанекей,ой-жарысын бастайықшы,

Біріміз бастап, біріміз қостайықшы.

Жеңілдік, жеңіппіз деп есептемей,

Халықтың әдебиетін қолдайықшы.

«Ер Төстік» тобы (топтастыру)

Халқымыздың тарихы мен мәдениеті,

Кеңінен суреттелген әдебиеті.

Данамыз Абай, Мұхтар оқып өскен,

Айналдым,халық ауыз әдебиеті!

Қызықты ертегілер,қиял ұштар.

Жұмбақтар,мақал-мәтел, жаңылтпаштар,

Тіліңді мың үйіріп тілмаш болар.

Балаға білім қуған ішке қонар,

Қанекей, біліміңді көрсет құрдас!

Білімді, білгір бала жерде қалмас.

Бәрі де әдебиеттен басталады,

Қанекей, жарысайық, қылып талас!


  1. «Не үйреніп, не білдік?»

(викториналық сұрақтар)

«Аяз би» тобына:

  1. Ертегілер қалай басталады?

  2. Қиял-ғажайып ертегілерге қандай ертегілер жатады?

  3. «Аяз би» ертегісіндегі Мадан хан 40 уәзіріне қандай тапсырма берді?

  4. «40 өтірік» ертегісінде сыңар етік неліктен қашып кетті?

  5. Ертегілердің қандай түрлері бар?

  6. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

  7. Төрт түліктің пірлері қалай аталады?

  8. Мақал-мәтелдердің тақырыптарын айт.

  9. Ер Төстік кімдермен дос болады?

  10. «Малдың баласын сүюі» өлеңін жатқа айт.

«Ер Төстік» тобына:

  1. Қазақ әдебиетінің қандай түрлері бар?

  2. Қандай аңыз әңгімелер бар, кейіпкерлерін ата.

  3. Ертегілер қалай аяқталады?

  4. Тұрмыс-салт жырларына қандай өлеңдер жатады?

  5. Шыншыл ертегілерді атап бер.

  6. Ерназар кенже ұлының атын неге Төстік қойды?

  7. Еңбек туралы мақалдар білесің бе?

  8. Жаман қара қоға мен сауысқанды не себепті алдырады?

  9. Кендебай қалай ер жетеді?

  10. Шешен-билерді ата.


  1. «Білгенге маржан» (мақал-мәтелдер жарысы)

«Жалғасын тап»

«Ер Төстік» тобына:

  1. Атаға қарап - ...

Анаға қарап - ...

  1. Ананың көңілі ...

  2. Ата-ананың қадірін ...

  3. Атаның баласы болма, ...

  4. Жақсы сөз ...

  5. Баланың жақсысы қызық, ...

«Аяз би» тобына:

  1. Ұяда не көрсе, ...

  2. Ас адамның ...

  3. Әдепті бала арлы бала, ...

  4. Жылай-жылай арық қазсаң, ...

  5. Үлкенді сыйласаң - ...

Кішіні сыйласаң - ...

  1. Анаңның қарызынан ...

  1. «Мақал-мәтелдер айтысы».(Екі топ мақал-мәтелдермен айтысады)

«Кім көп біледі?» (Алфавит ретімен мақал-мәтел айту)

Сөзжұмбақ шешу «Мақал-мәтелдер»

«Аяз би» тобына

М



А


Қ

А


Л





  1. Ғылым таппай ...

  2. Асық ойнаған ...

  3. ... - тозбайтын тон,

Білім - таусылмайтын кен.

  1. Ақыл - жастан, ... - тастан.

  2. ... түбі - тірлік.

«Ер Төстік» тобына


м


ә



т



е




л


  1. ... инемен құдық қазғандай.

  2. ... бала - арлы бала.

  3. ... бала талпынған құстай.

  4. Тазалық - ... кепілі.

  5. Ұрлық түбі - ...


  1. «Қызыл тілім, сөйлеші»

Аңыздар мен шешендік сөздер (көрініс көрсету)


  1. Ертегі - халық айнасы

«Ер Төстік» тобына «Ол кім?»

  1. - Сені қуған қара қасқыр адамға жерік еді. Ол қасқырдың сырттаны еді.

  2. Оған разы болмасаң,

Өріс тола жылқым бар

О да болсын сенікі,

Бір әділ жан менікі,

Жіберші мені шешетай

  1. Сор құдықтың басына

Сорға бола қонды әкем,

Жанынан қорқып жалмауызға,

Егеуімді берді әкем.

  1. - Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың, асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын, - деп бақырып қоя беріпті.

  2. - Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Күндегідей: «Айрылғырдың суы айрыл!» деп неге айтпайсың? - дейді.

«Аяз би» тобына «Бұл не?»

  1. - Ақылың болса, айналып, үйіріліп жерге қарай бергенше, көзіңді шарта жұмып, аспанга қарасаң болмас па еді! Бұлттың әрісін әрі, берісін бері серпіп жіберсең болмас па еді? - дейді.

  2. Ол баланы жеуге құмартып, сілекейін шудадай созып, тілі аузына сыймайды. Жақындаған сайын адамның иісі мұрнын жарып бара жатыр. Иттің даусы естілгенде ол кідіріп қалады.

  3. Ол сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болыпты. Қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген өрен жүйрік болыпты.

  4. - Ей, адамзат, бұл жерге не жұмыспен келдің? Менің балапандарымды аулай келдің бе? Бұл жерді адам басқан емес, бұл менің мекенім, - дейді.

  5. - Қайтейін, май біткеннің бәрін анау жалмауыз жалмап қойды, маған ауыз тигізген жоқ.

«Суреттер сыр шертеді» (Ертегі кейіпкерлерін табу)

«Қай ертегіден?» (берілген үзіндінің қай ертегіден екенін табу)

  1. - Дат, тақсыр,- дейді.

  • Датың болса, айт!- дейді хан.

  • Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны - өтірік. Бұларға көрінбей биені мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды. Таң алдында бие алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды.

  1. - Шеше! Кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын,- дейді. Сонда жалмауыз кемпір:

  • Сен кетпенімді тағы да алып қашып кетерсің!- дейді.

  1. Таң атқан соң қарасам, көзін ашпағыр май жағылмаған етігім өкпелеп, түнде қашып кетіпті. Екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсіп, қуа бердім.

  2. - Мен айыптымын, менен бір қате болды, шайтанның азғырғанына ердім, оған себеп - мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған қатер қылар, сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш,- деді.

  3. Мен өзім кішкентайдан қарға бақтым,

Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым,

Біреуі жануардың үздік шығып,

Мойнына ақ киізден тұмар тақтым.

  1. - Не жұмысыңыз бар? - деп сұрады.

Ойбай әлгі: «мұның құралын әкел» дейді, - деп қызға қайтып барады.


  1. «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар» (екі топ бір-біріне жұмбақтар жасырып, жаңылтпаштар айтады)

Екі топқа тапсырма «Қазақ халқының есептері»

1-топқа «Байламды сөз»

Бір кісі бірге кетіп бара жатқан екі адамды көріп: - Па, шіркін, мына ерлі-зайыптылардың жүрісін-ай, - деп таңданыпты. Сонда әлгі адамның бірі: - Біз ерлі-зайыпты емеспіз. Мына ер адамның шешесіне менің шешем келін болады. Ар жағын өзің ойлан, - депті.

Бұл екеуі бір-біріне қандай туыс?

2-топқа «Қырсық жолаушы»

Екі ауылдың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы 2 араны неше күнде жүреді?


  1. «Атадан қалған асыл сөз» (Би-шешендердің нақыл сөздерін айту)

  2. Әділқазылар шешімі.

  3. Білімдерін бағалау.


© 2010-2022